Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 19:39, научная работа
Теледидар адам баласы үшін дүниетанымдық тұрғыдан қосымша әлеуметтендіруші құрал ретінде қарастырылады және ол соған қызмет етуде. Демек, ол адамзаттың дүниені танып-білуінде, қосымша білім алуында үлкен рөл атқарады. Сол сиқырлы жәшікке әуестенбеәтін бала кемде кем шығар. Қазіргі мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар уақытының көбін теледидармен өткізеді, тіпті оларсыз балақайларымыздың өмірін көзге елестетудің өзі қиынға соғатын кезге жеттік. Теледидардың көрермендерді өзіне тәуелді ету ықпалының өте жоғары екенін ескере отырып, одан берілетін қандай да бір бағдарламаның көрерменді әртүрлі сезімде ұстау мүмкіндігін де әсте естен шығаруға болмайды.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»
Мұхтар Әуезов
Теледидар адам баласы үшін дүниетанымдық тұрғыдан қосымша әлеуметтендіруші құрал ретінде қарастырылады және ол соған қызмет етуде. Демек, ол адамзаттың дүниені танып-білуінде, қосымша білім алуында үлкен рөл атқарады. Сол сиқырлы жәшікке әуестенбеәтін бала кемде кем шығар. Қазіргі мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар уақытының көбін теледидармен өткізеді, тіпті оларсыз балақайларымыздың өмірін көзге елестетудің өзі қиынға соғатын кезге жеттік. Теледидардың көрермендерді өзіне тәуелді ету ықпалының өте жоғары екенін ескере отырып, одан берілетін қандай да бір бағдарламаның көрерменді әртүрлі сезімде ұстау мүмкіндігін де әсте естен шығаруға болмайды.
Теледидар жас жеткіншекке эмоционалдық тұрғыдан, яғни бірде қатты қуануына, енді бірде қобалжуына, мазасыздануына, үрейленуіне тікелей әсер ете алады. Бұған қоса соңғы он-он бес жылдың көлемінде еліміздің ақпарат кеңістігінде әртүрлі шетелдік телеарналардың көбейіп кеткені бар. Кабельді және спутниктік телеарналардың өрісі кеңейе түсті. Өз кезегінде олар жеткіншектерді өз идеологиясы шеңберінде “арбап” ұстайды. Әсіресе, Батыста, кейінгі кезде Ресейде де көптеп шығарылып жатқан қатыгездікке толы фильмдер, мағынасы түсініксіз мультфильмдер, айқай-шуға толы музыка жеткіншектер санасына, денсаулығына, тәрбиесіне теріс әсер ететіні сөзсіз.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Омарұлы: “Ұлттық болмысымыздың тұтастығы туралы айтар болсақ, спутник байланысы арқылы берілетін “Никелодеон” телеарнасы еске түседі. Батыстың бізге арнап хабар тарататын бұл арнасы бала біткенді бірден баурайды. Үйіңізде мектеп жасына дейінгі бала болса, “Никелодеонның” құрбаны болды дей беріңіз. Бұл арнадағы мультфильмдердің перзент психологиясына әсер ету мүмкіндіктері терең ойластырылып, шебер қиюластырылған... “Никелодеонның” хабарларын үзбей көрген бала айғайлап-шыңғырып, басын қабырғаға соғып жүретін кейіпкерлердің қимылын айна-қатесіз қайталайды”,- дейді.
