Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2015 в 13:26, реферат
Ұзақ уақыт бойы жас экспериментальдық психологияның зерттеу объектісі болып ─ түйсік саналды. Осы уақытта психикалық өмірдің бейнелік аспектісі психологиялық лабороторияларда ашылмай, керісінше, жоғала бастады. Оны идеалистік философия үстем етуші кезде қалыптасқан гештальпсихологиясы жүзеге асыруға тырысты.
Гештальт психологиясының құлдырауының себебі мынада: ол өзінің теоретикалық тұжырымдамаларында бейне мен әрекетті бөліп қарастырды. Гештальтистер бейнені өз заңдылықтарына бағынатын ерекше мағына ретінде көрсетті. Оның шынайы зат әрекетімен байланысы жұмбақ болып қалды. Осы екі маңызды дәрежелерді біріктіре алмай, психикалық талдаудың біртұтас схемасын жасай алмағандықтан гештальтпсихологиясының мектебі құлдырады. Сананың феноменологиялық концепциясына негізделген жалған әдістеме бұл екі дәрежені ғылыми тұрғыдан біріктіруге кедергі болды.
Гештальт-тұрғысының негізгі елестетулері, пайымдаулары мен құндылықтары:
Әрбір адам тұтас, яғни оның денелік, эмоционалдық және рухани қажеттіліктері бірдей маңызды және бір-бірімен тығыз сабақтас. Өмірді толыққанды сүру үшін өзіңді жақсы түсінуің қажет. Яғни – өзіңмен барлық деңгейде жақсы контакт ұстану. Өзіңді жақсы білу бақытты өмірді құрудың маңызды шарты болып табылады.
Адам өз бетінше тірлік ете алмайды, керісінше ол өзі өмір сүретін әлем бөлігі болып табылады. Өз қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы қамқорлық тек қоршаған кеңістік пен басқа адамдарға қамқорлықты бірлестіргенде ғана табысты болады.
Өз мұқтажыңды басқаның қажеттіліктерімен қалай үйлестіру, қай сәтте өзің туралы көбірек қамқорлық жасау, ал қай кезде айналадағылардың қызығушылықтарын басым ету – бұл мәселелерді бірден және түбегейлі бір ғана тәсілмен шешуге болмайды, керісінше қайта-қайта және қайтадан өзгеріп тұратын өмірлік жағдайларда, оқиғаларда қайта шешуге тура келеді.
Бала жас кезінде әлеммен өзара әрекет етудің белгілі бір тәсілдеріне үйренеді. Ол есейгенде, бұл тәсілдер көбіне ескірген болып шығады. Бұл үйреншікті тәсілдерді, тек жалғыз мүмкін болар ретінде қабылдап, адам олар «жұмыс істемеген» жағдайда қиындықты бастан кешіреді. Гештальт-терапевт адамға өз тәсілдерін қайтадан түйсінуге және бүгінгі күн үшін жаңасын, барынша жарамдысын қайта құрастыруға көмектеседі.
Әрбір адамда қанағаттану әкелетін және дәл осы адамға барынша максималды сәйкес келетін теңдесі жоқ өз өмірін құру үшін потенциалды мүмкіндіктер бар. ГЕШТАЛЬТ – бұл өмірді барынша толыққанды сезінулі және барынша ойлы етуге мүмкіндік беретін тәсіл. Ол адамдарды тек өмір жөнінде ойлауға үйретіп қана қоймай, сонымен бірге оның барлық көріністерімен күйзелуге, өзінде жаңа және жаңа ресурстарды ашуға, қоршаған әлемнің және өз тұлғасының жаңа қырларын көруге және сезінуге үйретеді. Сондықтан гештальт – бұл жәй ғана психотерапевтік тәсіл ғана емес, керісінше оны біртіндеп қайта түрлендіретін өмір салты.
Гештальт-тұрғының позициясы турасында адам тұтас сан қырлы тірлік иесі – бір мезгілде жануарлық, психологиялық, социалдық және рухани болып табылады. Гештальт-тұрғының мақсаты – түйсіну, саналы ұғу тәжірибесін ұдайы кеңейту және сол арқылы барынша мол тұтастыққа, психологиялық және физикалық денсаулықтың барынша жоғары деңгейіне қол жеткізу.
