Қарым-қатынас психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 17:04, контрольная работа

Краткое описание

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады.

Содержание

1.Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
2.Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы
3.Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi

Прикрепленные файлы: 1 файл

психология.docx

— 27.78 Кб (Скачать документ)

Қарым-қатынас психологиясы

Жоспар: 
1.Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым 
2.Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы 
3.Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi 
 
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. 
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады. 
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз. 
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам. 
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi. 
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз. 
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз: 
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз. 
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз. 
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз. 
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз. 
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз. 
Қарым-қатынас стратегиясы 
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi. 
1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы. 
2-шi Монологты стратегия. 
3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi). 
 
Қарым-қатынастың түрлерi: 
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. 
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады. 
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады. 
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi. 
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады. 
 
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.  
 
Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу. 
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар: 
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру. 
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету. 
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру. 
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту. 
 
Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады: 
-жоғарыдан төменге – жұмысшыларға бұйрық беру. 
-төменнен жоғарыға – басшылармен пiкiр алмасу және т.б. 
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек. 
1. хабар берушi  
2. мәлiмет 
3. арнайы ақпарат беру құралы 
4. ақпарат алушы  
 
Коммуникация процесi 5 кезеңнен тұрады. 
1. ақпарат алмасудың басталуы, мұнда хабар жiберушiнiң қандай реакция алатынын ашық бiлу керек. 
2. Ойдың символға мәлiметкен айналуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе 
ІІ. Негізгі бөлім  
1. Тұлға және қарым-қатынас  
1.1. Тұлға туралы жалпы түсiнiк 
1.2. Тұлғаның түрткiлерi мен қасиеттерi  
1.3. Қызығу, дүниетаным, сенiм, мұрат 
ІІІ. Практикалық бөлім 
3.1. Сабақ жоспарлары 
ІV. Зерттеу бөлімі 
4.1. Сауалнама 
4.2. зерттеу жұмысының нәтижесі 
V. Қорытынды 
VІ. Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарым-қатынас психологиясының ерекшеліктері. 

 

 

     

Жалпы білім беретін мектептердің 1 - сыныбына қабылданған балалар, мектептік  оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарға ұшырайды. Олардың сәтсіздіктерінің басты себебі - психикалық дамудың  кешеуілдеуінде, ол баланың әлеуметтік дамуы сферасымен өте тығыз байланысты. Оқуға берерде баланың тек  биологиялық жасына немесе дене дамуына  сүйенбей, мектепке әлеуметтік психологиялық  даярлығы көрсеткіштерінің өлшемін  жасап шығару — бүгінгі күн  талабы екенін уақыт өзі көрсетіп отыр.         

Аталмыш мәселе жөнінде А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, Х.Т.Шерьязданова және т.б. ғылыми зерттеулері кеңінен  таралған. Ғылымда балалар қарым-қатынасының  мәнділігі психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға белгілі болғанымен, әлі  де шешілмеген мәселелерге жеткілікті.        

Соңғы 30-40 жыл ішінде бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтік дамытудың  белсенді, жедел әдісі –түрлі психологиялық  тренингтер ұйымдастырылып, қолданылуда. Олар топтық жұмысқа негізделіп, тиімділігі дәлелденген (Л.А. Петровская, А.Г. Ковалев  т.б). Тренинг жұмыстарының нәтижелері төменгі сыныптағы оқушылардың  жеке басының дұрыс жетілуіне, әлеуметтік даму  тиімділігін арттыруынан көрінеді. Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің әр түрі - сензитивті, оқытып-жаттықтырушы, өнер-би, арт (сурет) тренингтердің – төменгі сыныптағы балаларға тигізетін психологиялық әсері әлі де болса кеңейтіле зерттелмеген.     Жан – жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу, психология ғылымының аса мәнді теориялық және практикалық міндеттерінің бірі.      

Кеңес психологиясында балалардың қабылдау мен сезіну мәдениетінің қағамдық-тарихи тәжірибесіне, “әлеуметтік меңгеру” процесіндегі қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлінеді (Л.С.Выготский  А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин). А.А.Бодалев, В.М.Бехтерев пен А.Ф.Лазурский сияқты ғалымдардың қарым-қатынас мәнін ашудағы орны ерекше.        