Мысалы, «Котопес» атты мультфильмдегі
басты кейіпкердің іс-
«Джетикс арнасындағы мультфильдердің де балаларға берері шамалы. Мұндағы түрі-түсі суық жануар бейнесіндегі адамдардың бала бойында үрей туғызуы мүмкін. Адам бойында үрей туғызу жақсы қасиеттергі, атап айтқанда қуанышқа, жанашырлыққа қарағанда оңайырақ. Мысалы, осы арнада әр бөлімі 30минуттан тұратын, 52 сериялы, 2 кезеңдік «Вуншпунш» атты мультсериал жүреді. Сериалдың қысқаша мазмұнына келер болсақ, онда басты кейіпкерлер зұлым Маледиктустың тапсырмасымен Бубоник пен оның тәтесі Тирания бүкіл мегаполиске қарғыс жібермек болады. Бірақ Маурицио атты мысық пен Якоб атты қарға мегаполисті Бубоник пен Тиранияның қарғысынан құтқарады. Бубоник пен Терания Маледикустан сазайларын алады. Батыс мультипаликациясында бәріміз көріп жүргендей психологияға әсер ететін қорқыныш, үрей, зорлық секілді амалдар қолданылады. Америкалықтарда күш көрсету қалыпты жағдай. Ал кеңестік және отандық мультфильмдерде адамгершілік бар және өнегелі. Қасқыр үнемі сазайын тартады, ал қоян ешкімнен кек алмайды. Ал диснейлік мультфильмдердің кемшілігі – кейіпкерлерінің образы жағымсыз, түрлері сұрықсыз, қорқынышты.
Мультфильм-мультипликация,
анимация, мультипликациондық кино
– суреттелген (графикалық
Шетелдік мультфильмдердің немесе бағдарламалардың жасалу технологиясы өзгеше, балаларды қызықтыру өте жақсы ойластырылған. Шетелдік дүниелер балалардың орнынан тапжылмай көруіне арналып жасалған деуге болады. Ата-аналардың айтуына қарағанда, балалар түгілі әлгі мультфильмдердің ересектерді де еріксіз өзіне тартып алатын әсері күшті. Балаларға арналған мультфильм деген дүниенің ішінде кәмелетке толғандар ғана білуге тиісті бірталай ақпарат айтылады. Оны бала бірден түсіне алмағандықтан, оны ата-анасынан, болмаса өзінен ересектерден сұрайды. Алған жауабына байланысты балаларда әртүрлі түсінік қалыптасуы мүмкін және сол түсінік балалардың өмірінде кей жағдайда шешуші рөл атқарып жатады. Мысалы, жоғарыда айтылған телеарналардағы мультфильмдерді көретін сана-сезімі толық қалыптасып үлгермеген балаларда бірнеше жағымсыз мінез-құлықтың белгілерін байқауға болады. Біріншіден, олар сол мультфильмдердегі кейіпкерлердің (мысалы, ұсқынсыз Арнольд, Хельгалар) терминдерімен сөйлеуге ұмтылады. Және өздеріне қызық көрінгендіктен сол әрекеттерін дұрыс деп ойлайды. Екіншіден, бала ағзасына пайдалы болып табылатын таза ауада серуендеу, спортпен айналысу сияқты қажетті шараларды кері ысырып қойып, бос уақытының барлығын теледидардың алдында өткізеді. Демек, қазіргі балалар таза ауадағы ойын мен спортты теледидардағы түрі ұсқынсыз мультфильм кейіпкерлеріне ауыстырды деп есептеуге болады. Үшіншіден, теледидарды тапжылмай көру баланың денсаулығына міндетті түрде кері әсер етеді. Төртіншіден, отандық телеарналар әзірлеген бағдарламалардағы ерекшеліктерді байқамайды, себебі ол арналарды мүлде қарамайды, тіпті елімізде қандай арналар бар екенін білмейтін балалар да аз кездеспейді.
Адам баласы көзімен көргенге тәуелді. Бала не көрсе соны қайталайды. Мысалы, менің 5 жастағы інім мультфильм кейіпкерлерінің сөзін жаттап алып, мен «Питер Пэн және пираттар» мультфильміндегі капитан Крюкпін деп әрекеттерін қайталайды.
