Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Декабря 2013 в 08:47, реферат
Көркем шығарманың композициясы туралы сөз қозғағанда, композицияның өзгешелігі автордың айтайын деген ойына, шығарманың мазмұнына бағынатынын айтып өттік. Осы мазмұнды айтып беретін көркем шығарманың әртүрлі жақтары (тақырып, сюжет, образ, табиғат суреті, шығарманың композициясы, т.б.) өзара байланысты болады. Бұлар көркем шығарманың идеялық мазмұнына негізделінеді. Мысалы: орыстың алпысыншы-жетпісінші жылдардағы революцияшыл-демократ жазушыларының көздеген мақсаты: феодалдық-крепостнойлық, капиталистік құрылыстардың барлық қоймаларын ашып, қанаушылықты әйгілеп, жұртшылықтың неге қарсы күресу керектігін түсіндіру, оларға өз әсерлерін тигізу, - міне, осылар болды.