Акмеология дегенимиз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 14:42, реферат

Краткое описание

«Акмә» және «акмеология» туралы ұғым. Көптеген психолгтардың пікірінше кәсіби өнімділіктің мәселелері «акмэ»-гулдену өсудің биік шыңы, кезеңдерімен түсіндіреді, ол антикалық заманның өзінде-ақ пайда болған. Ежелгі гректердің түсінігінше, «акмэ» деген ұғымы даму психологиясында кемелдік шақты зеттейтін сала болып табылған. Бұл саланы «акмэология» деп атамыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акмә.doc

— 86.00 Кб (Скачать документ)

«Акмә» және «акмеология» туралы ұғым. Көптеген психолгтардың пікірінше кәсіби өнімділіктің мәселелері «акмэ»-гулдену өсудің биік шыңы, кезеңдерімен түсіндіреді, ол антикалық заманның өзінде-ақ пайда болған. Ежелгі гректердің түсінігінше, «акмэ» деген ұғымы даму психологиясында кемелдік шақты зеттейтін сала болып табылған. Бұл саланы «акмэология» деп атамыз. 
 
Көптеген зертеушілер, оның ішінде швейцарлық психолог Э. Клапаредтің, ойынша кемелдік кезеңдегі өзінің гүлдену-өсінуіне өзінің кәсіби шыңына жеткенде өзінің шыңына жеткенде адам өзінің дамуын тоқтатады, жеткен нәтижесінде тоқтап, өзінің шығамаршылық потенциялына қанағаттанады. 
 
Кемелдік кезеңдегі «акмэнің» бөлінуі – бұл кемелдік кезеңге әркелкі көзқарстардың пайда болуы, осыдан өмірлік елсенділікпен энергияның төмендеуі болып табылады. Г. Кайктің анықтауы бойынша, кемелдік бұл – жанұялық өмірдегі гулдену, өсу болып табылады. Бұл кезеңде көптеген адамдарды өзінің шығармашылық потенциалын жүзеге асыру мәселелері, өзінен кейінгі ұрпаққа белгілі бір шеберлікті қалдыру қажеттілігі жүзеге аспай қалған жоспарлары мен назардан тыс қалған мүмкіндіктер уайымдатады, өзінің жақын –туыстарымен жақын қатынастарды қалай сақтау мәселесі ойландырады.  
 
Кемелдіктің ерте және ортаңғы кезінде бірінші фаза сақталады, ортақ функциялар сапаларының прогрессивті даму фазасы жүзеге асады. Бірақта, екінші фаза да туындайды, бұл кәсіби қызмет процесіндегі арнайы психикалық функциялар мен байланысты прогрессивті даму болып табылады. «АКМЭ» туралы түсінікті жақтаушылардың пікірінше акмеологияның негізгі міндеті – осы өнімді кемелдік кезеңнің туындау заңдылықтарын орналастыру болып табылады. 
 
Бір қатар мамандықты меңгеруге қолайлы кезең өнімділік жас ерекшелік шыңы өздерінің мінез-құлқына негізделген. Барлық кәсіпкерлерінде шеберлік, білім мен тәжірибе физикалық және фунуционалды дайындықтың жоғары деңгейі жауап бере алуы тиіс. Сыналушы ұшқыштар, кәсіби спортшылар, әртістер өзінің «акмэсіне» кемелдік щақтың алғашқы кезеңінде жетеді, одан кейін біршама басылады. Басқа кәсіптерде мәселен, хирург-дәрігерлер, авиадиспетчер және т. б. «акмэ» кемелдік шақтың ортасында немесе соңына қарай жетуі мүмкін. 
 
Мұндай жағдайлардың барлығында да кәсіптік өнімділік шыңы шеберлік, білім, тәжірибе деңгейлерінің қажетті оптималды үйлестілігіне байланысты, бір жағынан, функциональды дайындыққа негізделсе, екінші жағынан, физикалық дайындыққа негізделген. 
 
