Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2015 в 17:58, реферат
«Этнопедагогика» курсы өзінің алдына этнопедагогиканың мәні және өзіндік ерекшелігі жайында мәселелер қарастырылады.
Курстың мазмұны: Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға қысқаша шолу, этнопедагогиканың даму, қалыптасу кезеңдерін, ғасырлар бойы халық жасап шығарған дәстүрлерді, салттарды
Ол жөнінде орыс офицері
А. Левшин өзінің «Қырғыз-қайсақ
ордалары мен далаларының
Қазақ халқының ұлттық даралығы ой-толғаныс қазынасында (ұлттық психологиясында) ұрпақ тәрбиелеу тәсілдері (этнопедагогика) ен салт-дәстүр ерешелігінде (этнографиясында) деп білеміз.
Қазақ халқының психологиялық ой-толғаныс ерекшелігін сөз етсек, ол-тұспалдап, мақалдап, мақамдап. Тақпақтап сөйлеу, жыр, терме, тоғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну.
Тұспалдап сөйлеу өнері, негізіне билердің шешендік сөз өнерінен өзекті орын алған. Сондықтан қазақ билерінің шешендік сөз өнері-Цицерон, Демосфен сияқты Еуропа шешендерінің сөз қолданыс түрлерінен мүлде өзгеше, өзіндік ұлттық мәнері бар сөз қолданыстар.
Халық педаогикасының негізгі мақсаты-өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, отбасы, ауыл-аймақ, Отанның ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу.
4-дәріс. Этнопедагогиканың қайта жанжану кезеңі
(1970-2005)
1935-1937 жылдары сталиндік жеке
басқа табыну науқаны кезінде
қазақ этнопедагогикасының
Сталин қайтыс болана кейін жеке баса табынудың зардабы айыпталып, оның қаһарына ұшырасған, жазықсыз жапа шеккендер біртіндеп ақтала бастады.
70-жылдардың басында КСРО
М. Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» (1974), Б.Адамбаевтың «Халық даналығы» (1976), Әлібаевтың «Халық қапысыз- тәрбиеші», С. Қалиевтің «Халықтың ауыз әдебиетіндегі көрінісі» (1987) т.б.
Бөлім 5
Білім- адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының т.б. жиынтығы. Білім-сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, ақиқат, парасат, ғылым т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты әрі солар арқылы анықталады.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады.
Оқыту- оқушы мен оқытушы арасында жүргізілетін ұйымдастырылған педагогикалық процесс. Оқытудың негізгі формасы-сабақ. Оқыту дамытушылық, проблемалық, технологиялық, әдістемелік т.б. болып бөлінеді.
Біліктілік- адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.
Маман- ұйымның инженерлік-техникалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкер. Маман әдетте жоғары немесе орта, арнаулы кәсіби болып бөлінеді.
Кәсіби біліктілік- білімділік, ізденімпаздық, шығармашылық, интеллектуалдық, өмірге деген көзқарасы, ғылыми біліктілігі өте жоғары дамыған, кәсібін терең меңгерген тұлға.
Педагогикалық шеберлік- тұлғаның әдіс-тәсілдерді терең меңгеруі, психологиялық дайындықының жоғары болуы, педагогикалық технологияны және өз кәсібін жете меңгеруі және т.б. жатады.
Медресе- дін қызметкерлерін, мұсылман бастауыш мектептерінің мұғалімдерін және Таяу, Орта Шығыс т.б. елдердің мемлекеттік аппарат қызметкерлерін даярлайтын орта және жоғары мұсылман мектебі.
Болашақ- бүгінгі шындықтың келешектегі қалпы мен жайын білдіру үшін қолданылатын ұғым. Болашақ адамның, қоғамның, жалпы адамзаттың және құбылыстардың даму сатылары болып табылады. Адамзаттың болашағы адамдардың нақты тарихи-тәжірибелік қызметімен айқындалады. Болашақты болжаумен футурология ғылымы айналысады.
Басқару- әр алуан ортаның (әлеуметтік, биологиялық, техникалық т.б.) белгілі бір құрылымын сақтап, әрекет ету режимін қолдау, олардың мақсат-мұраттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған жүйенің қызметі.
Даму- қайталанбайтын, заңды және бағытты өзгерістерді білдіретін философиялық -ғылыми категория.
Дана- (парсыда-білгір) – білігі мен тәжірибесі мол, рухани әлемі бай, ой-сезімі сергек тұлға. Даналар қазақ тарихында баршылық. Мысалы: Қорқыт Ата, Қожа Ахмет Иасаул, Әбу Насыр әл-Фараби, Абай, Асан Қайғы т.б. Олар- рухани кемелдік сатысына көтеріліп, жан сарайы мен тән тұлғасын тазартқан сайын болмыстың сырын ұғып, пәни мен бақидың мәнін түсіндіру арқылы адамзат ұрпағын шапағатқа бөлеуді мақсат тұтып ғұмыр кешетін кісілер.
