Қарым-қатынас психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 10:10, реферат

Краткое описание

Топ және ұжым дегеніміз не? Бұл адамдардың тіршілік қажетін өтеу үшін бірлесу. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмай А.С.Макаренконың айтуынша ұжым бұл – бұл мақсат мүдделері, көзқарастары ортақ белгілі бір салт дәстүрі бар, өзін-өзі басқара алатын әлеуметтік адамдар тобы. Топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. Ұжым адамдардың тобы болғандықтан, оған топтың белгілері тән. Алайда ұжымның топта жоқ белгілері де болады. Сондықтан қандайда болмасын ұжымды топ деп атауға болады, ал топтың бәрі бірдей ұжым бола алмайды. Ұжым байланысына қарай контактілі және негізгі ұжым болып бөлінеді.

Содержание

1. Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың түрлері
2. Қарым-қатынас психологиясы
3. Топтағы адамдардың қарым-қатынасы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қарым катынас.doc

— 86.50 Кб (Скачать документ)

3-ші типі  оқушы өзінің лидерлік қабілетін ұзақ уақыт бойы сақтайды, бұл сынып және топ бастығы т.б.

Формалы және формасыз топтар мен ұжымда олардың мүшелерінің «психологиялық үйлесімділігі» болады. «Психологиялық үйлесімділік» - топ, ұжым мүшелері қасиеттерінің неғұрлым қолайлы үйлесімі. Мұның өзі ортақ істің табысты болуын және әр бір адамның жұмыстан ләззат алуын қамтамасыз етеді. Егер екі және одан да кӛп адам арасында «психологиялық үйлесімділік» болса, онда бірінің қылығы екіншісіне немесе ӛзгелеріне ұнайтын болады деген сөз. Топ мүшелері бірі-бірінің мінез-құлқын, қатынас тәсілін жатырқамай дұрыс қабылдайды.

«Психологиялық  үйлесімсіздік» кезінде топтың бір мүшелерінің қылығын екінші бір мүшелері жақтырмайды. Бұл жағдай кейде шағын топтың қоғамнан ұзақ уақыт тыс қалу нәтижесінде де пайда болады. Психологиялық үйлесімсіздікке кейде адамдардың тұйықтығы, беймазалығы, тәкаппарлығы, менмендігі себеп болады. Шағын топтың ұзақ уақыт оқшау қалуы, олардың бір-бірі туралы ақпараттың әбден сарқылуынан да «үйлесімсіздік» болады. Топ мүшелерінің бір-бірін анық білетіндігі соншалық, арасындағы ӛзара қатынаста еш қызық қалмайды.

Топтағы "моральдық  психологиялық ахуал" (кейде мұны "әлеуметтік- психологиялық ахуал"деп те атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ, мүшелерінің өзара қарым-қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауапкершілік, яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдін орнауы, т.б. Топтың көтеріңкі кӛңіл күйі ұжымдық міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы әсер етеді. Өзара жарасқан ынтымақ, сыйластық, ұжым мүддесін қастерлейтін жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Мұндайда ауыртпалық сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды. Тату-тәтгі ӛмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс болмайды, шығармашылық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.

Әлеуметтік кауымға біріккен адамдардың көңіл күйлерінің бірдей болып келуі ұжымдық кӛңіл күй болып табылады. Мұндай кӛңіл күйі кӛптеген адамдарды қамтуы мүмкін. Мысалы, ең алғаш ғарышқа адам ұшқанда барлық халқымыз қуанды. Мереке адамның көңіл-күйін туғызады. Сұрапыл апат, жер сілкіну, су тасқыны, соғыс адамдарды қайғыға батырады. Сӛйтіп ұжымдық көңіл-күй мазмұнына қарай жағымды немесе жағымсыз болып келеді. Өте жағымсыз ұжымдық кӛңіл күй үрей болып саналады. Кейде бұл жағдай кӛптеген адамдардың шырқын кетіреді, ӛмірдің, жұмыстың қалыптасқан ырғағына нұқсан келтіріп, қалыптасқан қатынасты бұзады. Ұжымның бір мүшесінің қайғысы басқалардың да жүрегін ауыртады. Жолдастың қазасы бүкіл ұжымды қайғыға батырады.

