Қазақ эдебиет теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 15:52, лекция

Краткое описание

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ – қазақтың ұлттық көркем әдебиетін зерттейтін ғылым. Қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, сыны, сондай-ақ мәтіні мен библиографиясын қарастыратын салалары бар. Қ. ә. ғ-ның мақсаты мен міндеті – қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу және даму жолдарын зерттеу, әдеби құбылыстар мен сыншылдық-эстетик., әдеби теор. және ғыл.-зерттеушілік ой-пікірлерді анықтап, ғыл. жүйеге түсіру және әр түрлі қоғамдық-әлеум. жағдайлар барысында ұлттық әдебиеттің халық руханиятына, қоғамдық сана-сезімі мен ұлттық таным білігіне жасайтын ықпалын айқындау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Коркем психологизм.docx

— 33.79 Кб (Скачать документ)

 Аталмыш жылдары қазақ прозасында  характердің өмірлік, әлеуметтік  жағдайларға іштей қарсылығы анық байқалды. Характердің адамгершілік белсенділігі арта түсті, оның бойында ынсап пен ындынның арасындағы мәңгілік күрес белгілерін авторлар негізгі идеялық мазмұнға айналдырған тұстар аз емес. Ресми саясат ұстанған күрделі адамгершілік меже, биік моральдық сапа характер дамуы үшін өнімді жағдай жасағанмен, одан өмірлік позицияның айқындығын, белсенді іс-әрекеттер талап етті, сөйтіп адам жаны қыспаққа түсті. Бұл кезең қазақ қаламгерлерінің тұрмыс-тіршіліктің сан алуан тауқыметтерін жан-жақты тануға, адамның азаматтық позициясын айқындауға деген тұрақты ізденістерімен де ерекшеленді. Экстремалдық сәттер рухани дағдарысқа, әлеуметтік қарама-қайшылықтарға толы жағдайдағы характердің ішкі бұлқынысы мен сыртқы іс-әрекетіне, имплициттік, эксплициттік сырларына үңілу арқылы қаламгерлер образдарды таңдауға, моральдық-адамгершілік талаптарды қайта қарауға, жаңаша бағалауға, басқа бағытқа жетелеуді мақсат еткені байқалып тұр. Адамның қалыптасуы, даму сәттеріне мұқият мән бере қарау, оның бойындағы адами сезім-қасиеттердің орнығу себептерін, ерік, жігер, сенімінің әрбір көрінісін шынайы жағдайларда бақылау, бағалау, интерпретациялау да аталмыш кезең прозасының жетістіктері деп атауға тұрарлық. О. Бөкеевтің шындық іздеуден жалықпайтын, Д. Исабековтің көп нәрсеге қамықпайтын, бірақ ділі мығым С. Мұратбековтің сырттай сабырлы, іштей нәзік жанды кейіпкерлеріне ортақ жағдай – өмір мен ортадағы жалғандық пен науқаншылдыққа көзбояушылық пен бойкүйездікке қарсы шығу, олармен қолынан келгенше күресу. Бірақ сол кезеңде әдеби жағдайдың көркем характердің өмірі мен іс-әрекетін анықтаушы болғандығын, айқындаушы қызметін түсінуге болады, мұны қаламгерлер де сезген болар.

 Түйіп айтқанда, 30-60-жылдардағы қазақ прозасындағы жағдайдың үш типін бөліп былайша көрсетуге болады:

1. Адам бойындағы күш-жігерді,  оның рухани әлеуетін анықтауға,  тексеруге арналған айқындаушы  жағдай.

2. Көркем бейненің қалыптасуын,  дамытуын, яғни оны жаңару үрдісін  әдеби «жасаушы» жағдай, мұның шартты түрде қалыптастырушылық бағдары мен парқы бар.

3. Адамның белсенділігін арттыратын, мүмкіндігін молайтатын бағыттаушы  жағдай

Портрет

Портрет бейнелеу өнерінің барлық түрімен: сұңғат (живопись), мүсін, графика, мозаика, т.б. жазыла береді. Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды. Портрет жасалу ерекшелігіне қарай қондырғылы (сұңғат-кескіндеме, бюст, графика, монументті, мозайка, т.б.), салтанатты, миниатюралы, т.б. болып бөлінеді. Портретте жеке немесе топтама адамдар бейнеленеді.

Образ, көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды. Мысалы: М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы халық Образы, Абай Образы - өнер мен халықтың немесе өнер мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория. Көркем образда объективті-танымдық және субъективті-творчестволық бастау өзара бірлікте көрініс табады. Образ нақты шындыққа және ойлау процесіне байланысты айқындалады. Образ тек шындықты бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Жекелеген оқиғалар негізіне жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Әр суреткер жасаған образ шындыкты өзгеше, жаңа бір қырынан творчеств. тұрғыдан түсіндіруді мақсат етеді.

