Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 12:59, реферат
Психология ғылымында психикалық құбылыстарының ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.
Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі – агрессивтілік адамның жеке тұлғалық касиет ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады.
Агрессияның психологиялык теориялық негізі
Табиғи агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық көзқарастары
Психология ғылымында психикалық құбылыстарының ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.
Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі – агрессивтілік адамның жеке тұлғалық касиет ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады.
Психоаналитикалық бағыт – бұл тұжырымның негізін қалаушы З.Фрейд.
Ұзақ жүздеген жылдар бойы, оның теориясы қызу да қатаң тартысқа айналған. Фрейд еңбегінің арқасында агрессия және агрессивтілік моральдық тақырыптың ой тартысы, ғылыми сараптаманың негізгі объектісіне айналды. Фрейдтің бастапқы жұмыстарының тұжырымы бойынша бүкіл адамзат әрекеті бұл тікелей болмаса жанама «эростың» ағыны, өмір инстинкті, өмірдің сақталып – мықтылануына бағытталған энергия көзі. Агрессия бұл тұрақты емес, алайда қашып құтыла алмайтын өмірдің бір бөлігі.
Бері келе заманға сай көптеген оқулықтарда көрсетілгендей агрессияның деректемесінің тәртібін психоаналитикалық анықтамада - «Танатос» деп көрсетеді. Танатос - өлім мен талқандалуға деген инстинкті қызығушылық, ұмтылыс. Фрейдтің ұғымы бойынша танатос бұл өлімге ұмтылыс, танатостың энергиясы жарық өмірдің аяқталып, талқандалуына бағытталған.
Үлкен қарама – қайшылықтың бір бағыты өмірдің сақталуы мен талқандалуы, ал басқа механизмдер қызмет етуі танатос энергиясының мақсаты, бағытталуы, өзімнен бой алып, өзіме бағыттау. Фрейдтің тұжырымы бойынша бүкіл адамзат әрекеті эрос пен танатостың арасындағы өзара қарым-қатынасы мен тартыс күшінің нәтижесі. Осылай танатос жанама себепкер болу арқылы агрессия сыртқа шығарылып, өзге біреуге бағытталады.
Агрессия, өзгеге бағытталу: Инстинкт пен әлеуметтік норманың бір-біріне қайшылығы, қимылдың шектелуінен ішкі жағдайдың туу салдарынан агрессияның, яғни зорлықтың пайда болуы. Адам зорлықты өзіне, өзгеге және қоршаған сыртқы ортаға қатысты жасайды. Өмірге құштарлық және өлімге ұмтылуы, осы қарама-қайшылықтың түсінігі махаббат пен өшпенділіктің бірдей теңдігін көрсетеді. Өлімге ұмтылу зорлық-зомбылықты әкелсе, ал махаббат агрессивтілікті (сексуалдық) тудырады. Фрейдтің агрессияны табиғи қайнар деп қарастыруы писсимистілік. Бұл әрекет тек туа бітіп қоймай, танатостың энергиясы іштен шықпай қалуы индивидтің өзін-өзі талқандалуына әкеліп соқтырады. Агрессияның сыртқа эмоция арқылы көрінуі, талқандаушы энергияның азайып, жеңілдеуін ыңғайлы тәсілмен сыртқа шығарылуы көңілге үміт ұялатады. Осылай әрдәйым шығарылуы агрессивті мінез-құлықты, қызбалылықты, кекшілдікті, сарказм мен өсекке жақындылықты бойына сіңдіруі мүмкін.
Этиологиялык көзқарас: К.Лоренц агрессия – бұл ұзақ эволюциялық даму деп қарастырады. Лоренцтың ойы бойынша агрессия – бұл біткен инстинк, өмір сүру үшін күресу, бүкіл адамдарға және жануарларға тән қасиет. Адам бұл өзінің әрекеті табиғатқа тиесілі екенін түсінуі қажет. Агрессияны зерттей келе ол оны жануарлармен ортақ табиғи заңдылық деп қарастырады.
