Дидактикалық ойындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 07:13, доклад

Краткое описание

Грамматикалық сөздік қатарын қалыптастыру.
Мақсаты: Балаларды бұйрық рай белгілерін (сурет сал, секір, биле, мүсінде, ән айт); етістіктің әр-түрлі түрлерін (қалау, жату, жүру, қашу) калыптастыруға үйрету.
Шаттық шеңбер:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай табынып,
Көкке қолды созамыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дидактикалык ойындарга садик.doc

— 8.84 Мб (Скачать документ)

Тақырыбы: «Көжекпен ойналық» (дидактикалық ойын)

Грамматикалық сөздік қатарын қалыптастыру.

Мақсаты: Балаларды бұйрық рай белгілерін (сурет сал, секір, биле, мүсінде, ән айт); етістіктің әр-түрлі түрлерін (қалау, жату, жүру, қашу) калыптастыруға үйрету.

Шаттық шеңбер:

Біз кішкентай  баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай  табынып,

Көкке қолды  созамыз.

Таңдандыру  сәті: Балалардың көңілін үйшікке аудару.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, мына алаңқайда тұрған үйшікке. Ол кімнің үйшігі екен. Білгілерің келе ме? ( Балалардың жауабы.) Олай болса, мен сендермен бір ойын ойнаймын.


 

Дидактикалық  ойын: «Ойлан, тап»

1. Құлағы  ұзын,

Секіріп, қорқып жүреді. (Қоян)

2. Қоянның  баласын не деп атайды? (Көжек)

3. Қоян  неден қорқады? ( Қасқырдан)

4. Қоян  нені жақсы көреді? (Сәбізді)

Үйшіктен  қоян секіріп шығады: Сәлематсыңдар ма, балалар! Мен ақ қоянмын.

Балалар: Сәлематсың ба, ақ қоян?!

Қоян: Менің бүгін туған күнім.

Балалар: Туған күніңмен, ақ қоян.

Қоян: Балалар, менің туған күніме достарым келуші еді, маған бақшадан сәбіз теруге көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бақшада сәбіздер көп, әрі әртүрлі екен.

Дидактикалық  ойын: «Салыстыр» Сәбіздерді көлеміне қарай ажыратады ( үлкен- кіші ) 

Дидактикалық  ойын: « Кім тез, әрі дұрыс жинайды» Үлкен сәбіздерді көк түсті себетке, ал кішкентай сәбіздерді жасыл түсті себетке жинау керек.

Қоян: Балалар, рахмет, бұл сәбіздерден қонақтарға сәбіз шырынын дайындап беремін.

Сергіту.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін қоянның туған күніне достары келген екен, олардың аттарын атап, әрқайсысының  қандай сыйлық әкелгенін айтып беріңдер  (сурет бойынша).

Кірпі алма сыйлады, сиыр гүл сыйлады, маймыл торт сыйлады, көжек сәбіз сыйлады.

Тәрбиеші: Біз де қоянның достарымыз ғой, түрлі-түсті шарлар сыйлайық.

Балаларға қызыл, сары, жасыл, көк түсті қағаздан жасалған шарларды таңдап алуларын ұсыну.

Тыныс алу жаттығуы: «Шар үру»

Дидактикалық  ойын: « Шардың түсіне қарай жіп  таңда» (балалар шарларының түсін, қандай жіп таңдағандарын айтып береді)

Қоян: Жарайсыңдар, балалар, қандай әдемі шарлар, рахмет, көжектерім қуанатын болды. Менің туған күнім өте көңілді болды, менің көңілімді көтердіңдер. Мен сендерге өздерің жинап берген сәбіздерден шырын дайындадым. Қоян балаларға сәбіз шырынын сыйлайды. (қоян балалармен қоштасып шығып кетеді).

