Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 10:14, реферат
Еліміз жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда Үкіметіміз білім беру мекемелеріне Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына жеткізетін ұл-қыз тәрбиелеуді талап етуде.
Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.
Қазақ
халқы – материалдық мұраларға қоса
мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың
бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына
ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі замандастарымыз
бен болашақ ұрпақтарымыздың оны оқып
үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне
барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық
болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына,
көздеген мақсаттарын саралап, жете білулерін,
дәстүрлер жалғасып өрістете отырып, өткен
мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне
тәрбиелеген. Қазақ халқының ұлттық ойындары
өте ертеде туып, оның көші-қоны тұрмыс
жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер
береді. Олай дейтініміз осы ойындардың
көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып,
арнайы материалдық әзірліксіз ойнала
беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге
халықтың психологиялық ерекшеліктеріне
де байланыстылығында екендігіне көзіміз
жетеді.
Ұлт ойындары
атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып
жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі
шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің
жиынтық бейнесі көрінісі де болған.
Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің
сан алуан түрлерімен қабысып, астасып
келіп, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең – жырларында халық ойынды
тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы
жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін
аша түседі. Ойын тек жас адамның дене
күш-қуатын молайтып, оны шапшандыққа,
дәлдікке, т.б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның
ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне
де пайдасын тигізеді. Манашұлы Тұяқпай
жырында:
«Балалармен ойнайды,
деп түйіндейді.
Сонымен бірге ойын сол халықтын өзінің
ішкі байланысының ғана емес, басқа халықтармен
де ұлтаралық қатынастарының негізін
қалаған. Ойынға жиналатын орын халықтың
сан алуан өнерінің де сарапқа түсетін
жері болған. Сөйтіп, ол ғасырлар бойы
қоғамдық тәрбиенің баға жетпес жемісті
қызметін атқарған.
Абайлап, зер сала қарасақ тілімізде кездесетін
кейбір сөз тіркестіре: «домбыра ойнау»,
«қрбыз ойнау», «ат құлағында ойнау», отпен
ойнау», «сумен ойнау», «жұмбақ ойнау»,
«жаңылпаш ойнау», «ойын-күлкі», «ойын
баласы», «доп ойнау», «асық ойнау», «ақсүйек
ойнау», «тоғыз құмалақ ойнау», дойбы ойнау»,
«шатыраш ойнау» т.б. сөз тіркестері халықтың
көне мәдениетінің бір куәгері – ойын
туралы түсініктің туу тарихы тым әріден
басталғанынан және ата-бабаларымыз қолданған
ойындар түрінің сан алуан болғандығынан
хабар береді.
Тарихының көнелігіне қарамастан ойын
үнемі жаңа, ол тот баспайтың, ескірмейтін
нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп
жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін
аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп,
рухани азық болатын да – осы ойын.
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:
естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі
жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан
білгені, көргені көп болған адам білімді
болады», - дейді Абай Құнанбаев. Абайдың
бұл пікірі ойынға да толық қатысты деп
ойлаймыз.
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың
бірі.
Халық өршіл ой-арманға меңзейтін шытырман
оқиғалы, ғажайып-қиялы әңгімелер, тіл
дамыту, ой-өрісін кеңейту мүмкіншілігін
байыту тілегінен туған жаңылтпаш; жұмбақ,
мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, балалар
ертегілері, балалар ойынын, ойын сауық
жоралғыларын туғызды.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс,
күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ
ату, жамбы ату т.б. спорттық сипатпен бірге
үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.
Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге
жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын
баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмсқа
пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге
пайдасы орасан зор. Ойын балаланың алдынан
өмірдің есігін ашып, оның творчестволық
қабілетің оятып, бүкіл өміріне ұштаса
береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда:
«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да
жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге
қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті,
ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз
өмірмен ұштасып, өзін қоршаған, дүние
туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз
ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің
маздап жанар оты». Міне, ойын дегеніміз
тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға
жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін
осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі,
денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз.
