Дамыта оқытудың тұлғалық-бағытталған үлгісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 10:33, лекция

Краткое описание

Психолог мамандарын дайындауда «Психологиялық кеңес негіздері» арнайы оқылатын пән болып табылады. Соңғы жылдары еліміздегі психология ғылымының дамуы психологиялық көмек беруге негізделген қолданбалы салалардың қарқынды жетілуімен сипатталады. Сондықтан түлектерді дайындау жүйесінде бұл пәннің алатын орны айрықша. Психологиялық әсер ету әдістерінің дәстүрлі бір түрі - психологиялық кеңес.

Прикрепленные файлы: 1 файл

№1Кеңес беру - психологиялық көмектің түрі.doc

— 74.50 Кб (Скачать документ)

1-тақырып. Кеңес беру -  психологиялық көмектің түрі ( 3 сағат)

(1,7,19,21,23 әдебиеттер)

 

Жоспары:

  1. Психологиялық кеңес туралы жалпы түсінік
  2. Психологиялық кеңестің даму тарихы
  3. Психологиялық кеңес, психотерапия, психокоррекция

 

Психолог мамандарын дайындауда «Психологиялық кеңес негіздері» арнайы оқылатын пән болып табылады. Соңғы жылдары еліміздегі психология ғылымының дамуы   психологиялық көмек беруге негізделген қолданбалы салалардың қарқынды жетілуімен сипатталады. Сондықтан түлектерді дайындау жүйесінде бұл пәннің алатын орны айрықша. Психологиялық әсер ету әдістерінің дәстүрлі бір түрі -  психологиялық кеңес. Психологиялық кеңес ресми емес формада - достық, туысқандық, кәсіби жағдайларда емшінің, мұғалімнің т.б. мамандардың ақылы, кеңесі, жәрдемі, қолдауы, қолпаштауы, жетекшілігі сияқты әрекеттер арқылы ежелден-ақ белді орын алған. Қазіргі ХХ ғасырда психологиялық кеңес ғылыми тұрғыда дәлелденіп, пән ретінде оқу бағдарламасына енді ғана еніп отыр. Бұл пән маңызды және өзекті мәселелердің бірі болғанын түсіну үшін, келесі сұрақтарға көңіл аударған жөн.

Психолог-кеңесші дегеніміз  кім? Қысқаша жауап – ол психологиялық  проблеманы шешуде көмек көрсететін маман. Проблема дегеніміз не? Ол адам өміріндегі қиыншылықтардың себептері, одан шығатын ауыртпашылықтар және тұлғаның сол жағдайларға деген қатынасы. Егер адам – «өз проблемасының қайнар көзі» деген сөзбен келіссек, онда сол тұлғамен жұмыс жасай отырып қана оның проблемаларын шешуге болады. Сондықтан, психолог-кеңесші жәй ғана адам емес – ол психологиялық проблеманы шешуге көмектесетін «құрал». Бұдан шығатын қортынды:

- Психолог клиентпен адамгершілік қатынасқа емес, әрекет жағдайына түседі.

- Психологпен клиент қарым - қатынасы ақша арқылы іске асады.

- Психологта ешқандай проблема жоқ, оған клиенттен де еш нәрсе керегі жоқ.

- Психолог клиентпен достаспайды.

- Психолог жақын туыстармен кеңес жүргізбейді. 

- Психолог шаршамай, ауырсынбай, ренжіп – таусылмай жүргізеді.