Бастауыш мектеп кезеңі бұл - “жеке” тұлғаның мәнді алғышаттарының қалыптасу аралығы болып табылады. В.В.Давыдов бала мектепке келісімен  оқу процесінде жеке тұлғаның теориялық  санасының негіздері жасалатындығы (ғылыми, көркемдік, адамгершілік) нұсқайды. Б.Г.Ананьев, балалардың мектептегі оқу  процесі олардың бүкіл өмірін жаңаша ұйымдастырып, баланың жанұядағы  орнын өзгеретіндігіне ерекше көңіл  қояды, өйткені онда жанұядан тыс  міндеттер, яғни міндетті оқу еңбегі пайда болады.   Психологтар бастауыш мектеп жасындағы оқушының жеке тұлғасының қалыптасуындағы оқу іс-әрекетінің мәніне ерекше көңіл бөліп, “оқушының ішкі позициясын қабыл алу”, (Л.И.Божович), “оның танымдық және адамгершілік күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын, мінез-құлық мртивтерінің өзгерісі” (В.В.Давыдов), баланың “мектепте оқу міндетін” сезінуде қамтылған қоғамдық орынның өзгерісі (Н.Ф.Добрынин) сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді. Кеңес психологиясында мотивациялық сфера өзінше қарастырылады, ол адамның ақиқатқа, өз-өзіне, басқа адамға белсенді түрде бағытталған қатынасының күрделі жүйесін құрайды, әрі түрткілердің әртүрін қамтиды (Л.И.Божович). Оқушының мотивациялық сферасы оның эмоционалды – еріктік сферасына, оның ақыл-ой әрекетіне әсер ететін түрлі қатынастардың қайта құрылуына әсер ететін өте мәнді фактор ретінде “педагогикалық бағамен” анықталады. Психологтардың ойынша, бастауыш мектеп жасындағы балалардың өзара қатынастарының негізгі бет бейнесі, олардың достық қатынастарының сыртқы өмірлік жағдайлары мен кездейсоқ қызығушылықтарының бірігіп кетуінде. Осы жас шамасындағы балалардың жетекші іс-әрекеті оқу іс-әрекеті болып табылады. Қарым-қатынас көбінде өз-өзін және басқа адамдарды тану қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекет ретінде қарастырылады (М.И.Лисина).      

Баланың ересектермен қарым-қатынасының  жүйесі жеке қарым-қатынасының өзі  оқу іс-әрекеті арқылы жанамаланады (Д.Б.Эльконин). Психиканың түрлі формаларының адамдардың жас ерекшеліктеріне  сай өзгеруі, адамзат өмірінің сатыларына байланысты әртүрлі қарқындылығымен  ерекшеленеді, өмірдің жеке кезеңдерінде әртүрлі мәндеріне ие.

1 – нәрестелік кезең  (туғаннан 1 жасқа дейін)

2 – ерте балалық шақ  кезеңі (1 жастан 3 жасқа дейін) –  функционалды тәуелсіздік пен  сөйлеу тілінің даму кезеңі.

3 – Мектепке дейінгі  балалық шақ кезеңі (3 жастан 6 жасқа  дейін) – бала жеке тұлғасы  мен таным процестерінің дамуымен  сипатталады.

