Агрессия психологиялық феномен ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 21:22, контрольная работа

Краткое описание

Жеткіншектік ортада агрессивтілік тенденцияларының өсуі біздің қоғамымыздың əлеуметтік мəселелерінің ең бастыларының бірі. Соңғы жылдары жастар арасында қылмыстар жасау көбеюде, соның ішінде жеткіншектердің қылмыс жасауы ерекше назарда. Қатігездік мінездегі топтық төбелестер болатын жағдайлар жиілеп кетті.

Содержание

Кіріспе
Агрессия психологиялық феномен ретінде
Агрессия түсінігі
Агрессия классификациясы
Жеткіншектердегі агрессивті мінез- құлық
2.1 Жеткіншектік кезеңдегі агрессивтіліктің көріну спецификасы және себептері
2.2 Жеткіншектерде агрессивтіліктің өсуіне итермелейтін факторлар
2.3 Агрессивті балалардың отбасы ерекшеліктері

Прикрепленные файлы: 1 файл

конференция.doc

— 122.50 Кб (Скачать документ)

Жеткіншектік  шақта  агрессивтілік  қатыгездік  жəне  садизм  сияқты ауытқулар  байқалады.  Мұндай  əрекет-қылық  жеткіншектің  психикасының

тұрақсыздығы  жəне  тəрбиесіндегі  дефекттермен  байланысты.  Балаларды зерттеу  практикасы  мұндай  əрекет-қылықтың  негізінде  отбасы  тəрбиесінің  дұрыс болмауынан деп көрсетті. 

Қазіргі  заманғы  жеткіншек  өз  агрессиясын  екі əдіс  арқылы  жүзеге асырады:

  • агрессияны  ашық  түрде  көрсету,  таяқ  жеу  жəне  өмірлік  тəжірибе алу –  осы  жолмен  жүре  отырып,  ол  не  бедел (авторитет),  престиж,  өзін-өзі жүзеге асыруға жетеді, немесе психикалық тұрғыдан бұзылады, тіпті суицидке дейін де жетуі ықтимал;
  • агрессияны  тығады,  басады,  тұншықтырады.  Өмірде  ерекше ештемеге  жетпесе  де,  энергиясының  бір  бөлігін  жоғалтады.  Бастырылып тасталған  энергияның  сырт  көрінісі  невроз  түрінде  де  немесе  басқа  бір психосоматикалық сырқат түрінде байқалады.

 

 

2.2 Жеткіншектерде агрессивтіліктің өсуіне итермелейтін факторлар

 

 Жеткіншектерде агрессивтіліктің өсуіне итермелейтін факторлардың бірнешеуін атап көрсетуге болады:

1.  Эндокринді  жарылыс,  жыныстық  гормондардың  кенеттен  өсіп кетуі:  ең  бірінші,  агрессивтіліктің  өсуіне алғышарт  болып табылатын ұл балалардағы тестостерон; 

2.  Бас  миындағы  органикалық  сырқаттар –   травмалар,  менингиттер, арахноидиттер  жəне т.с.с. 

3. Агрессивтілікті дамыта түсетін бұқаралық ақпарат құралдары, кино, бейне жазбалар, компьютерлік технологиялар.

4. Ересектер қатынасы – мектеп, ата-аналар

Бұл  біріншіден,  өсіп  келе жатқан  адмдарға  қойылатын  жаңа  талаптарға сəйкес,  техника-технологиялық  түзілестердің  қарқыны  мен  ритммен  тікелей байланысты. Екіншіден, анық өмірлік позициясы қалыптаспаған жеткіншекке қатты  əсерін  тигізетін, «шу»  тудыратын  ақпараттың  толық  сипатымен байланысты.  Үшіншіден,  балада  үмітсіздік  сезімін  жəне  үлкендердің  оларға осындай  мұра  қалдырғаны  үшін  ызашылдық  сезімін  тудыратын,  біздің қоғамда  орын  алған  экологиялық  жəне  экономикалық  дағдарыспен байланысты