Агрессия генетикалы фонды жақсартуға көмектеседі, яғни күшті энергиясы мол индивидтер өзінің ұрпағын сақтап қала алады. Күшті жануарлар өз ұрпағын сақтап қалуға күші жетеді. Агрессивтілік бірлесе жасалған функцияның бірі. Осы мезетте жиналған энергияның саны, өнбойынан агрессияның сыртқы шығуына әкеледі. Басқа тіршілік иелеріне карағанда адамдарда бір-біріне деген зорлық-зомбылығы көбірек. К.Лоренцтің ойы бойынша бүкіл тіршілік иелерінде туа біткен инстинкті тартыстан басқа, ол өзінің ұмтылысын үстем ұстайтын мүмкіндікке ие және бұл мүмкіндік өзінің құрбанына қиянат әкелетін әрекетке тиесілі. К.Лоренц осылай тұжырымдай келе агрессияны құтыла алмайтын туа біткен күш деп қарастырады. Сондай ақ оның айтуы бойынша агрессияны жеңілдетіп, кейбір әрекеттерді бақылауға алуға болады. Оның жорамалы бойынша адам әртүрлі әрекеттер жасау арқылы, біреуге қиянат келтірмейтін жағдайлар, агрессия энергиясының қауіпті деңгейге дейін жинақталуын жеңілдетеді.
Лоренцтің тұжырымы бойынша – достық, жылы қарым-қатынас ,махаббат ашық агрессияның ушығуын жауып жеңілдетуі мүмкін.
Аңшылық гипотеза: Адри - Голливуд сценарисі «әуесқой архиолог», бірнеше кітаптар жазған. Адридің тұжырымдауы бойынша, іріктеп алу нәтижесінде аңшылықтың жаңа түрі пайда болуы: «Біз аштықта болмас үшін – шабуылдадық. Біз қауыпке лайықты қарсы тұрмасақ онда біз тіршілік етуді тоқтатар едік. Біз аңшылыққа анатомиялық және физиологиялық жағынан икемделгеміз». Бұл табиғи аңшылық адамзат агрессиясының негізін құрайды. Адридің тұжырымдауы бойынша осы аңшылық инстинкт адам миының дамуы – қару-жарақтың шығуы, адамды бір-біріне шабуылдайтын тіршілік иесін құрайды.
Э.Фроммның агрессияга көзқарасы: Агрессия – бұл өлімге, қайғыға ұмтылыс. Э.Фромм зорлықтың бірнеше формасын көрсетеді: ойын арқылы зорлық, біреуден кек алу үшін, сеніміне жай түскендей болған кезде, біреу-біреуді өз билігіне жүгіндіруі, оны қорғансыз объектіге айналдыру, оған ойына келгенін жасау, балағаттап, қорлау негізгі мақсат-қайғыруға мәжбүр ету. Адам өзі жаңа нәрсені біліп, шығара алмаған кезде, ол өз күшін талқандауға жұмсайды. Яғни адам, дегені болмаған кезде зорлыққа, агрессияға жол береді. Адам бойындағы қайрымдылыққа, махаббатқа, сенімге көңілі қалған жағдайда, талқандауға кіріседі. Көңілі қалу өмірді жек көруге әкеліп соқтырады. Зорлық-зомбылық бір индивитке және топқа қатысты болуы мүмкін. Зорлық-зомбылық талқандауға бағытталса, ал өмірді қорғауға бағытталған – агрессия бұл басқаша түсінік. Реактивті зорлық-зомбылық өзінің бостандығын, мәртебесін қорғауға бағытталған, мұның негізгі мақсаты құрып – қалыптастыру болып саналады.
Сөйтіп Э.Фроммның белгілеуінше фрустрациялық қажеттілік пен құмарлық көпшілік арасында әдеттегі құбылыс, агрессия мен зорлық әрдайым көрініп отырады деп атап көрсетті.
Фромм зорлық пен агрессия проблемасын адамның әлеуметтік мінез-құлқы сұрағымен байланыстырды. Көпшілік топ өз индивитінің нақты ерекшеліктерін, сондай-ақ зорлыққа қатынасын мақсатты бағыттап қалыптастырады.
К.Ю.Юнгтің агрессияга көзқарасы: агрессия, зорлық-зомбылық санадағы санасыз адам психикасындағы қимыл әрекет деп түсіндіреді. Индивидтің дау-дамайы оның қорлықтан құтылмайтын түнек бөлігі, рухани талқандалуы, жеңуі, жаңаруы.
Агрессивтілікті эмоцияның көріну әрекеті, яғни сырттан немесе іштен келген тітіркендіргіштерге жауап реакциясының әрекет ретінде көрсетуіне орай бірнеше теориялар бар. Олай болса, соларға тоқталып кетейік.