Психологиялық кеңестің даму тарихы. Эберестің /б.э.д.ХУІ ғ./ мыңға жуық емдік жазбалары бар медициналық дәрі дәрмектің дауалылығына сенімді арттыратын дұғалар келтірілген екен. Ертедегі патшалар мен хандардың да арнайы кеңесшілері (жақсы сөз – жарым ырыс дегендей) болғандығы тарихта айтылып келеді. Ежелгі грек данасы, дәрігер Гиппократ /б.э.д.УІ ғ./  жаны, тәні ауырған адамға сөз (ерекше), шөп және пышақ шипа болады деген екен. ХУІІ ғасырдың ақырында емдеудің психикалық әдістерін ғылыми түсіндіруге талпыныстар жасалынып, олардың небір жаңа нұсқалары пайда бола бастайды. Одан кейінгі психикалық кеңестің даму қадамдары австриялық дәріггер А.Ф.Месмер /1734-18115 жж./ ілімінің негізінде пайда болған, гипноз жайлы ғылыми түсініктермен байланысты. Осыдан кейін, психологиялық әсер ету әдістерінің жәрдем берудегі ірге тасы қаланып, ауқымы анықтала бастады. Психологиялық кеңестің дамуы мен психиканың мотивациялық, энергетикалық жақтарын түсінуге З.Фрейд /1856-1939 жж./ еңбектері ерекше ықпалын тигізді. ХХ ғасырдың соңында З.Фрейд жеке адамның денсаулығына қатысты жаңа концепция (ережелер жинағын) ұсынды. Сонымен, бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін 20-шы жылдардан бастап, психологиялық жәрдем көрсетуде психологиялық бағыт кең тарала бастады.Психанализдің басты әдістері соңғы жүзжылдықта жетіле дамып, психология тәжірибесінде өз орнын алды. Осылайша юнгиандық бағыт /К.Г.Юнг/, адлерлік жеке-дара психология /А.Адлер/, К.Хорнидің клиникалық тәжірибесі, психодинамикалық ориентациядағы Э.Эриксон, Э.Фромм және т.б. постфрейдистер іс-тәжірибелері психоаналитикалық кеңес беру ауқымын кеңейтті. Карл Роджерстің директивті емес техникалары - клиент-центрлік терапия, Альберт Эллистің рационалды-эмотивті психотерапиясы, Виктор Франклдің логотерапиясы, Джордж А.Келлидің конструктивті альтернативтілік (яғни, өзгеше құрастырылған) психотерапиясы, Я.Л.Морено бойынша психодрама, Фредерик С.Перлздің гештельттерапиясы (бейне, форма, құрылым(структура) гештальтпсихология ХХ ғасырда пайда болған, бөлек бөлек талдау, бір тұтас дүние тануды блдыра алмайды деген психологиялық ойлау бағыты), Милтон Эриксон бойынша гипноз, Вирджиния Сатирдің жанұялық терапиясы және басқа да бағыттар мен іс-тәжірибелер психика нормасы мен жәрдем көрсету сияқты мәселелерді шешуге жағдай жасай бастады, психологиялық кеңестің дербес сала болуына септігін тигізді.

Алғашқы психологиялық кеңесті  психотерапиялық іс әрекет ретінде дәрігерлер қолданып, дамытты. Ал ХХ ғасырдың бастапқы жылдарынан-ақ, әлеуметтік салалардың қызметкерлері де психологиялық кеңеске қамтыла бастады. Осыдан барып, 1951 жылы АҚШ-ғы Солтүстік батыс конференциясының нұсқауы бойынша «консультативті психология» атауымен фундаментальді және қолданбалы аспектілері бар ғылыми сала бөлініп шықты. Консультативті психология психологиялық жәрдем көрсету процесін жүйелеп, сипаттаумен анықталады. Мұнда, психолог пен көмек сұраған адам арасында арнайы ұйымдастырылатын қарым-қатынасты пәрменді және мәнді психологиялық әсер ету әдісі, құралы деп қарастырады. Психологиялық кеңес жағдайындағы қарым-қатынас арқылы көмек сұраған адамның психологиялық мүмкіндігі, күш қуаты мен қабілеті өзектелінеді. Соның нәтижесінде, күрделі, мәселелік кезеңдерден шығудың жаңа жолдарының, мінез құлықтың әр түрлі нұсқаларының пайда болуы мүмкін болады. Осылайша, адам өміріндегі жағдайлар мен жеке басының мүмкіндіктеріне басты назар аударылады. Адамның психикалық науқасқа шалдығуына, ауруын анықтау т.б. денсаулық мәселесіне қатысты көмек беретін дәстүрлі психотерапиядан психологиялық кеңестің өзгешелігі де осында. Психотерапияға және психопатологияны емдеуге бағытталған клиникалық психологиядан психологиялық кеңесті ажыратып алу қажеттілігі көрініс берді. Кеңестік психологияның кең тарап, дамуының нәтижесінде,  1952 жылы Американдық Психологиялық Ассоциация кеңес жүргізетін психологтың ұстанымын (позициясын) тағайындады. Осыдан барып, дүниежүзілік тәжірибеде, психолог-кеңесші кәсібіи маман ретінде бекіді.

Қазіргі кезде психологиялық кеңес, психологиялық білімді қажет  ететін қай салада болмасын әсер етудің бір түрі (формасы) ретінде қоладанылады. Психологиялық іс әрекет, кәсіби бағдар беру, ағарту, өндірістік, менеджменттік, әлеуметтік, отбасы мен жеке бас мәселерінде де көмек көрсету құралы.

