Ұлттық психология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:55, доклад

Краткое описание

Ұлттық психология ұғымы. Ұлттық психология- философиялық және социологиялық әдебиетте көп талқыланып, зерттеліп келе жатқан категориялардың бірі. Солай болса да бұл ұғымның айналасында пікірталастар жиі болып тұрады. Біз ұлттық психология ұғымының мәнін түсіну үшін, оны төмендегідей бірнеше қырынан қарастырып көрейік.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ұлттық психология.doc

— 62.00 Кб (Скачать документ)

 

Ұлттық психология

 

           Ұлттық психология ұғымы. Ұлттық психология- философиялық және социологиялық әдебиетте көп талқыланып, зерттеліп келе жатқан категориялардың бірі. Солай болса да бұл ұғымның айналасында пікірталастар жиі болып тұрады. Біз ұлттық психология ұғымының мәнін түсіну үшін, оны төмендегідей бірнеше қырынан қарастырып көрейік. 

          Біріншіден, ұлттық психология қоғамдық (немесе әлеуметтік) психологияны құрайтын элементтердің бірі, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны түсіну қиын емес: қоғам түрлі әлеуметтік топтардан құралады. Ал әр әлеуметтік топтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері болады. Ұлтта- қоғамды құрайтын әлеуметтік топтың бірі. Осыдан ұлттық психологияның қоғамның психологиясын айқындайтын құрауыш екендігі туындайды.

        Екіншіден, ұлттық психология ұлтаралық қатынастар идеологиясымен, ұлттың құндылықтарға қатысымен бірге қоғамдық сананың маңызды құрауышы болып табылады. Қоғамдық сана- қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын көрсетеді. Зерттеушілердің көпшілігі ұлттық сананы қоғамдық сананың бір элементі ретінде сипаттайды.

       Үшіншіден, ұлттық психология- ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.

       Ұлттық психология- әлеуметтік психологияның бір бөлігі, оның үрдістері мен заңдылықтарына бағынған құрылымдық элементі. Демек, ұлттың қоғамдық санасы нақты мәнге ие- этнос тарихтың белгілі бір даму кезеңіндегі санасының жеткен деңгейін айқындайды.

        Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік психология ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып пайымдағанда, ұлттық психологияда қарастырылып отырган ұлт өкілдерінің санасына көбірек ұялаған, сонысымен олардың әрекетінен үнемі көрініс беріп отыратын,өзгелерге қарағанда көбірек қайталанатын психологиялық ерекшеліктердің жиынтығы болып шығады.

     Ұлттық психологияны құраушы элементтер. Ұлттық психология 4 құрауыштан- ұлттық мінездің нышандарынан, ұлттық мүддені түсінуден, ұлттық өзіндік санадан және ұлттық сезімнен тұрады.

      Ұлттық мінездің нышандары. Сөздің жалпылама мағынасын алып қарағанда,адамның мінезі дегенді-адамның тәртібі мен қылықтарына әсер ететін, оның тек өзіне тән, айқын көрініс беретін психологиялық ншандары деп үсіну керек. Сөздің  қатаң мәнінде, мәнез адамның еркі мен бағыттарында көрініс беретін, оның тұлғасының психикалық  құрылымы ретінде айқындалады.

      Жеке адамның мінезі ол өмір сүріп отырған әлеуметтік топтың мінезі ұқсас болады, немесе керісінше , жеке адамның мінездерінен әлеуметтік топтың мінезі көрініс береді.

     Өзінің ұзаққа созылған қалыптасу жолында қазақтарда өзге халықтар сияқты қадір тұтуға жарайтын ұлттық психологиялық кешендерді бойына сіңіріп келеді.

    Қазақтарға тән ұлттық мінездің кейбір нышандары.

      Жауыегерлік мінез. Тарихтың әр кезеңінде қазіргі Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың барінің де қызуқанды, қырағы жауынгер болғаны белгілі. Сондықтан олар орасан мол аумақты иемденіп, ғасырлар бойы ұстап тұрды. Қазақ халқының арғы тегі-ғайыр даласын бағындырып,мұхиттан мұхитқа дейінгі аралықта азулы мемлекеттер құрғаны белгілі.Қазақ халқы өзгеге бағынбайтын жауынгерлік мінезін екінші дүние жүзілік соғыс кезінде көрсетті. Ол жөнінде фашистттік идеологтар өздерінің «Шығыс жоспарында» атап көрсетті.