Диснейлік мультфильмдердегі тағы бір ескерерлік жағдай қазақы мениалитетке жатпайтын көріністер. Мысалы, әйел образын алайық. «Алладиндегі» Жасмин қылышын сермегенде алдымызда қыз бала емес, ер жігіт па деп қаласыз. «Горбач из Ноттердама» немесе «Божий храм Парижской Богоматери» деген мультфильмдегі сыған қыз ашуланып, тісін қайрағанда шошисыз. Ал өзіміздің немесе кеңестік мультфильмдерді алатын болсақ, әйел адамның ішкі жан дүниесінің әдемілігін, инабаттылығын, нәзіктігін көресіз. Олар ешқашан ер адамға ғана тән қылықтарды жасамайды.
Сонымен қатар, ана образын алар болсақ, біз шетел мультипликациясында жануарлар туралы ғана мультфильмдерден үлгілі ана образын көреміз. Мысалы, «Король-лев», «101 далматинец», «Книга джунглей», «Спирит», «Дамбо» және т.б. мультфильмдерінде ана мен бала арасындағы махаббатты, ана қамқорлығы мен мейірімін көрсететін әдемі эпизодтарды байқаймыз. Ал адамдар ойнайтын немесе адам рөлін ойнайтын жануарлар туралы мультфильмдерді көрсеңіз жиіркенесіз.
Кеңес мультфильмдерінің біреуі - «Леопольд». Теріс әдеттерден аулақ. Екі бұзық Мотя және Митя атты тышқандарды үнемі қуып жүреді. Леопольд әлемді сүйеді, оның басты кредосы әр серияның соңында айтатын: «Балалар, достықпен өмір сүрейік!» және өз сөзімен екі тышқанды мейірімділікке үйретеді. Осындай мультфильмдерді отбасымен бірге ұялмай-ақ көре беруге болатын, ал қазіргі кезде ақ парақтың беті сияқты ешнәрсеге уланбаған бала миы түрлі шым-шытырыққа толы түрлері адам шошырлық бейнедегі кейіпкерлердің төбелесі одан қала берсе, былапытқа толған дөрекі сөздері, бірін- бірі өлтіруі, зорлық зомбылық не бірін- бірі өліп-өшіп ғашық болғандардың әдепсіз қылықтарынан құралған мультфильмдер сәби санасын қоқысқа толтырып жатқаны ақиқат. Қоқыс емей немене, мағынасын бала түгіл ересектердің өзі ұғып білмейтін ұлттық дәстүрден тым алыс болған қазіргі көрсетіліп жүрген шетелдік мультфильмдердің басым көпшілігі тәрбиелік мәннен жұрдай, қиыннан қиыспаған оқиғалар. Мұндай мультфильмдерді көріп өскен еліміздің болашағы болған жас жеткіншектердің келешегі қандай болмақ. Кейіпкерлердің арасындағы анайы көріністердің көрсетіледі. Мысалы, «Том және Джерридегі» мысық еркек пен мысық әйелдің арасындағы көрініс. Бейне бір ересек әйел мен еркек арасындағы махаббат шырғалаңын көріп отырғандай әсер қалдырады.
Жуырда ғана, «Николодеон» телеарнасында көрсетілетін мультфильмдерде анайы қылықтар мен көріністер көптігіне көрермендер шағым түсіріп, Ақпарат және байланыс министрлігінің жеке сайтына жолдаған. Расында бүгінгі мультфильмдерде ересектерге тән махаббат, анайы қылық басым-ақ. Бала түгілі, үлкендер сескенеді ондай көріністен. Сосын жеңіл-желпі жүріс те, күлкі де көп..