Дарындылық - адам қабілетінің ерекше дамыған түрі. Дарындылық адамның белгілі бір ғылым, өнер т.б. салаларда ерекше жетістікке жетуінен байқалады.
Педагогикалық технология- мұғалімнің әдіс-тәсілдерді, педагогикалық ситуациядан шығу жолдарын терең меңгеріп, оны өзіндік іс-тәжірибесінде іске асыруы.
Адалдық- адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ожданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогеспен ұштасып жататын іс-әрекеттер.
Адамгершілік- адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы “кісілік “, “ізгілік“, “имандылық“ тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік қасиетке: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық т.б. қасиеттерді жатқызуға болады.
Әдеп- қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сай ретке келтіру болып табылады.
Әдептілік- адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы.
Педагогикалық басқару- бір ұйымды алға жетектеу. Ұжымның барлық іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау. Басқару-менеджмент деп аталады.
Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығын көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым.
Жеке тұлға - қоғам мүшесі ретінде, өзіндік өмір сүру бейнесіне сай, жеке құқыққа, танымдық қасиетке ие, өздігінен іздену арқылы білім мен іскерлігін жетілдіріп ұдайы даму үстінде болатын жан.
Дефектологиялық педагогика- зағиптардың (тифлоппедагогика), ауыр еститіндердің (сурдопедагогика), ойлауы төмен (олигофренопедагогика) тәрбиелерімен айналысады.
Салыстырмалы педагогика- әртүрлі елдердегі білім беруді анлиздеумен айналысады.
Пенитенциарлық педагогика- бас бостандықтары шектеулі адамдардың тәрбиесі сұрақтарын оқытады.
Этнопедагогика - әр ұлттық мәдениеттің бет-бейнесін көрсететін және сол ұлттық мәдениеттің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетте қолданыстарын үйрететін пән.
Таным белсенділігі- адамның ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдары терең түсінуге, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтарға жауаптарын табады.
Тәрбие- жеке тұлғаны қалыптастыру жолында мақсатты және ұйымдасқан түрде жүзеге асырылатын процесс.
Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі.
Өзін- өзі тәрбиелеу - адамның белгілі мақсатқа бағытталған, өз сапасын жетілдіру арқылы, кемшіліктерінен арылу әрекеті.
Кәсіптік білім – бұл кәсіптік өзі тағдырын өзі шешуде студеттердің бойындағы жеке қасиеттерін, қабілеттін, мүмкіншілігін дамыту.
Технология - грек тілінен аударғанда "техне" - өнер, іскерлік, шеберлік және "логос" - ұғым, білім, ғылым, заң деген мағынаны білдіреді, яғни, технологияны шеберлік, маманның іскерлігі туралы ілім деп анықтауға болады.
Педагогикалық технология – оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерінің жиынтығы немесе мұғалімнің нақты іс-әрекетіне байланысты және алдына қойған мақсаттарына жетуге бағытталған белгілі ретпен орындалатын іс-шаралар.
Акселерация - /латын тілінің "акселерацио" - ускорение деген мағынаны білдіреді/ - бұл балалық шақ пен жеткіншек жасындағы физикалық пен психикалық дамудың жылдамдауы.
Кісілік – жеке тұлғаның кемеліне келіп, адами құлқы қалыптасып, адамгершілікпен атқарған іс-әрекетінің көрінісі.
Кәсіптік білім беру – бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушылардың білімін қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізгі принципі оны өмірмен байланыстыру негізінде қалыптастыру.
Көзқарас - дүниетанымның құрамдас бөлігі болып табылады. Дүниеге көзқарастың өзі адамның дүниедегі орны жайындағы түсініктердің жиынтығы.
Таным белсенділік- адамның ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдары терең түсінуге, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтарға жауаптарын табады.
Дидактика- педагогиканың маңызды саласы. Дидактика (dіdaktіkas-оқытушы, dіdasko-оқушы) ұғымы грек тілінен аударғанда оқыту немесе үйрету деген сөз. Дидактика білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы.
Оқыту- оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатында бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Басқару - шешім қабылдауға бағыталған, белгіленген мақсатқа сәйкес ұйымдастыру, қадағалау, реттеу алынған ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қортындысын шығару әрекеті.
Информация о работе “Этнопедагогика” бойынша оқу-әдістемелік кешен