Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2014 в 13:55, контрольная работа
Билингвизм /лат. Bilingualism - Bi – екі рет + lingua – тіл/ — қостілділік, дербес екі тілде бірдей ойлап, жаза білетін адамдардың психологиясын зерттейтін тіл білімінің әлеуметтік саласы.
Қоғам дамуының және халықтар арасындағы тұрақты әлеуметтік- экономикалық және мәдени қатынастар орнауының нәтижесінде, билингвизм жаппай бұқаралық құбылыс ретінде көрініс беріп отыр. Өйткені, көп ұлтты мемлекетте барлық халық экономикалық және мәдени өмірге бірдей дәрежеде қарқынды түрде араласады, нәтижесінде қостілділік кеңінен таралады.