Кәсіби білім берудегі менеджмент сапасының әдеуметтік-психологиялық аспектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 07:29, реферат

Краткое описание

Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі жаңа заман талаптарына сай білім жүйесін жасап жатыр. Оның негізінде отандық ең басты дәстүр – рухани және интеллектуалды күш-қуаты, азаматтық жауапкершілігі, қоғам игілігіне еңбек етуге деген талпынысы бар зиялы қауым, еліміздің белді азаматтарын дайындау міндеті жатыр.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді нақты жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Психологиялық мнеджмент ғылым ретінде еңбек ұжымы қызметін басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әл.docx

— 22.70 Кб (Скачать документ)

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Механика-математика факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Магистранттың өзіндік  жұмысы

 

 

Тақырыбы: Кәсіби білім берудегі менеджмент сапасының  әдеуметтік-психологиялық аспектісі

 

 

Дайындаған: Мусалимова Айдана

 

Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2013 ж

 

Кәсіби білім  берудегі менеджмент сапасының әлеуметтік-психологиялық  аспектісі

 

Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі жаңа заман  талаптарына сай білім жүйесін  жасап жатыр. Оның негізінде отандық  ең басты дәстүр – рухани және интеллектуалды күш-қуаты, азаматтық жауапкершілігі, қоғам игілігіне еңбек етуге  деген талпынысы бар зиялы  қауым, еліміздің белді азаматтарын  дайындау міндеті жатыр.

Қазақстан  Республикасындағы  білім беру жүйесінің басты міндеті  ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді нақты  жағдайда пайдалану икемділігін  меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып  табылады. Психологиялық мнеджмент ғылым  ретінде еңбек ұжымы қызметін басқару мәселесін  шешуде қолданылатын психологиялық білімі.

Басқарушы тұлғасы жалпы  психология, еңбек психологиясы, инженерлік психологиялық пәндер қатарымен  оқылады. Сонымен бірге жұмысшы  топ немесе еңбек ұжымы әлеуметік  және педагогикалық психологияда қарастырылады. Басқару психологиясыныњ айрықша  ерекшілігін оның обьектісі болатын адамдардыњ ұйымдастырылған қызметі құрайды. Ұйымдастырылған қызмет-бұл адамдардың ортақ қызығушылығымен немесе мақсаттарымен, симпатияларымен  немесе құндылықтарымен біріккен күнделікті жай қызметі емес. Бұл адамдардың бір ұйымға біріккен сол ұйымныњ ережелерімен нормаларына бағынатын және экономикалық, технологиялық, құқықтық, ұйымдық және корпоративтік талаптарға сәйкес оларға қойылған бірлескен жұмысты орындайтын қызметі болып табылады.

Ұйымның ережесі, нормалары  талаптары тек қана ұйымда ғана болатын  адамдар арасындағы ерекше психологиялық  қарым - қатынасты туындатады: ол адамдардың басқарушылық қарым-қатынастары. Әлеуметік  психологиялық қатынас адамдардың біріккен іс-әрекетінің мақсаттары мен  міндетері және құндылықтары мен  сонымен бірге шын мазмұны  мен келіскен адамдардың өзара қатынастары  ретінде  көрініс табады. Басқару  қатынасы ұйымдасқан біріккен қызметті құрап оны ұйымдасқан түрге келтіреді. Басқаша айтқанда бұл қызметінің байланысты қатынас емес, ол біріккен іс-әрекетті құрайтын қатынас болып  табылады. Әлеуметтік психологияда басқарушы, оның мінезі түсініктігі болмайтын  тұтас жеке әлеуметтік топтың бөлігі, элементі ретінде көрініс табады .

Басқару психологияда жеке жұмысшыда, әлеуметтік топта, ұжымда басқару  жоспарында олардың анализі толық  емес. Олар кіретін ұйым контексінде  көрініс табады. Ұйымдағы басқарушы  тұлғасын зерттеу, ұйымның әлеуметтік психологиялық құрылымға әсерінің анализі және ұжымның дамуы - бұның  бәрі және басқа да мәселелер бізді  басқару психологиясын мұқият зерттеуге  итермелеген жұмысымның өзектілігін  құрайды.