Образ - сөзбен баяндалған сурет. Көркем шығармадағы түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әрбір сөз бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналады. Образдың мақсаты кез келген қарапайым құбылысқа немесе затқа жан бітіріп сөйлеу (Мысалы, Күлімсіреп аспан тұр, Абай). Кез келген образ заттық және мағыналық екі компоненттен тұрады. Осыған орай ол іштей заттық, жалпылама-мағыналық және құрылымдық деп үш түрге жіктеледі.

 Образдың заттылығы бір сөзбен ғана берілген сипаттамадан бастап, оқиғаны жіліктеп, оның жай-жапсарын тереңдете суреттеуге (пейзаж, портрет, көңіл-күй) дейін қамтиды. Ол бүкіл сюжеттік желіге (өлеңнің, әңгіменің, т.б.) негіз болып тартылуы да мүмкін. Жалпылама мағыналық образ іштей дербес ұқсас, типті және мотив-образ, топос, архитип болып бөлінеді. Мысалы, мәңгі типтік образ: Дон Кихот, Гамлет, Фауст, бұларға қазақ әдебиетіндегі: Шығайбай, Қарабай, Судырахмет, т.б. жатқызуға болады. Құрылымдық образ: автологиялық, металогиялық түрлерге жіктеледі. Тарихи даму барысында көркем образдылық ұғымы мен оның компоненттері үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Мысалы, Ертедегі Шығыста түспалдау, астарлау жиі қолданылса, антикалық әдебиетте - классикалық, қайта өрлеу дәуірінде - барокко, жаңа еуропалық әдебиетте романтикалық, реалистік образ қалыптасты.

 Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге:

эпикалық;

лирикалық;

драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық, т.б. болып бөлінеді. Көркемдегіш  сөздер (эпитет, теңеу, метафора, т.б.) ауыз әдебиеті шығармаларында мол кездеседі. Образ - әр дәуірге, әр әдебиетке сай үнемі дамып, жаңарып отыратын категория

Символ (грекше symbolon — танымдық белгі, таңба)

лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді;

өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық  категория.

 

Символ көркем бейне мен ұғымның  аралығында екеуінің де қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай, ал көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие. Символдың символикалық формасы сақтала отырып, ишаралайтын нәрсесімен салыстыра тану барысында көпқырлылығы ашылады, бұл оның ерекшелігі болып табылады.

Символдың табиғаты[өңдеу]

 

Символдың табиғаты мағынасын ашып, түсінуді қажет етеді. Сондықтан  да өзіндік таным, тіршілігіне байланысты белгілі бір символдар тілінде түсінісетін топтың қалыптасуына мәжбүрлейді. Символ астарлы мағынаға бай болғандықтан әркім өзінің ұғым-түсінігінің дәрежесіне сай тереңдеп түсініп, өз мүмкіндігіне лайық қажетті мәнді табады. Философия тарихында Символ негізінен транцедентті, хикметті әлемді бейнелеп, тану үшін қолданылған. Мәселен, Сократ “болмыс ақиқатын” ақиқаттың көз қарықтырар нұрынан қорынғандықтан тікелей емес, жанама бейнелермен тануға шақырды. Э.Кант символды қоршаған дүниені рухани тұрғыда игеретін эстетикалық құрал ретінде таниды. Неокантшылдық бағыттағы Кассириер символды рухани әлемді танытатын әмбебап құрал деп түсіндіреді. Дінде символдың орны ерекше. Көптеген діни салт-жоралғылар мен рәсімдер символдық мәнге ие.

Символ - суреткер сомдаған кермек туындының  түпнегізін төркіндеттіретін аса мәнді  өзектердің бірлігінен, тектестігінен  туындайтын деректі бейне.[өңдеу]

 

Абай орыс және Европа әдебиеттерінің классик. үлгілерін сің істірді. Оның М. Ю. Лермонтовтан аударған «Жалау»  атты өлеңінде албырт жанның алып ұшқан  ынтызарлығы мәңгі бұрқанған дүлей теңіздің тылсым сырымен үндестік табады. Осы ер алуан құбылыстың - адам табиғаты мен дүлей табиғаттың өзектестігі кек теңіздің бетінде асау толқынмен арпалысқан «жалғыз жалаудың» Символдық бейнесі ретінде көрініс тапқан.

