Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2014 в 17:38, реферат
Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, топ жарғаны — "Шығыстың Аристотелі" атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні — Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби. Түркі оқымыстылары Әбунасыр ныспысының соңына кейде "әт-түрки" деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.
Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған. Өйткені көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, "Мәуереннахрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту, олардың бес жасар кезінен басталатын болған".
1) 1 Әл-Фараби (870—950 жылдары)
2) 2 Жүсіп Баласағүни (1015—1075 жылдары)
3) 3 Махмұд Қашқари
4) 4 Қожа Ахмет Йассауи
5) 5 Мұхаммед Хайдар Дулати
6) 6 Қадырғали Жалайыр
7) 7 Пайдаланылған әдебиет