4 – Бастауыш мектеп  жасы (6 жастан 11-12 жасқа дейін) баланың  әлеуметтік топқа енуіне және  ақыл-ой іскерліктері мен білімдерінің  дамуына сәйкес келеді.    Бір жас шамасынан келесі жас шамасына өтуде адамның қоршаған ортамен қатынастарының бұрынғы қалпының бұзылуымен және басқа адамдармен, басқа әлеммен өзара қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуымен байланысты дағдарыстар орын алады. Мұның барлығы адамның өзі үшін және оның әлеуметтік ортасы үшін мәнді психологиялық қиыншылықтармен сипатталады: 1 жас, 3 жас, 7 жас, 13-14 жас, 17-18 жас шамаларына сай дағдарыстар кездеседі. Бастауыш мектеп кезеңінің негізгі іс-әрекет түрі оқу іс-әрекеті болып табылады. Баланың мектеп табалдырығын аттағандықтан, бұл кезең оның қатынастарының барлық жүйесін жанамалай бастайды. Оқу іс-әрекетінің негізінде бала адамзаттың өндірген  іскерліктерін меңгере бастайды, өз жұмысын көпшілік үшін міндетті ережелерге бағындыру дағдыларына бой ала бастайды. Балалардың басқа да танымдық процестерін алмастыратын сөздік-қисынды, ойлау қасиеті пайда болады. Баланың мектепке келуі оның әлеуметтік қарым-қатынастарының шеңберін кеңейтіп, “Мен-концепциясына” міндетті түрде әсер етеді.     Баланың әлеуметтік ортаға енуінің салдарынан міндетті түрде терең, әрі әр сапалы өңделудің негізінде 6-7 жас шамасын әлеуметтік дамудың алғашқы кезеңі деп атауға болады.    

Адам өмірінің мектепте өткен  кезеңі оның екінші сатысы болып табылады. Дамудың осы жас шамасында  жеке тұлғаның және оқу танымдық субъектісінің  оқу процесін қамтамасыз ететін психологиялық  құрылымдары қалыптаса бастайды. Мектеп кезеңінде жеке тұлға мен  іс-әрекет субъектісінің біртұтас көріністері, яғни мінезі, жалпы және қосымша қабілеттері, дүниетанымы, мақсатты түрде болжай алу іскерлігі мен мотивациялық-қажеттілік сферасы, кәсіби бағытқа мойын бұра бастауы, құнды бағдарлары, мінез-құлқы мен іс-әрекетін өз екркімен реттей алу іскерлігі қалыптаса бастайды. Баланың әлеуметтік ортада бағдарлануы мен мінез-құлқының үлгілерін меңгеруінің негізінде, оның жеке басының қасиеттері қалыптаса бастайды.      Ең алдымен, баланың ересектермен жанамаланған және тікелей қатынасы арқылы оған ата-бабалардың көне мұралары жетіп отырады. Сонымен бірге тек қарым-қатынас арқалы ғана психиканың әлеуметтік нормалары (сөйлеу-тілі, естің, зейіннің, ойлаудың, перцепцияның, ырықты түрлері, жеке тұлғаның қасиеттері және т.б) қалыптаса алады. Балалардың мектепке келу мерізімінен бастап және олардың осы кезеңге дейінгі ойын іс-әрекетінде, оқушыларда жеке тұлғаның қарым-қатынасты қамтамасыз ететін қасиеттерінің қарқынды түрде қалыптасу процесі орын алады.     Балалардың жанұядағы және құрдастарымен қарым-қатынастарынан тыс, мұғалімге, құрдастарына қатысты қарым-қатынастың жаңа түрлері, және оқушылардың түрлі үйірмелер мен топтарға енуінің негізінде достық қатынастардың жүйесі де қалыптаса бастайды.    Қарым-қатынастың коммуникативті қыры адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу үрдісінде анықталады; қарым-қатынастың интерактивті жағы адамдардың өзара әректтестігін  ұйымдастыруда көрінеді. Қарым-қатынастың құралдары: а)Тіл-сөздердің, анықтамалардың жүйесі және оқуды қарым-қатынаста қолданылатын мағыналы сөз тіркестеріне (пікірлеріне) біріктіру. ә) Бір ғана фразаның әр мағынасын беретін интонация (дауыс ырғағы), эмоциялы айқындылық. б).Қарым-қатынастығы адамның отырысы, бет әлепетінің көрінісі, көзқарасы, сөз төркінің мәнін күшейте, толықтыра, әрі жоққа шығара алады. в).Ым-ишара (жест) қарым-қатынастың құралы ретінде жалпыға бірдей болуы мүмкін – яғни әрқайсысы өзіне тән мағынамен сипатталады.   

Қарым-қатынастағы адамдардың бір-бірінен алшақтағы-олардың мәдени, ұлттық дәстүрлеріне, бір-біріне деген  сенімінің дәрежесіне байланысты.       