 

«Ойнақтап толқын, жел гулеп, Майысар  діңгек сықырлап, Ол жүрген жоқ бақ  іздеп, Кашпайды бақтан бойды ұрлап». Осы секілді сәйкестік жүйелерін Абайдың басқа өлендерінен де ұшыратуға болады. «Жартас»атты аударма өлеңінде кәрі жартасты мешеу қарт бейнесінде, оның басына қонып кетіп тұратын ұшпа бұлтты таңсығы басылмаған жас қыз бейнесінде суреттеп, сол табиғат құбылысы мен адам мінезінің құбылмалық сипатын ортақ С-мен белгіледі. Ал өзінің «Сегіз аяқ» өлеңінде: «Жартасқа бардым, Күнде айғай садцым, Онан да шықты жаңғырық, Естісем үнін, Білсем деп жөнін, Көп іздедім каңғырып. - Баяғы жартас - бір жартас, «Қаңқ» етер, түкті байқамас», - деп жартас бейнесін жалаң табиғат көрінісі емес, адам мен табиғатқа ортақ қоғамдалған шындықтың деректі бейнесі ретінде суреттеді. Жалпы Абай өлеңдерінде Символ тәсілін қүбылыстардың егіздеуіне, ішкі сәйкес тіктер жүйесіне орайластыра қолданды.

 

Символ (таңба) (символ (знак); character, symbol) —

1) таңбалық жағдайда басқа объектінің орнына қолданылатын объект;

2) бедербелгілік тізбекше немесе  қандай да бір нәрсені белгілеуге пайдаланылатын бірнеше бедербелгі;

3) белгілі бір алфавит бірлігі, таңбасы. Стандартты әріптік, цифрлық белгілерден немесе арнайы таңбалардан тұратын символ;

Көркемдік деталь (бөлшек, бедер-белгі) - мағыналық, көркемдік мәні бар ұсақ ерекшелік, сөз болып отырған  нәрсенің жекелеген сипат-белгілері. Әншейінде оп-оңай көзге түсе бермейтін  өзгешеліктерді байқағыштықтан, көрегендіктен  туындайды, сондықтан ол өмір қүбылысының әр түрлі нәрсенің ерекшелігін сондай-ақ адамның бойындағы қандай да бір қасиет- сипатты дәл тауып, бейнелеп беру шеберлігін танытады. Кейіпкердің мінезіндегі, кескін-келбетіндегі, іс-әрекеті мен сөйлеу мәнеріндегі немесе шығарманың сюжеттік желісіндегі, композициялық құрылысындағы жекелеген ерекшеліктер немесе суреттеменің, баяндаудың дәлдігін, нақтылығын арттыра түсетін әр түрлі бояу-нақыштар - міне, осылардың қай-қайсысын да Көркемдік деталь ретінде алып карауға болады. Мұхтар Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясында жас Абайдың Тоғжанға деген ыстық сезімін суреттегенде қолданылатын портреттік деталь - қыздың бейнесін оның шолпысының сылдыры арқылы әсерлі елестетуі. Шолпы әуелі жиі сылдырлап, аздан соң баяулай бастап, тағы біраздан соң анда-санда бір ғана шылдыр ете түсіп ұзап барады. Абай өз жүрегінің аттай тулап соққан дүрсілін естіді. Шолпы үнін сол басып барады. Өзгеше ыстық, кымбат шолпы ең соңғы рет бір шылдыр етті де, білінбей кетті. Түн тыныштығын үрлап кеткендей жұтып кетті". Шолпының әдемі сылдыры жас қыздьщ қимыл-козғалысының, жүрісінің бір ажырамас белгісіндей көрініп, Абай мен Тоғжанның алғашқы кездескен сөттері суреттелгенде-ақ біздің көңілімізге берік үялайды. Шолпының дыбыстык әсері жас қыздың қимыл-қозғалысының айрықша келісті сәнділігін көзге елестетеді. Бұл көркемдік тәсілдің айрықша ұтымдылығы - аз сөзбен көп мағына беріп, өмір күбылысын ықшамды, орамды түрде, ұтымды бейнелеуге ұмтылуда. Айталық, адамның мінезін, қимыл-әрекетін суреттегенде, бірнеше дөп басып көрсетілген сипат-өзгешелік аркылы оның бейне-тұлғасын көзге тұтас күйінде айқын елестетуге мүмкіндік туады. Не нәрсе суреттеліп, қандай жағдай баяндалса да, бүтінді жеке бір бөлшегі арқылы, тұтас құбылысты кейбір дара сипаттары арқылы не- месе адамның іс-әрекетін, жүріс-түрысын бір-екі кимыл-қозғалысы арқылы әсерлі көрсету - міне, Көркемдік деталь қолданудағы жазушының шеберлігі осыдан жақсы аңғарылад

 

Пейзаж (фр. paysage – мекен, өлке) – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі.


Информация о работе Қазақ эдебиет теориясы