Л.С.Выготский жеке тұлға жайлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 00:03, лекция

Краткое описание

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзкараспен психологтардың кебін кешуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай бағынатынын жөніндегі көзқарастар сан алуан, өйткені тұлга үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылық-кезендері, тұлға дамуының дағдарыстары (кризис), дамуын тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. ген тарпан тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның дамуын өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық тдеория дамуы деп адамның биологиялық табиғатының коғамда өмірге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді.

Содержание

1. Жеке тұлға мәселесі мен оның дамуы;
2. Интериоризация акттері;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жас ерекшеліктері.docx

— 32.91 Кб (Скачать документ)

Л.С.Выготский жеке тұлға жайлы

 
(1 сағат) 
 
Жоспары: 
 
1. Жеке тұлға мәселесі мен оның дамуы; 
 
2. Интериоризация акттері; 
 
 
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 
 
Негізгі:

  1.  
    Асмолов А.Г. Психология личности:
  2.  
    Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.
  3.  
    Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
  4.  
    Выготский Л.С. Психология личности том.2.М.2000.
  5.  
    Ломов Б.Ф. Системность в психологии. Москва—Воронеж, 1996.

 
Қосымша:

  1.  
    Лурия А.Р. Мозг человека и психические процессы. Т. 1. М., 1963; Т. 2. М., 1970.
  2.  
    Мясишев В.Н. Психология отношений. Москва—Воронеж, 1995.
  3.  
    Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.
  4.  
    Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.
  5.  
    Психология развивающейся личности/Под ред. А.В. Петровского. М., 1987.

 
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989 
 
 
Лекцияның мәтіні: 
 
Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзкараспен психологтардың кебін кешуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай бағынатынын жөніндегі көзқарастар сан алуан, өйткені тұлга үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылық-кезендері, тұлға дамуының дағдарыстары (кризис), дамуын тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. ген тарпан тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның дамуын өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық тдеория дамуы деп адамның биологиялық табиғатының коғамда өмірге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес зандылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлға аралық өзара әрекеттерінің калыптасу жолдары ретінде түсіндірсе, гуманистік және басқа феноменологиялык, теориялар оны "Мен" деген түсініктің калыптасуымен ұштастырады. 
 
Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар. 
 
Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: калыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенімен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мумкіндік береді (1-кестеде көрсетілген). 
 
Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өсіріп тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік пен сондықтан, әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі тәжірибе жинайды. Ал тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. 
 
Осы процесс сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін қанағаттандырылуы әлеуметтену деп аталады. 
 
 
Тұлға дамуының кезеңдері (Э.Эриксон бойынша)

 
Даму кезеңі

 
Дамудың калыпты желісі

 
Дамудың аномалды желісі

 
1.Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін)

 
Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат үшін болуы, ата-ана мен баланың бірін-бірі тануы, балалардың араласудағы және басқа да кажеттіліктерін қанағаттандыру.

 
Анасының баласына нашар карауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрайлық махаббаттан айыру. Баланы ана сутінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық окшаулануы.

 
2. Кейін нэ-ресгелж шак (1 жастан 3 жасқа дейін)

 
Дербестік, езше-ез! сену. Бала езш дербес, жеке, бірақ эл! ата-анасына тәуелді адам деп санайды.

 
өз—өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала ез!тч беШмдел-мегенддпн сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым кимыл әдетгерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы, жүргенде оның сөйлеу кабілеті нашар дамыган, кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыру қалыптасады.

 
3. Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасында)

 
Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, турлі рөлдерге қосылу.

 
Пассинтшік және адамдарға мен бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан кызғану, ұсыныстардан бас тарту, релдерге қосылу белгісінің жоқгығы.

 
4. Орта балалык шақ (5 пен 11 жас аралығы)

 
Енбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуникативті білім мен әдеттердің дамуы өз алдына шынайы мақсат койып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді менгеру, шешімдер кабылдау.

 
өзін-өзі кемсігу, Әлсіз дамыған еңбек ету кимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысу-дан бас тарту. Дауыл аддындағы немесе жыныстық же-тілу кезені алдындағы тыныштық сезімі. Біреуге ба-ғынушылық туралы есептерді шешкенде жұмысы зая кететіндей сезіну.