Қарым-қатынастың түрлерін төмендегіше жіктеуге болады:

1.                      “Бет-перделердің байланысуы”- әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерін түсініп, ескеру ұмтылысы болмайтын формальды қарым-қатынас. Үйреншікті бет-перделер қолданылады, әігімелесушіге қатысты шынайы эмоцияларды жасыратын біртекті сөздердің, ым-ишаралардың жиынтығы.

2.                      Басқа адамды қажет немесе кедергі келтіруші объект ретінде бағалайтын дөрекі қарым-қатынас; егер объект қажет болса, белсенді түрде онымен қарым-қатынасқа түскісі келеді, ал егер де кедергі келтіретін болса, шеттетіп немесе дөрекі сөздерді қолдана отырып ызаланады.

3.                      Формальды рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің жеке тұлғасына емес оның әлеуметтік рөліне көңіл аударылады.

4.                      Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан маңызы басым.

5.                      Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-келген тақырып төңірегінде әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану міндетті емес, өйткені жақын қатынаста адамдар бір-бірін ымынан, бет әлпетінен, көзқарасынан бірден түсіне алады.

6.                      Манипулятивті қарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерімен байланысты түрлі амал-айлаларды пайдалана отырып, жарамсақтану (қорқыту, алдау, арбау, мейірімділікті таныту).

7.                      Зиялы қарым-қатынастың мәні оның затының болмауында, яғни адамдар ойындағысын айтқаннан гөрі, сол жағдайға сай нәрселерді айтуға тырысады.     

Адамдар бір-бірін қабылдау процесі қарым-қатынасының міндетті құрамды бөлігі ретінде танылып, перцепция деп аталады.  Өзінің және басқа адамдардың жеке қасиеттерін танудың қисынды түрі – рефлексия, яғни кері байланыс құбылысы. бұл әрекет етіп отырған индивидтің өзінің серігімен қалай қабылданатындығын түсінуі.  Қарым-қатынас күрделі әлеуметтік психологиялық процесс бола тұра төмендегідей негізгі каналдар бойынша жүзеге асады: сөйлеу тілі арқылы және сөйлеу тілінің қатысынсыз каналдары. Сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ретінде ақпараттың қайнар ретінде әрі әңгімелесушіге әсер ету тәсілі ретінде көрінеді.     

Зерттеу жұмыстарына сүйенетін  болсақ, адам қарым-қатынасының күнделікті актісіндегі сөздер оның 7% құрса, дыбыстар мен дауыс ырғағы 37% , сөйлеу тілінің  қатысынсыз жүрген әсер 33% құрайды екен.       

Адамның ішкі күйін бейнелейтін  бет әлпетіндегі бұлшық еттерінің  қозғалыстары, оның күнделіктерінің  шынайы мәнін табыс етеді. Ымдар  ақпараттың 70% құрайды, яғни адамның  көздері, көзқарасы, бет-әлпеті оның айтылған сөзінен бетер анықтама бере алады. Ал адамның маңдайы, қасы, аузы (ерні, көзі, мұрны, иегі) оның түр негізгі  эмоцияларын анықтайды.    

Басқа адамдармен қарым-қатынасында  кез-келген адамның нақты әлеуметтік рөлдері бар. Алайда қандай рөлді  иеленуі адамның өзіне байланысты яғни оның күшіне, әлсіздігіне, ақыл-ой деңгейіне, өзіне қатысты сыншылдығына, мінез-құлқының икемділігіне байланысты. Адамның даралық психологиялық  ерекшеліктері жоғары жүйке жүйесінің  типімен анықталып, ең алдымен темперамент  қасиеттерінде көрініс табады.

1.      Исмаилов Д.А., Абишева Ж.А.    Развитие   личности ребенка в процессе  предшкольной подготовки. Алматы, Рауан, 1998ж

2.      Шерьязданова  Х.Т., Суркова  Т.И.   Педагогу  о  стиле  общения с детьми, Алматы, Рауан, 1996ж

3.      Рубинштейн С.А. Проблемы общей психологии, Москва, Педагогика, 1976

4.      Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. Алма-Ата, Изд-во КазГУ, 1992ж

5.       Мухина В.С. Возрастная психология. Москва, Педагогика, 1998ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қарым-қатынас психологиясы