Гештальт-терапия адами проблемалардың барынша кең шеңберіне қолдануға балатын әмбебап психологиялық тәсіл болып табылады. Олардың кейбір мыналар:
– клиникалық психотерапия;
– отбасылық психотерапия;
– тұлғалық өсуге және коммуникацияны жақсартуға ұмтылатын адамдарға арналған тренингтер;
– әр түрлі кәсіби топтардың өкілдеріне (мысалы, педагогтар, менеджерлер) арналған тренингтер;
– гештальт-педагогика;
– ұйымдарға консультация жасау.
Адами мінез-құлық гештальт-терапияның теориясына сәйкес гештальттардың қалыптасу және бұзылу приницпіне бағынады. Дені сау организм өзін реттеу негізінде қызмет етеді.
Өзекті қажеттілік туындайды және организмнің басым (доминирлеуші) зейінін жаулап ала бастайды – фигура фоннан бөлініп көрінеді. Одан әрі организм сыртқы ортадан бұл басым қажеттілікті, мысалы ашығу сезімінде тамақ ішу арқылы қанағаттандыруға қабілетті нысанды іздейді. Нысанмен жақындасу және лайықты (адекватты) өзара әрекет ету (келтірілген мысалдағы асты шайнау мен жұту) қажеттілікті қанағаттандыруға жетелейді – гештальт аяқталады және бұзылады.
Контакт – гештальт-терапияның базалық ұғымы. Организм суынан, өсімдігінен және тірі жаратылыстан ада кеңістік сияқты ауасыз кеңестікте өмір сүре алмайды. Адами жаратылыс басқа адамдардан айрылған ортада дами алмайды. Барлық негзігі қажеттіліктер тек қоршаған ортада ғана қанағаттандырылуы мүмкін. Организм қоршаған ортамен кездесетін орынды гештальт-терапияда контакт шекарасы деп атайды. Адамның қаншалықты өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті оның қаншалықты икемді контакттық шекараны реттей алатындығына байланысты.
Гештальт-терапия ортамен, оның ішінде тұлғааралық өзара қатынасты ықпалсыз ететін контакттық шекараның тән (типтік) бұзылуларын сипаттап жазады. Гештальт беймәлім (анонимді) және мақсатсыздан қауіптеніп тікелей контактты марапаттайды.
Түйсіну – организмнің ішінде және оны қоршаған ортада не болып жатқандығы туралы мәліметтену. Түйсіну өзі және қоршаған әлем жөніндегі интеллектуалдық білімге тең емес. Ол өз бойына сыртқы әлемнің ынталандыруларын да, сол сияқты ішкі организмдық үрдістерді – сезімдерді, эмоцияларды, сондай-ақ ойлау әрекеттерін – идеяларды, образдарды, естеліктерді және таңдануларды қабылдау күйзелістерін жинайды, яғни көптеген деңгейлерді қамтиды. Түйсінуді, оның ойлау қыртысынсыз жануарлар да иеленеді.
Алайда, өркениетті әлемде адамдарда эмоциялар мен сыртқы әлемді қабылдаудың орнына ойлау гипертрофирленген. Рационалдық білімге қарама-қарсылық ретінде дәл осы түйсіну организмнің қажеттіліктері туралы және қоршаған орта жөнінде анық (реалды) ақпарат береді.
Гештальт-терапия практикасының негізгі мақсаты – бұл түйсінуді кеңейту. Адами проблемалардың орасан зор саны анықтықты шынайы түйсіну интеллектуалдықпен, және көбіне ол туралы жалған алмастырулармен сабақтастығына байланысты, мысалы адамдардан не күтуге болады, олар маған қалай қарайды, менің нені қалауым керек және не істеуім қажет туралы. Мұндай жалған елестетулер анықтықты көлегейлейді және организмнің қажеттілігін қанағаттандыруды қиындатады – гештальттың қалыптасу мен бұзылу үрдісі ауытқиды.
Гештальт-терапия егер адамдар ішкі және сыртқы анықтықты айқын түйсінуге жетсе, онда олар өз бетінше барлық өз проблемаларын шешуге қабілетті дегенге сүйенеді. Сондықтан терапия мінез-құлықты өзгертуді өз мақсаты етіп қоймайды, мінез-құлық түйсіну өскен сайын өзгереді.
