Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 08:29, реферат
1. Жалпы моншақ туралы ақпарат
2.Моншақтың шығу тарихы
3.Моншақ түрлері
4.Моншақтан жасалған әшекей бұйымдар
Моншақ туралы ақпарат
Жоспар:
1. Жалпы моншақ туралы ақпарат
2.Моншақтың шығу тарихы
3.Моншақ түрлері
4.Моншақтан жасалған әшекей бұйымдар
Моншақ — мойынға тағатын әшекей бұйым. Моншақ ұсақ, түрлі-түсті, пішіні әр түрлі (шар тәрізді, сопақша, қырлы) болады. Асыл тастардан, басқа да бағалы заттардан жасалынады. Моншақ сөзі екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған. Сөздің алғашқы буыны “мон” көне түрік тіліндегі бойун (бойын), богін, “Кодекс куманикусте” кездесетін “Мойын” – дене мүшесінің атауы екендігі аңғарылады. Ал сөздің екінші сыңары жәй жасаушы жұрнақ қана емес. Көне түрік тілінде “Чағ”, “Чек” мағынасындағы сөздер қазіргі ұғымымызда байлау етістігі орнына жұмсалған, яғни Моншақ сөзінің әу бастағы алғашқы мағынасы “мойынға байлау” екендігі сөзсіз. Моншақтың сонау ерте замандарда қолданыста болғандығын қазба жұмыстары нәтижесінде табылған әшекей бұйымдары дәлелдейді. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан, Ежелгі Египетте шыныдан, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда, т.б. жерлерде шыныдан, асыл тастардан жасалды.