Психологиялық кеңес, психологиялық коррекция  және психотерапия жантану, медицина «әлемінде» бір мәнді анықталмайды. Психологиялық көмек беруде, психологиялық кеңес, психотерапия және психокоррекция модельдері (үлгілері) бір бірімен байланыста қолданылады. Олар жалпыланған әлеуметтік, клиникалық, дифференциалдық, тұлға психологияларының, тестологияның теориялары мен әдістеріне негізделеді.

Психологиялық кеңес, психологиялық  коррекция және психотерапия салалары бойынша аса кең тараған концепцияларға З.Фрейд психоанализі, К.Г.Юнгтің аналитикалық психологиясы, В.Рейхтің тәндік психологиясы, Ф.Перлздің гештальттерапиясы, Б.Скиннердің бихевиоризмі, К.Роджерстің гуманистік бағыты, С.Гроф пен К.Уилсбергтің трансперсоналды психологиясы және т.б. жатады. Психологтар қандай да бір психологиялық бағыттың идеялары мен әдістеріне арқалана отырып немесе оларды өзінше комбинациялап, кәсіби психологиялық көмек бере алады. Ғалым-зерттеушілер психологиялық кеңес ұғымын әр тұрғыдан қарастырса да, оның қарым-қатынас жасаудағы қиыншылықтарды шешуге бағытталғанын көрсетеді. Жарты ғасыр медицна саласында іс әрекет жасаған психолог ғалым В.Н.Мясищев, адамның басқалармен, әлеуметтік ортамен өзара қатынас жасауының бұзылуын немесе қиыншылықтарын невроздың әрі физиологиялық, әрі психологиялық көзі деп санады (1972). Сонымен қатар, арнайланған әңгімені (сұхбат) психологиялық кеңестің негізгі әсер ету құралы деп қарастырады. Әңгіме барысы тұлғааралық қатынастарға қатысты психологиялық мәселелерді талдауды және шешім қабылдауды қамтиды. Осының нәтижесінде клиент өз қарым қатынас саласын қайта құру потенциалын белсенді ету мүмкіндігіне ие болады.

Психокоррекциялық жұмыста  да, психотерапияда да әңгіменің сәйкес формалары, қолданылады. Алайда, психологиялық кеңес, психокоррекциямен және психотерапиямен сырттай біліне қоймас шекарамен өзгешеленеді де, тек шарты түрде бөлінеді (Sorey, 1977; Поляков, Спиваковская, 1985; Гулина, 1998, 2000). Психокоррекциялық және психотерапиялық әсерлер адам өміріндегі көптеген қиыншылықтары мен қақтығыстарына негіз болатын терең, жеке бастық мәселелерді шешуге бағытталады. Психотерапияда адам қатынасындағы көкейтесті жағдайлар ғана емес, сонымен қатар, өткен шақтағы – балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік, жастық кезеңдердегі оқиғалар еске түсіріліп, әңгімеге арқау болады. Сонымен қатар, түс көру мен ассоциациялар сияқты психикалық ерекше формалары психотерапияда белсенді қолданылады.

М.А.Гулина еңбектерінде (1998, 2000) психотерапияны медициналық салаға енгізу, психология ғылымдарының даму тарихына, тәжірибеде қолданатын психотерапия модельдерінің мәніне қайшы болатындығы келтіріледі. Дәрігер-психотерапевтің және психолог-психотерапевтің кәсіби қызметінің тиімділігі бойынша емес, осы екі жағдайда да психотерапевт пен клиент арасындағы өзара қатынас жасауда айырмашылық болады.  Медициналық модельдер пациентпен өзара әректтестік, өзара қатынас жасаудан бұрын, психологиялық әсер етуге бағытталған. Ал, психотерапия саласында қарым-қатынас арқылы психотерапевт (кеңесші мен пациет) клиентпен бірлесе отырып мәселені шешуге мүмкіндік  беретіндей байланыс жасалады. Сонымен қатар, өзара әрекеттестік, өзара қатынас клиенттің өз- өзіне және сыртқы ортаға деген қатынасының адекватты өзгеруіне, оның тұрақталуына жағдай жасайды. В.Н.Мясищев (1966, 1972) психотерапияны әрі емдеу әдісі, әрі патогенезді түсінуге негізделген жеке адамды қайта тәрбиелеу әдісі ретінде қарастырып қолдануды ұсынады. Ал, қайта тәрбиелеу нәтижесінде болатын жеке бастың оңды өзгерістері монологты, біржақты үрдіс емес. Сондықтан да, диалогтік қарым қатынас психотерапия негізі болады. Соңғы жылдарға дейін ғылым мен тәжірибеде психотерапияның, психологиялық кеңестің осы үрдістік бөлімі сипаттау үшін де, жалпылау үшін де күрделі мәселе болып келеді. Аталмыш мәселе қазақ тіліндегі психологиялық және медициналық ғылыми қорда, іс тәжірибеде әлі күнге дейін қарастырылған жоқ. Сонымен қатар, Брэммер және Шостормның көзқарастары бойынша психотерапия саласындағы психология мен медицинаның өз ара байланыстары континуум түрінде көрсетуге болады. Мұнда қандай да бір нақты клиентпен жұмыс жасағанда осы континуумның бір нүктесінде ғана болу мүмкін:

Психиатрия  мен неврология (Медицина)

 

Клиникалық  кеңес (Психология)

Клиенттерді дезадаптацияға дейін  жеткізген невроздар мен психоздарды емдеу

Психотерапиямен қайта тәрбиелеу

Өзгерістерді жоспарлау мен  мәселелерді шешу

Медициналық әдістер

 

Психологиялық әдістер

Нейрохирургия

Психохирургия

Электрошок

Наркосинтиез

Инсулинді шок

Седативті препараттар

Гармоналды емдеу

Витаминдер және т.б.

 

Психодиагностика

Ақпарата жинастыру

Мәлімет интерпретациялау

Сауықтыру техникалары

(remedial techniques)

Эмоциялық жағдайлардағы психологиялық  жұмыс

Жағдайларды зерттеп, сипаттау (case study)


Осы терапевтік континуумда  медицинаның және психологияның арасындағы психотерапия орнын көрсететін критерийлер екі топқа бөлінеді. Бұл – терапевтік объективті ерекшеліктерімен (терапевт - факторлар) және клиенттің психологиялық, клиникалық ерекшеліктерімен (клиент - факторлар) анықталатын факторлар.

 

Терапевт - факторлар

Клиент (пациент) - факторлар

- психотерапевтің психотерапиядағы тәжірибесі

- кәсібіи психотерапевтік тренингтен өту жағдайлары

- психотерапевтік саладағы терапевтің теориялық және диагностикалық білімдері

- терапевтік жауапкершілік дәрежесі

- мекеме типі (мысалы, ағарту, медициналық т.б.)

- құқықтық шектеулер мен нұсқаулар

- жеке адамның құрылымындағы бұзылу тереңдігі

- психологиялық қорғаныстар құрылымының дәрежесі

- эго мен жеке аданың басқа да қуаттарының күші

- симптомдардың соматикалық дәрежесі

- клиенттің (пациенттің) терапия алудағы мақсаты


Бірқатар ғалымдар психологиядан  психотерапия мен кеңеске қатысты  дербес саланы бөліп алуды ұсынады. Олардың концепциясы бойынша  терапевтік психология теориялық пән  болып саналады.

Сонымен қатар, Брэммер мен Шосторм психологиялыық кеңес пен психотерапияны медицина мен психологияның арасындағы емес, психологияның, соның ішінде терапевтік психологияның өз ішіндегі континуумның екі полюсі деп санайды.

 

Психологиялық кеңес

Психотерапия

а) ағартушы

ә) қолдаушы

б) жағдайға байланысты

в) мәселені шешуге бағытталған

г) санаға негізделген

ғ) «қалыпты» дамуға бағытталған

а) қолдаушы

ә) реконструкциялаушы

б) аналитикалық

в) тұлғамен терең жұмыс жасауға  бағытталған

г) санасыздыққа негізделген

ғ) невратикалық және басқа да күрделі эмоционалды мәселелерге бағытталған


 

Әдетте, психотерапия саласына жеке бас өзгерістерінің үрдістерін, ал кеңеске тұлғаны қолдаушы, жетілдіруші  әртүрлі әдістерді жатқызады. Б.Торн кеңес беруді «қалыпты» адамдардың мәселелеріне бейәмделген психотерапияның нақты типі ретінде сипаттайды (1985). Ал, Джордж Робинсон кеңес қалыпты адамдарға зерделеу, еркіндік, тұлғалыұ интеграция және  жауапкершілік дәрежесінің өсуі арқылы көрінетін адаптациялық /бейімділік/ дағдыларының әлдеқайда жоғарғы деңгейіне жетуге көмек беруге бағытталады деген идеяны ұсынады. (1991). М.А.Гулина психологиялық кеңесті маман мен клиент арасында болатын, кдиентті өз қоғамының әлдеқайда бақытты адам болуы, әлдеқайда жоғарғы жетістікке жетуіне үйренгуге бағытталған үрдіс деп анықтайды. Ал, психотерапияда үйренуден гөрі сана, санасыздық деңгейлеріне қайта үйрету орын алады.