 
5. Жыныстық жетілу жеткіншек жасы және бозбалалық (11 мен 20 жасаралығы)

 
Өз болашағын анықтау уақытша  перспектиканың болашаққа жоспардың  дамуы қандай болу. Кім болу деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу үйрену. Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер дүниеге көзқарастың қалыптасуы. Құрбылар арасынлда лидер болу қажет болса оларға бағыну.

 
Рөлдердің шатасуы. Уакытша перспективалардың ығы- 
суы және араласуы: болашақ пен осы шақ туралы ғана емес, өткен шақ туралы да 
ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін-өзі тануға 
жұмсау, сыртқы әлем, қор- 
шаған адамдармен қарым-қа- 
тынас орнатудың орнына 
өзін-өзі тусінуге тырысу, Еңбек белсенділігін жоғалту, 
Жынысгық айьрмашылықты көрсететін рөлдердің ауысуы, болуға ұмтылмау. 
Мораль мен дуниеге көзқарастың шатасуы

 
6. Ерте ересек шақ (20 мен 45 жас аралығы)

 
Адамдарға жақын тарту оларға көмектесуге тырысу. Бала суйіп оларды тәрбиелеу, махаббатпен жұмыс. Жеке бас өмірімен қанағаттану

 
Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақьндардан, олармен жынысгық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы. адамдарды таңдамай араласу, болжамға келмейтін әреекеттер жасау. Мойындамау, окшаулану, әлем кауіптерге толы-мыс деген ойлардың әсерінен психика ауытқуныың, жан дүниеде күйзелуінің алғашқы белгілері.

 
7. Орта ересек шақ (40-45 және 60 жас аралығы)

 
Шығармашылық өзімен-өзі және басқа адамдармен енімді және шыңармашылық жұмыстар жүргізу. Толыққұнды, әрқилы өмір. Отбасылық қатынастармен канағаттану, өз балалары үшн риза болу. Жаңа ұрпақты уйрету және тәрбиелеу.

 
Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм  жұмыстың ешм-сәздігі. Ерте мүгедек болу. Үнемі етше кемірімді болып, тек өзіне ғана күтім жасау.

 
8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары)

 
Өмірдің түрлі оқиғаларға абай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған саналы баға беру. Өгкен өмірді өз күйінде қабылдау, оның пайдасын түсіну. Тағдырдың жазғанына квиукабшеп. Өлім қорқынышгы емес екендігін уғыну.

 
Үміт үзу. Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын, өте тез өтуде деп ойлау өмір сүруді мағынасыз деп түсіну, өз күшіне, басқаға деген сенімнің жоғалуы. Қайда өмір сүруді 11-леу, буын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын, жаман, санасыз бастаманың қателігін сезіну. Жақындап келе жаткан өлімнен қорқу.


 
 
Әлеуметтену процесі адамдардың қарым-қатынасқа түсуімен және бірлесіп әрекет етуімен тығыз байланысты. әлеуметтік тәжірибені меңгеру субъективті бірдей әлеуметтік жағдайлар әр түрлі болып қабылдануы мүмкін. Түрлі тұлғалар объективті бірдей жағдайлардан сан алуан әлеуметтік тәжірибе алады, бұл индиецдуалдану процесінің негізі. 
 
Элеуметтену және тұлғаның қалыптасу процестері арнайы әлеуметтік институттар шебінде, мысалы, мектепте және түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге асырылады. Тұлға әлеуметтенушіні маңызды институттарының бірі - жанұя. Отбасында, жақын адамдардың арасында адам тұлғасының негіздері қаланады. Адамның тұлға негіздері 3 жасқа дейін қаланады деген түсінікті кездестіруге болады. Бұл жас кезеңінде адамның. психикалық процестері ғана дамып коймай, ол өмірдің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірибе мен өзін-өзі ұстау тәрбиесін алады. 
 
Әлеуметтенудің реттелетін, мақсатқа бағытталған сипатымен қоса, реттелмейтін стихиялык сипаты да бар екендігін айта кеткен жөн. Әлеуметтенуді бір уақыттағы мақсатқа бағытталған және реттелмейтін процесс ретінде түсіндіру ушін А.А.Реан келесідей мысал келтіреді. Мектепте өтілетін сабақ кезінде оқушы сабақтың материалын, әлеуметтік ережелерді меңгеріп қана қоймай, ұстаз үшін "кездейсоқ" болып көрінетін нәрселермен өзінің әлеуметтік тәжірибесін байытады. Бұл тәжірибе позитивті де, негативті де болуы мүмкін. 
 
