Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 21:05, курсовая работа
Гуманистік психология өкілдерінің тұжырымдарының көбі орынды болғанымен, соңғы тұжырымдарында олар тұлғаның әлеуметтік ортадан тәуелсіздігі жөнінде бұрыс пікірде болған. Бұл адам психикасының мәдени-тарихи шарттылығы идеясына қайшы келді. Гуманистік психология психология ғылымының саласы, адамды жоғары рухты, алдына өзін жетілдіру мақсатын қойып, соған жетуге ұмтылыс жасайтын тірі жан ретінде қарастырады.
Гуманистік психология - XX ғасырдың 60 жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология бағыттарының бірі. Гуманистік психология көрнекті өкілдері — А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олпорт.
Гуманистік психологияның
әрбір адам қайталанбас тұлға;
Гуманистік психология
өкілдерінің тұжырымдарының көбі орынды
болғанымен, соңғы тұжырымдарында олар
тұлғаның әлеуметтік
ортадан тәуелсіздігі жөнінде бұрыс пікірде
болған. Бұл адам психикасының мәдени-
Адамның өзін-өзі таныту феноменіне қатысты тұжырымдамалар өзін-өзі таныту мен өзін-өзі жүзеге асыруды мәні бойынша жақын, синоним ұғымдар деп сипаттайды. Адамның өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін толықтай анықтауға және дамытуға ұмтылысы (гуманистік психологтар), өз дамуының ішкі тенденциясын толықтай анықтауға және дамытуға ұмтылысы, адамның өзі бола алатын тұлға болып шығуға ұмтылуы және басқа да тұжырымдамалар осы екі түсінікті бір кешенде қарастыру керектігін айтады. Олар бірін бірі толықтырып отырады және көптеген жағдайларда синонимдер секілді қолданылады. Л.А. Коростылеваның пікірінше, «өзін-өзі таныту» және «өзін-өзі жүзеге асыру» терминдерінің интерпретациясындағы кейбір айырмашылықтар тұлғаның көрініс табуының әртүрлі жақтарымен байланысты. Оның пікірінше, тұлға тіршілік етуінің ішкі (субъективті) және сыртқы (объективті) жағынан байқалады. Бұл жағынан алғанда таныту үрдісі тұлғаның ішкі аспекті ретінде, ал таныту сыртқы аспект ретінде көрініс табады. Онымен қоймай, Л.А. Коростылева өзін-өзі таныту ұғымын өзін-өзі жүзеге асырудың жоғарғы деңгейі ретінде суреттейді. Оның пікірінше, «ең толық өзін-өзі жүзеге асыру мән-өмірлік және құндылық бағыттарын жүзеге асырудан тұрады, яғни мәндік, аутентикалық өзін-өзі жүзеге асыру – танытуға деген қажеттіліктерді өзінің қабілеттері мен дарындарын жүзеге асыруға ұмтылу ретінде жүзеге асыру орын алады. Мұндай өзін-өзі жүзеге асыруды өзін-өзі беру, өзін-өзі іске асыру деп атайды .
Өзін-өзі трансценденциялау
1. Гуманистік психологияның көрнекті өкілдерінің бірі – А. Маслоу болды. Ол адам іс-әрекетінің, адам мінез-құлқының, қылықтарының негізгі көзі ретінде – адамның өзін-өзі танытуға ұмтылуын, өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын қарастырды. А. Маслоу өзінің меншікті биографиялық әдісін пайдаланады. Ұлы адамдардың өмір тарихын, биографияларын зерттей отырып, мынадай тұжырымға келеді: өзін-өзі таныту қажеттілігі – дені сау адамдарда ғана пайда болады.
А. Маслоудың пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның өзегін құрайды. Адам осы гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек. А. Маслоу теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп деп саналды.
( 1908 – 1970 )
Көптеген кәсіби және ғылыми қоғамдардың құрметті мүшесі болған А.Х.Маслоу “ Гуманистік психология ”, “Трансперсоналды психология” журналдарының негізін қалаушы.
А. Маслоу адам қажеттіліктерін бірнеше түрге бөлді:
а) физиологиялық қажеттіліктер;
ә) қауіпсіздікті қажет ету;
б) қорғанысты қажет ету;
в) ақиқатты, адамгершілікті, әділеттілікті қажет ету. өзін-өзі таныту туа бітсе, қажеттіліктердің бастапқы үш тобы қанағаттандырылса ғана өзін кеңірек көрсете алады.