Мультфильмнің басты кейіпкерлері басқа кейіпкерлерді аяусыз қаніпезерлікпен ұрып-соғып, тіпті өлтіріп жатады, оның осы ашу-ызаға толы қатігез әрекеттерін егжей-тегжей көрсетеді. Мұндай әрекеттерін бірнеше рет қайталап жатады. Мұны көріп өскен балада қаттылық, аяусыздық, мейірімсіздік қалыптасады, А. Бандур әріптестерімен бірге зерттеу барысында теледидар арқылы көрсетілген зорлық зомбылықты көрген баланың агресиясы артырып жаман мінез қалыптастыратынын ХХ ғасырдың 60 жылдарының өзіне-ақ дәлелдеген, сонымен қатар мұндай агрессиялы телебағдарламаларды ұдайы көру баланың 30 жасқа келгенде ауыр қылмыстарға баруына себеп болады екен. Мысалы: «Бэтман», «Наруто», «Том және Джэрри» т.б. мультфильмдерде бірін-бірі басынан аяқ артынан қуалап жүріп ұрып-соққаннан басқа ештеңе көрсетілмейді. Кереғар қылықтар үшін ол кейіпкерлерді ешкім жазаға тарпайды. Оның бұл әрекеті үшін оны ешкім бұрышқа тұрғызып не «бұлай жасауың дұрыс емес» деп қайтарып жатпауы. Ал мұның нәтежиесі кішкентай көрерменге жаман әрекет жасауға болады деген ой қалыптастырады. Мысалы «Маша және аю» мульфильмінде кішкентай Машаның тәртіпсіз қылықтарын ешкімнің тыймауы. Адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге қатысты мейірімсіздік, әдепсіздік қарым-қатынастың көрсетуі. Мұның зардабын ең бірінші баладан ата-ана, туған-туыстары байқайды. Ол — дөрекі сөз қайтару, әдепсіздік іс-әрекеттер, қаттылық, қатігездік. Түр-сипаты құбыжықтан тұратын сүйкімсіз кейіпкерлердің жағымды рөлді сомдауы. В.С. Мухиннің пікірі бойынша, бала мультфильм кейіпкерінің сыртқы бейнесіне ерекше мән береді. Жағымды кейіпкерлердің келбеттері сүйкімді әрі сымбатты, ал жағымсыз кейіпкерлер керісінше болу керек. Себебі барлық кейіпкердің қорқынышты бейнеде келуі кішкентай көрерменге оларға өзіндік баға беруге кедергі келтіреді. Сонымен қатар бас кейіпкер ретінде келген құбыжыққа баланың еліктеуі оның ішкі дүниесіне кері әсер тигізбей қоймасы анық. Мысалы: «Шрек» немесе «Балапан» телеарнасынан көрсетіліп жүрген «Ерекше қыз» мультфильміндегі Крипи Кричер атты түрі адам шошырлық басты рөлдегі қыздың өз отбасының жәндіктер екендігін көрсетіп мақтануы.
Бала 5-7 жаста мультфильм көруге әуес болады. Ал мультфильмдер баланың толық қалыптаспаған психикасына үнемі жағымды әсер ете алады ма? Баланың ішкі әлемі толық қалыптаспағандықтан, оның жетілуіне ересектерден алған әсер: ойын, ертегі, біріккен әрекеттер, соның ішінде мультфильм де маңызды әсер етеді. Олар тек уақыт өткізу емес, сонымен қатар тәрбие беруші құралдар. Ата-аналар өздерінің жұмыстарын жасау үшін немесе демалғысы келгенде баласына мультфильм қойып береді. Балалар мультфильмнің қызығына беріліп кеткенде, ата-ана оны мультфильмге деген қызығушылықтан ажыратып ала алмаспын деп ойламайды. Мультфильмдер кітап оқудың, ата-анасымен және достарымен серуендеудің орнын басуда. «Балаларға мультфильм көруге болмайды» деп айта алмаймыз. Баланы тәрбиелеу мен оның дамуына оң әсерін тигізетін тамаша мультфильмдер бар. Өкінішке орай, кері әсер ететіндері де жоқ емес. Оларды салыстырар болсақ:
Кеңестік мультфильмдер.
