Оқыту заңдылықтары және принциптері
туралы жалпы түсінік
Оқыту процесін іске асыру белгілі бір
заңдылық-тарды меңгеру негізінде жүзеге
асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы
объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік,
белгілі жағдайда қайтала-натын өзара
байланыс заңдылық деп аталады. өзара
байла-нысы бар объектілер, байланыстың
түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде
заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын
дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы
және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді.
Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық
шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан
тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар
оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары,
түрлері арасындағы бай-ланыстарды сипаттайды.
Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін
қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің
нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы
мен әдіс-тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне,
педагогика ғылымының даму деңгейіне
тәуелді.
Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара
байланысты.
Оқушының таным белсенділігі артқан сайын,
оқыту сапасы жоғарылайды.
Оқытудың тиімділігі кері байланысқа,
қайталауға, түзету іс-әрекеттеріне тәуелді.
Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне
байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.
Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы
мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып,
толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық,
ұйымдастыру заңдылықтары жатады. Оқытудың
негізгі заңдары:
Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс
пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту
жүйесін қалып-тастыруға ықпал етуі туралы
заң.
Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру
және тұлғалық дамудың өзара байланысы
туралы
заң.
Педагогикалық процестің бөліктерінің
бірлігі және біртұтастығы туралы заң.
Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және
өзара байланысы туралы заң.
- Оқу іс-әрекетінің жеке және ұжымдық
түрлерінің бірлігі және өзара байланысы
туралы заң. Заңдылықтар мен заңдар ғылыми
теорияның негізгі бөліктері болып келеді.
Кейбір
зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары
мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес
деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған
педаго-гикалық заңдылықтар мен заңдар
теріс пікірлерді жоққа шығарады.
Оқыту принциптері туралы түсінік
Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын
идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық
принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру
түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты
мен
заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар
жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың
категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын
және заңдылықтарын пайдалану әдістерін
сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушілер
оқыту принцип-терін, негізгі
қағидаларды белгілеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік
жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға
қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан,
кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа
сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері
жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру).
Кейбір авторлар оқыту принциптерінің
санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше,
кеңейтуді ұсынып келеді. Заманауи принциптер
оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне
(логикасына, мақсатына, міндеттеріне,
мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен
әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді
жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын
ұсынады.
Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың
принциптерін басшылыққа ала отырып оқытудың
мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру
формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары
нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық
принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс
ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі
болары даусыз.
Дидактикалық принциптердің қызметі:
олардың негізінде оқушыларда оқытудың
мақсатына
сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі,
саналылықпен белсенді түрде меңгеруге
деген
қызығушылықтар пайда болады. Дидактика
принциптері оқыту процесінің негізгі
буыны ретінде
бірімен-бірі логикалық өзара байланыста
болады. Сонымен, ең негізгі, ғасырлар
бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық
принциптер жүйесі:
ғылымилық,
саналылық пен белсенділік,
көрнекілік,
жүйелілік пен бірізділік,
беріктілік,
тиімділік,
теория мен тәжірибенің байланыстылығы.
Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер
мен ережелер байланысына тоқталайық.
Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге
негізделген белгілі жағдайдағы белгілі
мақсаттағы педагогтық қызметтің бейнеленуі.
Ережелер оқыту принциптерін қолданудың
тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан
тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды.
Заңдылықтармен, принциптермен салыс-тырғанда
ережелер мұғалімге нақты педагогтық
жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану
қажеттілігін ұсынады.
Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді
қатаң, мүлтіксіз орындау ұстаздың қолын
байлап қояды; ереже-лерге немқұрайлы
қарау оқыту сапасын төмендетеді. Сондықтан,
әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді
типтік, стандарттық жағдайларда тиімді
пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда
дидактикалық принцип-терге сүйеніп шығармашылық
танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз.
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер
ереже-лер арқылы жүзеге асады. Ережелер
педагогтық тәжірибе-нің қорытындысы
ретінде дидактика принциптерін қолдану
құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың
принциптеріне сай қалыптасқан белгілі
ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін
іске асырады.