Бұл жерде-және-қазір – қабылдау, сезім, әрекет, ойлар, өткен немесе болашақ туралы қиялдар болсын, организм үшін үшін өзекті әрқашан қазіргіде өтетіндігін, олардың бәрінің қазіргі сәтте болтандығын білдіретін үрдіс. Бұл үрдісті қолдану түйсіну үрдісін қарқынды етуге (интенсифицирлеуге) ерік береді.
Жауапкершілік – өтіп жатқандарға жауап беру мен өз реакцияларын таңдау қабілеті. Анық (реалды) жауапкершілік түйсінумен сабақтас. Адам қаншалықты жоғары дәрежеде анықтықты (реалдылықты) түйсінетін болса, соншалықты мол дәрежеде ол өз өміріне – өз тілектеріне, әрекеттеріне, жауап беруге, Перлздің сөзімен айтқанда өзіне сүйенуге қабілетті.
Гештальт-терапияға феноменологиялық тұрғыдан келу терапевт клиенттің субъективтік тәжірибесіне де, сондай-ақ өз субъективтік тәжірибесіне де құрметпен қарауы арқылы жүзеге асады. Гештальт-терапевт клиенттің күйзелісі мен мінез-құлқына қандай болмасын белгілі бір мән қоймайды, түйсіну үрдісі барысында клиенттің өзі олардың мәнін аңғарады.
Гештальт (нем. Gestalt - бейне, қалып) – тұтастықтың, оның өзгеріп тұратын бөліктерін ұйымдастырудың тұрақты әдісі; тұтас психикалық кұрылымдар.
Гештальт терапия - гештальт психология теориясына негізделген адамға психотерапиялық ықпал ету әдістері мен процедуралардың жүйесі.
Гештальт басты принципі - адамның өзін-өзі, басқа адамдарды және барлық басқа әлемді барындай шартсыз қабылдау: адамның өтпелі калпын толық жетілгендей, езгеруді немесе жақсартуды талап етпейтіндей бағалау және қабылдау.
Соңғы жылдары біздің елде Гештальт психологтардың
ғана емес, педагогтардың да назарын тартуда,
өйткені психотерапия әдістері педагогтар
мен тәрбиеленушілердін өзара ықпалдастықтарының
әдістер жиынтығына белсенді енуде.
Макс Вертгеймер (Wertheimer,
1880-1943) — немецкий и американский психолог,
основатель гештальт-психологии
Профессор университета во Франкфурте-на-Майне (с 1929), а после эмиграции - в Нью-Йорке (с 1933) в школе социальных исследований. В 1921 совместно с немецкими психологами К. Коффкой и В. Кёлером основал журнал "Psychologische Forschungen", где публиковались работы гештальтпсихологов.
В своей первой экспериментальной работе, посвященной изучению восприятия движения (1912), Вертгеймер установил, что наблюдаемые исследователем особенности строения восприятия не могут быть объяснены характером отдельных элементов воспринимаемой ситуации, а требуют учёта связи этих элементов, целостности ситуации. Направленность на исследование целостной структуры (гештальта) воспринимаемого образа и составила основной принцип гештальт-психологии. Вертгеймер распространил принципы гештальт-психологии из области восприятия на другие психические процессы, в частности на мышление, которое было понято им как процесс последовательной смены гештальтов, разных типов видения ситуации под воздействием естественно возникшей или специально поставленной задачи. Решение задачи, по Вертгеймеру, наступает при совпадении структуры видения ситуации и объективной структуры самой ситуации. В соответствии с этим механизмы мышления Вертгеймер усматривал не в ассоциациях, а в действиях по структурированию и переструктурированию образа ситуации в соответствии с решаемой задачей. Эти представления Вертгеймера, наиболее полно изложенные в работе "Продуктивное мышление", которая считается классической, составили эпоху в психологическом исследовании мышления. Как показало последующее развитие психологии, одним из самых уязвимых мест концепции Вертгеймера оказался тот факт, что объяснение механизмов мышления давалось в ней без учёта социально-исторической природы мыслительной деятельности.