Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 08:08, реферат
Осы күнгі физиология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - адамның психикалық (психо—жан) , іс - әрекетінің негіздерін анықтау. Қазіргі кезде үлкен мидың он, және сол жарты шарларының Әрекеттік айырмашылыгы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана процестерінің, ұйқы, сезініс, мотивация іспетті психикалық әсерленістердің физиологиялық механизмдері кеңінен зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алынды
Адамның психикалық әсерленісінің физиологиялық негіздері мен заңдылықтары И. M. Сеченов пен И. П., Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады. Психикалық әсерленістер физиологиялык құбылыстармен тығыз байланысты дербестігі бар процестер.
Эмоциялық күйдің қалыптасуына мидың әртүрлі құрылымдары қатысады. У. Кеннон ұсынған таламустың теория бойынша эмоциялық әсерленіс алғашқыда таламус орталықтарында пайда болып, ми қыртысына ықпалын тигізеді. Сөйтіп, ол түйсіңті түрлендіріп, көрнекті қимылдарды тудырады.
Эмоцияны ұғынуда лимбиялық теория жетекші орын алады. Дж. Пейпец клиникалық байқаулардың нәтижесінде, ми қыртысының маңдай бөлігі, гипокамп, күмбез, бадамша, таламус, гипоталамус эмоциялық әсерленісті ұйымдастырады деп тұжырымдады. Д. Линслей электроэнцефалография әдісін қолданып, бұл құрылымдарды ми бағанының торлы құрылымы белсендіретіндігін дәлелдеді. Сөйтіп, ол эмоцияның белсендіріліс теориясын ұсынды.
B. P. Гес тітіркендіру әдісі
арқылы гипоталамустың алдыңғы
және қапталдас ядроларының
Эмоция саласында үлкен ми сыңарларының әрекетінің асимметриясы байқалады. Мидың оң жарты шарының эмоциогендікмәні зор, көбінесе дағдыланудың алғашқы кезеңінде іске қосылады. Адамның жағымды эмоциясы негізінен сол жарты шармен, ал жағымсызы оң жарты шармен жүзеге асады. Осыған сәйкес әртүрлі психосоматикалық көріністер тұлғанын, сол жақ жартысынан жиі білінеді. Адамның сол жақ беті көбінесе жағымсыз, ал оң жақ беті жағымды эмоцияны бейнелейді. Мұндай айырмашылық тіпті жаңа туғандарда байқалады. Олардың тәтті немесе ащы дәмді туйсінуі бет әлпетінен анық көрінеді.
Алайда A. B. Вальдман эмоцияның белгілі түрлері мен мидыц нақты құрылымдары арасында «мызғымас» байланыс болатынына кумән келтіреді. Өйткені, эмония психикалық әрекет болғандықтан белгілі ми құрылымына тұрақты бекітілмейді. Ол туа біткен және жүре болған механизмдерге негізделген мінездің түрі. Расында, клиникалық байқауларда, мидың әртүрлі құрылымдарын емдеу мақсатымен тітіркендіргенде, олардың әрқайсысы әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоциялық күйлерге сәйкес келетіндігі анықталды.
Эмоциялык күйдің пайда болу негізі орталық жүйке жүйесінің нейромедиаторлық механизмдерінен құралады. Жануарларға жасалған тәжірибелер бойынша, норадреналин жағымды сезініс, ал cepотон мен холинергиялық жүйелер жағымсыз эмоция тудырады. Сонымен қатар жағымды эмоциялық күйді қалыптастыруға ішкі апиындар қатысатындығын дәлелдейді. Бір жағынан осы эндорфиндер мидағы серотонин сезгіш жүйелердің әсерін өзгерте алады.
Кейбір зерттеулерде эмоцияның
нығайтушы әрекетінің дофамин —
және серотонинергиялық жүйелерден,
ал мотивация норадренергиялық жүйелерден
тәуелді екендігі анықталды. Сөйтіп:
әртурлі эмоциялық күйді жүзеге
асыруға мидың бүкіл
Эмоцияның екі түрлі ауытқуы байқалады. Гипотимия — абыржу, үрей, торығу, жабырқау күйі. Мұндай жағдайда мотивация әлсірейді, адам жүдеп, ішкі ағзалардың қызметі бұзылады. Гипертимия — көңіл шалқып, қимыл күшейеді, желік пайда болады. Адамдарда эмоция ауытқулары өте күрделі. Мұндай күйлер эмоциялық ышқынуда (стресс) жиі кездеседі. Ол мұқтаждық пен оны өтеу мүмкіндігі сәйкес келмеген жағдайда туады. Яғни эмоциялық ышқыну осындай кақтығысуларды жоюға арналған организмнің барлық қорғаныш күшін жұмылдыратын маңызды икемделу әсерленісі. Ол жойылмаған күнде эмоциялық қозу ұзақ уақыт іркіліп, адамның мотивация сезініс саласы бұзылып, әртүрлі аурулар пайда болады.