«Акмэнің» мерзімі мен ұзақтығына адамның жеке тұлғалық ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы, кез келген спорттың түрлерінде жас шағы ерекше маңызға ие. 
 
«АКМЭ» мәселесі, әсіресе шығармашылық кәсіптегі адамдарда қызығушылық туғызады оқымыстыларды, жазушыларда, ақындарда, композиторларда, суретшілерде және т. б. өте айқын мысалдарды келтіруге болады, А. Н. Верстовский өзінің шығармашылық өнімділік шыңына «Асколдова могила» 36 жасында жеткен одан кейінгі 27 жыл уақытында осы секілді шығармаларды шығара алмады. 
 
Ересектердің отбасындағы рөлі. Кемелдік шақ – өмірдің барлық сапасында өнімділік пен тиімділікке жететін. Ересек адамның маңызды міндеттерінің бірі – өзінің балаларын өсіріп-жетілдіру. Өсіп келе жатқан балалар мен ата-аналардың қатынасы әр түрлері болады бұл жерде әр түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Ең маңызды, шешуші жағдай әрбір ата-ананың балаға деген эмоционалдық қатынастар базасына байланысты болып келеді. Психологияда мұндай қатынастардың үш вариянты қарастырылады: Эмоционалдықтың негізі болып табылатын шартсыз сүйіспеншілік, негізделген сүйіспеншілік және баланы қабылдамау. 
 
Аналық шартсыз сүйіспеншілікті Э. Фроле былайша сипаттаған: «Аналық сүйіспеншілік – бұл баланың өмірі мен мұқтаждықтары үшін өмір сүру, өзін-өзі құрбан ете біледі. Альтруистикалық сипаттағы ана сүйіспеншілігі махаббаттың ең жоғарғы түрі болып табылады. Жанұяда сүйіспеншілікке ие баланың уайым-қайғылар мен сүйіспеншілігін» деген түсінікте бірігеді. «Мен әдемімін, мен қайталанбас адаммын, сондықтанда сүйіктімін. Мен сүйіктімін, өйткені анам маған мұқтаж деп ойлайды. Мен сүйіктімін, өйткені бұл менмін. Мен сүйікті болуым үшін еш нәрсе істеудің қажеті жоқ». 
 
Баланың әдемілігінен немесе ұсқынсыздығына, қабілеттілігіне қарамастан сүйеді. Балаға осындай сүйіспеншілік қажет. 
 
Негізделген сүйіспеншілік – шынайы махаббат емес. Баласы мұндай жағдайда ата-анасының талап-үміттеріне жауап берген жағдайлардағана сүйеді. Егер бала ұқыпты, тәртіпті, тіл алғыш, мәселе әкелмейтін, жақсы оқитын, ата-анасының жолымен жүрген жағдайда ғана сүйіспеншілікке ие болады. 
 
Негізделген сүйіспеншілік бала бойында өзіне-өзі сенімсіздік, мазасыздық сенімін туғызады, сондай-ақ өзін-өзі бағалау деңгейін төмендетеді. 
 
Кемелдік кезеңдегі даму, әдетте, оның психологиялық жасының динамикасы мен байланысты болып келеді. Бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бір-бірімен сәйкес емес жастың үш түрін топтастыруға болады: 

  1.  
    Хронологиялық (төлқұжаттық). 
  2.  
    Физикалық (не биологиялық).
  3.  
    Психологиялық. 

 
Физикалық жас төлқұжаттық жастан онша ерекшеленбейді. Мысалы, 40 жаста 20 жасар болып көрінуге болады және бүкіл ағза денсаулығы да сәйкес келүі  мүмкін, немесе кәріліктің белгілеріне  де ие болуға болады. 
 
Психологиялық жас, бұл адам өзін-өзі қалай сезінуді қалай қабылдайды саған байланысты. Бұл жас ерекшелігі көбіне физикалық жасқа әсер етеді.  
 