Әрекетке тиесілі бағыт: агрессия және фрустрация. Бұл жерде агрессиялық әрекет эволюциялық процеске емес, жағдайға байланысты қарастырылған. Адамзат бойындағы агрессияның бұл бағытының негізін қалаушы Дж.Доллард. Оның көзқарасы бойынша агрессия – бұл адам бойындағы автоматталынған құмарлық емес, фрустрация әсері қажеттілігін қанағаттандыру үшін кездескен кедергілерді жеңу, ләззат алу мен эмоциялық тепе-теңдік. Бұл теорияның нақты түсінігі агрессия бұл фрустрация көрінісі, ал фрустрация әр уақытта агрессияны өзіне ілестіреді. Агрессия – фрустрация бұл төрт негізгі түсініктің шоғырлануы: агрессия, фрустрация, тежелу, орнын баса тұруы.
Агрессия – бұл өзінің іс-әрекеті арқылы өзгеге қиянат келтіру ниеті.
Фрустрация - көзделген реакцияны орындалуында кедергілердің туындауы. Фрустрация деңгейі кедергінің маңызы мен бағышталған әрекетінің саны және осы көріністің мотивациялық күшіне байланысты. Мақсатқа жету және мақсатты бағытталған әрекеттің санынан кейін фрустрация басталады.
Тежелу – бұл тенденция күтіп отырған жағымсыз зардапты шектейтін болмаса алдын орайтын әрекет.
Агрессиядағы қондырылған
тежелу акті кез келген болатын шабуылдың
күшімен тікелей тепе-
Орнын баса тұру – бұл бөгде біреуге қарсы бағытталған, агрессивті әрекетке қатысу құлшынысы, бұл фрустрацияның шығуы, оның негізгі түбіне қатысты емес.
Фрустрация теориясының
негізін қалаушылардың бірі Л.Берковец.
Ол «агрессия – фрустрация»
а) Фрустрация міндетті түрде агрессивті әрекеттен тарамайды, ол оған дайындық құрайды.
ә) Агрессия дайын тұрған күйде ыңғайлы жағдай тумаса ушықпайды.
б) Фрустрациялық жағдайдан индивид агрессия әрекеті арқылы шығатын болса, онда ол әрдайым осы іспеттес әрекеттері, дағдыға айналып отырады.
Ал С.Розенцвейг – фрустрацияны шақыратын үш себебін бөліп көрсетті:
1. Мақсатқа жетуге қажетті
нәрселер болмауы болмаса
2. Затты болмаса қандайда
бір объектіні жоғалту,
3. Дау-дамай бір уақыттағы бір-біріне үйлеспейтін жағдай, тұрақсыз күй немесе қатынас.
Агрессия фрустрациялы жағдайдан шығудың бір жолы болып қарастырылады.
Әлеуметтік оқыту теориясы: жағымсыз әсер. Басқа теорияларға қарағанда, мұнда агрессия әлеуметтік ортада қалыптасады, туындайды. Д.Уотсонның қарастыруы бойынша агрессия, зорлық – бұл индивидтің өткен тәжірибесінің қорытындысы, оның іс-әрекетіне қоршаған ортаның әсері.
Әлеуметтік оқыту теориясы – бұл адамзаттың үлгіге қарап бағдарлануынан үйренуі. Бұл жерде үлгі тұлғааралық қарым-қатынастың құралы ретінде, яғни адам әрекетінің құрлымы, өзгерісі, қатынасы осыған байланысты. Сондықтанда бұл жерде әлеуметтік қатынастың бастапқы әсерін анықтап, үйренуі – бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі агрессиялы қатынасы. Дәлел бойынша ата-ана әрекеті агрессияны ілгері басуының негізгі себебі, агрессивті ата-ана, агрессивті бала тәрбиелейді. Мұндай теорияның негізін қалаушы А.Бандура. Ол агрессивтілік әрекетке үш жағдай енгізді:
- осы іспеттес әрекеттердің дағдылануы;
- олардың әрекетін итермелейтін факторлар;
- оларды нақтылайтын жағдай.