Жеткіншектер  бойында  агрессивтіліктің  дамуына  итермелейтін бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі, сонымен қатар жеткіншек бойында агрессивтілікті  тəрбиелейтін  өтірік,  зұлымдық,  зорлық-зомбылыққа  толы кинофильмдер ағысы. Көптеген жеткіншектер белгілі бір манераларға сəйкес жəне түрлі ақпарат құралдарымен ұсынылатын стереотиптерге, тіпті нақты бір адамдарға еліктейтіндерін атап өткен жөн болар. Бұл жерден «боевиктердің», «детективтердің»,  т.с.с.  көбі жеткеншікті  өз  алдына  ересек  етіп  көрсетіп,  өз демонстрациясының  маңыздылығының  амалы  бола  отырып,  əрекет-қылығының  агрессивті  формасын  тудырады.  Бұл  сонымен  қатар  референтті топта  белгілі  бір  орын  алу,  өзіндік  мойындалуға  жету,  басып  ұялтуға болмайтын өзін адам екенің сезінуге деген қалаудың болуынан да көрінеді. Ересектермен  формальді  не  формальсыз  қатынас  жүйесінде  жəне көптеген  жанұяда   микроклимат  орын  алған  жағдайда,  бөтендік,  қаталдық, жағымсыз  қасиеттерге  ие  болуы  ықтимал.  Мұндай  жағдайда  жеткіншектер ересектермен  ерегісіп,  барлығын  керісінше орындайды,  сөйтіп  агрессивтіліктің объективті алғышартын тудырады. Жеткіншектердің  агрессивті  əрекет-қылығының  неғұрлым  толыққанды негізін  оның мотивациясының  анализі  береді.  Бұл мотивацияда  айтарлықтай маңызды рольді негативті мінезге ие сезім мен эмоция атқарады. Олар: қаһар, ашу,  үрей-қорқыныш,  кек,  қасшылдық, жаушылдық т.с.с.  Жеткіншектік жастағы балалардың агрессивті əрекет-қылығындағы эмоциялар төбелес, ұру, балағаттау,  дене жарақаттары,  кісі  өлтіру,  дүние мүлікті бұзу,  құрту түрінде көрінеді.

  • Агрессивті  жеткіншектермен  жүргізілген  жұмыстарындағы психологиялық-педагогикалық аспектілерде негізінен үш бағыт бар:

1.  Жеткіншектің əрекет-қылығының  бұзылуының типін диагностикалық  тип арқылы анықтау; 

2.Агрессивті жеткіншектермен жұмыс жасаудағы кеңестермен ұйымдастырылған іс-шаралар;

3.Осындай балалармен тəрбиелік жұмыстың мазмұны, сонымен қатар қоршаған ортаға оның ішінде отбасына əсері.

 

 

2.3 Агрессивті балалардың отбасы ерекшеліктері:

 

1.  Агрессивті  баланың   жанұясында  ата-аналармен  бала  арасындағы  эмоционалды  байланыс  бұзылған.  Əсіресе  əке  мен  ұл  баласы арасында.  Ата-ана  бір-біріне  жаушыл  сезімде  жəне  бір-бірінің  қызығулары мен құндылықтары үйлеспейді.

2.  Əке  жиі   түрде  өзі  агрессивті  əрекет-қылығының   моделін демонстрациялайды,  ортаға  салады.  Сонымен  қатар   өз  балаларының бойындағы агрессивті тенденцияларды жақтап-қостайды, қолпаштайды.

3.  Агрессивті  балалардың  аналары  балаға  талап  қоймайды. Олардың əлеуметтік  құндылықтарына  селқос  қарайды.  Баланың  үй  шаруасында міндеттері болмайды.