Тәрбие беру барысында ата-ана мен педагогтың өз алдарына қоятын мақсаттары: баланың тәрбиесін қалыптастырып, оны әлеуметтік ортада өмір сүруге даярлау, ол үшін белгілі қадамдар жасау. 
 
Психологияда әлеуметтенуді біріншілік және екіншілік деп ажыратады. Екіншілік әлеуметтену еңбек етумен және оған сай бөлімнің таралуымен байланысты. Адам енбек етуден өзінің рөлін түсіне бастайды. Б.Г.Ананьевтің концепциясы бойынша әлеуметтену екі бағыты бар процесс ретінде қарастырылған, ол адамның тұлға ретінде және әрекет субъекті ретінде қалыптасуын білдіреді. Мұндай әлеуметтенудің соңғы мақсаты - индивидуалдылықты қалыптастыру. Бұл жерде индивидуалдылық деп нақты тулганың даму процесін түсіну керек. 
 
Әлеуметтену мен бір уақытта ететін процесс - инкультурация. Егер әлеуметтену дегеніміз - әлеуметтік тәжірибесін меңгеру болса инкультурация дегеніміз - индивидтің жалпы адамзаттық мәдениетін, тарихи қалыптасқан әрекеттер жолын игеру процесі. Ол әрекеттерде түрлі даму кезеңдерінде адам әрекетені рухани және материалдық өнімдері жинақталған. Бұл процестер бір-бірінен қалып мүмкін. Адам мәдениетін табыспен игерсе, оның әлеуметтік жетікті деп айту дұрыс емес және керісінше. Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі - тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі (самоактуализация). Ересек тұлға өзін-өзі дамытуы тиісті деп саналады. өзін-өзі дамыту және өзін-өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген казіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр. Мысалы, ол гуманистті психологияда және акмеологияда басты орын алады. 
 
 
6-лекция 
 
“Жеке тұлға ұғымының диологиялық моделі”: құндылық және кедергі 
 
(1 сағат) 
 
Жоспары: 
 
1. Жеке тұлға ұғымындағы М.М.Бахтин көзқарастары; 
 
 
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1.  
    Асмолов А.Г. Психология личности:
  2.  
    Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.
  3.  
    Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
  4.  
    Бахтин М.М. Диалогическая модель личности. М.,2000.
  5.  
    Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.
  6.  
    Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.
  7.  
    Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.
  8.  
    Психология развивающейся личности/Под ред. А.В. Петровского. М., 1987.
  9.  
    Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.

Лекцияның мәтіні: 
 
Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи-нақтылы жағдайында, оны оқыту мен тәрбиелеуде қалыптасады. Жеке тұлғаның дамуының, сонымен қатар барлық психиалық сапалар мен үрдістердің қозғаушы күштері не? 
 
Психология тарихында бұл мәселені шеуде екі бағыт қалыптасты: биогенетикалық және социогенетикалық.  
 
Биогенетикалық бағыттың түсіндіруінше, жеке тұлғаның дамуы биологиялық, тұқым қуалау факторымен анықталады. 
 
Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық (өз еркімен) сипатта болады. Бигенетиктердің айтуынша, адам табиғатынан эмоциялық реакциясы жүруінің кейбір ерекшеліктеріне бейімділік аңғартып қана қоймайды, сонымен қатар белгілі түрткілер жиынтығы бейімдік береді (біреулер қылмыс істеуге бейім келеді, кейбіреулері ұйымдастырушылық қабілетке бейімділік аңғартады және т.б). адамдарда табиғатынан психикалық іс-әрекетінің түрлері бағдарламаланып қана қоймайды, сонымен қатар оның мазмұны, психикалық даму кезеңдері және оның пайда болу тәртібі алдын ала анықталады. Биогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаны өзінің белсенділігінен айырылған биологиялық факторлардың әрекет етуінің жемісі ретінде қарастырады.  
 
Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуы қоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады. Социогенетиктер биогентиктер сияқты даму үстіндегі адамның өзіндік белсенділігін жоққа шығарады, оған селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға бейімделушілік қызметін ескереді. Егер де социогенетикалық тұжырымдаманың айтқанына жүгінсек, онда мынадай мәселе түсініксіз болып қалады, неге бір әлеуметтік ортада әртүрлі адамдар қалыптасады, оның себебі неде? 
 