Аталған теорияның түсіндіруі бойынша адам агрессивтілік әрекетті көп қолданған жағдайда, ол оның әрбір іс-әрекетінің бір бөлігі болып қалады. Агрессивтілік әрекеттің маңыздылығы мен табыстылығы артқан сайын жетістікке жетуі, агрессияның бой көрсетуінде оның мотивация күшінің едәуір көтерілуі, әрдайым табыссыздықтың қайталануы – тенденция күшінің тежелуіне әкеледі. Бұл теорияның басқа негізгі элементі әлеуметтік қорғаныс болып табылады. Қорғаныс түсінігі – бұл қандайда бір әрекеттің белгіленген реакциясы, яғни бөгде адамдардың сөзбен және сөзсіз қатынасты бақылауда ұстауы. Бұл мақтау немесе сөгіс, кекету болмаса күлу, достық немесе қастандық ишарасы болуы мүмкін. Қорғанысты екі формаға бөледі:
- жағымды қорғаныс –
реакцияның соңынан ілесетін
қандайда бір стимул оны
- Жағымсыз қорғаныс – бұл өткізу салдарынан реакцияны ушықтыратын стимул.
Қорғаныстың түрлері өте көп, мысалы: жазалау және көтермелеу. Қорғаныстың төрт түрін қолданады:
1. Егер бала реакциясының
соңынан жағымды қорғаныс
2. Егер жағымды қорғаныс баланың осы болмаса басқа реакциясынан кейін өткізіліп алынып тасталатын болса – онда жағымсыз жазалаудың қорытындысы;
3. Егер реакцияның соңынан – жағымсыз қорғаныс ілессе – онда жағымды жазалаудың қорытындысы;
4. Егер жағымсыз қорғаныс
заты реакциядан кейін
Бала агрессияны көрсетуде әрдайым қолдау тауып отырса, онда оның агрессиясы әртүрлі жағдайда өсіп отырады. Жасалған агрессияға қолдау тауып отыруы, біртіндеп дағдыға айналады, осының салдарынан агрессиялы тұлға қалыптасады.
С.Н. Ениколоповтың түсінігі бойынша агрессияның үш негізгі функциясы бар:
1. Агрессия өзінің «мен» тұжырымын қорғаудың басты құралы. Мұндай агрессияның бой көрсетуі, адамның «мен» тұжырымын қаншалықты түсінетініне байланысты, мұндай адам бірінші танысқанды-ақ өзін нақтылау үшін агрессивтілі болып көрінуі мүмкін;
2. Агрессия – психологиялық ішкі қысымның сыртқа шығуын іздену, яғни «Текені босату»;
3. Өз мақсатына жету: «жолымдағының бәрін соға, итере мына есіктен құтылып шыққым келеді».
Агрессияны жан-жақты түсіне білу қажет: ол өсек айту, біреуге жеткізу, ауыр келеке болуы мүмкін. Агрессия адамның өзіне де бағышталуы мүмкін.
Аутоагрессия – бұл өзіне әртүрлі қиянат жасау: денені кеспелеп жырып тастау, сурет салу, өзін кінәлау болмаса қандайда бір әрекеттің өзін-өзі талқандауға бағышталуы. Қазіргі уақытта мұндай мәселемен психосоматикалық ауру актуалды орын алуда.
Л.Берковицтің пікірі бойынша агрессия әрекетін қадағалауға болады. Д.Зильманның тұжырымы бойынша кейбір жеке жағдайларда агрессияның құлшынысы жоғары болған жағдайда, оны бақылауға алу мүмкін емес.
Гуманистік бағыт. К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Берлз және т.б. еңбектері агрессия мен зорлықты өзінің негізгі жағдайымен байланыстыра зерттеп, түсіндіреді.
К.Роджерстің қарастыруы бойынша агрессия мен зорлық индивидтің бостандығын таңдау мүмкіндігін, шектеуге мәжбүр еткенге, қарсы әрекеті. Агрессия және зорлық психологиялық қорғаныстың бір түрі. Агрессия бұл организмның тәжрибеге жауабы, яғни қауіп төнетін жағдайда индивидтің өз жайында ойлауына сәйкес келмеуі. Адам өз құндылықтарын, өзін-өзі қабылдауды қажет етеді. Ол жақсы өмір мен бақытқа ұмтылады. Өзі жайында өзгенің ойына көбірек көңіл бөлуі, ішкі тебіреністермен қаупі күшейіп, олардың оны бағалауы мазалайды. Адам олардың талап етуі мен үмітін ақтауға ұмтылады, сондықтанда ол еркіндікте емес, әрекетті таңдауы шектелген. К.Роджерстің айтқанындай «агрессия – бұл шектелген еркіндікке мәжбүр еткен әрекеттің жауабы». Психология ғылымындағы агрессиялық әрекетті түрлі әдебиеттік қайнар көздер бойынша теориялық зерттеу негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады.
Информация о работе Агрессияның психологиялык теориялық негізі