Кеңестік мультфильмдер экранда аз мөлшерде көрсетілді, сондықтан да олардың сапасы озып тұрды. Онда бала үшін қалыпты әлем бейнеленген. Жағымсыз кейіпкерлер жақсы болуды оңай үйреніп, тәрбие алады. Оның ашулы болуының себебі, ешкіммен дос болмауынан, оны ешкім сүйіп-құрметтемегендіктен. Ашулы кейіпкердің бейнесін жағымсыздықтан арылтатын юморлық кейіпте болуы маңызды. Сол себепті де балалар, қандай адаммен достасуды және достарына көмектесу сияқты жағымды мінез-құлықты үйренеді. Карлсон, Винни Пух, қолтырауын Гена мен Чебурашка, туралы кеңестік мультфильмдердің мейірімділік пен жақсылыққа үйрететіндігіне ешкім қарсы шыға алмайды.
Кеңестік мультфильмдердің «жағымды» белгілері: күштеу жоқ. Астарында соғыс пен аласапыран емес, бақытты, қуанышты жағдайлар жатады. Адамдық бейне арқылы достастық, шынайылық, қамқорлық, табиғат-анаға деген құрмет беріледі. Бірақ, кейбір ата-аналар мен балалар бұл мультфильмдерді ескі деп қабылдайды. Бұл күнде шет елдік мультфильмдерді қарағанды ұнатады. Кеңестік кезеңдегі мультфильмдер аз көрсетілгендіктен, экранды америкалық және жапондық мультипликационды фильмдер жаулап алды.
Шет елдік мультфильмдер.
Шет елдік мультфильмдердің
желісі сенімсіз, қатігездікке толы әлем.
Тек тасбақа Ниндзясияқты мейірімділікті
қолдаушы кейіпкерлер ғана қатігездікпен
күресуге тырысады. Зұлымдық ертегі оқиғасындағы
алдау немесе көндіру сияқты әрекеттерге
мүлдем жат, онда физикалық тұрғыдан жойылады.
Барлық мультфильмдерде дау-дамай, төбелес,
соғыс, атыс-шабыс, яғни агрессивті мінез-құлық
пен зорлаудың элементтері көрініс тапқан.
Мысалы, барлығына белгілі « Том және Джерри» мультфильмін талдар болсақ, Том атты мысық Джерри деген тышқанды ең оңай жолмен құртудың әдістерін қолданады. Ал, тышқан да сол уақытта мысықтан кек алуды ойлайды. Осыны көріп отырған бала бұл екі кейіпкердің әрекетін қайталайды. Егер ата-ана көңілді мультфильмді қарауға рұқсат берсе, демек, мұнда ешқандай жаман әрекет жоқ, әлсіздерді ұрып-соғып, оларды мазақ етуге болады деп ойлайды. Балаларға мұндай мультфильмді көруге болады ма?
Шет ел мультфильмдерінің
«жағымсыз» белгілері: Мультфильм кейіпкерлері
агрессивті әрі қатыгез.
Күштеу мен зорлауды
көрген бала оны қалыпты жағдай ретінде
қабылдайды. Мұның соңында, баланың шынайы
өмірге қарым-қатынасын қатыгездік жайлап
алуы мүмкін. Бұзық әрі зиянды балалар
туралы мультфильмдер де кері әсер етеді,
себебі олар басты кейіпкерлер және жазасыз
қалады. Мысалы, басты кейіпкерлердің
биік жерден секіріп, құлап, одан әрі
қарай жүгіріп кете беруі баланың денсаулығы
үшін қауіпті. Бала оның мүмкін емес екендігін
түсінбейді, барлығы қолымнан келеді деп
ойлап, кейіпкердің іс-әрекетін қайталауы
мүмкін. Сонымен қатар, қорқынышты әрі
сұрықсыз кейіпкерлер. Мультфильм кейіпкерлері
тек көңіл көтереді. Кеңестік мультфильмдермен
салыстырғанда ешқандай пайдалы әрі үлгі
аларлық әрекеттер жоқ. Бірақ, америкалық
мультфильмдердің ішінде – «Ақшақар»,
«Бэмби», «Арыстан патша» сиқты бастамасы
жақсы тамаша анимациялық фильмдерді
айтуға болады[1; 17]
