Дифференциалды психология ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 18:15, реферат

Краткое описание

Индивидуалды айырмашылық психологиясы немесе дифференциалды психология – бұл психология ғылымының жекелеген индивид немесе адамдар тобын, қандайда бір ортақ белгілермен біріктіріп, ерекшеліктерін зерттейтін бөлігі болып табылады.Мұнда зерттелетін ерекшеліктер диапазоны өте кең, ал олардың құрылымы әр түрлі: индивидуалдылықтың физиологиялық негізі ретінде жоғары жүйке жүйесінің қасиеттерінен бастап, әлеуметтік бағдарлар мен кәсіби қызығушылықтарға дейін қарастырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 27.24 Кб (Скачать документ)

Дифференциалды психология ғылым ретінде

 
 
          Индивидуалды айырмашылық психологиясы немесе дифференциалды психология – бұл психология ғылымының жекелеген индивид немесе адамдар тобын, қандайда бір ортақ белгілермен біріктіріп, ерекшеліктерін зерттейтін бөлігі болып табылады.Мұнда зерттелетін ерекшеліктер диапазоны өте кең, ал олардың құрылымы әр түрлі: индивидуалдылықтың физиологиялық негізі ретінде жоғары жүйке жүйесінің қасиеттерінен бастап, әлеуметтік бағдарлар мен кәсіби қызығушылықтарға дейін қарастырады. 
 
          Дифференциалды психология дербес ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады, бірақ оған қарасты кейбір ғылыми көзқарастар, мысалы, темперамент, мінез-құлық, этология жайлы ілімдер сонау антикалық заманда пайда болып, көптеген ғасырлар бойында дамып отырды. 
 
         Индивидуалды айырмашылықтар психологиясының дамуына практикалық сұраныстар стимул болды. Оқыту мен тәрбиелеу аймағындағы психологиялық практикалық тіркемелер, өндірістік, адамаралық өзара қатынасты ұйымдастыру мен реттеу жекелеген адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін есепке алмай, зерттеусіз мүмкін емес.  
 
          Қазіргі кезде дифференциалды психология психологияның нақты емес шекараланған бөлігі: тікелей психофизиология мен жалпы және әлеуметтік психология, өз кезегінде зерттеудің «эпицентрі» болып табылатын қандай да бір зерттеу әдістерін қолданушы, зерттеу мәселесі және ғылыми дәстүрі бар психиатриямен шектесіп жатыр. Индивидуалды айырмашылықтың конституционалды және физиологиялық негізін, психологиялық тестілеу, тұлға сипаттарын зерттеу, мінез-құлықтың әр түрлі типологиясын, психопатия және тағы басқаларды зерттеу дифференциалды психологияның зерттеу обьектісі болып табылады. 
 
         Психологияда индивидуалдылықты зеттеу үлкен тарихқа ие. Индивидуалдылықты жүйелі зерттеу қазіргі дифференциалды психологияның өзекті аспектілерінің бірі. Қазіргі ұлы ғалымдардың фундаментальді теориялық зерттеулерінен кейін жүйелі көзқарас индивидуалды психологияның мәселелерін өңдеуде анықтаушы болды 
 
          Субъективтілік шындықты ұйымдастырудың иерархиялық концепциясы, жүйелі көзқарас принциптерімен қатар адам индивидуалдығын зерттеудің негізі теориялық және қолданбалы еңбектерде де кездеседі. 
 
          Қазіргі кезде индивидуалдылық мәселесі В.В.Белоус, А.И.Крупнов, И.В. Равич-Щербо, В.М.Русалов, О.А.Ахвердова, И.В.Боев ғылыми мектептерінде қарқынды дамуда.  
 
          Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы ары қарай өмір сүруге құқылы. 

 
                                    Дифференциалды психология түсінігі  
 
           Дифференциялды психология (қазақшаға аударғанда индивидуалды айырмашылықтар психологиясы) – бұл ғылымдағы жеке индивидті немесе топтағы адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін зерттейтін бөлім.Оларды қандай да бірп ерекшеліктеріне байланысты: жасына, жынысына, қандайда бір әлеуметтік ортасына қарай топтастырады.  
 