Біздің оқулықта арнайы қарастырылмаған
принцип-тер көп, мысалы, мұғалімнің басшылық
ролі; ынталан-дыру; проблемалық оқыту;
дамыту, оқыту және тәрбиелеу бірлігі;
ізгілендіру; жас және дара ерекшеліктерін
назарға алу; кіріктіру принциптері.
Енді принциптер мен ережелердің мәнін
ашу жолдарын қарастырайық. Ғылымилық
принципі
Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға
ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді
меңгерту керек. Бұл принциптің астарында
жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге
болады, адам өмірінде ғылымның рөлі күннен
күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың
мазмұны және мұғалімнің іс-әрекеті арқылы
жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын
адам үшін қызмет ететінін түсіндіре отырып,
оқушыларда дүниеге диалек-тикалық, ғылыми-материалистік
көзқарас қалыптастырады.
Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог
орындайтын негізгі талаптар:
- Білім мазмұнын педагогика, психология
ғылым-дарының қазіргі даму дәрежесіне
сәйкестендіру, жаңа әдіс-темелер мен
жаңашыл ұстаздардың тәжірибесін қолдану.
- Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау
қабілетін дамыту, бастауыш мектептің
өзінде тек индук-циялық ғана емес, дедукциялық
оқытуды енгізу.
-Шәкірттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру,
жүйелі түрде қайталау, пайдалану, қолдану,
іске асыру.
- Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми
әдістермен таныстыру, оларды ізденушілікке,
шығармашы-лыққа баулу, зерттеу тәсілдерін
пайдалану үшін кітаппен, анықтамалармен
жұмыс істеуге ынталандыру.
Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар
санасына жүйелі түрде қарапайым ұғымдармен
берік түрде жеткізу мұғалімнің негізгі
міндеті.
Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыс-тарын
көрсетіп оқушылардың білім деңгейімен
ұштастыру, жаңа пән сөздерді қолдану.
- Белгілі ғалымдардың өмірбаянымен, олардың
қосқан үлесімен оқушыларды таныстыру.
Жүйелілік пен бірізділік принципі
Бұл принциптің өзекті негіздері: адам
миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара
байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда
ғана, оның білімі толық және шынайы болады;
оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен
оқушыларға жеткізгенде, олардың санасында
ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі;
ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының
ішкі логикасына және әрбір оқушының таным
мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды
логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын
жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын
үзіліссіз, кедергісіз дамыту. Бұл принцип
оқытудың ғылымилығы принципімен тығыз
байланыста болғандықтан, ғылыми білімдер
негізін оқушылардың жүйелі түрде және
реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының
негізгі өзегі болуы тиіс.
Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында
не сабақ барысында жүйелілік пен бірізділік
принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді
назарға алады.
Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу
материалын логикалық тұрғыда жүйелі
қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды
қолдану.
Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігін
сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары
сыныптардағы оқу мазмұны мен әдістерінің
бірізділігін қамтамасыз ету.
Оқу пәні - ғылымның көшірмесі болғандықтан
оқушы-ларға ғылымның жүйесін көрсетіп,
пәнаралық байланыс-тарды пайдалану.
Бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау
және жетілдіру; қысқа қорытындылауды
сабақтың басында, барысында және аяғында
өткізу.
Тек тіл мұғалімдері емес, барлық педагогтар
барлық сабақтарда оқушылардың ой білдіру
әдістері мен түрлерін бақылау; үнемі
оларды өз қателерін тауып, талдауға үйрету.
Әрбір тақырып, бөлім, тарау, пән аяқталғанда
қорытын-дылау және жүйелеу сабақтарын
өткізу.
- Табиғатына байланысты, шәкірттер бірнеше
сабақта меңгеретін материалды бір сабақта
''айлақорлықпен'' ұғындырмау.
- Оқушылардан әр тарау мен бүкіл бағдарлама
бойынша білім, дағды,білік жүйесін меңгеруін
талап ету.
Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип
Я. А. Коменскийдің ''бүгінгі оқыту кешегіні
бекітіп, ертеңгіге жол салады'' өсиетін
нақтылай түседі. Теория мен тәжірибенің
байланыстылығы принципі
Бұл принцип философияның ''тәжірибе -
танымның ілкі бұлағы'' қағидасына негізделген.