Психологиялық жас – бұл жас ерекшелік идентификация, яғни өзін – өзі қабылдаудың әр түрлі деңгейіне де тәуелді болуы мүмкін. 
 
Психологилық жас, жас ерекшелік идентификация – уақыт ұғымдары туралы түсініктер мен байланысты өзіндік сана аспекті болып табылады. 
 
Уақытты қабылдау, жас туралы түсініктердің қалыптасуын жеке тұлғаның ес процесінің қосылуына тәуелді болып келеді. Мәселен, үш жасқа дейін бала «қазіргі нақты уақытпен» өмір сүреді, қазіргі мезетте қабылданған заттарға ғана эмоционалды қатынас жасайды. 
 
Кемелдік кезеңде психологилық жас көбіне жеке-тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді, сон дай-ақ оның тұлғалық бағыт-бағдарына өмірлік мақсаты мен оны жүзеге асыруды спецификасына да байланысты болып келеді. 
 
 
Бақылау сұрақтары 
 
 
1. Кемелдік жастың өзіндік даму ерекшеліктері. 
 
2. «Акмә» және «акмеология» туралы ұғым. 
 
3. Ересектердің отбасындағы рөлі 
 
 
Әдебиеттер [3, 4, 5, 6, 7, 8] 
 
 
12-тақырып. Қартаю және кәрілік 
 
Жоспар: 
 
1. Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік өлшемдері мен факторлары.  
 
2. Қартаю және психологиялық жас. 
 
Адамның соңғы өмір уақытын - қартаю деп атаймыз ( 60-70 жас аралығы ). Б. Д. Бромлей қарттық кезеңнен басқа (55-70 жас аралығы) солу-қажу, 70-тен жоғары кезеңді төмендеу деп атады. Э. Эриксон бойынша, өмірдің соңғы жылдарын кемелденудің соңы деп атаймыз. Өйткені, мұндай атау адам өмірінің аяқталу кезеңінің мазмұнына көбірек сай келетін секілді. Сондай-ақ, бұл кезеңді көптеген адамдарда «қартаю – қуаныш емес» деген түсінігіне сай келе бермейді.  
 
Жоғарыда айтып өткендей, кемелдік пен соңғы кемелдікті ажыратып тұратын – бұл зейнетке кету факторы болып табылады. Бұл көбіне кризистік кезеңді тудырады, яғни бұл зейнетке кету кризисі» деп аталады.  
 
Ең алдымен, әдеттегі тұрмыс салты бұзалады, адам өзін керексіз, тастанды сезініп, ендігі кезекті қоғамдық өмірге қатысы жоқтығын түсінеді. Өзінің әлеуметтік статусының төмендеуі, жылдар бойы жинақталған өмір ырғағының жоғалуы, әдетте, адамның жалпы физикалық және психологиялық жағдайының нашарлауына да әкелуі мүмкін, сондай-ақ кейбір жағдайларда өлімге де әкелуі мүмкін.  
 
«Зейнетке кету дағдарысы», әдетте, немерелерінің өзіндік-жеке өмір сүруінің бастауымен тереңдей түседі, әсіресе, өзін жанұяға арнаған әйелдер үшін. Өмірдің соңғы кезеңдерінде биологиялық қартаю процесі тез жүреді.  
 
Физикалық күші таусыла бастайды, денсаулықтың жалпы жағдайы нашарлай бастайды, кейбір психикалық функциялардың деңгейі төмендей бастайды, ең алдымен еске сақтау процесі мен ас қорыту мүшелерінің қызметі бұзылады. Бұл регрессивті процестер адамдардың хронологиялық және биологиялық жасына сәйкес әр түрлі сәйкес пайда болып отыратын көптеген адамдарда төлқұжаттық жас психологиялық жасқа негізделіп келеді.  
 