         «Дифференциалды психология» терминін 1900 жылы неміс психологы В.Штерн енгізді. Сол кезде оның «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» атты еңбегі жарық көріп, Штерн әр елдің ғалымдарына психологияның бұл бөлігін бір атаумен атауды ұсынды. 
 
          Дифференциалды психологияның зерттеу салалары өз бетінше дамиды және көп жағдайда өзара аз байланысады. 
 
         Дифференциалды психологияның міндеті адам психикасындағы индививдуалды айырмашылықтардың заңдылықтарының пайда болуын және көрінуін қарастыру, зерттеудің психодиагностикалық теориялық негізін және психокоррекциялық бағдарламаларын өңдеу болып табылады.Бүгінгі күні білімнің бұл аймағы практика сұранымдарына максималды жауап беруде, сондықтан өте тез дамуда. 
 
          Дифференциалды психология психологиялық ғылымның басқа бөліктерімен де байланыс түзеді. Оның жалпы психологиядан айырмашылығы жалпы психология психиканың ( жануарлар психикасын қоса) жалпы заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Салыстырмалы психология ( бір кезде бұл термин дифференциалды психологияға синоним ретінде қолданған) қазіргі кезде эволюциялық баспалдақтың әр түрлі деңгейінде тұрған тіршілік иелерінің психикасының ерекшеліктерін зерттейді. Ол көбінесе зоопсихологияның білімдерін қолданады, антропогенез және адам санасының пайда болу мәселерімен айналысады.  
 
           Жас ерекшелік психологиясы жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейді.Дифференциалды психофизиология адам психикасын жоғары жүйке жүйесі қасиеттерінің шартталуымен байланыстыра қарастырады. 
 
         Дифференциалды психология өзінің қалыптасуының басынан өз пәнінің ерекшелігімен көңіл аудартты. Штерннің пікірінше, дифференциалды психология психикалық және физикалық феномендерді (құбылыстарды), әрекеттерді және бейімделушіліктерді зерттейді. Яғни, жасырын және объективті бақылауға болмайтындарды ғана емес, сонымен бірге мінез-құлықта және тілекте, бағдарда, басқаша айтқанда жүзеге асатын немесе жүзеге аспайтын қабілеттерде көрінетін құбылыстарды да зерттеуге тырысады. Феномендер дәстүрлі түсінік бойынша – тікелей тәжірибе объектісі, ал іс-әрекет пен бейімділік- жанамалы тәжірибе объектісі.Қазіргі кезеңде дифференциялды психология индивидтік, индивидуалдылықтың пәндік-мазмұнды және рухани-көзқарастық сапасын,өзіндік сана ерекшеліктерін, тұлғалық стиль сипатын, әр түрлі іс-әрекетті жүзеге асыруын зерттейді.  
 
 
              Дифференциалды психология психологияның даму кезеңдері

 
 
          Психологияның бұл аймағы В.Штерннің айтуынша, психикалық функциялар мен құралдардың айырмашылық ғылымы болып саналады. Дифференциалды психологияның пайда болып, ғылымдар жүйесінен орын алуы 1896 жылы А.Бине мен В.Анридің «Индивидуалды психология» атты баяндамасынан кейін кең өріс алды. 
 
         Жиі жағдайда Ф.Гальтонды дифференциалды психологияның бастаушысы ретінде алады. Бірақ оның нағыз дифференциалды психологияның атауына , қазіргі заманғы ғылымдар қатарынан орын алуына әсер еткен 1900 жылы жарық көрген В.Штерннің «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» атты еңбегі, уақыт өте келе дифференциалды психологияның ауқымды өңделуіне ықпал етті. 
 
         Ол өзіне адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу үшін көптеген психологтердың назарын аудартты. Әрине, бұл жерде тек индивидуалдылықты зерттеу ғана қарастырылған жоқ,сонымен қоса, әр алуан психикалық құралдар мен олардың көрініп, айқындалуының индивидуалды формаларында қарастырды. Сондықтан да, әр түрлі популяцияларда салыстырмалы зерттеулер жүргізілді, мұның негізінде жыныстық, жастық т. б. индивидуалдық және әлеуметтік топтардың айырмашылықтары айқындап, олардың арасындағы корреляциялық байланыстар орнатылды. 
 
