Баланың дағдарысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2014 в 19:01, реферат

Краткое описание

Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе кезінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп санаған.
Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз

Содержание

1.Кіріспе.........................................................................................................3
2.Сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс.........................................................5
3.Баланың үш жастағы дағдарысы.............................................................9
4.Баланың жеті жастағы дағдарысы........................................................15
5.Қорытынды..............................................................................................22
6.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................24

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 53.41 Кб (Скачать документ)

Дағдарыс жасы туралы буржуазиялық теорияға қарсы болудың да қажеті жоқ сияқты. Өйткені баланың даму процесін түйіні мол шырмаулы мәселе екен деп санау да артық. Бұл жерде дамуды тек ішкі табиғи процесс деп түсіну де дұрыс емес. Жалпы алғанда ішкі дамуды биологиялык даму деп санасак, онда бүл ішкі секреция бездерінің өзгеруі болып шығады. Міне осы заңдылыққа сәйкес дағдарыс жасын мен ішкі даму жасы деп атамаған болар едім. Алайда, мен ішкі даму процесін баланың жеке басы мен ортаның бірлігі нәтижесінде оның дамуына ықпал етуші жағдайлар деп тұжырым жасар едім. Өйткені бала дамуындағы бұрынғы сапалар мен оның жасы өскен сайын жаңа қадамдар жасауына тірек болып, елеулі өзгерістерге ұшырап отыратындығын көрсетеді. Егер дамудың ішкі процесін дұрыс түсініп, оның себептерін анықтайтындай деңгейге көтерілсе, онда баланың дағдарысқа ұшырауы туралы теорияларға қарсы болудың да қажеті бола қоймайды.

Мен баланың дамуына әсер етіп отыратын ортаның ықпалын қозғаушы күш деп санайтын болсам, онда ортаның әр түрлі жас кезеңдерінде дағдарысқа ұшырау себептері оның ішкі дүниесінің өсіп-жетілуіне сәйкес жаңа сапалардың жасалуы деп санаймын. Өйткені баланың жасына қарай тіршілік ортасына әсерленуі түрлі сипатта болады. Бұл шындықты бекерлеуге біздің ешқандай құқымыз жоқ. Бала дамуында жана сапаларды игеріп, сатымен жоғары өрлеген сияқты болып отырады.

Баланың қажеттілігі мен ниеттілектерінің өсіп, олардың жасы өскен сайын түрлі мазмұн-сапаларды игеруі жалпы психикалық дамудың қайта құрылып, тіршілік жағдайына лайықты өзгеріл отыруы деп түсінген дұрыс. Баланың дамуы оның іс-әрекетіне орай жаңа сапаларға ие болады, егер сананы баланың өз ортасына қатынасы десек, соған орай оның саңасы да жақа мазмұнға ие бола бермек.

Баланың дамуында дағдарысқа ұшырау үнемі болып отыратын құбылыс. 3 жас пен 7 жас баланың дамуында елеулі өзгерістерге ұшырау кезеңдері, Осы кезеңде бала психикасының дамуында айтарлықтай жаңа сапалар пайда болып, олар келесі сатыға өту кезеңінде елеулі қиыншылықтарды басынан кешіреді. Соның салдарынан белгілі жас кезеңнің ерекшеліктері сапалык өзгерістерге ұшырап, алдағы жас кезеңіне тән қасиеттердің жасалуына бейімделеді.

Баланың бойындағы ерекшеліктер 3-6 ай ішіндегі адам танымастай жаңа өзгерістерге ұшырап, оның ішкі дүниесіңдегі елеулі құрылымдар пайда болады. Ал, баланың дағдарысқа ұшырау белгілері елеусіз болып қала береді. Осы орайда оның психологиялық өзгерістерге ұшырауы сыртқы орта мен маңындағы жағдайларға тәуелсіз екеңдігін аңғартады. Яслиден бала-бақшаға ауысқан баланың қылығындағы өзгерістер бізді таңдандырады. Осы орайда біздер сәби бойындағы елеулі өзгерістерді байқап көріп, сыртқы ортаның әсерінен гөрі оның ішкі жан дүниесінің елеулі өзгерістердің неғұрлым шапшаң қарқынмен дамығанына көз жеткіземіз, Сондықтан баланың ішкі өзгерістері әрқашан да оның өмірінде елеулі із қалдырып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Грейс Крайч. Психология развития. Спб. 2000.
  2. Мухина В.С. Возрастная психология. М. 1998.
  3. Обухова Л.Ф. Детская психология. М., 1995.
  4. . Кулагина И.Ю. Колюцкий В.Н. Возрастная психология М., 2002.

5.Выготский Л.С. Развитие высших психических функций М., 1960

6.Эриксон Э. Детство и общество. СПб.: ИТД «Летний сад», 2000 

7. Сухомлинский В.А. Методика воспитания коллектива. - М. Просвещение, 1981.

 

 

 

 

 


Информация о работе Баланың дағдарысы