   Кеңпейілділік (бауырмалдық, мейірбандық) –қазақтарда туған жерінің кеңдігі, оның табиғатының қаталдығы және малшылық кәсіппен айналысу факторларының әсерінен пайда болған мінез.Қазақтың кеңпейілділігін қазақтың жеріне келіп қоныстанған өзге ұлт өкілдерінің бәрі және көптеген зерттеушілер ризашылықпен айтады.

    Бұлардан басқа қазақ халқының ұлттық мінездеріндегі жағымды нышандардың елеулеріне –мәрттік, жомарттық, қонақжайылық,балажандық,аңқаулық жатады.

     Ұлттық мүдде және оны сезіну. Мүдде деп(латынша –interest)-дара адам, отбасы, ұлттық немесе қоғам үшін қажетті маңыздылықты, адамдардың еркі мен әрекет бағыттарының объетивтік және әлеуметтік жағдайларға сай айқындалуын айтамыз. Мысалы, адамдар өздерінің материалдық қажеттіліктерін өтеу үшін белгілі бір әрекет жасауға, еңбек етуге мүдделі. Адамның рухани дүниесіне де қатысты мүдделері көп

болады. Өмірлік қызметте адамдар тобына ортақ мүдденің болу құбылысы да жиі ұшырасып отырады. Ортақ мүдде белгілі бір әлеуметтік топқа енетін жеке адамдардың мүддесінен және олардың қоғамдық өмірдегі орны мен атқаратын рөлінің әртурлілігіне орай қалыптасқан әрекеттері мен істерінің шынайы себептерінен тұрады.

     Ұлттық мүдде деп белгілі бір ұлт өкілдерінің бәрі үшін ортақ қоғамдық мүдделерін айтамыз. Қазақтардың ұлттық психологиясына тікелей қатыстылығыбар, ұлттың баршаға ортақ мүддесі дегенге келетін болсақ, оны әр кездегі әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің түсінуі мен оған сай әрекет етуінің әр түрлі болғандығын көрер едік.

   Ұлттық мүдденің алдыңғы лекке шығуы мен оны қанағаттандыру бағытындағы әрекет белсенділігінің артуы да ұлттық өзінің (ұлттық психологияның да) даму үдерісіндегі ілгері басқан сәттерге сәйкес келеді.

    Ұлттық мүддені сезіну- ұлттық психологияны қалыптастырушылардың бірі болып табылады. Бұл жерде мәселенің қойылуына, яғни ұлттық мүдде жөнінде ғана емес, ұлттық мүддені сезіну жөнінде болып отырганына назар салу керек. Ол  екеуінің арасында айырма бар:алдыңғысы психологиялық феноменге жатпайды,кейінгісі жатады.Мұндағы негізгі түйін –жеке адамның(алынып отырған ұлт өкілінің)ұлттық мүддені түсінуіоның алдына койылған міндетке көз қарасынсонымен қоса оның әрекетінің,тәртібінің бағыттарын айқындауғаәсер ететінінде болып отыр.Демек, бұл мәселенің маңыздысы-ұлттық мүдденің өзінде емес,оны әрекетке басшылыққа алуында болып отыр.Адамның әрекетімен тәртібінің бағыттарының мүдденің өзі емес мүддені сезіну айкындайды.Ұлттық мүдде мен ұлттық қажеттілік мемлекеттік мүдде мен мемлекеттік қажеттілікпен қатар тұрады.Мүдде мен қажеттілікті түсіну,адамдардың қоғамдық қызметінің интеграциясынағы қозғаушы күш болып табылады.

     Мүдде адамды алға жетелейді.Ұлттық мүддені сезіну ұлты үшін жаны күйетін отаншылды жанталастырады,оны отқа да суға да түсіреді,жеңіске жетелейді. Ұлттық мүдде мен қажеттілікті түсінудің ұлттық психологияның құрамдас құраушыретіндегі мәні осында.Ұлттық мүддені түсіну өзіндік сана категориясымен тікелей байланысты.

     Ұлттық өзіндік сана.Ұлттық психологияның құрамдас элементтерінің бірі-ұлттық өзіндік сана.Ұлттық өзіндік  сана дегеніміз-этностық сананың жоғары,күрделіленген,жетілдірірлген формасы.Ұлттық өзіндік сананы ұлттық өзінің әлеуметтік-этномтық мәнін танып білуі дүние жүзілік қауымдастық жүйеге өзінің орнын және қандай орын ала алатынын,адамзат тарихындагғы атқарып жүрген әрекеттік рөлін және оның

Қандайын атқара алатынын ,адамзат жасап откан өркениетке қосқан және қоса алатын үлесін сезіп тұшынуы, сонымен қоса өзге халықтармен тең, еркін және тәуелсіз өмір сүрудің табиғи –тарихи құқығын түсінуі деп ұғуға болады.