Әже – ақыл, ата – дәстүр
Күнделікті күйбең тіршіліктің бітпейтін шаруа соңында жүріп, бала тәрбиесіне жауапкершілігімізді азайтып алатын сияқтымыз. Басқа амалымыз да жоқ. Қызмет істеп, табыс таппасақ балаға тамақ тауып, киім алып беру мүмкін емес. Осылайша қолың шаруадан босамай, жүгіріп жүргенде бір уақыт өз балаңмен әңгімелесіп, сөйлеуге мұршаң жоқтығына өкінесің де. Сонда үйіңде бір үлкен адам - әже не ата болса деп армандайсың да.
Отбасында
әжесі, атасының ықпалын көріп,
Әжелеріміздің
әңгімелеріне құлақ түрсек, олардың
айтары аз емес. Менің әжем
«Баланы кішкентайынан
Сондықтан отбасында үлкендердің болғаны аса қажет екен. Себебі өмір көрген көзі қарақты, әрненің байыбын біліп отыратын үлкендердің жанында үнемі өзіңді сенімді ұстайсың. Қиың сәттерде олардың демеп айтқан бір ауыз сөзінің өзі қуат беріп, сол мезетте шешім қабылдауыңа көмек болады.
Әр
отбасындағы қариялар – үлкен
тіреніш. Олар ақыл-кеңесімен
отбасының жарасымдылығын, береке-бірлігін
сақтауға да көп көмектеседі.
Мұндай отбасында өскен
Қазіргі кезде жас ата-аналар арасында балаларын тікелей өздері тәрбиелеуге кіріскендері көп. Олардың көбі қазіргі заманға «лайықты» етіп тәрбиелегісі келеді, яғни өз ықпалын жөн санайтындар. Ал әжесімен әңгімелесіп отырған баланы көз алдыңызға елестетіңізші! Әңгімелері қандай жарасымды! Бірінің тілін бірі білетіндей. Өзіне жағымды болған әңгімелесуден кейін, баланың кенет көңіл күйінде үлкен өзгерістер байқалады. Қуанады, сұрақтарды үсті-үстіне қояды, тіпті сауал қоярдың алдында кәдімгідей ойланады, жауабына қанағаттанса шаттанады, себебі әжесі жәй ғана баяндап қоймай, көңіл кілтін анықтап алғандай, өзгелерге емес, дәл өзіне ғана арнап айтады. Дауыс ырғағы, сөздері, бет-әлпетінің өзгерісі де өзіне лайықталған. Ал сіз анасы бола тұра балаңызға осылайша мейірім көрсетіп, көңіл бөліп отырасыз ба? Өзіңіз бір ойлармен тұмшаланып, өз алдыңызға отырып, сәбиіңіз өз бетімен ойнап жүрген сәттар көп болды ма, әлде отбасындағы іс-әрекеттің көпшілігіне балаңызды қатыстырып, тіпті ойынына да араласуды, оның дұрысырақ ұйымдастырылуына көмек көрсетіді жөн санайсыз ба? Осы сұрақтардың өзі де ата-аналық іс-әрекетімізге сын көзбен қарауға мүмкіндік туғызады.
Үлкен
кісінің ықпалын мына бір
Бір
отбасы жалғыз баласын
Кешкісін жұмыстан шаршап келіп, тамақ әзірлеуге кіріседі, азғантай шаруаларын тындырып алуға ғана уақыт жетеді.
Осылайша күн
артынан күн өтеді. Сөйтіп
Баласынбай, өзі
қатарлы адамдай сөйлеседі. Немересі
киініп жатқанында, ойыншықтарын құрастырғанында
«қандай көмек керек?» деп
Баланың іс-әрекетіне
араласып жүргені үйлесімді
Әжесі айтып
берген әңгімелерін,
Отбасында бала
тәрбиесінде үлкендердің
Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту