1. Ұжым түсінігінің мәні.
Ұжым (латын "collectivus" - "коллективус")
- жинақтаушы, топ, бірлестік, деген
сөзінен шыққан. Ұжымға педагогикалық
ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде
әртүрлі сипаттама беріледі, солардың
бірінде: - ұжым кез келген адамдардың
ұйымдастырылған тобы, - ұжым –
жоғары деңгейде ұйымдасқан топ. Демек,
адамдардың бірігуі ортақ бір мақсатты
көздегенде және бірлесіп іс-әрекет атқару
нәтижесінде ғана жүзеге асады. Адам өмірінің
көп бөлігін ұжымда өткізеді. Мысалы, балабақшада,
мектепте, білім алуда, қызметте белгілі
бір ұжымның мүшесі болып саналады және
ортақ мақсат, ортақ бағытта жұмыс жасайды.
Бұл жерден мұғалімнің оқушылар ұжымымен
кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында
ғана нәтижелі көрсеткіштер болатындығы
байқалады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді
адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен
өмір сүре білу керек. Ол “Адамның күні
адаммен” деген қағидаға сай келсе керек
Сонымен ұжым тәрбие субьектісі және обьектісі
деп нақты айтуға болады. Оның А.С.Макаренко
өз еңбегінде көрсеткен нақты бірнеше
белгілері бар.
Олар:
1. Нақты мақсаттың - жалпы
әлеуметтік мәнді мақсатқа жетуде
саналы түрде бірігу процесі
жүреді. Кез келген топта трамвайға мінген
жолаушыларда да, ұрлық істелген қылымыскерлерде
де мақсат болады. Ұжымның мақсаты қоғамдық
мақсаттармен сәйкес келеді, яғни мемлекет
заңдарына, конститутцияға сай келеді.
2. Ынтымақтастық қарым-қатынастың,
бір-біріне көмек, жолдастық, қайырымдылық
сезімінің болуы. Жақсы ұйымдасқан ұжымда
бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік,
дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік
сияқты сана қалыптасады.
3. Біріккен іс-әрекеттің
- әрбір ұжым мүшесінің пікірі,
міндеттерінің және тәртіптің
болуы, жалпы біріккен іс-әрекеттің
атқарылуы, яғни қойылған мақсатқа
қол жеткізу үшін жалпы біріккен
іс-әрекет ұйымдастыру қажет. Адамдар
белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға
бірігеді. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін
белгі - олардың іс-әрекет қорытындысы
үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің
болуы.
4. Сайланбалы жетекші
органының болуы - ұйымдастыру құрылымдары,
қызметті реттейтін, жалпы сайланбалы
жетекші органының болуы, ұжымда
демократиялық қатынас пайда
болады. Басқару органы ұжымның беделді
мүшелерін ашық және тікелей таңдайды.
Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда
жеке тұлғаның еңбекке, адамдарға, жеке
және қоғамдық міндеттерге жауапкершілік
сезімдері қалыптасады. Сонымен қатар,
ұжымның атқаратын қызметтері бар. Олар:
Балалар ұжымының бірінші қызметі - тәрбиелік:
оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру жүйесі бола отырып, өзара
ұжымдық қатынаста, өзін қоғамның мүшесі
ретінде сезінеді, қоғамдық тәжірибені
меңгеріп, өмірде қолданады. Балалар ұжымының
екінші қызметі – ұйымдастырушылық: мұнда
әр оқушы ұйымдастырушы, орындаушы, яғни
өз іс-әрекетінің басшысы. Еңбек, ойын
танымдық іс-әрекеттерде өзара қарым-қатынасы
қалыптасып, машықтанады. Ұжымда өзара
тәуелділік, жауапкершілік, бір-біріне
көмек беру, бір-біріне талап қою, өзара
тату-тәтті, сыйластықта, достықта болу
мүмкіндігі туады. Балалар ұжымының үшінші
үшінші қызметі – ынталандырушылық: түрлі
қарым-қатынас арқылы ұжым мүшелерінің
құндылық бағдарының, өнегелілігі, адамгершілігі,
сұлулыққа құштарлығы, өмірді сүюі, өзін-өзі
сыйлауының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Бұл ұжымның материалдық, рухани байлығын
қалыптастыруға ықпал етеді. Осы қызмет
түрлерінде қолданылатын әдістер: ұжымды
ұйымдастыру әдістері; сендіру әдістері;
ынталандыру әдістері. Ұжымды қалыптастыруға
ықпал ететін тәрбие құралдары оқу, тәрбие,
еңбек әрекеттері мен мәдени-саяси іс-шаралар
болып табылады. Бұл тәрбие құралдары
оқушылардың бірлескен қатынастарын,
кез-келген әлеуметтік ортамен тікелей
қатынасын кеңейтуге, танымдық мақсат-мүдделерін
қанағаттандыруға, ой-өрісін кеңейтуге
ықпал етеді. Ұжымда жеке тұлғаның ұжым
мүшелерімен қарым-қатынасы ақпараттық,
іс-әрекеттік және эмоционалдық деңгейде
жүзеге асады. Ақпараттық деңгейде балалардың
өзара ақпарат алмасуы, туындағын мәселені
талқылау, шешімін бірлесе іздеу, болашақ
істерді жоспарлау мен болжамдау жүзеге
асады. Іс-әрекеттік деңгейде ұжым мүшелерінің
арасындағы қарым-қатынастар қызығушылығына
қарай бірлесе жобалар жасау мен оларды
шешу, жалпы мақсатқа бағытталған іс-әрекеттер
жүйесінен тұрады. Эмоционалдық деңгейде
ұжым мүшелерінің эмоционалдық сезімдік
жағдайлары басым рөл атқарады, олардың
бір-бірін түсінушілік, адамгершілік сезімдері
байқалады. Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің
түрлеріне қарай ажыратады: мамандық бойынша
(өндірістік, әскери, дәрігерлік, т.б.),
көркемөнерпаздар, қоғамдық (партия, кәсіподақ,
бірлестіктер, т.б.), ерікті ұжымдар (ғылыми,
әскери-спорт қоғамдары, т.б.), мектеп (педагогикалық
ұжым, жалпы ұжым, сынып, үйірме, т.б.), оқушылар
ұжымдары (сынып, клубтар, секция, еңбек
бірлестіктері, т.б.) болып бөлінеді. Олар
жас ерекшеліктеріне қарай: әртүрлі жастағы
және бірдей жастағы болуы мүмкін. Осы
ұжымдарда баланың тәрбиесін, оқуын, еңбегін,
танымдық іс-әрекеттерін, мәдениетін ұйымдастырудың
ең тиімді жолдары жүзеге асады.
Ұжым проблемасын зерттеуші
ғалымдар зерттеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін,
анықтамаларын беруде.
1. Ұжым - бірыңғай қоғамдық мақсаты
бар, мақсатты орындау барысында барлығының
өзара байланысты, жауапты міндеттері,
тапсырмалары, өздерінің ұжымдық органы,
басқа ұйымдармен тығыз байланысы бар
балалардың біріккен тобы (Г.И.Щукина).
2. Ұжым - арнайы мақсатқа бағытталған,
іс-әрекет негізінде ұйымдасқан адамдар
бірлестігінің формасы екенін көрсетеді
(Т.А.Ильина).
3. Ұжым - қоғамдық мәні бар, ортақ
мақсаттар негізінде жалпы бағыттарға
байланысты қарым-қатынас жасайтын адамдардың
әлеуметтік бірлестігі (Б.К.Бабанский).
4. Ұжым - көздеген мақсатқа жетудегі
ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен
сипатталатын адамдар тобы (Ж.Б.Қоянбаев).
5. Ұжым - оқушылардың өмірі мен
қызметінің мәдени ортасы, тәрбиешінің
тәрбиеленушілердің ішкі әлемін тәрбиелеу
үшін қолданатын құралы (П.И.Пидкасистый).
6. Ұжым - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің
шығармашылық ынтымағына негізделген
жұмыс жүйесі (И.П.Иванов).
7. Ұжым - бір-біріне ықпал ететін,
әлеуметтік жағдай туғызған ортақ мақсаты,
қызығушылығы, қажеттіліктері, тәртіп
ережелері нормалары бар, іс-әрекет құралдары,
ерік-жігерлері ортақ адамдар тобы (Г.М.Коджаспирова).
8. Ұжым - қоғамдық маңызы бар
мақсат, оған жету үшін бірлескен іс-әрекет,
ортақ құндылықтар және нормалар біріктірген
жоғары деңгейде ұйымдасқан топ (А.С.Агафонова).
Оқушылар ұжымы – қоғам жағдайында бала
өмірін ұйымдастыруда, тәрбие беруде мақсатты
бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-әрекет
негізінде оқушыларды біріктірудің ұйымдастырушылық
формасы ретінде шешуші рөл атқарады.
Ол ең алдымен оқу іс-ірекеті болып табылады.
Онда тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін
ұжымынан алады. Сонымен, Ұжым мәслесенің
зерттелуін, түрлерін белгілері, және
атқаратын қызметтерін қарастыра отырып,
мынадай анықтама беруге болады. Ұжым
- арнайы мақсатқа жетуде бірлесе қарым-қатынас
пен іс-әрекет атқаратын адамдар бірлестігі.
А.С.Макаренко өз еңбектерінде ұжымның
ұжымның өмір сүру немес даму заңы кейде
ұжымның қозғалыс заңы деп те аталады,
ол «Ұжым - ол тірі организм, ондағы даму,
қозғалыс - ұжымның өмір сүру формасы,
тоқтау - оның жойылу формасы» деп көрсетеді.
Бұл А.С.Макаренко ілімінің ұжымның кезеңдеп
қалыптасуының технологиясын дәл, нақты
айқындап бергендігін дәлелдейді. 2. Оқушылар
ұжымының даму кезеңдері мен перспективалары
Оқушылар ұжымының дамуы мен қалыптасуы
балалардың жас ерекшелігіне, мұғалімнің
іс-әрекет деңгейіне де байланысты. А.С.Макаренко
оқушылар ұжымының дамуын үш кезеңге бөлген:
а) Ұжым дамуының бірінші кезеңі – ұжымның
пайда болуы, алғашқы топ құру құрылу кезеңі,
мұнда оқу-тәрбие мақсатын оқушылар алдына
тікелей мұғалім қояды. Сынып белсенділері
болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа
тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл кезеңде
мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда
оқушыларды әр түрлі бірігіп атқарылатын
іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін
(оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш
салуы тиіс. Бұл кезеңде ұжым ең алдымен
педагогтың тәрбиелік ықпалдарының мақсаты
ретінде қызмет атқарады. Топты ұжымға
айналдыру бірлескен қызметтің мазмұнымен,
оның мақсаттарымен, міндеттерімен, құндылықтарымен
анықталады. Ұжымды ұйымдастырушы - мұғалім,
әрі ол талап қоюшы. Оқушылар ұжымы бұл
кезеңде жеткіліксіз ұйымдастырылған
топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру
үшін, жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап
іс - әрекеттің процесінде орындалуға
тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды
мінез-құлық нормасына үйрету әлеуметтік
тәжірибеге тарту болып табылады. ә) Ұжым
дамуының екінші кезеңі - белсенділер
ықпалының артуы, талапты мұғаліммен бірге
ұйымдасқан ұжым мүддесін түсінген белсенділер
тобы қояды. Сабақта және сабақтан тыс
іс-әрекеттің түрлері көбейіп, күрделене
түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды
оқушылардың мүдделеріне ғана емес, ұжым
қажеттілерін ескере отырып береді. Әрбір
оқушы бұл кезеңде өзін ұжым мүшесі ретінде
санап өз әрекеттерінің маңыздылығын
түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар
алға қойылған мақсатты біледі және түсінед
және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушының
рөлі мен қосатын үлесі анық болады. Бұл
кезеңде ұжым іс- әрекетінде белсенді,
ынталы, инициативалы оқушыларға сүйену
керек. Ұжым өмірінде мұндай тәсіл сыныпта
белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын
көбейтуге және мұғаліммен бірлесіп жұмыс
істеуіне әсер етуі мүмкін. Мұнда белсенді
оқушылар мұғалімнің талаптарын тек ғана
қолдап қоймайды, сонымен қатар өзі ұжым
мүшелеріне талап қояды. Екінші кезеңге
тән ерекшелік ұжымның құрылымының тұрақтауы.
Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе ретінде жұмыс
жасайды, онда өзін-өзі ұйымдастырудың
және өзін-өзі реттеудің механизмдері
әрекет ете бастайды. Ұжым өз мүшелерінен
белгілі мінез-құлық нормаларын талап
етуге қабілетті, соған байланысты талаптарының
көлемі бірте-бірте ұлғаяды. Сонымен, ұжымның
дамуының екінші кезеңінде жеке тұлғаның
белгілі сапалары мақсатты тәрбиелеудің
құралы болады. Бұл кезеңде педагогтың
негізгі мақсаты ұжымның мүмкіншіліктерін
ұжымның алдындағы міндеттерді шешу үшін
барынша пайдалану. Практикалық тұрғыдан
ұжым тәрбие субъектісі ретінде өз дамуының
белгілі деңгейіне жетеді. б) Ұжым дамуының
үшінші кезеңде – ұжымның кемелденуі,
мұнда педагогикалық талапты бүкіл ұжым
болып қоятын дәрежеге жетеді. Бұл кезең
ұжымның көркеуімен, шарықтауымен сипатталады.
Бұл кезең ұжымның жетілуі, ұжым мүшелерінің
іс-әрекеттер, қарым-қатынас нәтижелерін
бағалай білуі. Егер ұжым дамудың осы сатысына
жеткен болса, онда ол тұтас адамгершілік
тұлғаны қалыптастырады. Әрбір мектеп
оқушысы өзіне-өзі белгілі талаптарды
қоя алады, адамгершілік нормаларды орындау
оның қажеттілігі болып табылады. Мектеп
ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты
оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады.
Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы,
клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек
бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын
бастауыш ұжымдар деп атайды. Оқушылар
ұжымы ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды
құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым
және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын
көрсетеді. Адам ұжымда өз күшінің, өз
қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан
оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру
педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие
жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына
байланысты. Мұғалімнің міндеті болашақ
іс-әрекет жүйесін құру, осы іс-әрекет
барысында балаларға қажетті сапаларды
тәрбиелей отырып, бір міндет шешімінен
екіншісіне ұжымды қозғалту. А.С.Макаренконың
дәлелдеуінше, сынып жетекшісінің оқушыларға
ұжым дамуының жақын, орта және қашық перспективаларын
айқындауға көмектесуі тиіс. Перспектива
(болашақтық мақсат немесе болашақ үміт
) - оқушыларды қызықтыруға және топтастыруға
қабілетті практикалық мақсат. Ол бала
тұлғасын дамытатын, олардың даму деңгейіне,
жас және жеке дербес ерекшеліктеріне
сәйкес қоғам мақсат, міндеттерін түсіндіру,
әр түрлі іс-әрекетке ынталандыру, қызықтыру
(Р.Қоянбаев). 1. Қашық перспектива - бұл
ұжымның немесе оқушының бір істі ұзақ
мерзімде орындауға талаптану мақсаты.
Ол: - Болашақ мамандықты таңдау; - Мектеп
бітіргеннен кейін жұмыс істеуге тілек
білдіру; - Орта немесе жоғары арнайы оқу
орындарына түсу, т.б. 2. Орта перспектива
- уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғалар.
Ол: - Демалыс орындарына бару, т.б.; - Жыл
сайын өтетін ғылыми-шығармашылық байқауларға
қатысу,т.б.; - Әр түрлі пікірталас, әдебиет
кештерін ұйымдастырып өткізу, т.б. 3. Жақын
перспектива - оқушылардың күнделікті
өмірдегі орындалатын жұмыстары. Ол: -
Серуен, саяхат, көрмеге бару; - ойын-жарыстар,
- кештерге қатысу. Барлық даму сатыларында
ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады.
Дәстүрлер - ұжым өмірінде орныққан, қалыптасқан
тәжірибе, салттар, нормалар, принциптер,
ұжым өмірінің тұрақты формалары. Дәстүр
ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты,
ықпалды және тартымды етеді. Оның бірнеше
түрлері бар. 1. Дәстүрлі көпшілік шаралар.
2. Мектеп өмірінің маңызды оқиғаларына
байланысты ұйымдастырылған салтанатты
өткізу дәстүрлері. 3. Оқушылардың іс-әрекетіне
қатысты дәстүрлер. Ұжымды қалыптастыруға
ықпал ететін тәрбие құралдары ретінде
ең алдымен: Оқу; Тәрбие; Еңбек әрекеттері,
- Мәдени-саяси іс-шаралары. Ұжым мен жеке
тұлға арасындағы қарым-қатынас тек жеке
тұлға сапасына ғана емес, ондағы атқарылатын
іс-әрекеттер мен ұжымға да байланысты.
Әр тұлға ұжымдағы өз орнын алуға талпынады.
Бірақ кейбір обьективті және субьективті
себептердің әсерінен барлығы бірдей
табысқа жете бермейді. Ғылыми зерттеулер
нәтижесінде жеке тұлға мен ұжым арасындағы
қарым- қатынас моделі 3 түрге бөлінеді:
Конформизм – мұнда тұлға ұжым талаптарына
өз еркімен бағынады; Гармония – мұнда
тұлға ұжыммен бірлікті өмір сүру идеясын
ұстанады, яғни өзара үйлесімді қарым-қатынас
орын алады; Нонконформизм, Лидерлік-көшбасшылық
– мұнда тұлға ұжымды бағындырады Ұжымды
нығайту және қалыптастыру жолдары ретінде
ұжымның даму кезеңдерінде даму перспективалары
мен дәстүрлерін жатқызуға болады. Себебі:
барлық ұжым мүшелерін біріккен мазмұнды
іс-әрекетке тарту оны жүзеге асыру белгілі
бір нақты мәнді мақсат пен оны орындаудың
қатаң жолдары, құралдары және педагогикалық
басшылық қажет. Оқушылар ұжымын басқарудағы
мұғалімнің профессиограммасы Мұғалім
- оқушының интеллектуалдық негізін және
рухани дүниесінің қалыптасуына жауапты,
шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби
деңгейі жоғары, интеллектуалдық әлеуеті
мол тұлға. Интеллектуалды тұлға – өмірдің
кез келген ағымында пікірлесе алатын,
жаңашыл-шығармашылық тұрғыда өзіндік
білім алуға дайын, интеллектуалды қабілеті
дамыған тұлға. Қазіргі кезде дәл осындай
интеллектуалды мұғалім тұлғасы мектепте
талап етілуде. Адамзат тарихында мұғалім
тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына
байланысты өзгеріп отырған. Мұғалім тұлғасына
қойылатын талаптар Ежелгі Грек, Мысыр,
Рим философтары Демокрит, Аристотель,
Сократ, Марк Фабий Квинтилиан т.б. еңбектері
мен идеяларында көрініс табады. Мұғалімдердің
моральдық-психологиялық, этикалық сапалары
туралы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде
былай делінеді: «мұғалім бойында шыншылдык,
шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылық,
ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және
педагогикалық такт сияқты қасиеттер
сақталуы қажет. .... ол тым қатал да болмауға
тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек,
өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің
ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне
беру - ұстаздық қадірін кетіреді. Оның
берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос
қарайтын болады». Чех педагогы Я.А.Коменский
мұғалімдерге «ең тамаша міндет жүктелген,
күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе
жоқ» - дей отырып балаларды оқыту-тәрбиелеу
барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік
және дидактикалық принциптердің орындалуын
талап еткен. Педагогика тарихында мұғалім
тұлғасына қойылатын талаптар А.Дистерверг,
К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев,
А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев,
В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар
еңбектерінде ерекше қарастырылады. К.Д.Ушинский:
«Мұғалім мамандығы сырттай қарапайьш
болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің
бірі» - десе, П.Ф.Каптерев мұғалімдердің
адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына
көңіл бөле отырып, окыту мен тәрбиелеу
процестерінің тұтас жүргізілуі барысында
«оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып
оқыту» кағидасының сақталуын талап етеді.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды
профессиографиялық тұрғыда, Н.В.Кузмина,
В.А.Сластенин, Қ.Жарықбаев, Н.Намазбаева,
А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин, В.Г.Ковалев.
Л.Ф.Спирин, М.Н.Сарыбеков, т.б. зерттеген.
В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім
профессиограммасы мамандықтың паспорты
ретінде оның квалификациялық сипагтамаларын,
яғии қоғамдық-саяси, әлеуметтік және
психологиялық-педагогикалық білімдерінің
көлемдерін және ғылыми негізделген өзара
қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге
қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер
мен дағдыларды қамтуы қажет». Профессиограмма
- мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің,
педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
Бүгінгі таңда болашақ мұғалімнің профессиограммасын
жасау - қазіргі кездегі психология, педагогика,
социология ғылымдарының өзекті міндеттерінің
бірі болып саналады. Бұл міндетті шешуге
байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп
жүрген ғалым-психологтар, педагогтар
пікірі бойынша педагог профессиограммасы
мыналарды қамтиды: 1. Қоғамдық-саяси сапалар.
2. Әлеуметтік-психологиялық және ұстаздың
жеке сапалары. 3. Психологиялық және педагогикалық
дайындық. 4. Мамандық бойынша кәсіби дайындық.
5. Пән бойынша дайындық. Ғалым-психологтардың
(В.А.Кузмина, А.И.Щербаков және т.б. [5, 6])
пікірі бойынша педагог профессиограммасын
жасауда педагогтық қызметтің психологиялық
құрылымын ескеру қажет. Педагогтық қызметтің
психологиялық құрылымына жататын қасиеттер
мыналар: гностикалық, конструктивтік,
ұйымдастырушылық, бейімділік пен іскерлік.
Мамандар профессиограммасын жасауда
социологтардың «маман моделі» қасиеттерін
қамтитын мынандай төрт түрлі блок болады:
1) кәсіптік; 2) әлеуметтік; 3) саяси-идеялық;
4) әлеуметтік-психологиялық. Жалпылап
қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім
профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе
жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын
талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға
болады: - жалпы адамзаттық қасиеттері;
- кәсіби-педагогикалық касиетгері; - арнайы
пән бойынша білім, білік, дағдылары. Педагогикалық
іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы
мұғалімнің тұлғалық, кәсіби қасиеттерімен
тығыз байланысты болатындығын: А.К.Маркова,
Л.М.Митина, Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов, К.С.Успанов,
А.А.Молдажанова, т.б. зерттеген. Мұғалімдердің
кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай
негізгі қасиеттерді кіргізуге болады: оқушыларға
деген сүйіспеншілігі; педагогикалык,
процесті жүйелі жүргізе алуы; бақылағыштығы;
педагогикалык, құбылыстарға талдау жасай
алуы; педагогикалык, ойлаудың қалыптасуы;
қарым-қатынас жасай алуы; ұжымшылдық;
шығармашылығы және т.б. Оқушылар ұжымымен
жұмыс істеу үшін мұғалімге қажет қасиеттерді
зерттегендер: А.Сатынская, В.А.Сластинин,
Г.Сманова, К.Успанов, т.б. И.Е.Синица мұғалімнің
мынандай негізгі қасиеттеріне айырықша
тоқталады: байқағыштық; ілтипаттылық;
сенім; әділдік; төзім және сабыр сақтау.
Ұжымға басшылық жасауда Н.Е.Щуркова келесі
тәрбиелік міндеттерді ұсынады: 1. Тәрбиелеу
және дамыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
2. Ұжымды ұйымдастыру мен дамыту. 3. Оқушының
жеке тұлғасының дамуына көмектесу, жағдай
жасау. Ұжым үнемі өзеріп, оны құрайтын
адамдар ауысып отырады. Ұжымға жетекшілік
ету ережелері: 1. Педагогикалық жетекшілікті
оқушылардың өз қызығушылығына, ынтасына
қарай ұйымдастыру; 2. Ұжым - динамикалық
жүйе болғандықтан, қарым-қатынас, әсер
ету жобаларын өзгертіп отыру; 3. Педагог
басшы - мұғалімдер тобы мен отбасының
көмегіне сүйенуі тиіс; 4. Жалаңдыққа жол
бермеу; 5. Маңызды мәселерге байланысты
ортақ пікір тудырып отыру; 6. Ұжым мүшелерінің
өз міндеттерін орындауын қадағалау; 7.
Тұлғааралық қарым-қатынастың көпдеңгейлілігін
ескеру; 8. Ұжым мүшелерінің мүмкіндіктерін
дұрыс пайдалану; 9. Ұжым өміріне белсенді
қатысу; 10. Уақытша ұжымдар құру; 11. Ұжым
мүшелерінің жаңа қатынастар жасауына
мүмкіндік беретін іс-әрекеттер сипатын
өзгертіп отыру. Бұл ережелер ұжымның
ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне
сай жүзеге асырылуы ұжымның да, тұлғаның
да дамуына оң әсер ететін жағдайлар жасайды.
Оқушылар ұжымын қалыптастыру бойынша
тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін мұғалім
білім, біліктерді меңгерулері қажет.
Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының,
қозғаушы күштерінің және тәрбие механиздерінің
объектісі ретінде педагогикалық процестің
мәні мен құрылымы туралы теориялық білім.
Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен
тәжірибесі және оның негіздері мен даму
заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің
болуы. Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайымен
деңгейін диагностикалай алу, біртұтас
педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне
диогностиканы негіздей алу, ұжым дамуын
болжау үшін диагностикалық мәліметтерді
пайдалана алу. Педагогикалық ықпалдастырудың
негізгі құрамдарын білу және оларды балалар
ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана
алу . Әрбір оқушыны қызығушылығы мен қабілетінің
сәйкес жалп мақсатқа жетуге бағытталған
оқудағы және оқудан тыс іс- әрекеттерін
ұймдастыра алу. Алғашқы ұжымды қалыптастыруда
мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен
ұжымда өзін-өзін басқруды үйлестір алу.
Мектепте және мектептен тыс уақыттарда
алғашқы ұжымды басқа ұжым түрлерімен
өзара байланыс жасауының рөлін түсіну
(Абай ат. АҰУ). Мұғалімдердің оқушылар
ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы
барысында әлеуметтік белсенділік ретінде
мынадай күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады:
жауапкершілік, белсенділік, ізденімпаздық.
Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен
өзара қарым-қатынас жасаудың негізінде
ұжым қызметін ұйымдастыруға даярлығы
арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық
процесс теориясында бұл өзара қарым-қатынас
өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм
болып табылады және қызмет барысындағы
ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Интеллектуалды
ұлт білімді, ғылымды меңгерген тәрбиенің
бастауларын толық қамтитын тұлғадан
қалыптасады. Интеллектуалды ұлт – моральдық,
мәдени, интеллектуалдық тұрғыда бәсекеге
қабілетті, барлық ақпараттардан хабары
бар, өзінің ғылыми, мәдени, біліми ақпараттарын
еркін тарататын әлеуеті бар қоғам. Интеллектуалдық
қоғам қалыптасуының басты ядросы – адам
капиталы. Ұлттың интеллектуалдық әлеуетін
арттыруда басты құндылықтар ретінде
адам капиталын дамыту басты орында тұруы
заңды. Адам – қоғамның басты жемісі. Елімізде
«интеллектуалды азамат» қалыптасуы жолында
олардың қоғамдық санасына ықпал етерлік
гуманитарлық технологиялардың кешенді
зерттелуі, нәтижелері стратегиялық мақсатта
орындалуы тиіс. Жаңа тұрпатты мұғалім
интеллектуалды ұлт ұрпағын тәрбиелейтін
тұлға болу керектігі қазіргі кезде өзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Ол креативті
идея мен жаңа білімді ұсынушы, жаңа технологияны
жасаушы болу керек. Креативті тұлға шығармашылық
пен ізденістің нәтижесінде өз іс-әрекетін
жоспарлап ұйымдастыра алатын тұлға болу
керектігі дәлелденуде. Осы тұста Абай
атамыздың: Іздеген жетер мұратқа, өзіңе
сен, өзіңді алып шығар. Еңбегің мен ақылың
екі жақтан,- дей отырып, биылғы Елбасы
Жолдауындағы «Мәңгілік ел» идеясы туралы
жастардың қолында екендігін көрсетуге
болады. «Ғылым жетістігімен инновацияға»
мақсатымен елін сүюді, жерін сүюді мұрат
еткен және сол бағытта адамзат капиталын
дамытуға жұмыс жасауға үйрету қажет.
Адам мәңгілік өмір сүре алмайды, мәңгілікке
адамның істері ғана жасайды. Өскелең
ұрпақтың интеллектуалдық негізін және
рухани дүниесін қалыптастырушы шығармашылықпен
жұмыс істейтін мұғалім ғана, халқымыздың
болашағы балалар тәрбиесіне ұжымшылдық
бірлесе бірлікпен ойдың тынымсыз жұмысын,
орасан зор шығармашылығын көрсеткенде
ғана Қазақстан Мәңгілік ел болатындығына
сенімдімін. Мұғалім қызметі үнемі гуманистік
сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы
бір ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің
жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың
бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай
жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін
тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек,
оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға
деген қажеттілікті оята білуі керек,
әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының,
мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті
- адамгершілік қадір-қассиетті сезінуге
тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет
- адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік,
оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби
жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне
сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына,
шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне
тікелей байланысты. Педагогикалық еңбектің
ұжымдық сипаты. Мұғалім үнемі балалар
ұжымымен жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары,
даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі
балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын
басқара білу оңай іс емес. Ол үлкен педагогикалық
шеберлікті талап етеді. Мұғалімдер әр
баланың тұлғасын қалыптастыруда оларды
интеллектуалдық жағынан дамытуды, эмоционалдық,
рухани, дене тәрбиелерін жетілдіруді
көздейді. Ал шәкірттің тұлға ретінде
қалыптасуын басқару өте күрделі процесс
екені балалардың әрдайым психологиялык,
физиологиялық, педагогикалық өзгеріс
үстінде болатындығына байланысты. Басқа
мамандықтарға қарағанда мұғалімдік еңбектің
нәтижесін өлшеп отыратын дайын арнайы
құралдар болмайды, оларды өлшеу үшін
балалардың бойындағы тұлғалық қасиеттердің
өзгеруін күтуге тура келеді. Егер мұғалім
баланың бойында адамгсршілік сезімдсрді
оята алса, ізгілік дэнін сеуіп, оларды
тереңінен сусындата білсе, ондай педагогикалық
ықпал баланың өмір бойғы рухани азығына
айналуы мүмкін. Педагогикалық іс-әрекет
қызығы да, қиындығы да мол кызмет. Себебі
мұғалім ата-аналар сияқты бір-екі баланы
ғана тәрбиелемейді, ондаған әр түрлі
қабілеттері мен бейімділігі, қызығушылығы,
мінез- қүұқы мен әдет- ғұрыптары, түсінігі
мен көзкарастары әр деңгейдегі жасөспірімдерді
тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік
жекеленген ерекшелігін дамытады, ынтымақты,
тату, жарасымды ұжымға топтастыра отырып
әр балаға жеке адам ретінде шынайы қамқорлық
жасауға тырысады. Қазіргі заман мұғалімі
қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің
бірі -жастарға рухани тұрғыдан ықпал
жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің
нағыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін,
отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару.
Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, саясат,
өнер, адам, айнала қоршаған дүние туралы
ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы
керек. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігінің
басты көрсеткіші - баланың тұлғалық қасиеттерін
қальштастыру болғандықтан, педагог шәкіртінің
даму, тәрбиелену заңдьлықтарын жете біліп,
оның ішкі жан дүниесін сезіне алуына
арнайы үйренуі керек. Мұғалім еңбегінің
ерекшелігі оның баламен үнемі тығыз қарым-қатынаста
болуымен және онымен рухани жагынан араласуымен
сипатталады. Себебі бала жансыз зат, материал
емес. Мұғалім еңбегі ептілікті, сезгіштікгі,
шыдамдылықты әрі сергектікті талап етеді.
Мұғалім - бала жанын сезе білуге, түсінуге
бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан
жалықпайтын және осындай қарым-қатынастың
өзіне сүйсіне алатын адам. Мұғалімнің
балаға деген сүйіспеншілігі оның бойындағы
барлық қасиеттерді ауыстыра алмайды,
қайта басқа қасиеттердің айқын көрінуіне
негіз болады. Мұғалімнің балаға шынайы
сезіммен, құрметпен қарауы балада да
мұғалімге деген сыйластық сезімін тудырады.
Сондықтан мұғалімнің жалпы мәдениетінің
жоғары дәрежеде болуы, оның интеллектуалдық
мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани
байлығы тұтас педагогикалық процесті
тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
Мұғалім тұлғасын сипаттайтын негізгі
кәсіби маңызды қасиеттері оның педагогикалық
әдебінің көрсеткіші де больш табылады.
Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше
педагогикальқ әдеп әр мұғалімнің жас
мөлшеріне, темпераментіне, мінезқұлкына
байланысты келеді. Педагогикалык әдеп
- мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. өзінің
«Педагогикальқ әдеп және ұстаздьқ шеберлік»
деген еңбегінде Сонымен қатар қазіргі
зерттеушілердін пікірінше эмпатия ұғымы
да мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің
бірі болып саналады. Эмпатия - мұғалімнің
оқушылардың психикалык жағдайын, көңіл-күйлерін
түсінуі, өзін басқа адамның-орнына қоя
алуы. Сонымен педагогтың кәсіби маңызды
қасиеттері ретінде оның балаға деген
ынта-ықыласын, сүйіспеншілігн, педагикалық
еңбекке қызығушылығын, психологияльқ-педагогикалық
сезгіштігін, байқағыштығын, әділдігін,
талап қоя білушілігін, табандылығын,
ұстамдылығын, өзін-өзі басқара білуін,
қайырымдылығын, мейірімділігін, кәсіби
еңбекті сүйе білуін, ғылыми ой-өрісінің
тереңдігін, рухани танымдық қызығушьшығын,
интеллектуалдық белсенділігін, педагогикальқ
өздігінен білім алуға ынталылығын, шығармашылықпен
ынтымақтастықты қолдауын, жаңашыл педагогтардың
идеяларын түсінуін, қабылдауын атап өтуге
болады. Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін
жете игерген, шығармашыльқ еңбек ететін,
педагогикальқ шеберлігін үнемі жетілдіріп
отыратын адам. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігі
оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер
де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік
қай мамандьқта болмасын кездеседі. Бірақ
адам мамандық ерекшелігімен дүниеге
келмейтіні ақиқат. Педагогикальқ шеберлік
- кейбіреулерге ғана берілген табиғат
сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі
үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің
қалаған мамандығына деген құштарлығынан
туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы. Кәсіби
құзыреттілік. Қазіргі таңда әрбір адам
өзінің қызығушылықтарына, қабілеіттілігіне
байланысты бір мамандықты немесе кәсіпті
тандауын анықтауы кажет. Бір мамандықты
игеру үшін адам арнайы жоғары оқу орындарына
түсіп өзін-өзі іске асыруға тырысады.
Мамандықты терең меңгеруге байланысты
кәсіби құзыреттік ұғымы орын алады. Қазіргі
білім берудегі негізгі нормативті құжаттардың
басым көпшілігінде «кұзіреттілік» ұғымы
негізгі түйін сөздер қатарында карастырылып
келеді. Алдымен «құзіреттілік» ұғымының
этимологиясына тоқталатын болсақ, ол
латын тілінің «соmpetе» деген сөзінен аударғанда
«білу», «істей алу», «қол жеткізу» деген
мағынаны білдіреді. Педагогикалық тсрминологиялық
сөздікте құзіреттілік ұғымы екі тұрғыдан
сипатталған: 1) нақты білімдері мен дағдылары
арқылы кейбір міндеттерді шешуге ат салыса
алатын немесе мәселені өз бетінше шеше
алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері; 2)
танымдық және тәжірибелік іс-әрекеттердің
теориялық тәсілдерін меңгеру дәрежесімен
анықталған жеке тұлғаның білімділік
деңгейі Тек білімді болу адам үшін жеткіліксіз,
адам бір мамандықтың иесі болып, құзырлы
маман болуға тырысуы керек және сол өзі
меңгерген мамандығы арқылы өзінің тұлғалық
әлеуетін жан-жақты іске асыра алады. Әрине,
кейбір адамдар өздерінің қабілеттерін
бірнеше салада (ғылымда, мәдениетте, өнерде)
көрсете алулары мүмкін. Бұндай жағдайда
кәсіби құзіреттілікпен қатар жеке тұлғаның
түрлі салаларда табысты іс-әрекет жасай
алатын дарындылығы байқалады. «Кәсіби
құзіреттілік» ұғымы ең бірінші жеке тұлғаның
кәсіби білімінің деңгейімен, жеке қабілеттерімен,
өзін-өзі жетілдіру және үздіксіз іскерлігімен,
өз ісіне деген шығармашылығымен, жауапкершілігімен,
теориялық білімдерін практикада тиімді
қолдана алуымен анықталады. Шығармашылық
ұғымы. Философиялық тұрғыдан қарастырғанда
шығармашылық - жаңа сапалы материалдық
жэне рухани құндылықтарды жасаудағы
адамның белсенді іс-әрекеті ретінде карастырылады.
Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық-адамның өзіндік
және белсенді іс-әрекетінің жоғарғы формасы
ретінде түсіндіріліп өзінің әлеуметтік
маңыздылығымен және жаңашылдығымен бағаланады.
Мысалы, қазіргі кездегі ғылымның, техниканың
жетістіктеріне {компьютер, интернет,
ұялы телефон, медицинадағы улътрадыбыстық
диагностикалық аппараттар, лазер сәулелері
арқылы емдеу, т.б.) көптеген ізденуші ғалымдардың
шығармашылық іс-әрекеттері арқылы ғана
қол жеткізіп отырғанымыз анык. Шығармашылық
процесс - әрқашанда көпшілікке белгілі
қалыптасқан білімдер жүйесінен ерекшеленуімен,
бір құбылысқа жаңаша көзқарасты қалыптастыруымен,
бірі біріне ұқсамайтын құбылыстар арасындағы
ұқсастықтарды анықтай алуымен, мәселелерді
шешудегі тиімділігімен құнды. Шығармашылық
тұлға - әрқашанда еркін, өзін-өзі жан-жақты
дамытуға дайын, бәсекелестікке қабілетті,
құзіреттілігі мен белсенділігі жоғары
адам. Шығармашылықпен айналысуда адамның
тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар
оның табандылығы, бастаған істі аяғына
дейін жеткізе алуы, ойдың еркіндігі мен
батылдығы, болжам жасай алуы, өз күшіне
деген сенімділігі сияқты тұлғалык қасиеттері
өте маңызды. Яғни,шығармашылық адамның
тұлғалық қасиетіне жатады,сондықтан
мұндай қабілетті әр адам жас кезінен
өз бойында дамытқаны жөн. Ал өз күшіне
сенімсіз, жасықтау адамдар ешқашанда
өз беттерінше үлкен жаңалықтарға қол
жеткізе алмайтынын «Шығармашылық» ұғымына
қатысты қазіргі психологиялық, педагогикалық,
әлеуметтік ғылымдар саласында шығармашлық
ойлау, шығармашылық қиял, шығармашылық
іс-әрекет, шығармашылық ойын, шығармашылық
қабілет сияқты терминдер жиі қолданылуда.
Қазіргі кезде адамдардың іс-әрекеттерінің
сипатына байланысты шығармашылықтың
мынандай түрлері ажыратылады: - ғылыми
шығармашылық (бұрынғы ғылыми білімдерге
қарағанда артықшылығымен бағалы жаңа
білімдер жүйесі); - көркем шығармашылық (жаңа
көркем әдебиет туындылары); - техиикалық
шығармашылық (жаңа техникалық кұралдар
мен жаңа технологиялар); - педагогикалық
шығармашылық (жаңа мазмұн, педагогикалық
әдістер, қағидалар, педагогикалық жүйелер
т.б.) Көптеген зерттеушілердің пікірінше
шығармашылықтың жемісті болуына адамның
сезім күштерінің әсері өте зор. Бір мәселені
ұзақ зерттеу барысында адам өзінің, ішкі
күштерін толық соған жұмылдырып, жүрсе
де, тұрса да ойымен сол бағытта белсенді
жұмыс істесе, шабытының шырқауы аркылы
шығармашылық шыңына жетуі мүмкін. Мұғалім
шығармашылығы және озық педагогикалық
тәжірибе. Психологиялық-педагогикалық
ғылымдар саласында шығармашылық іс-әрекет
ерекшеліктерін зерттеумен айналысқандар
Л.С.Выготский, СД.Рубишнтейн, А.В.Брушлинский,
О.К.Тихомиров, Т.А.Маслоу, Б.Г.Ананьев т.б.
болған. Педагогикалық іс-әрекеттер ерекшеліктеріне
байланысты педагогикалық шығармашылық
ұғымы кеңінен қолданылады. В.А.Сластениннің
еңбектерінде педагогикалық шығармашылық
педагог тұлғасының жеке, психологиялық,
интеллектуалдық күштері мен қабілеттерін
іске асыру процесі ретінде қарастырылады.
Кез келген іс-әрекетке адам шығармашылық
тұрғыдан қарауды қалыптастыруы қажет,
себебі онсыз дау, ілгері жылжу, прогресс
болмайды. Оқу-тәрбие ісінде оқушылардың
шығармашылығын шыңдайтын, тек шығармашыл
ұстаз ғана. Сондықтан көп мәселелердің
шешімінің тиімділігі мұғалім тұлғасының
шығармашылығына байланысты. Педагогикалық
шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен,
қайталанбастығымен ерекшеленетін шығармашыл
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық
іс-әрекет. Педагогикалық шыгармашылық
- мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық
ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің
жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына
неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай
жасай алуы. Ондай мұғалімдердің әрбір
өткен сабағы балалар үшін өте кұнды да
бағалы, мұндай сабақтарға балалар қуана
жүгіріп келеді, мұғалімнен бір қызықты
жаңашылдық күтеді. Шығармашық мұғалімдердің
өзінің ішкі жан дүниесінде, көңіл-күйінде,
балалармен қарым-қатынасында үйлесімділік
байқалып тұрады. Олар әр сабақты бір шығармашылықты
шыңдау лабораториясына айналдырып жібереді.
Мұғалім бір сабақтың үстінде бірнеше
рөлді бірақ атқарып тұрады. Ол балаларға
білім беруімен қатар сценарист те, басты
рөлді орындайтын актер де, режиссер де,
суретші де, декоратор да, костюмер де,
визажист те, дизайнер де, тәртіпті қадағалаушы
да, психолог та бола алуы керек. Педагогикалық
шығармашылық бірнеше кезеңдерден құралады.
1. Шығармашылдық педагогикалық міндеттерді
анықтау. 2. Педагогикалық ықпал ету әдістерін
жобалау. 3.Балалармен тікелей әрекеттесу
арқылы белгіленген жоспарды жүзеге асыру.
4. Қол жеткізген педагогикалық нәтижелерді
талдау. Ұстаз шығармашылығы сабақтың,
дәрістің тиімді жүргізілуінде, оқушылардың
жас және дербес ерекшеліктерінің ескеріліп
олардың бірлесіп жұмыс істеулерінде,
және басқа да педагогикалық іс-әрекеттерде
жан-жақты байқалып тұрады. Б.Р. Айтмамбетова
шығармашылық жолда еңбек ететін барлық
мұғалімдерге ортақ педагогикалық идеяларды
былайша жіктейді: - ынтымақтастық педагогикасын
жүзеге асыру идеясы; - әрбір жеке оқушының
ішкі жан дүниесін білу арқылы тығыз карым-катынаста
болу идеясы; - тұтас педагогикалық процесті
гуманитарландыру, демократияландыру
идеясы; - қиын әрі күрделі мақсаттарды
алдын-ала білу идеясы; - тірек сигналдары
арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіске
үйрету идеясы, - оқушылардың білім алуында
және оны бағдарлауда еріктілік принциптерін
жүзеге асыру идеясы, - оқу материалын
өту барысында бағдарламадан озып отыру
идеясы; - ірі блоктар идеясы; - оқушыларды
өздерінің білімдеріне, жұмыстарына талдау
жасауға және бағалай білуге үйрету идеясы;
- сынып оқушыларының интеллектуалдық
дәрежесін жетілдіру идеясы; - коллективтік
шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру
идеясы; - шығармашылык өнімді еңбекті
ұйымдастыру идеясы; - мұғалімдер ұжымымен,
ата-аналар және жұртшылықпен ынтымақта
болу; - қазіргі уақыттың әлеуметтік парызын
орындауда мектеп пеп қоғамның тығыз байланысын
жүзеге асыру идеясы. Шығармашылыққа үйрену
жолдары. Шығармашыл педагог болу - қазіргі
дамуы жылдам ақпараттық ғасыр талабы.
Қазіргі таңда маман өзінің шығармашылық
әлеуетін үнемі жетілдіріп отыру дағдысын
қалыптастырмайынша оның кәсіпке жарамдылығы
да төмендей береді. Ал жоғарғы оқу орындағы
теориялық білім нәрімен сусындап жатқан
студенттер де өздерінің танымдық белсенділіктерін
дамытып, шығармашылық қабілеттерін жетілдірулері
қажет, себебі ол ертеңгі кәсіби-педагогикалық
іс-әрекеттерінің нәтижесіне тікелей
әсерін тигізетін факторлардың бірі. Болашақ
мұғалімдердің білім шаңырақтарындағы
бүгінгі табысты оқу іс-әрекеттері - ертеңгі
кәсіби құзіреттіліктерінің, бәсекеге
қабілеттіліктерінің кепілі. Өз шығармашылығы
арқылы педагог әр сабақта оқушыларды
да шығармашылыққа баулуы керек. Жаңа
біліммен таныстырудың өзі шығармашылық
тұрғыдан жүргізілуі тиіс. Егер мұғалім
оқушыларға дайын білімді баяндап бере
салса, балалардың шығармашылығы дамымайды.
Керісінше проблемалық сұрақтар қою арқылы
балалардың ойын жетектеу, өз беттерінше
ізденулері арқылы білімді меңгерту, өздері
бір мәселенің шешімін ойластырып табуға
жағдай жасау жиі іске асырылса оқушылардың
шығармашылығын дамытуға негіз қаланады.
Оқушылармен шығармашылық тұрғыдан жұмыс
істей алу үшін мұгалімдер қалыптасып
қалған бірқалыптылықтан шығу жолдарын
іздестіріп өздерінің біліктіліктсрін
үнемі жоғарлатып отырулары қажет. Көптеген
диагностикалық тесттер арқылы әр болашақ
маман өзінің шығармашылық әлеуетін анықтап,
сол бағытта қабілеттерін дамыту жұмыстарымен
шұғылданса, ертеңгі кәсіби іс-әрекетте
жетістіктерге жетуі ықтимал. Бүгінгі
мектептегі мұғалімді де, оқушыны да, жоғары
оқу орнындағы студенттерді де шығармашылыққа
баулудың бір жолы - оларды шығармашылық позицияға
қоятын педагогикалык процестің элементарлық
бірлігі болып табылатын псдагогикалық
ситуация. Әр педатогикалык ситуация білім
алушының толыққанды дамуына, шығармашылыққа
ынталандыруға ықпал беруі қажет. Болашақ
мұғалім өзінің кәсіптік жұмысының шығармашылық
сипатын алдын ала сезінуі кажет. Өз ісіне
шығармашылықпен қарамайынша оның еңбегінің
нәтижесі де қуантарлықтай болмайды. Ол
көп жылдар бойы жинақталған педагогикалық
қазынамен танысып оны игерудің өзіндік
жеке бағдарламасын анықтауы керек. Жалпы
танысып қана қоймай өзіндік педагогикалық
папка әзірлеп қызықты жаңа материалдарды
жииақтап, әдебиет тізімдерін, маңызды
сайттарды өзіне жүйелеп жазып алғандары
абзал. Бұл материалдардың барлығы педагогикалық
практика кезінде, немесе алғашкы мұғалімдік
қызметінде жақсы септІгін тигізеді. Біртіндеп
мұғалімнің ізденушілігі арқылы жаңа
педагогикалық кітаптар, білім беру саласына
катысты Заңдар, тұжырымдамалар, бағдарламалар
жинақталып өзінің жеке педагогикалық
кітапханасы қалыптаса бастайды. Болашақ
ұстаздардың шығармашылық іскерліктерін қалыптастыруға
олардың ғылыми әдебиет көздерін, мерзімді
педагогикалық басылымдарды өз беттерінше
зерттеп, жаңашылдықты іздестірулері,
құнды деректерді жинақтаулары, өздерінің
педагогикалық қорын байытулары жақсы
ықпал етеді жэне олардың кәсіби табысты
нәтижеге жетулеріне мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар үздіксіз педагогикалық
практика кезінде студенттерге нақты
мектептің педагогикалық процесі жағдайында мұғалім
міндеттсрінің сан алуан түрлерімен танысып,
оларды шығармашылықпен шешіп көруіне,
өзіндік шағын эксперименттер жүргізуге,
өздерінің педагогикалық шеберліктерін
сынап көруге, «ұстаз-шәкірт» қарым-қатынас
жүйесінде өздерінің жетекшілік ролдерін
сезінуге мүмкіндіктер жеткілікті. Ең
маңыздысы осындай мүмкіидіктерді дұрыс
пайдалана алу, болашақ мамандықтарының
қыр-сырын саналы түрде меңгере білу қажет.
Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі
әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен
ойлай білетін, педагогикалық процесті
жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын,
оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби
психологиялық-педагогикалық қызметті
дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған
болуы керек. Пән мұғалімдерінің міндеттері
- өзіне бектілген студенттерді өзінің
оқу – тәрбие жұмыстарының жоспарымен
таныстырады, ашық сабақтар мен сабақтан
тыс шаралар өткізіп, оларды талқылауды
ұйымдастырады; - практиканың топтық жетекшісімен
бірге студенттердің арасында сабақтардың
тақырыбын және пән бойынша сабақтан тыс
шараларды бөліп белгілейді; - студенттерге
үйірме жұмыстарын өткізуге, дәптер тексеруге,
көрнекі құралдар жасауға, кино және диафильмдерді
демонстрациялауға, зерханалық жұмыстарын
дайындауға және т.б жұмыстарды тапсырады;
- студенттерге мінездеме береді және
олардың оқу жұмысын бағалайды; - педагогикалық
практиканың қорытындысы бойынша оқу
– тәрбие мекемесінің жетекшілерімен
өткізген жиналыстарға, сондай – ақ мүмкіндігінше
институттағы бағыт беруші және қорытындылаушы
конференцияларға қатысу. Сынып жетекшісінің
міндеттері -студенттерді сыныптан жалпы
ерекшеліктермен, негізгі тәрбие міндеттерімен
және өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады;
- педагогика пәнінің оқытушысымен және
топ жетекшілерімен бірігіп студенттерге
тәрбие жұмысының жоспарын жасауға көмектеседі,
жоспарды бекітеді, оның орындалуын қдағалап,
кеңес береді; - психология пәнінің оқытушысымен
бірге практиканттардың оқушыларды және
сынып ұжымын зерттеу жұмыстарына, психологиялық
– педагогикалық мінездеме жасауына жасауына
жетекшілік жасайды; - студенттердің өз
бетінше жасаған тәрбиелік іс – шараларына
және оны талдауға, баға қоюға қатысады;
- студенттерді сыныптың (топтық) күнділікті
тәрбие жұмыстарына тартады; - студенттерге
мінездеме беріп, олардың тәрбие жұмысын
бағалайды; - педагогикалық практика бойынша
оқу – тәрбие мекеме жетекшілерінің өткізген
жиналыстарына, сондай – ақ институттағы
бағыт беруші және қорытындылаушы конференцияларға
қатысады. Өзін-өзі тәрбиелеу процесінде
адам тәрбиелік процестің белсенді субъектісі
ретінде қарастырылады. Әр адамның өз
өмір жолына көз жүгіртіп, өткен-кеткенді
ой елегінен өткізіп, болашағына үңіліп
көрген сәттері болған шығар. Өміріндегі
Әр адам көпшілік ортада өзінің беделінің
жоғары болуын қалайды, басқаларға тек
жаксы жақтарын ғана танытқысы келеді.
Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу процесінде
ұжымның атқаратын ролі жоғары. Педагогикалық
әдебиеттерде тұлғаньң өзін-өзі тәрбиелеуіне
қатысты ұжымның атқаратын екі қызметі
аныкталған: Біріншісі, ұжымның өзі балалардың
өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға
жалпы жағдайлар туғызады . Екіншісі, ұжым
осы процесті тікелей ұйымдастырады .
ізденіс тенденциясы сәті. Мұнда білім
алушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей
отырып, «миға шабуыл» әдісі арқылы тізген
сөздерді кеңейтін түсіндіру үшін өз бетінше
оқулықпен немесе басқа қосымша әдебиеттермен
жұмыс істейді, 10-15 минут өткеннен кейін
«тұсау кесер» сәтінде әрбір топ белгілі
сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды.
Осыдан кейін барып педагог әлі де жеткіліксіз
жатқан жағдайлардан ақпарат береді. Ал
жаңа тақырып толық түсіндіріліп біткеннен
кейін пікірталас, рөлдік ойын, т.б. интерактивті
оқыту технология әдістері арқылы сабақты
бекітіп, пысықтауға болады. Нәтижесінде
студенттер өздері ізденіп, танымдарын
арттыруына жағдай туады. Тіпті, керек
болса, студенттер осы әдістер арқылы
студенттер өз білімдерін бағалайды да.
Олар алған білім, білік, дағдылары бойынша
бағаланады. Әсіресе, өзін-өзі бақылау,
жұптық өзара бақылау, топтық өзара бақылау
кезеңдері сабақты бекітуде біршама көмегін
тигізеді. Бұл бақылауларды мына бағалау
белгілері арқылы іске асыруға болады.
Өзіндік бағалауы.Менің бүгінгі тақырыпқа
өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары;
Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен,
орта, жоғары; Бүгінгі сабаққа қатысуым:
төмен, орта, жоғары. Топтың өзара бағалауы
(топтар бір-бірін бағалайды) Топ ұжымының
татулығы, белсенділігі, өзара әрекет
әдебі, топтық араласу стилі: төмен, орта,
жоғары. Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыр
айтуы (қосымша материалдар, БАҚ жаңалықтары):
төмен, орта, жоғары. Бұл бақылаулар студенттер
ды өздеріне және өзгелерге сын тұрғысынан
қарауға үйретеді. Онда біреуді бағалау
үшін өзіне тиісті білім болуы қажеттігі
туады. Студенттердің интеллектік белсенділігін
дамытуға арналған әдістемені жүзеге
асырған соң, біз тағы да олардың шығармашылық
іс-әрекет деңгейін тесеруді қолға алдық
Ол үшін бірнеше логикалық тапсырмалар
бердік. Оның нәтижесі біз жоспарлағандай
болды. Бұл тапсырмалар ұпай қою арқылы
бағаланды. Студенттердің шығармашылық
қабілет деңгейін төмендегі диаграмма
арқылы көрсетейік Педагогикалық пәндерді
оқытуда студенттердің интеллектік белcенділігін
арттыру мақсатында оқытушы сабақты дұрыс
жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша
дегеніне жете алмайды. Сонымен педагогикиалық
пәндер барысында студенттердің интеллектік
белсенділігін арттыру бағытында қолданылған
инновациялық әдістердің сипаттамасын
ұсынамыз. «Орныңды тап» «Жаһандану білім
беру жүйесіне оң ықпал етеді» деген пікір
ұсынылады. Студенттерге «келістім», «келіспедім»
немесе «қалыс қалдым» деген топтарда
орын алуға ұсыныс жасалады. Орын алу үшін
уақыт беріледі, ал содан соң студенттер
өз ойын дәлелдеп айтуы тиіс. Бұл студенттің
ойлау қабілетін, сөйлеу қабілетін, өзгенің
пікіріне талдау жасау қабілетін дамытады.
Дискуссия. Студенттерге «Сөз арқылы аудиторияға
қалай әсер етуге болады?» деген тақырыпта
дискуссия жүргізу ұсынылады. Жүргізуші
студент дискуссия тақырыбын баяндайды,
негізгі қатысушыларды шақырады, дискуссия
өткізілуінің шартын айтады (сөз сөйлеу
ұзақтығын және т.б.) Жүргізуші дискуссияның
қатысушыларын келесідей орналастыруы
керек, негізгі әрекет етуші тұлғалар
отыратын үстелдің айналасына «көрермендерді»
отырғызады (яғни «көрермендер» үстелдері
«П» әрпі бойынша қойылуы керек). Алдымен
негізгі қатысушылар баяндама жасайды
және осы баяндаманың ұзақтығы 4 минуттан
аспауы тиіс. Содан кейін жүргізуші қалған
қатысушыларды талқылауға қатысуға шақырады.
Керек жағдайда жүргізуші қатысушыларға
күн тәртібі жөнінде, регламент және айтыс
уақытындағы этикалық нормаларды сақтау
жөнінде айтады. Дискуссия аяқталуы кезінде
жүргізуші негізгі қатысушылардың сөз
сөйлеуінің қысқаша талдауын береді, нәтижеcін
шығарады. «Бір бірін оқыту» Әр студентке
датамен, фактілермен, ұғыммен қандай
да бір ақпарат беріледі. Біз «Педагогика»
сабағында чех педагогы Ян Амос Коменскийдің
«Сыныптық-сабақтық жүйесі» тақырыбын
таңдадық. Студенттер осы ақпаратпен танысуды
бастайды. Осыдан кейін білім алушы өз
карточкасын әр студентке береді және
де басқа студенттердің ақпаратын тыңдайды,
яғни бір бірін оқытады. Бұл жұмыстан кейін
педагог студенттерге кім ақпаратты көп
еске сақтағаны туралы баяндайды. «Миға
шабуыл». Талқылау үшін «Мұғалім, оның
қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбы таңдалды.
Студенттер өз ойларын айтады. Айтылған
ойлар бағаланбайды және мінге салынбайды.
Осы жұмыс сапасына емес, санына қарай
бағытталған. Ойдың көп болғаны жақсы.
Сабақ барысында қатардан тыс ұшқыр ойлар
да қабылданды. Барлық ойлар кілттік сөздер
немесе фразалар белгілеп алу арқылы жазылады.
Сосын талдау жүргізілді және оның арқасында
аса құнды ойлар таңдап алынды. Кез-келген
ойды дамытуға және кеңейтуге тырысуға
болады. «Робин раунды» Студенттер екі
топқа бөлінеді. Студенттерге «Педагогикалық
менеджмент» тақырыбы бойынша тапсырма
беріледі. Әр топ тапсырманы талқылайды.
Барлық ой біткенше әр топ өз ойларын бірнен-соң
бірі баяндайды. Содан соң студенттер
жаңа тапсырма алады және ой тізімін құрайды.
Барлық топтар және барлық студенттер
сұралғанша әр білім алушы өз кезегі келгенде
тізімнен бір ойды ұсынады. «Қар кесек».
Студенттер кезек бойынша даталарды атайды.
(ҚР «Білім туралы» Заңының қабылданған
жылы, Болон декларациясына қол қойылған
жыл, А.С.Макаренконың туған жылы, ҚР тәуелсіздік
алған жылы т.б.) Әр келесі білім алушы
алғашқы білім алушы айтқан датаны қайталайды.
Содан кейін өз сөзін айтады. Соңғысы барлық
алғашқы даталарды атау керек. «Ой генерациясы»
(«не?», «қайда?», «қашан?») Педагог тақырып
бойынша проблемді сұрақтарды алдын ала
дайындайды. Педагогика пәні, міндеттері,
негізгі ұғымдары /категориялары/. Педагогика
ғылымының салалары. Мұғалімге қойылатын
талаптар. Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы.
Жеке адамды қалыптастырушы, дамытушы
факторлар. Тәрбие - тұлғаның қалыптасуы
мен дамуының жетекші факторы. Тұлғаны
әлеуметтендіру туралы түсінік. Тұлғаны
әлеуметтендірудегі тәрбиенің ролі. Педагогикалық
процесс - мұғалім іс-әрекетінің объектісі.
Тұтас педагогикалық процестің компоненттеріне
сипаттама. Педагогикалық процестің функциялары.
Тұтас педагогикалық процесстің қозғаушы
күштері. Тұлғаның дамуы және қалыптасуы.
Тұлғаның дамуына және қалыптасуына әсер
ететін факторларға сипаттама. Педагогикалық
процестің заңдылықтары және оған сипаттама.
Тәрбие әдістері туралы түсінік.Тәрбие
әдістерін таңдау. Студенттер топтарға
бөлінеді. Әр команда екі-үш сұрақ алады,
сұрақтың екеуі негіз қалаушы, ал біреуі
– проблемді болады. Команда спикері ойының
әр қатысушысының жұмысын белгілеп отырады.
Кез-келген команда ойыншысы басқа топқа
арналған проблемді сұрақтың шешімімен
баяндама жасай алады. Дайын болған кезде
командалар баяндама жасайды. Жүргізуші
жауаптардың тақтаға жазады, әр команда
жауабын кесте арқылы бағалайды. Команда
ішінде проблемді сұрақты талқылау үшін
бес минут беріледі. Команданың жауабы
үшін берілетін уақыт та шектеулі болуы
тиіс. «Бейнелі ақыл ес» . Педагог пен жүргізушінің
жюри болуына мүмкіндігі бар. Студенттерге
педагогикалық жағдаяттар беріледі. Студенттер
топтарға бөлінеді. Педагог жағдаятты
қойылым ретінде бейнелеуді үсынады. Жағдаят
жөнінде жазбалары бар қағаз беттерін
қолдануға болады және қолдарынан ұстап
жағдаяттарды байланыстыруға рұқсат беріледі.
Өз версиясын алдымен бір топ, содан кейін
келесісі бейнелейді. Кез-келген реквизитті
қолдану арқылы қойылымды құруға бес минут
беріледі. Әр топтың тапқырлығы және білімі
бағаланады. Жағдаяттардың кейбір үлгілері
төмендегіше. 1 Жағдаят. Сабақ басталып,
оқушылар тынышталғанда, сыныптағы оқушы
қатты күлді. Сіз оған қарап үлгергенше,
ол: «Мен сізге қарасам, күлкім келеді,
сіз сабақ бастағанда мен күле беремін».
– деді. Сіз оған не деп жауап бересіз?
Төмендегілердің біреуін таңдаңыз. 1.
«Мәссаған!» 2. «Неге күлкілі?» 3. «Мейлі
күле бер!» 4. «Жындымысың?» 5. «Маған көңілді
адамдар ұнайды». 6. «Жақсы көңіл күйге
кінәлі екеніме қуаныштымын». 2. Жағдаят.
Сабақ басында немесе сабақ соңында сізге
оқушы: «Сіз мұғалім ретінде бізге бір
нәрсеге үйретеді деп ойламаймын» - деді.
Сіздің жауабыңыз: 1. «Маған ақыл айтпай,
сабағыңды оқы». 2. «Сен сияқтыларға әрине
мен еш нәрсе үйретпеймін». 3. «Мүмкін сен
басқа сыныпқа ауысарсың?» 4. «Сен сабақты
оқығың келмейді». 5. «Сен неге олай ойлайсың?».
6. «Екеуміз сөйлесейік. Мүмкін менің мінез-құлқымда
сені осындай ойға әкелген жақтары бар
шығар?». 73. Жағдаят. Ұстаз оқушыға тапсырма
береді, оқушы оны орындағысы келмей, «Мұны
жасағым келмейді» - дейді. Ұстаздың жауабы
қандай болады. 1. «Жасағың келмесе - жасатамын!»
2. «Сабаққа неге келдің?» 3. «Өзіңе қастандық
жасап отырсың, топас болып қала бер. Сенің
тәртібің өзінің мұрнын кескен адамға
ұқсайды». 4. «Мұның немен бітетінін білесің
бе?» 5. «Неге екенін түсіндірші?» 6. «Екеуміз
ақылдасайық, мүмкін сенікі дұрыс шығар».
«Тіреуші сигналдар». Студенттер мәтін
оқиды, оны түсінуге тырысады, конспектілейді.
Конспетілерде сөздер немесе сөйлемдер
болмау керек, тек қана суреттер немесе
символдар болуы керек. Содан соң әр білім
алушы өз конспектісін көрсетеді. Жұмыс
бағаланып ең үйлесімдісі таңдалады. «Айнала
бойынша мазмұн айту». Педагог мәтін оқуды
ұсынады (қоңырау). Студенттер айнала отырады.
Ортада тұрған жүргізуші көзін жауып орнында
айналады да, кез-келген ойыншыны таңдайды.
Содан кейін сол ойыншы мәтін мазмұнын
айта бастайды. Ары қарай сағат тілінің
жүру бағыты бойынша әр қайсысы мәтін
бойынша бір фраза айтады. Сөйтіп аяғына
дейін жалғасады. Қайтадан оқу. Жауаптарда
кеткен қателерді жөндеу, толықтыру, мазмұнын
қайта айту. Қайталау (сағат тілінің жүру
бағыты бойынша). Ең белсенді білім алушы
ны анықтау. Женімпазды құттықтау. «Мені
түсін». Студенттер оқулық бөлімін оқиды
да, дәптерді кілттік сөздерді жазып алады
(қоңырау). Педагог Студенттерге кітаптарды
жауып, бір бет қағаз бен қарындаш алып,
мәтіннің негізі мазмұнынбілдіретін он
сөзді жазуды ұсынады. Содан кейін педагог
беттерді жинап алып, өзіннің (алдын ала
дайындап қойған) кілттік сөздерімен салыстырады.
Сөздері түпнұсқамен көбірек сәйкес келгені
жеңеді. «Тұлғаны тану». Педагог студенттерге
көрнекті адамдар портреттері бар беттерді
таратады. Студенттер топта (5-6 адам) осы
тұлғаның фамилиясын, тарихтағы рөлін,
қызмет ету уақытын, оның атымен байланысты
оқиғаларды, ол жазған шығармаларды еске
алуы керек. Талқылау -5 минут. Қорғау -
1 адам. Сонымен қатар анықтаушы экспериментте
берілген Штур әдістемесі негізінде сұрақтар
пеагогика ғылым саласында даярланып,
студенттерге тапсырма ретінде ұсынылды.
Бұл әдістер студенттердің интеллектік
белсенділігін дамытуға айтарлықтай үлесін
тигізді деп толық қорытынды жасай аламыз.
Төменде студенттердің интеллектік белсенділігінің
даму деңгейлері (Эксперимент тобы диаграмма
түрінде ұсынылады. нтерактивті оқыту
әдістеріне студенттерді білім алу және
оны өңдеуге жағдай жасайтын әдістер жатады.
Олардың ішінде белгілілері-«Үлкен шеңбер»,
«Өзара» (междусобойчик) , «Аквариум»,
«Ми шабуылы», «Дебат», «Мозайка», «Пікірталас
жургізу әдістемесі», «Рольдік пікірталас»,
«Психологиялық- педогогикалық консилиум»
және т.б Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын
қолдана отырып кеңес беріледі. Студенттер
жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі «клиент»
және екінші мүшесі «психолог-консультант
ролінде болады». «Клиент» роліндегі студент
«психолог-консультант роліндегі» студентке
өмір тәжірибесінен алынған проблемасын
шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді.
30 минут кеңес беру процессіне арналады.
20 минут кеңес беру нәтиежесін топта талдауға
арналады. “Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың
шешімін тез табу керек болған жағдайда
қолдануға болады. Осы форманың көмегімен
мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды,
нормативті-құқықтық актілерді жасауға
болады. Жұмыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші
кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға
отырады. Мұғалім мәселені ұсынады. Екінші
кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір
оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын
қағаздарына жазады. Үшінші кезең. Шеңбер
бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады,
топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды,
және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын
ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа
салады. Аквариум әдісі: “Аквариум”–
балаларға мәселені “қоғам алдында”
талқылауға ұсынғандағы диалог формасы.
Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша
диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға
болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер
бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар
көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да
мұны аквариум деп атайды. Психологиялық
консилиум: Психологиялық мәселе бойынша
әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге
бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі
мекеме өкілдері. Мәселені жан-жақты талдап
тиімді қотынды шығарулары керек. Сократтық
әдіс. Тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін
дамытуға бағытталған оқытудың белсенді
және өнімді формасы. Негізі – баланың
өзі араласатын оқыту процесіне белсенді
қатыстыруда ақыл-ойдың қозғалысы жайындағы
Сократтың ілімі. «Сократтық сұрақтар»
көмегімен оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру
- баланың санасында «шындықтың өз бетімен
туындауының» факторы болып табылады.
Сократтық әдістің дидактикалық құрылымы
білім беру мазмұнының өткеннен келесіге,
жақыннан қашықтағыға өту қағидасына
негізделеді және «белгілі білім емес»
принципі бойынша құрылады. Ерекшелігі
– әдіс қарапайым өмірілік ситуациялар
негізінде құрылады. Шындықты бірлесе
іздеу – оқытудағы ең басты тәсіл. Сократтың
оқушылармен әңгімесі дәстүрлі тақырыптардан
басталған. Диалогты өрістете отырып,
оны құрамдас бөліктерге ажырата отырып,
оның әрбір талқылау тармақшасынан жаңа
сұрақтар тудырып, өзімен бірге ойлануға
дайын адамдардың ойын шындықты іздестірудің
қиын жолына апарған. Ойдың туындауына
көмектесе отырып, Сократтың пайымдауынша,
педагог ештеңені қалыптастыру керек
емес, ол басқа адамдарда даналықтың туындауына
жағдай жасауы керек. Бұл сенім оның «майевтика»
(повивальное искусство) деп аталатын
еркін әңгімелесу әдісінің негізінде
жатыр. Дебат. Оқушылардың сыни ойлауын,
талдау, маңыздысын ажырату іскерліктерін
қалыптастыруға бағытталған. Элементтері:
дәйектерді құру; проблемаға байланысты
түрлі көзқарастарды ашу; проблеманың
фактілерін және идеясын көрсету. Еркін
микрофон. Бұл әдісті сыныптан тыс уақытта
қолданған тиімді. Бұл белгілі бір мәселе
бойынша ұжым алдында сөйлеу. Бір күннің
проблемасы алдын ала ұсынылады. Бұл оқушыларға
даярлануға, өз сөзін белгілеуге мүмкіндік
береді. Бқл форманың уақыты аса шектелген.
Еркін микрофонды бір адам жүргізу қажет.
Ол сөйлеушілер ретін белгілейді, қорытындылайды,
жұмысты ұйымдастырады. Міндетті шарт
- әкімшіліктен оқытушылардың, жетекшілердің,
кураторлардың қатысуы. Миға шабуыл. Шығармашылық
белсенділікті және жаңа идеяларды тез
жасау іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу
уақыты: проблеманың шешімін табу үшін;
жаңа тақырыпты ұсыну және оқушылардың
іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға
оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін.
Әдістің басты міндеті – танымдық іс-әрекетті
белсендендіру және оқушыларды өнімді
оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы:
сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана
отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін
проблема бойынша көп идеялар жинақтау.
Идеялар сыналмайды және комментарий
берілмейді. Миға шабуылды ұйымдастыру
ережелері: Миға шабуыл уақытында сыныптың
барлық оқушылары қатысады. Ұсынылған
идеяларларға комментарий берілмейді
және сынға алынбайды. Идеяны нақтылау
және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.
Миға шабуыл барысында аралық бағалар
қойылмайды. Проблеманы талқылау деңгейінде
ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.
Ойлар нақты және қысқа болуы керек. Ашық
ойлар минутасы. Алдын ала проблема жарияланады.
Оқушылар берліген мәселе бойынша өз дәйектерін
құрады, өз көзқарасын білдіреді. Оқушылардың
жауаптары қысқа, нұсқа, логикалық құрылған
болуы тиіс. Зерттеу процесі, ақпаратты,
фактілерді өз бетімен іздеу ынтымақтастықта
өтуі тиіс. Жобалау әдісі оны немесе проблмалар
әдісі деп те атайды. Дж.Дьюидің гуманистік
бағыттағы философия және білім беру саласында
туындаған. Негізі – студенттердің танымдық
дағдыларын дамыту, өз білімдерін өз бетімен
құру және ақпарат кеңістігінде бағытталу
іскерлігін, сыни ойлау іскерлігін дамыту.
Жобалау әдісі – белгілі бір проблеманы
бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық
мақсатқа жетудің тәсілі. Оның нәтижесі
– шынайы, белгілі бір түрде рәсімделген
практикалық нәтиже. Іскерлік ойындар
әдісі - бастапқыда білім саласында емес,
басқарудың практикалық сферасында пайда
болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық
салада қолданылуда: зерттеу жұмыстарында,
жобалау жұмыстары барысында, өндірістік
жағдайларда, ұжымдық шешім қабылдауда,
сондай-ак, әскери істерде қолданылады.
Қазіргі іскерлік ойындар ерте замандарда
әскери ойындар әдісі ретінде соғыс тәсілдерін
меңгеру үшін қолданылған. Яғни, командирлерді
соғыстағы басқару әдістеріне, әскерлерді
кескілескен майдан даласында өзін қорғауға
үйретеді. Жоғарғы оқу орындарында іскерлік
ойындар басқару әрекеттерін оқытуда
қолданылады. Сондықтан да, бұл әдіс «басқарудың
іскери ойындары» деп те аталады. Әлеуметтік
–психологиялық тренинг- қарапайым түсініктегі
жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды
игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен
қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын
белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру,
топтың әлеуметтік-психологиялық нысана
ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын
көздейді.