Ерте балалық аутизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 15:16, реферат

Краткое описание

Әрбір ата-ана өз баласының күлімдегенін, жымиғанын, алғашқы дыбыстарды шығарғанын, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды сезінуін көріп сүйсінеді. Балалар қоршаған ортаның қамқорлығын қажет етеді. Бұл бала мен ата-ананың арасындағы махаббаттан басталатын дамудың қайнары, басты қажеттілігі. Бірақ кейбір балалар қоршаған ортадан алыстап, өздерінің әлемдерінде өмір сүреді. Олар жаңаны танып білуге, танысуға, сезімдерін көрсетуге тырыспайды. Бұндай балаларда қарым –қатынас орнатуда, әлеуметтік бейімделуде жиі кедергілер болады. Бұл белгілер арқылы бала аутизмі немесе оның кейбір көріністерін анғаруға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ерте балалық аутизм А.Тлеуберлина.doc

— 69.00 Кб (Скачать документ)

Ерте  балалық аутизм.

Диянова Р.Т. –  аға оқытушы

Тлеуберлина А.Ғ. І курс студенті

ПиП-11-2к

Әрбір ата-ана өз баласының күлімдегенін, жымиғанын, алғашқы дыбыстарды шығарғанын, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды сезінуін көріп сүйсінеді. Балалар қоршаған ортаның қамқорлығын қажет етеді. Бұл бала мен ата-ананың арасындағы махаббаттан басталатын дамудың қайнары, басты қажеттілігі. Бірақ кейбір балалар қоршаған ортадан алыстап, өздерінің әлемдерінде өмір сүреді. Олар жаңаны танып білуге, танысуға, сезімдерін көрсетуге тырыспайды. Бұндай балаларда қарым –қатынас орнатуда, әлеуметтік бейімделуде жиі кедергілер болады. Бұл белгілер арқылы бала аутизмі немесе оның кейбір көріністерін анғаруға болады.

Әлемдік статистика бойынша, 2000 жылы аутизмнің таралу деңгейі 10 мың балаға шаққанда төрт – бес адамнан тура келген. Американың сырқатты бақылау және алдын алу орталығы сарапшыларының айтуынша, АҚШ-тағы 110 баланың біреуі осы дертке душар болған.  2007 жылы Американың әрбір 150-баласына осындай диагноз қойылған. Нәтижесінде 2002-2006 жылдар аралығында сырқаттың таралу деңгейі – 57%, ал соңғы 20 жылда 60 %-ға артқаны анықталды. Соңғы уақытта Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалардың саны күрт артқаны байқалады. Тіпті күмәнді деген деректердің өзі бұл сырқаттың қазақстандық балалар арасында кең етек жайып бара жатқанын көрсетеді. Мәселен, Алматы облыстық психологиялық-педагогикалық кеңес беру орталығының статистикалық есебіне сүйенсек, 2003 жылы аутизмге шалдыққан – 77 бала, 2006 жылы  – 255 бала, 2009 жылы 326 бала тіркеліпті.

Мамандардың айтуынша балаларға  дер кезінде көмектессе, 60%-ы мектеп бағдарламасына ілесіп, білім алады. Алайда 90%-ы арнайы білім беру жүйесі қамтылмағандықтан мүгедек болып  қалады.

 Батыста аутист балаларды  әр түрлі бағдарламалар арқылы  қоршаған ортаға бейімдеуге көмектеседі. АҚШ мемлекетінде қайырымдылық қорын қоспай бір аутист балаға жылына 30 мың доллар бөлінеді. Бірақ мұның көмегі аз. 70% науқаста дос- жоралары жоқ, 95% үйленбеген және тұрмысқа шықпаған. Жұмысқа тек 20- 30%-ы орналасады. Қазіргі күнде аутистер кереңдер мен көрмеушілерді бірге алғанмен жиірек кездеседі [1].

Аутизм(гр.autos– өзім) -адамның сырткы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күйі.

Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет. Мұндай адамдарды ешқашан жоққа шығармау керек. Олар қоғамға пайда келтіруге қабілетті ғана емес, сонымен қатар осыған  ұмтылады.  Мысал жазғыш, Иван Крылов және атақты физик-теоретик Альберт Эйнштейндерді аутистер деп атаған[2].

Ең алғаш  аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар  психиатрі Э.Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. 1943 жылы америка психиатрі – Лео Каннер ерте балалық аутизмді анықтап зерттеу жүргізген. Ал 1944 жылы австриялық зерттеуші Аспергердің «Аутистикалық психопатия» атты еңбегі шықты.

Аутизм –  бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін. Ал жеке белгілері оданда ерте жаста көрінеді. Нәресте ата-анасын, тәрбиешісін көргенде қуанбайды, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды, бұл сезім мүшелерінің ауытқуы болып  саналуы мүмкін.