Мультфильмнің бала психикасына әсері зор болғандықтан, ең бастысы бала мультфильм көріп отырғандағы көңіл-күйін бақылау керек. Егер бала жақсы, іші позитивті эмоцияларға толы мультфильм көрсе, оны көріп болғаннан кейін бала көтеріңкі көңіл күйде жүреді. Ал егер бала іші агрессиялы қорқынышты көріністерден құрылған мультфильмді көрсе бала бойында да сөзінде де іс-қимылында да агрессия пайда болады. Балалардың теледидар немесе компьютер алдына жалғыз қалуы дұрыс емес. Әсіресе бала мультфильмді алғаш көрейін деп экран алдына жайғасқанда қасында үлкендердің бірінің болуы міндетті. Себебі бала мультфильм көру барысында түсініксіз жайттарға кезіккенде ата-ананың түсіндіру сондай-ақ, олардың мульфильмге қатысты пікірін білу балаға да қызық болады. Мультфильм аяқталған соң оны міндетті түрде талқылау керек. Мысалы, «кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы баланың ойын білу керек. Мультфильмді көруге ыңғайлы уақыт күндізгі кез. Көптеген педиатр мен психологтардың пікірінше, түскі және түнгі ұйқының алдында мультфильм көрсетуге болмайды. Сондай-ақ. үлкендер алдын ала ұзақ мультфильмдерді бөліп көрсетуді ойластыру керек. Көру кезінде бала экраннан кем дегенде екі метр қашықтықта отыру қажет. Ал егер баланың көзі қызарып, жасаурай бастаса, теледидар көрсетуді дереу тоқтату керек. Балаға кез келген жаңа мультфильмді әкелгенде ата-ана оны міндетті түрде бірінші көріп шығуы қажет. Үш жасқа дейінгі балаларға жануарлары бар қысқаша өлеңдері бар көп мағлұмат қамтылмаған мультфильмдер көрсеткен жөн. Ал 3 жастан жоғары балаларға достық туралы, адамдармен арадағы тату қарым-қатынас жайында, қорқыныштарды жеңуге арналған мультфильмдерді көрсетуге болады. бірақ мультфильмдегі кейіпкерлер түр сипаты мен қарым-қатынастар балаға түсініксіз болмауы қажет. Себебі бұл жастағы балаларда абстрактілі ойлау әлі дамымағандықтан түсініксіз көріністер баланы қорқытуы мүмкін. Мектеп жасындағы оқушыларға саяхаттау, достық пен сатқындық, таңдау мен жауапкершілік туралы мультфильмдерді көрсеткен абзал. Жасөспірімдерге өмір құндылықтары, қорқыныш пен өлім, жақсылықтың жамандықты жеңетіні туралы, адамгершілік пен сыйластық жайындағы мультфильмдерді ұсынған жөн. Себебі, жасөспірім шақта бала еліктегіш болады. Нені көрсе соған ұмтылып, байқап көргісі келеді. Сондықтан да оған неғұрлым адамгершілкке толы өнімдерді көрсеткен пайдалы.Мысалы, қыз балалар ханшайымдар, балериналар туралы мультфильмдерді көріп, оларды үлгі етеді, оның тек сыртқы бейнесін ғана емес, жан дүниесін де қабылдайды. Ақшақарды алып қарасақ, әдемілік, ұяңдық, мейірімділік (ол жануарлар мен құстарды жақсы көрді ғой), сыпайылық (сарай қызметкерлері мен анасына бағынушылар да оны жақсы көретін), еңбекқорлық (ергежейлілердің үйіне келген кезде ол үйді тазалауға кірісті) оның бойынан табылады. Жануарлар арасындағы ана мен бала махаббаты өте тамаша көрсетілген және ата-ананы сыйлауға үйретеді. «Арыстан патша» мультфильміндегі арыстанның әкесінің өлімі трагедия сияқты көрсетілген, яғни өмірдің құндылығы жайлы ой салатын шынайы көрініс берілген.