          Дифференциалды психологияның сәттіліктерінсіз нақты жеке тұлғаның сипаттамасын зерттейтін аймақ психодиагностикасы да дамымай, жеке өзіндік пәнге де айналмас еді.Дифференциалды психология психологияның жаңа пәндік аймағы «Индивидуалды психологияны» ашып берді.  
 
         Л.Сэв дәстүрлі дифференциалды психология пәнін сипаттай отырып, дифференциалды психологияның мазмұны таза прагматикалық және капиталистік қоғамда адам тұрғысын консерватизмнің эпистемологиялық формасы болатындығын көрсетті. 
 
         Б.М.Тепловтің пікірінше, психологияның кез-келген ортақ заңы өзіне жеке тұлғалық және индивидуалдылық факторын біріктіреді,яғни қабілеттер мәселесін дифференциалды аспектіден бөліп қарастыруға болмайды. 
 
          Э.А.Голубева көрсеткендей, әлемдік ғылымда дифференциалды психология ерекше орын алады. Себебі ол қабілеттер мен дарындылық индивидуалды айырмашылығын зерттейді. 
 
          Дифференциалды психология аймағында өлшеу құралдары құрылған тестер-өлшеу қорытындысын анализдеу әдісі. Бұл диагностика мәселесіндегі жекелеген аймақтарды ғана шешеді: дағды, нышан, шеберлікті мінез-құлық деңгейінде шешеді, ал оның күрделі салаларын шешуде дифференциалды психофизиология алға шығады.  
 
          Кеңес Одағында индивидуалды айырмашылықтар лабораториясы 1952 жылы Орталық және педагогикалық психология институтында Б.М.Тепловтың басшылығымен ашылған.Бұл лабораторияның негізгі міндеті- индивидуалды психологиялық айырмашылықтарды зерттеудің әдіс-тәсілдерін өңдеп, қолдануға жарамды ету және ең негізгісі индивидуалды психологиялық айырмашылығының физиологиялық механизмдерін ашу, зерттеу, ал оның негізін И.П.Павловтың типологиялық концепциясы құрайды. 
 
        1972 жылдан бастап лабароторияны Небылицин басқарып, математикалық әдістер мен есептеу техникасы дифференциалды психология аймағында кең өріс тапты. 
 
         1993 жылдан бастап «Дифференциалды психофизиология және психология» лабароториясын Э.А.Голубева өз басшылығына алды.Зерттеудің басты мәселесі қабілеттер мен оның нышандарын анықтау. Ағымды болжам Б.М.Тепловтың болжамы болды.  
 
         Психологиялық функцияларды анықтау үшін психодиагностикалық әдістемелер, тестер, ал кейбір қабілеттерді диагностикалау үшін лабаротория қызметкерлері оригиналды авторлық әдістемелерді өңдеп шығарды. Бұл жерде ортақ (мнемикалық, интеллекттік) және арнайы (музыкалық, математикалық, тілдік) қабілеттер мен олардың нышандарын қарастырады. 
 
        Дифференциация мен индивидуализация мәселесі білім беру жүйесіндегі стратегияны өңдеуде қолданылады. Оның белсенділігі, өзектілігі қоғамдық өзгерістерге, экономиканың қарқынды дамуына байланысты өсе түседі: 

  • Оқу мен тәрбиеге альтернативті бағыт таңдау мақсатында;
  • Арнайыланған мектептердің пайда болып, қоғамда дифференциациялануы үшін.

 
         Әр түрлі инновациялық және авторлық технологиялар, білім беру жүйелері және т.б. себептер әлеуметтік – экономикалық құрылымдардың салдарынан жаңа мағынаға ие болуда. 
 
        Индивидуалды психологиялық айырмашылықтарды анықтап, зерттеу жұмыстарын жүргізусіз адамдардың іс-әрекет аймағында ешқандай прогреске қол жеткізу мүмкін емес. 
 
        Дифференциалды айырмашылықтарды зерттеп, оның психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ашу әлемдік ғылым жүйесіне қосқан үлкен үлес болып табылады.


Информация о работе Дифференциалды психология ғылым ретінде