7 айлық жас  шамасындағы дені сау бала  жақын адамдардың біреуіне үйреншікті  болады. Аутист балалардың 24% анасына байлаулы болып келеді. Бала үнемі анасын көзбен іздейді, анасын көрмесе мазасызданып қорқыныш сезімі пайда болады. Жарты күн анасын көрмесе 7 айлық балада қызуы көтеріледі, ал 4 күнге кетіп қалса, бала тамақ ішпейді, құсады, ұйықтамайды. 2 жас шамасында мұндай бала анасын көз алдынан таса қылмай, әрдайым анасының көйлек етегінен ұстап жүреді. Анасының жаңа жұмысқа орналасуын қиын қабылдайды. 3 жасқа дейінгі балалардың В.М.Башина мәліметтері бойынша, синдромның бастапқы көріну түрлері - ұйқының бұзылуы, аз ұйықтауы, кідірмелілік, тәбетінің төмендеуі, жалпы мазасыздану, себепсіз жылау болып табылады[3].

Ерте балалық  аутизм (БЕА) – өте сирек кездесетін патологияның бір түрі. Л.Уинг мәліметтері  бойынша бұл синдром 10000 баланың 2-де ғана кездеседі. Оның психометриялық бақылауында аутист балалардың 55-60% ойлау қабілетінің өте төмен деңгейі, 15-20% ақыл –ой жетіспеушілігі, ал қалған 15-20% ақыл-ойы бірқалыпты [3].

Аспергердің айтуынша, ерте балалық аутизміне шалдыққандардың көбінде ақыл-ой деңгейі орташа немесе орташа деңгейден жоғары болады[4].

Қазіргі уақытта  аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқымқуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.

Аутизмнің пайда  болуына тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті не туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар т.б. да жағымсыз жағдайлар әсер етуі мүмкін.

Л.Каннердің  айтуынша аутизмнің себебі, тумыстан жеткіліксіз биологиялық механизмдер  аффектизмі, яғни «аффектілі қоршау»  қоршаған ортамен қарым –қатынас орнатуға кедергі құру. Ал Х.Аспергердің ойынша, ерте балалық аутизмнің психикалық ауытқуы мен бұзылуы – алғашқы инстинктердің әлсіздігі. Б.Римланд пен С.С.Мнухин ми бағанының ауытқуы маңызды әсер ететіді деп көрсетеді [5].

Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы  деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:

  • жалғыздықты жақсы көру;
  • ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу;
  • мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жесттарының болмауы;
  • бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек;
  • эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау;
  • біркелкі қимылдарды қайталай береді.

Аутист балалардың көптеген бірізді және шамалы жүріс-тұрыстың қайталануын Вайнленд шкаласы бойынша бірнеше категорияларға бөлшектеген.

  • стереотипті- мақсатсыз қозғалыс (бас айналдыру, қолды сермеу, теңселу);
  • компульсивті тәртіп- небір ережелерді сақтау. Мысалы, заттарды тиянақты, бір қалыпты орналастыру;
  • біркелкілік- өзгерістерге қарсы болу. Үй жиһаздарының орнын ауыстыруға қарсылық білдіру, басқа біреудің араласуына немқұрайлы болу;
  • дәстүрлі (ритуальный) тәртіп- күнделікті істі бір тәртіпте, бір мезгілде орындау. Мысалы, бір диетаны ұстану, бір киімде жүріп-тұру.
  • RBS-R зерттеушілері біркелкілік пен дәстүрлік тәртіпті біріктіруді ұсынды. Себебі екеуі де бірізділікті, біркелкілікті қажетсінеді.
  • шектеулі тәртіп- бір затқа, құбылысқа, объектіге бағытталған. Бала бір ойыншыққа немесе бір телехабарға шүйіледі.
  • аутоагрессия- бұл белсенділік, яғни бала өз- өзін жарақаттайды. 2007 жылдағы зерттеулер бойынша балалардың 30 пайызы өз- өзіне зақым келтірген (қолын тістейді, шашын жұлады, т.б.) [6].   

Аутист баланың  сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олардың 50%- да мутизм және эхолалия жиі болады. Және де депрессияға шалдығып, кейде эпилепсиялық ұстамалар байқалады.

Аутизм түрлерін атап өтетін болсақ, олар:

  • Каннер ерте балалық шақтағы аутизм синдромы – балаларда жиі кездесетін ауыр түрі. Тым кеш сөйлейді, жалғыздықты ұнатады. 3 жастан басталады.
  • Аспергер синдромы – аутистикалық психопатия. Аутизмнің жеңілдеу түрі. Логикалық ойлау қабілеті дамыған, сөйлей алады. Бірақ қарым –қатынасқа түсуі қиын.
  • Ретта  синдромы – ең сирек қыздарда болады. 2 жасқа дейін қалыпты дамып, барлық қабілеттерінен айырылады. Өздігінен киіне алмау. Соңы өлімге алып келеді.
  • Процессуалды  аутизм – ер балаларда жиі кездеседі. 3-5 жасқа дейін жақсы дамып, кейін барлық қабілеттерінен айырылады. Әрі қарай Каннер синдромы байқалады.

Аутист балаларға  арнайы көмек көрсету жүйесі өткен  ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет  АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде  қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсетуді бастаған, бірақ ол кезде нақты оқыту мен түзетудің әдіснамалық ғылыми негіздемесі болмаған.

