Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 21:38, реферат
Баланың интеллектін, оның танымдық саласын дамыту, отандық психологияда Л.С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясының жалпы контексінде беріледі. Бұл теорияда адамның әлеуметтік мәні және оның әрекетінің жанама түрдегі сипаты (оның «құралдылығы», белгілігі) аталынады. Жалпы адамның интеллектуалды дамуы келесі негізгі салалар бойынша жүреді: тікелейден - жанама түрліге; жалпы бөлшектелмегеннен жіктелгенге, және де сол уақытта өмір шындығын жалпыланған түрде (абстрактілі) бейнеленуіне; еріксіз, реттелуге келмейтіннен - еркінге.
Интеллекттің дамуы
Баланың интеллектін, оның танымдық саласын дамыту, отандық психологияда Л.С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясының жалпы контексінде беріледі. Бұл теорияда адамның әлеуметтік мәні және оның әрекетінің жанама түрдегі сипаты (оның «құралдылығы», белгілігі) аталынады. Жалпы адамның интеллектуалды дамуы келесі негізгі салалар бойынша жүреді: тікелейден - жанама түрліге; жалпы бөлшектелмегеннен жіктелгенге, және де сол уақытта өмір шындығын жалпыланған түрде (абстрактілі) бейнеленуіне; еріксіз, реттелуге келмейтіннен - еркінге. Баланы интеллектуалдық дамыту барысында психикалық танымдық процестердің өздерінде де өзгерістер жүріп жатады. Олар сапалық жағынан, мысалы еріксіз есте сақтаудан еркін есте сақтауға, ойлаудың көрнекі - әсерлі, көрнекі-бейнелік түрінен оның дерексіз және абстрактілі қисынды (логикалық) және теоретикалық ойлау түріне өзгереді.
Онтогенезде
күрделенетін құрылым ретінде интеллектті
дамыту, ең бастапқы кезеңінен бастап
– баланың интеллектуалдық
1) субъекттің
қоршаған ортамен өзара
Ойлау қисынын дамыту, Ж. Пиаже бойынша, операцияны дамыту, «бұл ішке қарай көшірілген әрекеттер, олар жүйе ішінде қайтымды және үйлестірілген, жүйеге біртұтастық ретінде қарайтын заңдарға бағынатын әрекеттер» [173, 579 б.], мұнда қарама-қарсы әрекетке ауысу ретіндегі қайтымдылық (мысалы, қосылу және ажырастыру) негізін қалаушы категория болып табылады. Ж. Пиаже бойынша, операцияны құру төрт кезеңнен өтеді: қайтымдылыққа енді ғана белгілі беталыстары біліне бастаған «моторлық әрекеттерден», - тек қана сенсомоторлық әрекеттердің ғана қайтымдылығымен сипатталатын операцияға дейінгі кезеңге дейін; «логикалық, қисынды операциялар …. қайтымды жүйелер формасына ие болған қосылу, ажыратылу, ретке келтірілу және сәйкестікті белгілеу әрекеттірінің үйлестіру өнімі ретінде нақты операцияға дейін жетіліп өседі» [173, 587 б.] және ақыр аяғында, «балада үлкен адамның логикасы... болжамдармен ойлау қабілеттілігі қалыптасқан жағдайда» – пропозиционалды немесе формалды операцияларға [ 173, 587 б.] .
Операционализм
негізінде интеллектуалдық (логикалық)
дамуды осылайша түсіну бұл процесті
жалпы инволюциялық-
Интеллекттің мектептік кезеңнен соң дамуы әсіресе студенттік жаста білінеді, бұл жастық шақ пен ересек шақтағы «психикалық қатаю» туралы ережені толығымен жоққа шығарады (Э. Клапаред). Студенттік шақ – бұл интеллектің аса күрделі құрылымдану шағы (ол өте жеке және көп вариантты). «Зерттеушілердің көпшілігі осы шақтағы адам дамуының процесін функционалдық жұмысқа қабілеттіліктің және өнімділіктің үздіксіз өсуімен, тіпті функциялардың тұрақтандырылуынсыз қандай да болмасын төмендеу және дағдарыссыз алға қимылдау динамикасымен сипаттайды. Сөзсіз, студенттік шақта дамудың аса көп мүмкіншіліктері бар; дәл осы жастық ара қашықтықта сенситивті кезеңдер орналасқан, олар оқытуды әлі жеткіліксіз мөлшерде пайдаланған… Осы кезеңнің күрделі құрылымында бір функцияны көтеру сәттері (көтерілу шыңы мен оптимумдары) тек қана тұрақтандыру сәттерімен ғана емес, басқа функциялардың төмендеуімен бірге жүреді» [7, 346 б.].