4.  Агрессивті  ата-ананың  балаларында  өз  əрекет-қылығы  мен тəрбиелеу бір-біріне қарсылас келеді. Əдетте, өте қатал əке жəне тым жұмсақ ана, нəтижесінде балада оппозициянық əрекет-қылықтың моделі қалыптасады. Ол тікелей қоршаған ортада байқалады.

5.  Агрессивті  балалардың  ата-аналары  қолданатын  негізгі  тəрбиелік шаралар мынадай: 

  • Денені жарақаттау; 
  • Қауіп төндірулер;
  • Түрлі қолдауларда шектілік;
  • Баланы жиі изоляцияда ұстау;
  • Түрлі шектеулерді енгізу, қолдаудың болмауы; 
  • Белгілі бір іс жағдайында сүйіспеншіліктен саналы түрде айыру.

6.   Агрессивті  балалардың  ата-аналары  өз  балаларының   деструктивті əрекет-қылығының   себептерін  түсінуге  ұмтылыстың  болмауы.  Оның эмоционалдық дүниесіне  селқостық көзқараста болу [8,105].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Артемьева Т. Агрессия: Проявление агрессивности у подростков 11-12 лет // Приложение к газете «Первое сентября», серия «Спорт в школе».- 2008. -№14. – С. 35-45
  2. Берковиц Л. Агрессия.- Н.,У. – 1962. -225 стр.
  3. Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия подростков: эмоциональный и кризисный механизм.- СПб, 1999.- С. 38- 131
  4. Волкова Е.В. Скажем «Нет!» агресии! // Психологический практикум ПГ5\92.- №5.- 2003. - С. 17-20
  5. Гонохова Л.Г. Особенности проявление агрессии у детей и подростков // Валеология: здоровье и жизненные навыки.- 2008. -№3. –С. 18-25
  6. Ениколопов С.Н. Понятие агрессии в современной психологий // Прикладная психология. – 2001. -№1. - 60-70 ст.
  7. Ениколопов С.Н. Психология агрессии: основные подходы // Вестник.- 1994.-№1.- 62-68 ст.
  8. Ескендиров А.У. Влияние семьи на проявленияагрессивного поведение детей и подростков // Менеджмент образовании.-2003. -№3.- 101-109 ст.
  9. Журавлев Д. Подростковая агрессивность – психологическая законемерность или социальный феномен? // Народное образование. – 2003. -№2. -185-191 ст.
  10. Изард К.Э. Эмоции человека.-М. 1980
  11. Психология. Словарь./ Под ред. А.В. Петровского., М.Г. Ярошевского. – М.:Просвещение., 1990.-С.7
  12. Психологические аспекты исследования агрессивности в школе (Опросник Басса- Дарки) // Психология в казахстанской школе.-№1(25). -2011.- 36-39 ст.
  13. Реан А.А. Агрессия и агрессивность личности // Психологический журнал Том 14.- 1996. -№5. -3-17 ст.
  14. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. – М.:Владос., 1996.-С.15-21
  15. Сакович Н. Шаги навстречу: коррекционная работа с агрессивными детьми и подростками // Приложение к газете «первое сентября» Выш. Школьный психолог.- 2007.-№20.- 19-30 ст.
  16. Семенюк Л.М. Психологические особенности агрессивного поведения подростков и условия его коррекции. - М.,1996.- стр.6
  17. Семенюк Л.М. Психологическая сущность агрессивности и ее проявления у детей подросткового возраста // Методические рекомендации в помощь педагогам – практикам. –М.., - 1991.- 16 стр.
  18. Фрейд З. Психология бессознательного. – М.:Просвещение., 1990. – С.39-123.
  19. Хасенова А.И. Агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі // Шағын мектеп.- 2003. -№4(4). – 33-35 б.
  20. Христофорова В., Айымов Е.  Тұлғаның мінез- құлқындағы агрессия себептері және жою жолдары // Мектептегі психология. -2008. - №3(15). – 20- 21 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Агрессия психологиялық феномен ретінде