Қазіргі уақытта  балалық ерте шақтағы аутизмді түзетудің әдістемелік негіздері әр түрлі. Жиі кездесетін бихевиористік психологияның негізінде операнттық оқыту (мінез-құлықтық емдеу).

Бұл түзету әдісі  АҚШ-та және басқа да елдерде кеңінен  тараған. Әдістің негізі – қажетті қылықты, әрекетті қалыптастыру үшін сыртқы жағдайларды арнайы қамтамсыз ету, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту, оқу немесе еңбек ету дағдыларына үйрету. Операнттық оқыту әдістен басқа шет елдерде ТЕАССН атты бағдарлама (Э.Шоплер, Р.Райхлебер), холдинг терапия (М.Уелш), күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу(К.Китахара) т.б тәжірибеде жиі пайдаланады.

Ресейлік тәжірибеде ең танымал К.С.Лебединская мен  О.С.Никольскаяның аутизмді түзетудің  кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық әдістемесі қолданылуда.

Анималотерапия (арнайы үйретілген иттер, аттар және дельфиндер). Дельфиндерден бөлінетін  жоғары жиілікті сонарлардың әсерінен баладан бақыт гормондары бөлінеді. Баланың көңіл –күйі жақсарады. Батыс психиатры Марта Уелш холдинг ( ағылш.hold- ұстау, ұстап тұру) терапиясы туралы айтсақ, бұл әдісте анасы баласын алдына отырғызып оны қатты құшақтап көзіне қарайды. Анасы өзінің баласына деген махаббатын айтады, жұбатады, онымен қарым – қатынасқа түсуге тырысады. Әр сабақты М.Уелш 3 кезеңге бөледі (конфортация, қарсыласу, іске қосу). Холдинг –терапиясын айта кететін болсақ, онда 1,5 сағаттан күніне 1 рет өткізіледі.

Холдинг екі  бағытта жұмыс жасау керек дейді, біріншісі қысым, қозу, қорқыныш сезімдерін, негативті көзқарас пен агрессияны төмендету. Бұл классикалық холдингте іске асады. Екіншісі өмірге деген қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту, эмоционалды қарым –қатынас орнату.

Шетел әдебиеттерінде ерте балалық аутизмнің тағы бір  нұсқалары «психогендік аутизм»  және «органикалық аутизм» немесе «соматогенді аутизм» түрлері бар. Психогендік аутизм, батыс психиатрлардың мәліметтері бойынша, балаларда ерте жастан (3-4 жасқа дейін) байқалады. Оның себептері тәрбиедегі эмоциялық депривация (көп уақыт анасының махабатын көрмеуі, дұрыс ұйымдастырылмаған интернаттардағы тәрбие). Қоршаған ортамен қарым -қатынасқа түспеу, белсенділігінің жоқтығы, пассивті, сөйлеу қабілеті мен психомоториканың тежелуі- негізгі белгілері болып табылады.

Органикалық немесе соматогенді аутизмді бас миының зақымдануымен тығыз байланыстырады. Ол психоорганикалық синдромдар арқылы көрініп байланыстырылады: психикалық селқостық, есте сақтау қабілетінің төмендігі, неврологиялық ұмытшақтық, гидроцефалия белгілері, электроэнцефалограмма өзгерістері, дірілді талмалар, интеллектуалды және сөйлеу қабілетінің артта қалуы.

Аутизм мәселесі жылдан-жылға кеңінен қарастырылуда. Оның жаңа түрлері, формалары, деңгейлері, себептері, емделу терапиялары әлі ашылып, зерттелу барысында. Қуанышқа орай, жүз пайызды аутизм сирек кездеседі. Отбасы мүшелері бұл аурудың белгілерін байқаған сәтте тәулік бойы бар назарын балаға аударып, қажетті ұсыныстарды есепке алса, мысалы кейбіріне тоқтала кететін болсақ:

  • баламен эмоциялық байланыс орнатуы;
  • баланы қолға алып өз махаббатын көрсетуі;
  • баламен үнемі сөйлесіп, кітап оқып, суреттерді бірлесе қарауы;
  • бала әрдайым анасының даусын естіп отыруы;
  • балаға ауру асқынбай тұрып көмектесуі, онда бұл мәселелерді көп жағдайларда алдын-алып, болдырмаудың да жолдарын табуға болады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Н.Мамырбеков «Алаш айнасы» республиканың қоғамдық саяси газеті. Қоғам. Алматы., №9, 2010с.55
  2. Wikipedia. org//wiki/Аутизм
  3. Wing L. Approche Clinique et therapeutique tes psychoses autistiques precoses te l'enfart//Rev. Neuropsychatr. Infantile. 1975.V.23
  4. В.В.Ковалев Психиатрия детского возраста.-М.: Медицина, 1979 с. 33-41
  5. В.Е.Каган.Аутизм у детей. - Л.: Медицина, 1981 с.190
  6. Psychology.i-bunin.net.

Информация о работе Ерте балалық аутизм