       Әлеуметтік психологияда көпшілік жағдайда ұлттық өзіндік сана ұлт мүддесімен байланыстыра қарастырылады.Ол қоғамдық және халықаралық қатынастар жүйесіндегі ұлттық жағдайымен айқындалатын объетивті ұлттық мүдделердің бейнесі немесе ұлттық мүдделерінің мәні және оларды іске асыруға тырысу ретінде сипатталады.

      Ұлттық сезім 3 элементтен тұрады.Оның біріншісі – ұлттық қадір. Бұл  ұғым адамның өз ұлтын қадірлеу,сыйлау,өзгелердің алдына оның беделін түсірмеу,ұлт өкілі ретіндегі адамның өзінің үнемі кадірінің болуын ойлап әрекет етуі сияқты сезімдердің жетегінде жүруін көрсетеді.Бұл ұғымның сезімдік реңкі басым.

     Ұлттық сезімнің екінші элементі-адамның белгілі бір ұлтқа тәнділікті сезінуі болып табылады.Ол әр адаммен азаматтың өзінің белгілі бір ұлттық  өкілі екендігін сезінуін көрсетеді.Ұлтқа тәнділікті сезіну белгілі бір деңгейге оның әрекетіне әсер етеді.Бұл дүние жүзіндегі елеулі ұлт өкілдерінің бәріне тән қасиет.Ұлтқа тәнділікті сезіну Отанға деген сезіммен үндес болып келеді.

     Ұлттық мақтаныш сезімі де әлеуметтік психологияда жиі ұштастыратын құбылыстардың бірі.Адам өзінің мемлекетінің жерімен,оның қазба байлықтарымен,бай мәдениетімен,қызықты тарихымен,ұлы адамдарымен мақтанады.Бұлар –шет жұрттықтармен кездесіп танысқанда тілге тиек болатын нәрселер,өзгелер сиякты қазақ халқының да ауыз толтырып,мақтананып  айтатындары да аз емес.

      Ұлттық қадір,ұлттық мақтаныш,ұлтқа тәнділікті сезіну бәрі қосылып келіп,адамның өз ұлтына деген эмоциялық қатынасын білдіретін,оның ойы мен әрекетіне мұрындық болатын психологиялық күйдің жиынтығын құрайды.Бұл үшеуі ұлттық психологияның құрамына енетін ұлттық сзім деп аталатын кешеннің құрамдас құраушы  есебінде қарастырылады.

    Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлар. Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторларға мыналар жатады:халықтың басынанөткерген тарихы,ұзақ жылдар бойы айналысқан шаруашылық түрі,төл тума мәдениеті,ақпарат алмасу тілі,салттары мен дәстүрлері,тұрған жерінің табиғатымен климаттық жағдайлары,діні,әлеуметтік-демографиялық  жағдайы. Бұл аталғандардың соңғысынан басқалары ғасырлар бойы көп өзгеріске ұшырай бермейді,ұзақ уақыт сақталады.Соған сәйкес ұлттық психология да халықтың санасына әбден орныққан құбылыс болып табылады,оны өзгерту өте киын және ұзаққа созылады.