Б.Г. Ананьевтың деректері бойынша интеллектің құрылымы жас ерекшеліктік дамудың созылу барысында және студенттік жастың өзінің ішінде динамикалық өзгеріп тұрады. Мысалы, 18-21 жаста әртүрлі функциялардан тұратын корреляциялық топ (естің, ойдың, қабылдаудың, зерденің) байланыстың буындары ретінде болса, онда 22-25 жаста мнемикалық және атенциондық ядроларымен күрделі тармақталған кешен пайда болады. Студенттік жаста ерекше рөлді зерде факторы ойнайды, алайда осы кезеңде корреляциялық байланыстардың саны мен қуаттылығы бойынша тек төртінші орынды алады, бірақ та оның концентрация деңгейі көтеріледі. Зерденің тұрақтылығы тек 22 жастан бастап көтеріледі, бұл оқу процесінде студенттердің зердесін ұйымдастыру үшін мақсатты бағытталған жұмыстың маңыздылығын атап өтеді.
Ойлауды дамыту ес дамуымен тығыз байланысты: 19 жаста мнемикалық функциялар логикалық функциялардан көрі тезірек дамиды, 20 жаста кері көрініс байқауға болады, ал 22 жаста екі функцияның да көрсеткіштері төмендейді. 18-19 жаста ойлау функцияларының салыстырамалы тұрақтануы байқалады.
Педагогикалық психология үшін логикалық компонент – вербалды, ұғымдық ойлаудың компоненті - интеллекттің құрылымындағы үнемі жетекші компонентінің бірі болып қалып отыратыны практикалық тұрғыдан қызығушылық тудырады. Оқу, білім беру, әсіресе, жүйелі түрде оқу мен өзін-өзі оқыту адамның ой белсенділігінің жоғары деңгейін, оның интеллектуалдық жұмысқа қабілеттілігін қолдап отыратын, өте күшті, үнемі әрекеттегі фактор болатыны анық. Баланың танымдық аясын дамыту процесінде оның санасының мазмұны жетіліп, сапалық тұрғыдан өзгереді. Соңғы жылдары жүргізілген психосемантикалық зерттеулер (Е.Ю. Артемьев, В.Ф. Петренко, А.Г. Шмелев және т.б.) бұл мазмұнды дискреттік (дербес) бірліктердің кейбір деңгейлік құрылымының формасы түрінде елестетуге мүмкіндік береді, оның санатында мағыналар, категориялар ұсынылады. Бұл жерде тағы да Л.С. Выготскийдің сөздік мағына қарым-қатынас пен жалпылаудың бірлігі деген ережесін еске түсірген жөн. Атап айтқанда, сол жалпыланған мағыналар мен категориялар әрбір адамның санасында субъективті бейне мен әлем бейнесін құрайды. Бұл - жеке бейне, және сонымен қатар ол ұқсас жағдайларда дамитын адамдар үшін бірдей де бола алады. «Әрбір индивидтің түсініктер жүйесінде ерекше, тек қана оның өзіне тән, оның жеке тәжірибесіне байланысты құрастырушылар бар. Мысалы, «жақсы ата-ана», «идеалды күйеу мен әйел» образдары тікелей үлгі алу, ата-анасының отбасы, оқыған кітаптардан, бұқаралық коммуникациядан алынған тәжірибені меңгеру индивидтің өзін немесе басқаларды бағалауында ұстанатын адамгершіліктік өлшемдер, «идеалды өлшемдерді» қалыптасуы ақыр аяғында, оның өмірінің ұйымдасуын, оның тұлғасының дамуына себеп болады». [165, 39 б.]. Осыдан, бала өмірінің жағдайын дұрыс ұйымдастырудың, оның әрекетінің (ойын, оқу), онымен қарым-қатынас және ынтымақтастық жасаудың, яғни бала дамуының мақсаттарына жауап бере алатын білім беруші ортаның дұрыс ұйымдастырылуы ең бірінші маңызды екенін мойындау қажет (В.В. Рубцов, В.И. Панов, В.А. Ясвин). Басқа сөзбен айтқанда, бала санасының дамуы, оның тұлғасының дамуы тұрғысынан үлкендер ғана сыртқы, әлеуметтіктің ішкі, психикалыққа ауысу процесін ұйымдастырулары қажет. Бұл процесс интериоризация, сыртқының ішкіге «ауысуы» деп аталады (Л.С. Выготский, Ж. Пиаже, П.Я. Гальперин және т.б.). Л.С. Выготскийге сәйкес, «баланың мәдениетті дамуындағы кез-келген функция сахнаға екі тұрғыдан, екі рет шығады, алдымен - әлеуметтік, содан соң – психологиялық, алдымен, интерпсихологиялық категория ретінде - адамдар арасында, содан кейін – интрапсихологиялық категория ретінде - баланың ішінде» [48, 145 б.].
Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:
Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:
Интеллектті диагностикалау интеллект коэффициентімен жүргізіледі.[1]