Қазіргі кезде Қазақстанда әйелдер өмірінің ұзақтығы 80 жас болса, ал ерлер өмірінің ұзақтығы 60 жас болып табылады. Бірақ та, статистикалық мәліметтер бойынша, өлім жастық шақта немесе бөьек кезінде де келуі мүмкін. Зейнетке кету көбіне биологиялық қартаюмен сәйкес келе бермейді, және де материалдық жағдайының төмнедеуіне де алып келеді. Сондай-ақ, өмір серігінің өліміне байланысты, немесе туысқандарын жоғалтумен байланысты да дағдарыс тереңдей түсуі мүмкін.  
 
Э. Эриксон бойынша, қарттық кезеңде «адамның көңіл бөлу фокусы» болашақ туралы уайымдары өткен тәжірибеге ауыстырылады. Одан кейін психологиялық өткен шақ ұлғайып, нақты мерзімдік перспектива қысқарады. Осыменен, психологиялық қартаю, қарттық сезімінің туындауы қалыптасады.  
 
Сондай-ақ Э. Эриксон, бұл жерде дамудың негізгі екі сызығын бөліп көрсетті. Егер де адам «өзгелер туралы уайымдап, олардың жағдайларын жасап, өзгелер үшін үлгі болған болса, онда бұл адамда өткен тәжірибесінен қалған жемістерді қайта жаңғырту туралы идеялар туындауы мүмкін. Мұндай адамда өзінің бүкіл өмір барысындағы тұлғалық дамуындағы бағалау өлшеміне байланысты «эго-интеграция» процесі пайда болуы мүмкін». Э. Эриксонның ойынша, эго-интеграция психо-әлеуметтік кризиске қарағанда қарттық кезеңге маңызды фактор болып табылады. Егер де адамның дамуы прогрессивті сипатта болатын болса, ол өзінің бүкіл даму жолына қанағаттанып, кәсіби қызмет саласымен қатар, неке мен жанұяда да үйлесімді қатынаста болуы мүмкін.  
 
Өзінің шеберлігінің жалғасын өзіннің ұл-қыздарын көргенде, немесе берген тәрбие, білімінің нәтижесіне қанағаттанатын болса, онда адам қарттық кезеңге көңілі толып, келер өлімнен қорықпайды. Тек осындай жағдайда ғана, Э. Эриксонның айтуынша, адам нағыз қарттыққа жете алады, сүрген өмірінің даналығын сезіне алады. Даналық – бұл өлім алдындағы өмірдің шартсыз маңыздылығын саналы түрде түсіну.  
 
Егер де, адам өзінің өткен өмірін «жүзеге аспай қалған мүмкіндіктер мен қателесу» деп санайтын болса, онды өмірдің қорытынды кезеңінде оның бойында эго-интеграцияның болуы мүмкін емес. Ал, өз кезегінде, эго-интеграцияның жоқтығы «өмірді қайта жасау» секілді өкінішпен байланысты өлімнен жасырынша қорқуына алып келеді. Мұндай жағдайды Э. Эриксон адамның дамуындағы өкіну-қайғыру кезеңі деп атаған.  
 
Қартаю және психологиялық жас. Жоғарыда атап өткендей, қарттық шақтың белгілерінің бірі – бұл психологиялық қартаю болып табылады. Бұл кезеңде қарт адамдарға өзінің өткен өмірін бағалаудан басқа эго-интеграцияға жету үшін «өмірге қызығушылықтың» қажеттігін атап өтеді. Ол өзінің немерелерінің тәрбиесіне қажет екенін, саяси оқиға-құбылыстарға, денсаулықты нығайтуға арналған дене дене шынықтыру бағдарламаларының және т. б. қажеттілігін де атап өтеді.  
 
Сондай-ақ, қарттық кезеңдегі психологиялық жастың артуы оның міндетті бөлігі болып табылмайды. Өмірдің соңғы кезеңі болып табылатын бұл жас физикалық мүмкіндіктері мен қабілеттерін жоғалту уақытында субъективті тартымсыз сипатқа ие болады.  
 