Міне осы, А. Маслоу ілімінің негізгі ақауы – қажеттіліктірдің бастапқы үш тобы қанағаттандырылмаған адамдардың әділеттілікті, сый-құрметті және т. б. қажет етуінің қалай қалыптасатыны түсініксіз. А. Маслоу антропологиялық ұстанымда қалып, қажеттіліктің әлеуметтік жағын аша алмады.
Маслоу бойынша қажеттіліктер пирамидасы.
Ынталандырудың мазмұнды
Басқарушылары адамның
Онымен құрастырылған кең
·адамдар үнемі қандай да қажеттілктерді сезеді;
·адамдар бөлшек топтарға біріккен күшті белгіленген қажеттіліктер жинағын бастан кешіреді;
·қажеттіліктер тобы бір-біріне қатысты иерархиялық түрде орналасқан;
·қажеттілктер қанағаттандырылмаса,адамды іс-әрекеттерге түрткілейді.Қанағаттандырылған қажеттіліктер адамдарды қайта ынталандырмайды;
·егер қажеттілік қанағаттандырылса,оның орнын басқа қанағаттанбаған қажеттілік басады;
·көп жағдайда адам бір-бірімен жинақтылық қатынаста болатын бір уақытта бірнеше әр түрлі қажеттіліктерді сезеді;
· “пирамиданың” негізіне жақын тұрған қажеттіліктер ең бірінші ретте қанағаттандыруды талап етеді;
·жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттанған соң адамға белсенді түрде әсер етуді бастайды;
·төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктердің көп санымен қанағаттанулары қажет.
Қажеттіліктерді иерархиялық
Біріншіден,қажеттіліктер
Одан толығырақ санатталған иерархия да бар. Жүйеде жеті деңгейлі (приоритеттер) қажеттілік бар:
Әр деңгей іске асқанда, келесі деңгей маңызға ие болады. Бірақ бұл алдыңғы қажеттілік маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Сонымен қатар әр деңгей тұрақты приоритеті, орны болмайды пирамидаға сәйкес, яғни әр адамға әр қандай қажеттілік маңыздылығы әр түрлі.
Кемшілігі
Маслоу теориясының басты кемшілігі – оның биологизаторлық ( адам болмысы – табиғаттан ) пікірден аса алмағандығында біздің қайырымды , игілікті болып дүниеге келетініміз , жаман болу біздің еркімізде еместігі – әрқайсымыздың да көңілімізге қонымды. Бірақ инабаттылық қасиеттері табиғаттан берілмейтіндігін иойындаған жөн: қайырымды болып та туылатын адам жоқ, жатырынан жауыз болатын да пенде әзірге көргеніміз жоқ. Бұлардың бәрі өмір барысында қалыптасады .Адамгершілік ,этикалық қасиеттерді тума құбылыс деп тану – биологиязациялық дағдарысқа тірелудің басы.
2. К. Роджерс
Психотерапия саласында
К.Роджерстің өзі осы
К.Роджерстің адам табиғатына көзқарасы , Фрэйдтің көзқарасы сияқты , оның эмоциялық бұзылулары бар адамдармен тікелей жүргізген жұмыстарының негізінде қалыптасқан. Оның көзқарасы бойынша , адам –белсенді субъект , өзінің алға қойған мақсатына сәйкес даму қабілеті бар. Бүкіл адамзаттың табиғи үрдісі – тәуелсіздік , әлеуметтік жауапкершілік , креативтілік және кемелдену бағытындағы қозғалыста болуы.Адам табиғатына осындай көзқарас Роджерстің теорясының түйіні болып табылады да ,гуманистік бағытқа дәлме-дәл келеді.
(1902 -1987)
Гуманистік психологтяның , жеке тұлға психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі. Америка психологиясының ассоциациясы тарапынан 1956,1972 жж. 2 мәрте марапатталған.
Роджерс адамның бүкіл өмірлік тәжірибесін өзіндік кемелденуіне қалай қызмет ететіне байланысты бағалайды.
Роджерс теориясындағы тірек ұғымдары:
(Әрбір адамның ерекшелігі
Роджерс бойынша , “Мен” тұжырымдамасы “Нақты Мен-ді ” және “Идеялды Мен-ді” (адамдар қандай болғысы келеді және қандай болу керек) қамтиды.”Мен ”
тұжырымдамасының дамуы ,негізінен,
әлеуметтену процесі арқылы
3. Г.У. Олпорт