Қай халықтың болмасын ұлт  болып қалыптасуы үшiн қажеттi факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмiрiнiң, тiлi мен мәдениетiнiң, әлеуметтiк психологиядағы сол ұлтқа тән кейбiр этникалық ерекшелiгiнiң ортақтастығы болып табылады. 
Ұлттық психикалық құрылым мен ұлт мәдениетi арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелiк ұлт мәдениетiнiң түрлерiнен көрiнiс бередi. Мысалы, бiз ән-күйлердi, билердi тыңдай отырып, немесе ою-өрнектi, зергерлiк әшекей заттарды көрiп, оның қай ұлтқа тән екенiн бiрден айырамыз. 
Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелiгi адамдардың әлеуметтiк қарым-қатынасынан, киiм киюiнен, спорттық ойын түрлерiнен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келiн түсiру, қыз ұзату, қонақ күту, өлiк жөнелту рәсiмдерiнен т. б.), ұлттық тағам түрлерiнен байқалады. 
Ұлттық психикалық құрылым үш бөлiктен тұрады: ол ұлттық сезiм, салт-дәстүрлер және ұлттық мiнез. Осы үш бiрлестiк ұлттық мәдени ерекшелiктiң шартты белгiлерi болып табылады. 
Ұлттық сезiм дегенiмiз — адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тiлiне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйiспеншiлiктi бiлдiруi. Ұлттық сезiм адамды қоршаған ортаның әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкiлiне тартқан ерекше табиғи сыйы. Ұлттық сезiм басқа сезiмдер сияқты адамның жеке басының қанағаттану, шаттануымен немесе риза болмай, қанағаттанбауымен байланысты ой-қиял, әсер сезiмiнiң сыртқа шыққан көрiнiсi. Мысалы, “Елiм-ай” әнiн ести отырып, елiнiң басына түскен ауыртпалық, шапқыншылық әрекетке езiлiп мұңаюы немесе “Саржайлау”, “Сарыарқа” күйлерiн ести отырып, тыңдаушының туған жер табиғатына деген сүйiспеншiлiк, шаттық сезiмiнiң оянуы табиғи заңды құбылыс. Адамның ана тiлiне деген сүйiспеншiлiгi де ұлттық сезiмiнiң ерекше түрi.  
Мысалы, ұзақ уақыт елден жырақ жат жұртта жүрiп, көпшiлiк iшiнен өз ұлт өкiлiнiң ана тiлiнде тiл қатуына елең етпейтiн, iш тартпайтын адам болмайды. Өйткенi, ана тiлi адамның iшкi сезiмiн басқаға жеткiзуде ой-қиялға етене жақын, жүрегiне жылы күштi құралы. Айталық, сұлу қызды аспандағы айға, күлiмдеген күнге, судағы құндызға теңеу. (“Ай десе аузы, күн десе көзi бар” деу) немесе “Ай мен күндей, әмбеге бiрдей бiр сұлу қыз болыпты” деп басталатын ертек қазақ ұғымына, ұлттық сезiмiне жақын теңеулер. Қазақ әдебиетiнде сұлу қызды “Ботакөз” деуi, туған баласын әке-шешесiнiң “ботам”, “құлыным”, “қозым” деуi ұлттық ұғымға, ұлттық сезiмге жақын көркем сөз айшықтары. 
Ұлттық тағамдарды даярлау, сыйлы қонағын ұлттық тағаммен сыйлау да ұлттық сезiмдi, ұлттық мақтанышты көрсетедi. Және ол әр ұлттың өзiне тән тағам даярлау ерекшелiгiнiң куәсi болып табылады. Мысалы, өзбек қонағын палаумен сыйласа, қазақ “бес бармағымен”, ұйғыр мәнтi, лағманымен, татарлар пәрәмiшiмен сыйлайды. Қазақ шәйiн қаймақ қатқан сүтпен баптап берсе, қалмақ, ұйғырлар май, тұз, ұн салып бередi. Орыс халқы кофе қайнатады, соның бәрi тағам берудегi ұлттық ерекшелiк дәстүрлер. 
Ұлттық салт-дәстүрлерге ана тiлiне деген сүйiспеншiлiктi, ұлттық өнер түрлерiн: ән-күй, зергерлiк қол өнерi, бейнелеу-сурет өнерi, ұлттық ойын мен спорттың түрлерiн, ұлттық тағамды, киiмдi, мерекелердi, тарихи ескерткiштердi т.б. жатқызуға болады. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жоралар, көзқарас түсiнiктер жатады. 
Ұлттық салт-дәстүрлердiң ерекшелiктерiн патриархалдық, рулық салт дәстүрлерiмен шатастыруға болмайды. Мысалы, қазақтардың қызды қалың малға сатуы немесе барымтасы мен өзбек әйелдерiнiң пәрәнжi жамылуын бүкiл қазақ, өзбек халықтарының ұлттық салт-дәстүрi деп қарамауымыз керек. Ол феодалдық, рушылдық қарым-қатынастан қалған ескi дәстүрлер. 