И. С. Конның мәліметтері бойынша, қарт өздерін «орта жасқа» жатқызады, тек кейбіреулері өздерін кәрімін деп санайды. Нақты жағдайда пси хикалық жағдайының нашарлауымен, денсаулығының төмендеуімен, қоғамдық қатынастар шеңберінің кемуімен, материалдық жағдайының төмендеуімен байланысты болған кезде ғана адам кәрілік сезімін, жас өзгеруінің негативтілігін сезінуі мүмкін. 
 
Шығармашылық – кәсіби өмірі ұзаққа созылған адам кәрілік кезеңде де психологиялық жасын үй лесімді сақтап қалады. Қазіргі кезде геронтологтар негізгі назарын кәріліктің медико-биологиялық себептері мен уақытынан бұрынғы өлімнің себептерін апнықтауға бұрып отыр. Бұл мәселелердді шешу үшін әдеттегі өмірді 100-150 жасқа дейін созу керек болады. Геронтопсихологиядағы маңызды мәселелерді шешуде ең алдымен псрхологиялық жас ерекшеліктерін дұрыс қалыптастыру болып табылады.  
 
Психологиялық жасты өлшеу, ескеру кейде жеке тұлғаның даму спецификасын болжамдауға және түсінуге көмектеседі. Кемелдік кезеңдегідей, қарттық шақта да өзін жас сезінуі жеке тұлғалық өлгемге байланысты болып келеді. Ең соңғы кезең өте маңызды болып келеді. Жеке тұлғаның қарқынды дамуы, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, өзін-өзі толық аша білуі кез келген жас кезеңінде болуы мүмкін.  
 
Психологиялық жас хронологиялық жасқа қарағанда ауқымырақ болып ке леді, сондықтан да оны өмірдің сапалығы деп атайды. Адам өзін қашан туылғанын, қандай жастық категорияға жататынын сезінгеннен гөрі, ол қалай өмір сүретінін, өзін қалай сезінетінін, қалай қабылдайтынын сезінген маңыздырақ болып келеді. Біздің эрамыздың басында өмір сүрген Л. Сенеканың айтуынша, «біздің өміріміз алтын секілді, көлемімен емес, салмағымен өлшене білсін, оны іспен өлшейік, уақытпен емес...» деген.  
 
Қарттық кезеңнің дамуының үш нұсқасын бөліп көрсетуге болады: 

  •  
    өмір сүріп үлгеру;
  •  
    қызмет түрлерінің, әрекет түрлерінің ауысуы;
  •  
    кемелік кезеңдегі өмір мазмұнын сақтай білу.

 
Өмір сүріп үлгеру. Бұл психологиялық болашақтан айырылумен сипатта лады. Ол жеке тұлғаның әр алуан бағыттарында орны алуы мүмкін. Адамның гедонистикалық бағыттылығын да өзінің қарттық шағына дейін өмір сүріп үлгермейді. Адамның эгоистік бағыттылығында өмір сүріп үлгеру дамуға тән сипат болып табылады.  
 
Кемелдік шақтан қарттық шаққа өтудегі қызмет түрлерінің ауысуы жеке тұлғаның бағыттылығында да көрініс беруі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру процесі кәсіби психологиялық сүйемелдеуді және қолдауды сұрайды.

 

Акмеология – тұлға  құндылығының ғылымы, оның жетілдіруі, өз кәсіби әрекетін қалыптастыру, әлеуметтік роль атқару, толықканды өмір сүру.

 

Акмеология – тұлғалық-психологиялық  деңгейінің жетілуі, өзінің мүмкіншілігін  қиын жағдайларда пайдалана алады. Әлеуметтік өсуін, өзінің тұлғалық жетіктігі мен кәсібилігін, өзінің даралығын, өз орнын табуын, қазіргі қоғамдағы өзінің орнын тұлға өзі анықтайды. Бұл тұлғаның (орынын) даму процесі мен өзіндік дамуы деуге болады.