Топта және ұжымда қоғамдық пікір орнайды. Қоғамдық пікір - әлеуметтік өмір фактілері, Ұжымдық қызмет және жеке адамдардың іс-әрекеті жөніндегі бірыңғай баға. Қоғамдық пікірдің кейде ауқымы кең болады: елге, континентке, бүкіл әлемге тарайды. Халықаралық өмірдің соғыс пен бейбітшілік, экономика, дін, спорт мәселесі сиякты проблемалары туралы көптеген миллион адамдарда белгілі бір қоғамдық пікір туады. Алайда қоғамдық пікір кәсіпорын ұжымы, аудан, қала, село халқы сияқты шағын топты ғана қамтуы да мүмкін. Мұндай жағдайда қоғамдық пікір мазмұны топтың, жеке адамдардың ісі көлемінде болуы мүмкін. Қоғамдық пікір ұжымның, топтың, адамдардың өміріне, олардың бір- бірімен өзара қатынасына әсер етеді. Мысалы, мектепте қайсібір оқушы туралы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар арасында қоғамдық пікір болады. Оны бір топ оқушы, мұғалім қалыптастырып, солар қолдап, дамытуы мүмкін. Шағын топ көлеміндегі қоғамдық пікір жағымды да жағымсыз да роль атқарады. Егер мұндай пікірде адамның ісі мен мінез-құлқы жайлы пікірлер дұрыс көрсетілген болса, ол сол адамның өзіне де, топ, ұжымға да жақсы әсер етеді. Ал егер пікір жалған сөзге, өсекке негізделген болса, жаңағы адамның жүрегіне нақақтан- нақақ жара салады, ұжымдағы, топтағы өзара қатынасты да нашарлатады.

Жарыс. Бұл, адамдардың, ұжымдардың, топтардың өзара қатынасы, мұндай қатынастың барысында жарысушы жақтар бірі-бірінің көрсеткішінен асып түсуге ұмтылып, бірінен-бірі озып кетіп жатады. Жарыс өзінің сипаты жағынан әлеуметтік болады, ейткені оның мазмұны қоғамның мүддесі мен талабына орайлас келеді. Жарыстың негізі неғұрлым мазмұнды болса, соғұрлым ол құнды болады: оқудың сапасын, шығарылатын ӛнімнің саны мен сапасын арттырады, спорттық нәтижелерді алға бастырады т. б. Оның бәсекеден айырмашылығы, жарыстың антогонистік пиғылы болмайды. Ол қарсыласынан басым түсуі үшін қандай да болсын арам қылыққа, қулық- сұмдыққа баруды қаламайды.

Жарыс дегеніміз - адамдардың өзара байланыс жасау формасы. Сондықтан да ол ұжымның, топтың өз ішінде адамдардың бір-бірімен қатынасын ұштай түседі, оған бағыт-бағдар береді.

Еліктеу. Әлденені өзіне пір тұтып, саналы не санасыз түрдe соған ұқсамақ болуды еліктеу дейді. Қоғамдық өмірде ол маңызды орын алады. Мысалы, оқушы кинофильмде өзіне ұнаған бір кейіпкеріне еліктеп, соның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, мимикасын өз бойына сіңіруге тырысады. Киім, шаш қою, үйдегі мебель, қарым-қатынас мәнері - бұлардың бәрі де еліктеу объектісі бола алады. Еліктеу көпшілікке тән әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қалай дегенмен де топтағы, ұжымдағы адамдардын өзара қатынасынан да орын алады. Ол сол бірлестікті құрайтын адамдардың ұқсас мінез-құлқының, іс- әрекетінің қалыптасуына жағдай жасайды. Бет алды еліктеу де, сондай-ақ ұшқалақтық жасап еліктеу де болады. Бұл әсіресе жас балалар тобында жиі кездеседі. Бет алды еліктеу екі адамның сөйлесуінен де көрінеді. Сөйлеу мәнерлері, сөз саптауы өзіне жат ортаға тап болған адам, біраз уақыттан кейін еріксіз түрде солардың әуенімен сөйлеп кететін болады. Сөйтіп, еліктеу, басқа да әлеуметтік-психологиялық құбылыстармен бірге топтағы, ұжымдағы адамдардын, өзара қатынасының мазмұны және формасына айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Бодалев А.А.  Психология личности. М:, Изд-во МГУ, 1988г., -312с.

2. Годфруа Ж.  Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том,

-490с.

3. Жарықбаев  Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.

4. Крылова А.А.  Психология, М., «Проспект», 1998г., -583с.

5. Немов Р.  С. Психология. М., «Просвешение»., 1995, 1том -573с., 2том -

491с.

6. Гиппенрейтер  Ю.Б. Введение в общую психологию: Курс лекции:

Учебник пособие для вузов.-М: ЧеРо, 1997

7. Смирнов А.А.  Избранные психологические труды:  В 2-х т. Т.1-М.

Педагогика, 1987г., 486с.

8. Намазбаева Ж.И. Психология  Алматы: 2005, -293б.


Информация о работе Қарым-қатынас психологиясы