Салт-дәстүрлер  халықтардың тiршiлiк кәсiбiне, наным-сенiмiне, өмiрге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзгерiп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетiндерi жойылып, өмiрге қажеттiлерi дамып, жаңа мағынаға ие болады. Мысалы, қазақтар жаугершiлiк заманда ақ қой сойып, қанына найзасын малып, бiр-бiрiмен төс түйiстiрiп, анттасып дос болатын болған. “Достықты бұзғанды ант атсын” — деп серттескен. Феодалдық қырғын соғыс кезiнде ол батырларды бiрлiкке тәрбиеледi. Ал бертiн капиталистiк қоғамның дамуымен байланысты, анттасу салты қажет болмай, мүлде жойылды. 
Немесе бүгiнгi күндерде ерлi-зайыпты қариялардың алтын, күмiс тойларын өткiзу де салт- дәстүрлердiң өзгерген түрi. Оның ұрпақ тәрбиесi үшiн үлкен прогрессивтiк, тәрбиелiк мәнi зор. 
Салт-дәстүр сабақтастығы ұлттар арасындағы карым-қатынаспен тығыз байланысты. Бiр ұлтта бар салт- дәстүрлер, ұлттық ою-өрнек, тағам, спорттық ойын түрлерi екiншi бiр ұлтта да белгiлi ұқсастықпен және өзiндiк ерекшелiгiмен көрiнiс бередi. Мысалы, қазақтың көкпар тарту ойыны кейбiр өзгешiлiгiмен көршi өзбек, түрiкмен, қырғыз, моңғол, ауған елдерiнен де кездеседi. Киiз үй тiгу көшпелi халықтардың бәрiне ортақ. Алайда, оның құрылысында, ою-өрнек әшекейiнде әр ұлтқа тән ерекшелiк белгiлер байқалады. Палау, мәнтi, борщ, шашлық, пельмен көпшiлiк ұлттарға ортақ тағам болғанымен, әр ұлттың өзiндiк дайындау технологиясымен ерекшеленедi. 
Ұлттық мiнез адамның iс-әрекетiнен көрiнетiн тұрақты құбылыс. Ұлттық мiнез осы ұлтқа тән темпераменттiк, психикалық рухани сапасымен ерекшеленiп, көзге түседi. Мысалы, қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық, өзбектердiң сыпайы мiнездiлiгi, дiншiлдiгi, орыс халқына тән қарапайымдылық пен кеңпейiлдiлiк, американдықтардың құнттылығы, ағылшындардың салқын қандылығы, немiстердiң ұқыптылығы, француздардың жинақылығы, испандықтарға тән қызу қандылық ерекшелiктер байқалады. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда жоқ, кездеспейдi деген ұғым тумайды. Ол қасиеттер әр халықта әр түрлi қырынан көрiнiс табады. Әр ұлттың өзiне ғана тән этностық таза мiнез-құлықтың болуы мүмкiн емес. Мысалы, орыстарға тән дейтiн төзiмдiлiк қытайларға да тән қасиет болып келедi. Немесе грузиндердi қызба қанды халық деймiз. Ал ол мiнез испандықтарға да ортақ. Академик С.Кон өзiнiң ”Ұлттық мiнез-құлық ерекшелiктерiнiң проблемасы” атты еңбегiнде ”Ұлттық мiнез-құлықты анықтауда әр ұлтқа тән этностық мiнез-құлықты шартты түрде алып қарау керек”, — деуi орынды. Дегенмен, бiр халықта ерекше басымырақ болып көрiнетiн мiнез-құлық сипаты сол халықтың психикалық ерекшелiгi болып саналады. 
Ұлттық дәстүрлер ұлттық психологиядан көрiнiс тапқанда, кейбiр психикалық әлпеттiң жалпы адам баласына, барлық ұлтқа тән ортақ қасиетке ие екенiн байқауға болады. Мысалы, қонақжайлық, үлкендi сыйлау, балажандылық сияқты мiнез-құлық өлшемдерi барлық халыққа ортақ қасиет. 
Қоғамның дамуы, халықтар мен  ұлттардың интернационалдық байланысы ұлттық психикаға игi әсерiн   тигiзiп, бiрнеше ұлтқа ортақ интернационалдық мазмұнды салт-дәстүрлердiң пайда болуын туғызды.  
Мысалы кешегi Кеңестiк дәуiрде ұлтаралық қарым-қатынастың күшеюiмен байланысты қазақтың ат бәйгесi немесе қазақша күрес, теңге алу, қыз қуу ойындарына интернационалдық сипат бердi де, бұл ойындар бүкiл Орта Азия елдерiне ортақ интернационалдық ойын түрлерi болып кеттi. Немесе, кешегi Кеңестiк дәуiрде  халықтардың идеялық сана-сезiм бiрлестiгi ортақ әнұран, ортақ дәстүрлi әскери шеру салтанаттарын өткiзу, жастарды әскер қатарына шығарып салу, еңбек кiтапшасын табыс ету, неке куәлiгiн тапсыру сияқты салт-дәстүр түрлерiн туғызды да, ол барлық ұлттарға ортақ дәстүрге айналды. 
Заман талабына сай жаңа мазмұнды салт-дәстүрлердiң туындауы да заңды құбылыс. Мысалы, қазiргi жастардың үйлену той рәсiмдерi бұрынғы қазақ ауылындағы осындай тойларға мүлде ұқсамайды. 
Сондай-ақ, баланың дүниеге келуiн қуаныштап өткiзетiн шiлдехана тойына қоса бүгiнде жастардың туған күнiн тойлау рәсiмдерi пайда болды. Ол мүлде жаңа салт-рәсiмде өтедi. 

 

 

  

 


Информация о работе Ұлттық психология