Адамдардың психологтардан көмек сұрау формалары, арыздану ерекшеліктері мен олармен кездесуге  артатын үміттері де психологиялық  кеңес пен психотерапия арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді. (Алешина, 2000). Өз өмірлеріндегі қиыншылықтардың себептерін, одан шығатын ауыртпашылықтарды басқалардың негативті рөлдерімен байланыстыратындар психолог-кеңесшілердің клиенттері болады. Ал, өз ішкі жан дүниелерін, қажеттіліктер және тілек-ниеттерін тежеуде, реттеп, бақылауда «дәрменсізбін» деп санайтындар психотерапевт көмегін қажет етеді. «Құрбым менің жетістіктерімді қызғанатын болды» деген арыз психологиялық кеңес, ал «Мен бәрін өзімнің қызбалығымнан көремін» типтегі арыздар психотерапиялық жұмыстарды қажет етеді. Психологиялық кеңес көбінесе қысқа мерзімді болады. Әлбетте, клиентпен 1 кеждесуден 6 кездесуге дейін, ал өте сирек жағдайларда ғана бұдан артық кездесулер жоспарланады. Психотерапия үрдісі әлдеқайда ұзақ мерзімге – ондаған, тіпті жылдар бойы жүздеген кездесулерге созуға негізделген. Кейбір клинист мамандардың (Каплан, Сэдак, 1994) пірірінше психологиялық кеңес пен психотерапия айырмашылықтарыы сапалықтан бұрын, сандық сипатпен анықталады. Психологиялық кеңес әлдеқайда ұзақ та, терең түрдегі психотерапиялық жұмыстың өзіндік бір басбалдағы, алғашқы қадамы болады.

Кеңес пен психотерапия саласының көрнекті маманы экзистенциалды психология негізін салушы Ролло  Мэй кеңесшілерге қойылатын талаптар жәйлі көзқарасын негізге ала отырып, психологиялық кеңесшінің міндеттерін психологиялық дипломы бар, супервизор жетекшілігімен  жұмыс жасаған психолог, педагог мамандар шешеді деп санайды. Біздің республикамызда бұл мамандарға деген сұраныс соңғы онжылдық шамасында ғана пайда болып, кәзіргі кезде күн өткен сайын молаюда. Психотерапия бойынша мамандар біліміне қойылатын талап басқаша. Олар психологиялық даярлықтан өткен, арнайы медициналық білімі бар, ұзақ уақыт психотерапевтік кең көлемді жұмыс жасаған кәсіби психологтар болуы қажет. Сонымен қатар, психолог кеңесшінің  көмегін қажет еткен адам клиент деп аталса, психотерапевт жұмысында «клмент» деген емес, «пациент» деген дәстүрлі атаулар бар.

Психологиялық көмек  көрсету аясына Ресей ғалымдары  анықтап, қолданатын психокоррекция ұғымы да енеді. Кейбір ғалымдар психокоррекция терминдарін синоним ретінде қолданып та жүр. Дегенмен олардың арасында айырмашылықтар да көрсетіледі. (Кабанов, Личко, Смирнов, 1983). Психотерапия психопатологиялық бұзылуларды жойып, емдеуге бағытталады. Ал, психокоррекция әдістері қандай да бір психикалық ауытқуларды түзетуде, яғни коррекциялауда, патологияларды компенсациялауда қолданылады. Психикамен невросоматикалық функцияларды қалыпты етуге немесе жақсартуға бағытталған психологиялық әсер психотерапия мен психокоррекцияның ортақ мақсаттары болып табылады. Психотерапия мен психокоррекцияның әдістеріне аутогенді жаттығулар, тренинг түрлері, психотехникалық ойындар жатады. Сонымен қатар Ю.Е.Алешина пікірі бойынша «психотерапия» халықаралақ термин бола отырып, әлемнің көптеген елдерінде психологтың кәсібіи қызметіндегі әдістерге қатысты пайдаланылады. Қазіргі кезде психологиялық көмек беруде бір-бірімен мазмұндас үш ұғым - психологиялық кеңес, психотерапия және психокоррекция бір үрдістің сатылары болуы да әбден мүмкін.

Информация о работе Дамыта оқытудың тұлғалық-бағытталған үлгісі