 

 

 

Мәдениет деңгейі және тұлғаның кәсібилік дамуы. Акмеологиялық  жағдайы

 

Психологияда даму принципі көп қырлы, сондықтан ол арнайы психологиялық білім аймағы болды. Акмеология психологиялық  дамуымен жақындай келе, даму принциптерін анықтайды. Олар:

 

- дамушылық жетілдіру,  өсуіне, жоғары деңгейдегі барысы;

 

- даму сипатының субьектілігін тану;

 

- даму процесі мен  талдау процесі қарама – қайшылықсыз  болмайды, субъектісі болмаса;

 

- акмеологияда даму  принципі жекешілік даму сипатын  анықтайды;

 

- акмеологияда дамуды  өмірлік дамуында және іс-әрекетте, өмір жолындағы дамуының байланысы;

 

- акмеология бірізділік кезеңдерін анықтамайды, тұлғалық кезеңі идеямен және болашақпен байланысты.

 

Акмеологиядағы дамушылық  ол: сапалық, мәдениеттілік.

 

Акмеологияға сүйенсек – тұлғаның мәдениет қасиеті өз-өзіндік  бейнелеушілігі, өз-өзін жүзеге асыруы, бұның бәрі кәмелеттік дейді.

 

 

 

Кәсіби іс-әрекетіндегі өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі  бекітуі

 

Қазіргі ғылым (педагогика, психология) былай дейді: «Тұлғаның  ашылуы кәсіби іс-әрекетінде. Адам өзінің тұлғалық және кәсібилік сапасын  көрсете алады, өзін-өзі дамушылығын көрсете алады, қоғамда аты шығып,  белсенділігін байқатады». Осы қағидада өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі көрінеді.

 

Өзін-өзі кәсіби анықтау  деген – кәсіби әрекетіндегі тұлғаның дамушылық процесі және өзінің қабілетін, тұлға-психологиялық мүмкіншілігін жүзеге асыру. Ол бір кезеңде болмайды, толық белсенді жұмыс әрекетінде атқарылады. Осы жолда мақсаттар мен міндеттер қалыптасады. Осы процесс адамның өмір бойғы жолымен табады және де өзін-өзі бекітуінің толықтай негізі болып саналады.

 

Өзін-өзі кәсіби бекіту – кәсібилік қабілеті, кәсібилік мотивация, кәсібилік өзіндік санасы, мінезінің қасиеті. Олардың мамандық алу жолының құрылысы қызық. Ол кезде тұлға әрекетінің стилі қалыптасады, тұлғаның кәсібилігі қалыптасады.

 

Сондықтан, тұлғалық-кәсібилік даму, өсу — адам дамуындағы үзілмейтін процесс. Осы кезде өзін-өзі басқаруы, қоғамның өзгерістерін байқауы, қоршаған ортамен байланыс жасай отыра, өмірдің көп қырлылығын қабылдауы өмір мен кәсіби тәжірибесінде анықталады.

 

 

 

Музыка сабағын беру жалпы тәжірибеде кездесетін қиындықтар және «тар орындары»

 

Жоғарыда тұлғаның даму процесі туралы айтылса, ал музыка саласындағы  тұлғалық және кәсібилік дамуында оның өзінің қасиеттері, сипаты, ерекшеліктері  бар екенін білдіреді.

 

Музыканттың даму — қалыптасуы мақсат бағытында, жоспармен, психолого-педагогикалық кезеңде, олар оқу-білім алу процесінде ерекше орын алады, ол оның ұйымдастыруы, мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдері.