Оның түбінде көптеген заңдылықтар жатыр:
оқытудың сапасы мен тиімділігін тәжірибе
көрсетеді, тексереді, анықтайды; тәжірибе
- ақиқаттың көрсеткіші; тәрбие өмірмен,
тәжірибемен тығыз байланысты; теория
мен тәжірибе байланысы оқу мазмұнына,
әдістеріне, түрлеріне тәуелді; оқушыларды
мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса,
олар заманауи өндіріске тез икемделеді.
Осыған орай мұғалім орындайтын ережелерді
атап өтейік.
Оқу - өмір қажеттілігі екенін оқушыға
түсіндіру, сездіру.
Үнемі теория мен тәжірибе байланысын
көрсету, адамзат тарихындағы ғылыми білімдердің
маңызын ашу.
Оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім
алып қана қоймай, сол алған білімдерін
өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету.
Шәкірттерге өз білімдерін тәжірибеде
қолдануды үйрету.
Оқушыға проблемалық, ізденіс, зерттеу
тапсырмаларын орындатып теория мен тәжірибе
бірлігін дәлелдеу, өзіндік жұмысты орындауға
және өз бетімен білім алуды үйрету.
Әр сабақта оқушыларға политехникалық
білім беру, туған жердің шаруашылығына
лайықты мамандықтарға дайындау.
Оқушының қоғамдық еңбегі тәлім-тәрбие,
оқу мақсаттарына сай болуы керек.
Тәжірибелік сабақтардың көмегімен оқушылар
теория-лық қағидаларды, заңдар мен ережелерді
іс жүзінде тексеріп, ғылыми білімдерді
меңгеруге мүмкіншіліктерін жасау.
Оқушылардың тәжірибелік әрекеттері тек
мектеп, сынып шеңберінде қалып қоймай,
мектептен тыс өмірмен, еңбек-пен ұштасып
отыруы шарт.
Саналылық пен белсенділік принципі
Бұл принципке негіз болатын заңдылықтар:
тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да,
саналы білім адам білімінің шынайы өзегі
болады; оқушылардың білімді саналы түрде
меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі
мен оқуға ынталануына, мұғалім қолданатын
әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді
меңгеруде саналылық, әрі белсенділік
танытқан оқушылар ғана оны терең және
ойларына берік тоқулары сөзсіз.
Саналылық пен белсенділік принципін
жүзеге асыру үшін мұғалім оқыту процесінде
төмендегі оқыту ережелерін басшылыққа
алады.
Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді
анық түсінуі саналы оқытудың шарты боларын
назарға алу.
Оқушылардың оқу материалын тек жаттап
қана алмай, олардың мән-мағынасын терең
түсінуін қамтамасыз ету.
Әр бір сөздің, сөйлемнің, ұғымның мәнін
түсіндіру үшін оқушылардың білімі мен
тәжірибесін негізге алу.
Оқушылардың білім алуға деген ынтасын,
белсенділігін арттыратындай тиімді әдістерді
үнемі қолдану, бүгінгі белсенді шәкірт
ертеңгі белсенді қоғам мүшесі екенін
ұмытпау.
Оқу материалын саналы түрде меңгерту
үшін әлі бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан
белгілі ақпаратпен ұштастыра білу.
өз бетімен оқуды үйрету, таным әрекетінің
тиімді әдістерімен таныстыру.
Бас және қосалқы оқу материалын ажыратуды
үйрету, назарларына негізгі ойларды алу.
Оқушыларды ойлауға үйретіп, ''неге'' сұрағын
жиі қоюға дағдыландыру.
Әрбір оқушы тұлғасына қамқорлық жасау,
оны оқу пәнін игеретін субъект ретінде
қалыптастыру.
Оқушы білімдерін тәжірибеде қолдануына
көмектесу.
Көрнекілік принципі
Оқыту жүйесінде Я. А. Коменский көрнекілік
принципін оқу материалын меңгеру құралы
ретінде қарастырып, дидактиканың алтын
ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы
негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады:
олар заттардың өзін немесе бейнесін,
көлемін тікелей көріп, байқап таниды.
Бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктер
де дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға
есту органдарымен салыстырғанда 5 есе,
сипалау органдарымен салыстырғанда 13
есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы
алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік
есте сақтайды.
Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың
білім көлемін тереңдету, қызығушылығын
арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау
үшін мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы
жеткізуі үшін қолданатын ережелерді
атап өтейік.
''Алтын ереже'': көруге болатынды - көрсету,
есіте алатынды - естірту, сезіне алатынның
бәрін -оқушылар-дың сезім мүшелеріне
сездірту, түйсік туғызу.
Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен
оқиғалардың бейнелерін, көлемін, түр-түстерін
сөзбен емес көру арқылы әрі жеңіл, әрі
тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.
Қолданылатын көрнекі құралдардың өмірмен
байланысын қамтамасыз ету.
Оқушылар тікелей түйсіну, көру, есту мүшелері
арқылы әртүрлі заттардың формасын, түсін,
көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естуі
негізінде оларда ой пайда болады.
- Көрнекілік - көрсету мақсатында емес,
логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде
пайдаланылады.
Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемін,
түр-түсін байқап, көзімен көруге және
әр түрлі дыбысын естуге жағдай туғызу.
Көрнекілік заттар мен құбылыстардың
өзін тікелей көрсетуге мүмкіндік болмаған
жағдайда да қолданылады.
Көрнекіліктер оқушының құбылыстарды
байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып,
ізденіс дағдыларын қалыптастырады.
Көрнекілік бақылай білуге, салыстыру,
қатар қоя білуге, абстракты ұғымдарды
дамытып, жетілдіруге жол ашады. - Көрнекілікті
оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану.
Көрнекілік құралдарын қолдану барысында
алғаш оны бүтіндей, кейін бас және қосалқы
бөлшектерін, соңында тағы бүтіндей көрсету
керек.
Көрнекілікті оқушылармен бірігіп жасау.
-Көрнекі құралдарын оқу пәндерінде нақтылы
өз орнында оқушылардың жас, таным ерекшеліктерін
ескере отыра пайдалану. - Көрнекіліктерді
қолдануда сан емес сапасына көңіл аудару.
Беріктік принципі
Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту
үшін оқушылардың білімдерінің берік
болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тәжірибелік
және теориялық заңдылықтарға сүйенеді:
оқушылардың білім мазмұнын меңгеруі
мен танымдық дамуы, оқу процесінің өзара
байланысты екі жағы; білім беріктігі
оқушының мұғалімге, оқу пәніне, жалпы
оқуға деген субъективті қатынасына тәуелді;
оқушылардың білім беріктігі оқытудың
ұйымдастырылуы, түрі, әдістері, уақыты
арқылы қамтамасыз етіледі; қызықты және
маңызды материал ұзақ әрі берік есте
сақталады.
Осы принципті іске асыру үшін мұғалім
бірнеше ережелерді орындауы қажет.
Оқушылар білімдерін сабақтар барысында;
тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда;
тоқсан мен оқу жылының басында, соңында
қайталауды үнемі ұйымдастыру.
Қазіргі мектеп жаттаудан ойлауға көшуіне
байланысты оқушылардың жадын зорламай,
білімді санасы мен сезімдерімен қабылдауды
үйрету.
Жақсы түсінбегенді оқушының есінде сақтауына
жол бермей, тек саналы білімді жадында
сақтату.
Басты, негізгі идеялар мен ұғымдарды
есте сақтауды қамтамасыз ету үшін оқушыларды
анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс
істеуге машықтандыру.
Оқыту жүйесінде түрлі (ауызша, жазбаша,
лабора-ториялық-практикалық жұмыстары)
жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқуға, білімге ынта-ықылас, қызығушылық,
мұғалімнің өзіне сенімі болса, оқушылардың
оқу-таным әрекеті ерікті, қуанышты болып,
білімдері ұзақ уақытқа дейін сақталады.
- Білімнің беріктілігіне кедергі жасайтын
сабаққа кешігу, келмеу, сабақ кезінде
бос не басқа нәрселермен шұғыл-данып
отыру, жалқаулыққа жол бермеу.