Сонымен, биогентикалық та, социогенетикалық тұжырымдама да жеке тұлғаның дамуы заңдылықтарын түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды. Биогенетикалық та, социогенетикалық та психикалық дамудың қозғаушы күштерін анықтауға қабілетті емес. 
 
Жеке тұлғаның дамуы туралы шет елде қабылданған белгілі теориялардың қателігі жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалау мен ортаның мәнін түсіндіруде емес, онда жеке тұлғаға әртүрлі ықпалдарды механикалық түрде тұжырымдайды, ол “ойыншық” ретінде қарастырылады. Соған сәйкес жеке тұлғаның беосенділігі жоққа шығарылады.  
 
Жеке тұлғаның белсенділігі түрткілер жүйесі арқылы адамдарды іс әрекетке итермелейтін қажеттіліктер жиынтығымен байланысты. Қажеттіліктер тәртіп бойынша, пайда болғаннан кейін тез арада қанағаттандырылмайды.  
 
Оны қанағаттандыру үшін материалдық құралдар қажет, іс-әрекетке, білімге, ептілікке және т.б. жеке тұлғаның белгілі даярлық деңгейі қажет.  
 
Жеке тұлғаның психикалық дамуының қозғаушы күштері адамның өзгермелі іс-әрекетіндегі қажеттіліктермен және қанағаттандырудың шын мүмкіншіліктерінің арасындағы қарама-қайшылқта анықталады.  
 
Жеке тұлғаның қалыптасуында тұқым қуалау мен ортаның негізгі факторлар ретіндегі ролін жоққа шығаруға болмайды.  
 
Педагогтың оқу-тәрбие жұмысында жұртшылықтың арасында өте кең тарған тұқым қуалаудың жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің пайда болуында шеуші ролі туралы пікірімен санасуға тура келеді. 
 
Қазіргі кезде тұқым арқылы берілетін қасиеттерге мидың құрылымы мен жұмыс істеуінің кейбір ерекшеліктері жататындығы туралы негіз бар. Сонымен қатар жоғары жүйке қызметінің типтері (жүйке үрдістерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалғыштығы) тұқым арқылы берліеді. Тұқым қуалаудың белгілі дәрежеде жеке тұлғаның қалыптасуында ролі бар, бірақ оны асыра бағалауға болмайды, әлеуметтік факторлардың да ролін ескерген жөн.  
 
Бір жұмыртқалы егіздердің психикалық дамуының барысын зерттеу нәтижесінде өте маңызды қажетті мәліметтер алынған болатын. Оларда тұқым қуалау бір жұмыртқадан дамығандықтан бірдей екендігін аңғаруға болады. Тіпті бірдей жағдайда өмір сүрген бір жасушалы егіздердің бір-бірінен ерекше айырмашылығы бар. Егіздердің жеке тұлға құрылымында айырмашылғы анық байқалады, ал сыртқы түрі ұқсас болғанмен, психологиялық ерекшелігінде айырмашылқты байқауға болады. 
 
Егіздердің даралық ерекшеліктерінде айырмашалықтарды қалай түсіндіруге болады? Бұл айырмашылықтар оларда басқа адамдармен және өзара қалыптасқан әртүрлі қатынастармен, ролдермен, нақтылы ахуал жағдайларымен түсіндіріледі. Осының барлығын көрсеткендей, жеке тұлғаның қалыптасуында даралық ахуалды қарастыру қажет. Баланы белгілі ортада бейжай нысан түрінде емес, ал оны белсенді субьект ретінде оған тән қажеттіліктермен қарастырамыз. Денсаулығына немесе мінез-құлқына байланысты егіздердің бірі ортадағы бірдей жағдайда оның психологиялық қасиеттері екіншіге қөарағанда мүлде өзгеше болып келеді. Мәселен, ауру егіздердің бірі басқаларға қосылмай, өздерігінен оқшауланып жүреді, ал екіншісі керісінше, көпшіл келеді, сол үйден немесе одан тыс жерден жолдас іздейді, дені сауы спортпен көбірек айналысады. Демек, егіздердің әрқайсысы осы ортақ ортаның шеңберінде өздерінің даралық микроортасын іздейді.


Информация о работе Л.С.Выготский жеке тұлға жайлы