 

         Үлгі ретінде ЖОО-ның музыкалық-орындаушылық  оқыту тәжірибесіне көңіл аударайық  (фортепиано, шекті, үрмелі, халық аспаптары және дирижерлау). Келесі фактілерге назар аударайық:

 

1) музыкалық-орындаушы  оқушысы күнделік тәжірибеде, азды-көпті  көлемдегі оқу-педагогикалық репертуардан  музыкалық шығармаларды меңгереді.  Ол деген тұлғаның аз көлемді көзқарасы, даму процесінің баяулауы, қызығушылық пен қабылдауы төмендейді;

 

2) музыкалық-орындаушылық  сыныптарда қабылдаған іс-әрекет  жұмыстары «жаттығу» сияқты; оқушыларда  теориялық және жалпылама сипатының  «қоры» аздауы және «өнім»  бермейді; музыкалық-танымалық білімінің аздығы. Осының бәрі жастардың музыкаға деген көркем-интеллектуалды және эмоционалды даму «қорының» аздығына келіп әсер етеді;

 

3) оқу барысы көбіне  авторитарлық бағытында. Бостандығының  жоқтығы оған деген қысымы  өзіндік, шығармашылық инициативаға, белсенділікке жол ашпайды. Сондықтан, бостандық пен даму (оның ішінде тұлғалық-кәсібилік дамуы) – бір-бірімен ішкі байланыс категориясы, бірін-бірі  қосатыны;

 

4) аспапта ойнау, оқытудағы  икемділік пен дағды кей уақытта  тығыз арнайлығы, оның әрекет диапазонына әсер етеді және бұрын үйреніп қалған, бұрын қалыптасқан икемділік пен дағдылар жаңа тәжірибесіне, жаңа жағдайда қойған мақсаттарға тез көше алмайды;

 

5) қазіргі техникалық  құралдардың мүмкіншілігін (аудио,  видео) пайдаланбайды. Оны оқу барысында қолдана білуі де маңызды;

 

6) музыкант-оқытушы өз  бетінше оқуға  үйрету керек.  Оқуда, білім алғанда, оқытқан  «қоры» өмірде кей уақытта  келмейді, осы кезде қайта бейімдеу, қайта оқу, қайта бетбұру, қайта  өзінің кәсіби білемін, икемділігі  мен дағдыларын қарау.

 

Оқуға үйрету (учить учиться) — өзіндік әрекетінің «әдіснамасына» бейімдеу, оқушыда өмірлік пен  кәсібилік позициясы қалыптасады, өз жүрісі, өз дамуы, өз актуалдығы, әлемге, мамандыққа, өзіне деген көзқарасы. Сондықтан, тұлғалық — кәсібилік  дамуы арнайы қабілет кешеніне байланысты (музыкалық есту сезімі, музыкалық ырғақ сезімі, музыкалық есте қалу сезімі).

 

Музыканы оқытудың дамуының принциптері

 

Сонымен, оқушы — музыканттың  жалпымузыкалық, тұлға — кәсібилік  дамуы оқу процесінде қалыптасады. Оқу процесінде, оның ұйымдастыра білу кезінде даму нәтижесінің көрінісі, жетістігі болып саналады. Ол оқу барысындағы дамушылық нәтижесі, проблеманың шыңы, негізі.

 

Музыкалық — орындаушылық сыныпта, жалпы мектепте музыкалық оқу  дамуының принциптері келесіде:

 

1) оқу- ілім беру практикасындағы  қолданатын материалды көбейту,  оқушылардың репертуарын (шығармалар  көп болу керек, көркем —  стильдің көптігі) көбейту. Көркем  — ойшылдық сапасын көтеру;

 

2) оқу материалының (музыкалық шығармаларды  орындау үшін) бір бөліктерін жедел оқыту, ұзақ созылатын орындаушылық класынан бас тарту;

 

3) музыкалық орындаушылық сабақтарының  ұлғайту барысындағы теориялық  көлемі, сабақта музыкалық — теориялық  және музыкалық орындаушылық  класын қолдану;

 

4) еліктеу тәсілінен бас тарту,  орындаушының белсенділігі, өзіндігі, шығармашылық инициативасының басымдылығы. Еркіндік пен тәуелсіздік беру;

 

5) қазіргі ақпараттық технологияны  қолдану (аудио, видео);

 

6) жас музыкантты «оқыта» оқуға  үйрету.


Информация о работе Акмеология дегенимиз