Махаббат мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 06:51, доклад

Краткое описание

Махаббаттың алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер төрт түрлі терминдерді қолданды, олар: эрос, филиа, агапэ, строгэ.
«Эрос» сөзін олар обьектіні өздеріне толығымен иеленіп алу мақсатымен, сол обьектіге бағытталған сезімдерді білдіру үшін қолданды.
«Рhilia» сөзі жеке немесе әлеуметтік таңдау еріктеріне байланысты біріккен индивидтердің байланысын білдіреді.
«storge» сөзі болса айырбастауға берілмейтін мәңгі органикалық түрде туыстық жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді. Бұл ата ана мен бала, ері мен әйелі, отаны мен азаматтары арасындағы өте нәзік әрі өз өзіне деген сенімді махаббат.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Доклад.docx

— 21.11 Кб (Скачать документ)

Махаббат мәдениеті

 

Махаббаттың алуан  түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер төрт түрлі  терминдерді қолданды, олар: эрос, филиа, агапэ, строгэ.

«Эрос» сөзін олар обьектіні өздеріне толығымен иеленіп алу мақсатымен, сол обьектіге бағытталған сезімдерді білдіру үшін қолданды.

«Рhilia» сөзі жеке немесе әлеуметтік таңдау еріктеріне байланысты біріккен индивидтердің байланысын білдіреді.

«storge» сөзі болса айырбастауға берілмейтін мәңгі органикалық түрде туыстық жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді. Бұл ата ана мен бала, ері мен әйелі, отаны мен азаматтары арасындағы өте нәзік әрі өз өзіне деген сенімді махаббат.

«Аgape» термині гректерде ғашық адамының, сүйіктісінің белгілі бір ерекшеліктерінің, оның ерекше бір мінезінің негізінде пайда болатын саналы махаббатты білдіреді.

Орта ғасырларда христиандық ілімі махаббатты адамның  мәнін терең ашатын адамгершіліктің  ең жоғарғы принципі ретінде анықтаған  болатын. Христиандық ойшыл Аврелий Августин махаббаттың үш түрлі формаларын көрсеткен болатын, олар: адамның құдайға деген махаббаты, жақыныңа деген махаббат және құдайдың адамға деген махаббаты.

Стендаль өзінің «Махаббат туралы» деген трактатында  махаббаттың төрт түрлі формаларын көрсетеді. Олар:

  1. Махаббат ол құмарлық;
  2. Махаббат ол ақыл-ойдың бақылауынан шығып кетуге қабілетсіз және жүректе суық із қалдыратын  ынтықтық сезім;
  3. Махаббат ол сәттілікпен басталған кездейсоқ жағдайда болатын инстинктердің күтпеген жерден жалын секілді жарқ етіп жоқ болып та кететін физикалық, яғни тән махаббаты;
  4. Махаббат ол паңдық, яғни буржуазиялық тұрғыдан есепке ғана негізделген пайдалылықты көздейтін алдын ала ойластырылған махаббат. Мұндай махаббаттың иегерінің сезімдеріне келсек, олар модадағы, қазіргі заманғы сәндегі әйелдерді ғана қалайды.

Орыс философы В.Соловьев махаббаттың үш түрлі типтерін ажыратады, олар:

1. махаббат ол  көбінесе береді де, бірақ ештеңе  алмайды, бұл ата-ананың балаға  деген махаббаты;

2. махаббат ол  көбінесе алады, бірақ ештеңе  бермейді, бұл баланың ата -анаға  деген махаббаты;

3. махаббатта осы  жоғарыда көрсетілген белгілердің  екеуі тепе-тең түседі, бұл жыныстық  немесе ерлі зайыптылардың махаббаты.

Енді махаббаттың  сипаттамаларының ең маңызды ерекшеліктері  неде? Осы сұрақтарды талдайық: Махаббаттың экзистенциалдық анықтамасы, яғни оның сезімінің терең осі – бұл сүйікті, ғашық адамыңды өзің сияқты көру, оған да өзіңе сияқты қарау, онымен өзіңді бір деп ұғыну. Мұнда сүйіп отырған емес, сүйікті адам маңыздырақ. Махаббат болашақты көруге меңзейді, алдағы перспективаларды көруге мүмкіндік береді; сүйіктіңнің, яғни ғашық адамыңның ерекше мүмкіндіктерін ашады. Махаббаттың басты құпиясының бірі – оның таң қаларлықтай, екі жақты оптика сияқты екендігінде. Сүйікті адамыңның жақсы жақтарын бинокльмен ұлғайтып көрсетіп, ал кемшіліктерін теріс айналдырылған бинокльмен кішірейтіп көрсететіндігінде. Адам өзінің сүйікті ғашығын әлемдік өлшеммен теңестіреді. Ғашық адамның іштей өзінің таразысы болатындай, ол таразының бір басына ғашығын, ал екінші басына бүкіл жер шарын қояды. Яғни бір жанды бүкіл адамзатпен тең дәрежеде қояды. Жақсы көру, сүю дегеніміз басқа адамды бүкіл әлемдік өлшем ретінде түйсініп, ұғыну, оны адамзаттың өкілі ретінде тану, оны бақытқа бөлеуге ұмтылу, оған адмзаттың шеңберінде қарым қатынас жасау, яғни оған шектен тыс қайырымдылықпен, мейірімділікпен және қамқорлықпен қарау. Шынайы махаббатта екі орталықтық, эгоистік қатынастар болмайды және бұл оның ең маңызды негізі болып табылады.