Бізді қызықтыратын мәселе -  Басқарушы тұлға және билік  мәселесі.   Біріншіден, тұлғаның көптеген қасиеттері, белгілері, сипаттары  ішінде басқару психологиясы басқару  әрекетін жүзеге асыруға көмектесетіндерін  ерекшелейді. Білімнің бұл саласы жалпы  тұлғаны емес, басқарушы, ұйымдастырушының тұлғасы зерттейді. Басқару психологиясын  тұлға мєселелері ќызыќтырмай, тек басқарушының күшті және әлсіз жақтарына ғана назарын бөледі деуге болмайды. Ғылымның бұл салаларының назарына қатардағы қызметкерлер де  түседі. Басқарушы қызметкерлерінің тұлғалық ерекшеліктерін олармен өзара ықпалы, ал кейде оларға әсер ету үшін білу керек. Біздің зерттеу жұмысымызда басқарушының өзіндік дамуы мен кереметтенуі мәселесіне біз мына проблемаларды қарастыру жөн деп ойлаймыз: басшы тұлғасының психологиялық дамуы, оның атқаратын негізгі функциялары, басшының психологиялық көрінісі, оның жеке-дара басқару стилдері, жұмысын жоспарлау, т.б. мәселелер.

Егер басқарушы тұлғасын психологиялық тұрғыдан зерттеп, билік  міселелеріне сипаттама берсек, оны  кәсіби психологиялық функцияларын қолдану тәсілдері мен  әдістемелерімен  қамтамасыз етсек, оны нәтижеге бағдарланған басқару үрдісінде пайдалансақ, онда басқарушы тұлғасының психологиялық  білім сапасының дамуы жаңа сапалық  деңгейге көтеріледі, өйткені басқарушының психологиялық функцияларын, басқару  стильдерін, басқару әдістерді қолдану  басқару психология мазмұнын тиімді меңгеруге ықпал етеді

Жер жаһанда әртүрлі ой-пікірлер туғызатын өзгерістер орын алуда, бұл  өзгерістер адамзат өмірі мен  қызметінің барлық салаларына әсерін тигізуде. Еңбектің сипаты өзгеріп, оның негізінде интеллектуалды-ақпараттық құрамдастың рөлі артуда. Жоғары оқу  орындарын тәмамдаған тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі, кәсіби және әлеуметтік ұтқырлығы сұранысқа ие бола бастады. Студенттің әлеуметтену процесі  өтіп жатқан ақпараттық алаң да өзгерді. Бұқаралық ақпарат құралдарының ашықтығы, компьютерлік желілердің қолжетімділігі өмір салты, өзін-өзі ұстау, студент  пен оқытушының арасындағы қарым-қатынастар жөнінде дәстүрлі түсінікті кеңейтіп, өзгертуде. Этникалық фактордың, өзіндік  сананың қалыптасуындағы ұлттық құндылықтардың рөлі артуда, тұлғаның рухани дамуындағы діннің орны қайта  саралаудан өтуде, жастар ұйымдарының  рөлі мен функциялары да өзгеріс  үстінде. Жоғары оқу орнында тәлім-тәрбие берудің міндеттерінің бірі –  негізгі рухани және азаматтық құндылықтар  жөніндегі түсініктерге сәйкес студенттің бойында үнемі өзгеріп отыратын жағдайға ұтқыр, жедел түрде бейімделе  білу қасиетін қалыптастыру екені еш күмән тудырмайды.

Жоғары оқу орнының  тәрбиелік қызметін бағалаудың қазіргі  әдісінің ерекшелігі – тәрбиелеу  процесін кешенді түрде саралай  білу және бұл қызметтің тиімділігін  қамтамасыз ететін қажетті факторлар  кешенін ажырата алу. Еңбек нарығында  сұранысқа ие, тұлға ретінде жан-жақты  дамыған, белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі бар маман дайындау мақсатында тиімді тәрбиелік қызмет жүйесін жасауда  көптеген жоғары оқу орындары мол  тәжірибеге ие. Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясы даму тарихын шартты түрде әр­қайсысында өзіндік стратегиялық және жедел міндеттер шешілген бірнеше кезеңге бөлуге болады. Аталмыш міндеттердің орындалуы барысында мамандарды даярлау сапасын басқару жүйесі жетілдіріле бастады. Қазіргі таңда бұл жүйе білім беру қызметтері нарығының өзгерістеріне жедел түрде бейімделе алатын серпінді, икемді тетік болып табылады.

Бірінші кезең ең басты  стратегиялық мақсат – студенттік контингентті, тұрақты оқытушы топ  пен білім берудің мемлекеттік  стандартына сәйкес оқыту-методикалық  базасын қалыптастырумен тығыз  байланысты болды.

Екінші кезеңде материалдық  және оқыту-методикалық базаны нығайту, оқытудың жаңа инновациялық технологиялары мен компьютерлік техниканы енгізу, мамандарды үздіксіз даярлаудың бағдарламасын (колледж – академия) жүзеге асыру, жаңа оқыту методикаларының апробациясы, профессорлық-оқытушы құрамның сапалы кәсіби өсуі сияқты шаралармен ерекшеленді. Бұл кезеңде Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясы өзінің ұраны ретінде «Сапалы және қолжетімді білім» демократиялық принципін  жариялады. Айта кетерлік жайт, егер бірінші  кезең Академияның қатаң бәсеке­лестік  күресі жағдайында өтсе, екінші кезең  ҚР білім беру жүйесінде өз орнын  анықтау, білім беру қызметтерін  ұсынудың әдіс-тәсілдері мен түрлерін дамытып, жетілдіру жағдайында өтті.

Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясы дамуының үшінші кезеңі оқу орнының халықаралық ISO 9001 стандартының негізінде құрылған сапа менеджменті жүйесі аясында  қызметінің артықшылықтарын сезіну, ұсынылып отырған қызметтердің сапасы саласында Академияның түсінігі, стратегиясы, саясаты мен мақсат-міндеттерін  қалыптастыру кезеңі болып табылады. Біздің   айқын  түсінігімізше, қазіргі заманда кез келген компанияның  сәттілігі ұсынылып отырған қызметтердің сапасы мен оларға деген сәйкес бағаның  бәсекеге қабілеттілігімен анықталады. Бұл екі құрамдас бөлік жалпы  кәсіби, тиімді және икемді менеджментпен  және жеке алар болсақ сапа менеджментімен тікелей байланысты. Бұл жерде  атап өтілер мәселе, СМЖ-ге деген алғашқы  теріс көзқарас уақыт өте оқу  орны басшылығының ғана емес, бүкіл  ұжымның ұзақ жылдар бойғы жүйелі және тынымсыз еңбегінің түсінігіне ұласты. Ең алдымен, құжаттық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етумен қатар Қазақ Еңбек  және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының  қызметкерлері мен оқытушыларының жаңа жағдайға психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы мен бейімделуі өзгерістерді талап еткен болатын.

Нәтижесінде, Академия өз тәжірибесінде  мекеме қызметін ұйымдастыру мен  саралауда бизнесті жүргізудің халықаралық  нормалар мен тәжірибені ескере отырып ғылыми әдістерді қолдана бастады, өз ұжымының еңбегі, интеллектісі мен  ынтасын қолдана отырып алдына қойылған мақсаттарға жете білді, ең бастысы, оқу орнында ұсынылатын білім  беру қызметтерінің сапасына қойылатын  студенттердің күннен-күнге өсіп отыратын талаптарын түсініп, ескеріп  отыруға үнемі талпынуда.

Жоғары кәсіби білім берудің  халықаралық стандарттарына көшу мақсатымен Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясы 2003 жылдың қыркүйек айынан бастап жоғары кәсіби білімі бар мамандарды оқытудың кредиттік технологиясы бойынша  дайындай бастады. Бұл технология Батыс  Еуропа, АҚШ, Австралия, Канада және басқа  да мемлекеттердің жоғары оқу орындарында  қолданылады және халықаралық білім  беру қызметі нарығының заманауи талаптарына толықтай жауап береді.

Бүгінгі таңда бүкіл Академия қызметінің негізінде сапа менеджменті  жүйесін жүзеге асырумен қатар «Білім сапасы» ұғымының үш негізгі құрамдас бөлігі жатыр – қолда бар ресурстарды  қолданудың сапасы (профессорлық-оқытушы  құрамның кәсіби деңгейі, материалдық  база, инфрақұрылым); білім беру процесінің сапасы (оқыту жоспарлары, методикалық  қамтамасыз етілу, оқытудың ең жаңа әдістері мен методикалары); оқыту қызметі  нәтижелерінің сапасы (студенттердің  аудиториялық және өзіндік жұмыстар білімі мен қабілеттерін игеру дәрежесі, еңбек нарығында бітірушілерге  деген сұраныс).

Осыған орай біз академиялық  сапа – уақыттық шектеулері жоқ, үнемі  жетілдіруді және қоғамдық мойындауды талап ететін, белгіленген межеден  төмен түспеуге міндеттейтін, оған қоса сапаның тек аймақтық қана емес, халықаралық стандарттарына сай  болуға итермелейтін құбылыс екенін айқын түсінеміз.

Сапа менеджментінің жүйесі ұйым не кәсіпорынның тұрақты қызметіне  қол жеткізілгенде ғана жүзеге асырылады, өйткені бұл дағдарысқа қарсы  шаралардың жүйесі емес, дамудың жаңа сатысына өтуге мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдердің жиынтығы болып табылады.

Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап  алуға ықпал жасау мектеп алдында  тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан  психология мен педагогикада осы  мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының  жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға  психологтың қосатын үлесі мол  болуға тиіс.Балаларға мамандық таңдату  оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер П.П. Блонский, Г.Н. Стычинский, В.А. Сухомлинский, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов Г.А.Уманов, Л.К.Кермов және олардың  шәкірттері баланы жас кезінен болашақ  мамандығын саналы түрде анықтауға  ата-аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен.


Информация о работе Кәсіби білім берудегі менеджмент сапасының әдеуметтік-психологиялық аспектісі