Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 22:11, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау – білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ------------------------------------------------------------------------5
1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері--------------------------------------------------------------------------------5
1.2 Ерте сәбилік шақтағы бала психикасы мен ақыл-ойының дамуы----------10
ІІ БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ---------------------------19
Бала және үлкен аданың қарым –қатынасы-------------------------------------19
Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі--------------------21
2.3 Мектеп жасындағы баланың психологиясына ата- ана тәрбиесінің әсері----------------------------------------------------------------------------------------------------22
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР-------------------------
Қорытып айтқанда, жасөспірім оқушылар психикалық жақтан ақаусыз болғанда ғана біреудің қуанышын екіге көбейтіп, қайғысына ортақ болып, өзін де өзгені де дұрыс бағалап, қоғамға сәйкестену қабілетін жоғарлатып бақытты жасай алады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Берілген зерттеу курстық жұмысын қорытындылай келе, І бөлімінде мынадай мәселелер қарастырылды: жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан ғөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. қы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.
Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.
Фрейдтің бүл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.
Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар.
ІІ бөлімінде: Ерте сәбилік шақтың санына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.
Ата-ана оларды тәрбиелеудегі басты тұлға. Адамзат қоғамында отбасы-лык жүйенің қалыптасуымен ең алғашкы ұрпақ тәрбиелеу міндетін ата-аналар арқалаған. Алайда ұрпақ тәрбиелеу уақыт көрсеткендей, тек жалаң сүйіспеншілікпен ғана мақсатқа жететін жағдай емес. Ол олардан өрелі ой, мол білімді қажет етеді. Әр дәуірдің өз заңы мен талабы болатындықтан заманына лайық адамы болу керек. Біздің заманымыз бізден бұрын жасағандардан гөрі ұрпақтарға сапа жан жақтылы жоғары талап қойып отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Жарықбаев Қ., Психология . А: «Білім» 1993.
2 Бала психологиясының ерекшеліктері //Ұлағат /2002., мамыр-маусым. №3
3 Бала психологиясының ерекшеліктері //Ұлағат /2002., мамыр-маусым. №3
4 Жарықбаев Қ., Психология . А: «Білім» 1993
5 Сәби жастағы баланың тілін дамыту проблемалары Қазақстан мектебі / 2004., ақпан.№5.
6 Жарықбаев Қ., Психология . А: «Білім» 1993.
7 Тәжібаев Т.., Балаубаев С. Психология (оқулық). А: «Мектеп», 1966.
8 Тәжібаев Т.., Балаубаев С. Психология (оқулық). А: «Мектеп», 1966.
9 Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы // Алматы - 1987