Махаббатта сезімділіктің  үш түрлі типері бар, олар: біріншіден, жалпы сезімдер, бұл бүкіл ғасырға  тән барлық халықтардың махаббатында кездеседі, яғни бұл махаббатты басқа  да сезімдерден ажыратып тұратын  ерекшелік. Екіншіден, типологиялық сезімдер, яғни махаббаттың бір ғана типімен жақсы көретін адамдардың сезімдері сияқты, бірақ та махаббаттың басқа типімен жақсы көретін адамдардың сезімдеріне тіпті ұқсамайды. (мысалы,  холериктің махаббаты – «гейзер», флегматиктің махаббаты – «мұхит» сияқты). Үшіншіден, «индивидуалдық, жеке» – бұлар басқа ешқандай адамдарға ұқсамайды; мұнда ерекше қайталанбас сезімдер мен осындай сезімдердің қайталанбас үйлесімдері көрініс береді.

Махаббат бұл адам еркіндігінің көріністерінің бірі. Адамды ешкім біреуді немесе өз өзін жақсы көріп сүюге мәжбүрлей алмайды, өйткені оны жұмыс істетуге, тіпті зұлымдық жасатуға да мәжбүрлеуге болады, бірақ жақсы көргізуге емес. Жалпы махаббат дегеніміз, интуиция мен түсіну тәжірибесін талап ететін өнер болып табылады. Жақсы көруге, сүюге, махаббатқа деген қабілетсіздік биологиялық емес ол жанның, яғни психологиялық кемістік. Махаббат әр түрлі дәреже мен деңгейде дамуы мүмкін, махаббаттың болмауы мүмкін емес, махаббат болмаса адамзат та болмас еді.

Махаббат  терең дифференциацияланған,  мұндағы махаббат таңдауға негізделген, адам бір ғана жалғыз адаммен тұтастықта болып, бас қосып бірігуге құмартады. Э. Фроммның пікірінше, махаббатқа қарағанда жыныстық құмарлық  тек дене құмарлығымен, жалғыздық алдындағы қорқыныш сезімімен, біреудің жүрегін жаулап алумен ғана шектеледі.

Махаббат ол кездейсоқтан пайда болмайды. Ол адамның бүкіл ішкі әлемінің біртіндеп өзгеріске ұшырап, қайта жандануы жаңа бір күй кешуі.              Стендаль махаббат сезімінің пайда болуын былай суреттеп береді:

1) Таң қалу

2) Ғашық адам сүйіктісінің сұлулығына  сүйсініп оны құшағына алып  сүюді армандайды.

З) Ғашық адамына деген үміт оты  оянады.

4) Махаббат оянады.

Жақсы көру дегеніміз – ләззат сезіміне бөлену. Адам өз ғашығын барлық сезім органдарымен сезіне бастайды.

5) Алғашқы кристаллдану процесі басталады.

Адам  өзінің сүйікті ғашығын қуаныш пен  ләззатқа бөлеуі үшін, барлық құрбандықтарға дайын бола бастайды және мұны ол қуанышпен  іске асырады.

Кристалдану  – бұл ойдың ерекше бір қызметі.

6) Күмәнның тууы.

Ғашық адам өзіне жақын тұрған бақытқа күмәндана бастайды; ол өзіне жылт етіп көрінген үміттің өзіне күмәнмен қарай бастайды. Ол өзін өмірдің басқа да қуаныштарына бөлегісі келеді де кейін  оны жоғалтып та алады. Осыдан ол бақытсыздық сезіміне бөленіп, осы сезімнен кейін ол ойға шомады.

7) Екінші кристаллдану процесі.

Екінші кристаллдану процесі басталғанда ғашық адам «ол да мені жақсы көреді» деген ойға келеді.

Ғашық адам үш түрлі ойдың арасында ойланып толғана бастайды:

1. Оған ешкім тең келмейді.

2. Ол мені сүйеді.

3. Оның сүйетіндігінің дәлелдеріне  қалай көз жеткізуге болады? Махаббаттың ұзақтығы екінші кристаллдану процесінде анықталады, осы кезде ғашық адамыңның жауабын ала аласың немесе ала алмайсың. Екінші кристаллдану процесі тез беріле салатын махаббат жағдайында өтпейді.

Сонымен бірге мына жағдайды ескеру керек. Өзінің табиғаты жағынан әйелдер еркектерге қарағанда сезімтал келеді. Әйелдердің өмірінде сезімнің алатын орны ерекше. Көптеген әйелдер үшін сүюден гөрі сүйікті болу өте маңызды. Өйткені бұл қасиет әйелдердің психологиялық табиғатының өзінде жатыр. Ал ер адамдар болса сүйікті болудан гөрі сүюді қалайды.


Информация о работе Махаббат мәдениеті