 

 

Тақырыбы: «Қуыршаққа бөлме жасалық» (дидактикалық ойын)

Мақсаты: Балаларды жиһаздық заттардың атауын дұрыс атай білуге жаттықтыру. Сөйлеу барысында зат есімдер мен сын есімдердің сандық және

септеулік түрленуін  қолдана білуге баулу.

 

 

Мына  заттардың атын ата:

 

 

Тақырыбы: «Орманға саңырауқұлақ пен жидек теруге барамыз» (дидактикалық ойыны)

(жеуге жарамды  және жарамсыз саңырауқұлақтар мен жидектер)

Мақсаты: Балалардың адам өмірінде орманның маңыздылығы туралы түсініктерін анықтау. Орманның, өсімдік әлемінің әрқилы екендігін көрсету (орманда не өседі).

   

 

       

 

Қарамық  (Черника)                  Қой бүлдірген (Земляника)

 

  

Қарақат (Смородина)

 

 

 

          

Таңқурай (Малина)                          Құлпынай (Клубника) 

Тақырыбы: «Күз бізге не әкелді» (дидактикалық ойыны)

Мақсаты: Балалардың көкөністер мен жемістер туралы түсінігін кеңейту, жидектерді топтық қасиеттері бойынша топтауға үйрету. Өсімдік әлемінде маусымдық өзгерістерді (астық жинау) байқауға үйрету. Табиғи құбылысты бақылау тілегін, себеп салдарлық сипатта сұрақтар қоюға тәрбиелеу, қоршаған табиғатқа деген қызығушылығын ояту.

Мына заттарды ата.


 

Тақырыбы: «Әйгерім дастарқанды әзірлеп жатыр» (дидактикалык ойын) Грамматикалық сөздер қатары

Мақсаты: Жұрнақ жалғану арқылы туылған жаңа сөздерді көрсету (қант салғыш, нан салғыш, тұз салғыш, май салғыш, шәйнек, сүт құйғыш). Балалаларды сөздерді септіктер мен сан есімдерге түрлендіре білуге үйретуді жалғастыру. Балалардың жай сөйлем құрылымын еркін ұғынуына, жай сөйлем мен күрделі сөйлемді қолдана алуына да ықпал ету.  

 

Суреттерге қарап, әңгіме құрастыр.

 

 

Тақырыбы: «Қонақтарды күтеміз»

(дидактикалық  ойын)

Мақсаты: Балаларды затты топтастыра суреттеуге үйрету (ыдыстар: ас үйлік, асханалық); сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру. 

Мына заттарды ата.

 

 

Тақырыбы: Пәндік лото (дидактикалық ойын).

Мақсаты: Балаларды заттардың неге арналуы бойынша топтастыруға үйрету. Жалпы ұғымдарды (ойыншық, киім, аяқ киім, ыдыс аяқ, жиһаз) бекіту. Заттар тобының жалпы ұғымдарын меңгеруге ынталандыру.

Мына заттарды ата.

 

 

 

 

Тақырыбы: «Ұшамыз, жүземіз, барамыз» (дидактикалык ойын)

Мақсаты: Көліктің әр-түрлі түрлерін ажыратуға, атауға үйретуді жалғастыру. Көліктердің ауа, су, жерасты топтарына бөлінетіні туралы түсінік беру. Машинаның құрылысы (машиналар жерде жүреді, тікұшақтар ұшу, ал кемелер жүзу үшін) оның қолданыста қолдануына байланысты екендігін айту. Көлік жұмысшыларының еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Мына заттарды ата.

 

 

Тақырыбы: Бау-бақшада (дидактикалық ойын)

Мақсаты: Көкөністер мен жемістер туралы түсінігін кеңейту: атауларын, сипаттық қасиеттерін, дәмдік қасиеттерін, тағамда қолдану әдістерін білу. Адам баласының өмірінде көкөністер мен жемістердің дәрумендері, қоректену өнімі ретінде ұғымына түсінік беру. «Өнім, ақша - теңге, бағасы - тұрады» ұғымын енгізу.


Информация о работе Дидактикалық ойындар