Логикалық түрде берілген, алынған, қайталанған
білімдер мен біліктер байланыссыз ақпаратпен
салыстырғанда берік екенін ұмытпау.
Оқушылардың ерікті және еріксіз зейінін
тиімді пайдалану: тікелей ұсыныстың орнына
қызықты тапсырма, тәртіпке шақыру орнына
мысал, мақал-мәтелдерді қолдану.
Оқушылардың алған білімдерінің беріктілігін
нығайту-дың әр түрлі әдіс-тәсілдерін
(сезімге толы әңгіме, заманауи көрнекіліктер,
техникалық құралдар, оқу ойындары, пікір
таластар) іске асыру.
Жаттығуларды орындаған кезінде оқушылар
шаршауының алдын-алу.
Жаңа оқу материалын ескі, таныс ақпаратпен
байланыстыру.
Оқушыларды өз білімін алу мен тексеруге
бейімдеу.
Оқытуды аталмыш ережелерге бағындыру
- оқушылар білімінің ұзақ уақыт бойы есте
сақталуын, сол білімді өз өмірінде пайдалануын
қамтамасыз ету.
Сәйкестік принципі
Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған
педагог-тық тәжірибеге негізделіп, оқушыларға
жеке-дара қарауды талап етеді.
Демек бұл оқушының бойында бар білім,
білік, дағдылар деңгейіне сай жаңа ақпаратты
ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін
дәлелдейтін заңдылықтар: оқыту жас және
дара ерекшеліктерге, оқу процесінің ұйымдастырылуы
мен әдістеріне тәуелді; ақыл-ой дамуы
мен алғашқы білімдері жетік оқушы жаңа
материалды тез меңгереді, оқудағы қиыншылықтарды
жою баланың мінез-құлқына, қабілеттерінің
қалыптасуына, білімінің сапасы мен нәтижелілігіне
оң /дұрыс/ ықпал етеді.
Сәйкестік принципін жүзеге асыру үшін
орындалатын ережелер:
Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа,
жеңілден күрделіге көшіп оқыту.
Білім беруде оқушы әрқашан дара, өзінше
ерекше екенін ұмытпау.
Балалардың ақыл-ойы, қабілеттері мен
мүмкіндіктері әртүрлілігін ескере оқыту.
Оқуда барлық оқушылар табысқа бірдей
жетуін талап етпеу, алдыңғы дайындық
деңгейіне сүйену.
Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес
әдістерді анықтау.
Оқушылардан мүмкін еместі талап етпеу,
тапсырма өте жеңіл де, өте қиын да болмауын
ойластыру.
Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай,
әлсіз оқушыны ілгері тарту мақсатын көздеу.
Жаңа күрделі материалды өткенде озат
оқушыға, қайталағанда орташа және нашар
оқушыға сүйеніп оқыту.
Ең күрделі білімді игерту үшін аналогия,
салыстыру, теңдестіру, қарсы қоюды пайдаланып
оқушы ойын қоздыру.
- Жалпы заңдар мен заңдылықтарды түсіндіру
қиын болғандықтан, әртүрлі пәнаралық
байланыстар арқылы сол заңдылықтардың
көрінісін айқындау, методологиялық білімдерді
сіңірту.
Баяу асығыңыздар! Қажетсіз оқытуды тездетуге
болмайды, оқыту жылдамдығы жас және дара
қасиеттерге сай болуын ұдайы қамтамасыз
ету.
Сәйкестік мұғалімнің әңгімелеу, сөйлеу,
тіл анықтылығына тәуелділігін ұмытпау.
Сәйкестік - жеңілдік емес, оқушы еңбегін
жеңілдету мақсат емес, бірақ оқушыға
өздігінен білім табуға, қабылдауға, меңгеруге
көмектесу қажеттілігін қамтамасыз ету.
- Сәйкестік еңбекқорлықпен байланысты,
еңбекқорлық күшейген сайын оқу сәйкестігі
кедергісі төмендейтінін ұмытпау.
Әрбір мұғалім оқыту процесіне байланысты
білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметінде
үнемі дидак-тикалық принциптерді басшылыққа
алуы шарт |