Эмоциялык стресс — жүрек
ишемиясы, гипертензия, асқазан жарасы,
эндокрин жүйесінің ауруларына әкеліп
соғады. Мұнда орталық жүйке
Адамдарда мұндай ауытқулар көбінесе әлеуметтік қақтығы - суларда ете жиі кездеседі.
Эмоциялық стресті зерттеу невроздарды емдеу істеріне көмектеседі. Сондықтан ұзақ және тиімді психофармакологиялық емдеу психиканы зақымдаушы әсерлердің эмониялық зерде, із жазбасын өшіріп, толық немесе жартылай психикалық іс-әрекетті қалпына келтіреді. Сонымен бірге нәтижелі емгерліктің алғы шартты — мидың өзінің етеміс механизмдерін белсендіріп, дерттену сәттерін жою немесе шектеу.
Ойлау
Oйлау —-адамның жаңа
жағдайларға бейімделуі
Танымның алғашқы кезеңі — нақтылы сезімдік бейнелеу. Ол сезу, түйсік, елестету арқылы атқарылады. Қоршаған әлем мен организмнің өз
хал-жағдайын нақтылы сезімдік бейнелеуді бірінші сигналдық жүйе атқарады.
Материалдық (мәдилік) дүниені тану сезуден басталады. Ол әртүрлі талдағышқа әсер ететін қоршаған орта құбылыстары мен заттардың жеке қасиеттерін бейнелейді. Ал түйсік біртұтас нақтылы бейне (образ) түрінде тек сезуден құралады. Сезу мен түйсік талдағыш жүйелерге, тікелей әсерден туады. Жалпы нақтылы елестету (түсінік) арқылы пайда болады.
Ойлау процестері жалпы түсінік
пен уғышнан және пікір мен
ой тұжырымынан тұрады. Ұғым, ең жоғары
ойлаудың дәрежесі — түсінікті ой.
Ол біздің сезім мүшелеріміз
Психология ғылымы негізінен ойлаудың үш түрін ажыратады: нақтылы, бейнелі және дерексіз-қисынды (абстракциялық-логикалық).
Нақтылы немесе көрнекі — әсерлі ойлау бірінші сигналдық жүйеге тіркеледі, әрі екінші сигналдық жүйені де арқау етеді. Бұл қисынды ойлаудың алғашқы сатысы, ол кейін бейнелі ойға алмасуы мүмкін.
Бейнелі ойлау — ойша байымдау немесе елестету және жоспарлау арқылы жүзеге асады. Бұл тілмен тығыз байланысты.
Дерексіз-қисынды ойлау — ұғым, пікір символдық белгілер және басқа дерексіз категорияларды пайдаланады. Мұндай ойлау ең терең және нәтижелі келеді. Алайда ол үшін жеткілікті білім мен дағдылар қажет.
Ұғым дегеніміз заттар мен кұбылыстардың жалпы және маңызды ерекшеліктерін бейнелеу болып табылады. Пікір олардың әртүрлі жақтары мен қасиеттері арасындағы байланыстар мен қатынастарды бейнелейді. Ой тұжырымы пікірлерді заңдылықпен байланыстыратын ойлаудың, жоғары сатысы. Ойлаудың үш түрі де тектік (гендік) және диалектикалық тұрғыдан алғанда санның сапаға ауысуы.
Ойлау әрекетінің нейрофизиологиялық
негіздерін алғашқы ашқан И. M. Сеченов.
Оның айтуынша, ойлау— нәрселерді бір-бірімен
салыстыратын мидың рефлекстік құбылыстарының
анализдік-синтездік әрекетінің нәтижесі.
Ойлау процесінің нейрофизиологиялық
негізін іс-әрекеті
И. M. Сеченов пен И. П. Павловтың
еңбектерінде, ассоииация (ұлас) үғымы
организмнің белсенді бейімделу
іс-әрекетінің күрделі нәрселер ортасындағы
мінезінің нәтижесі деп саналады.
Адам мінезінің физиологиялық
Ойдың физиологиялық негізін
сигналдық жүйелердің өзара әрекеттесуін
жүзеге асыратын үлкен ми сыңарларының
қызметі құрайды. И. П. Павловтын, айтуынша,
екінші сигналдық жүйенің іс-әрекеті
мидың маңдай аймағы мен сөйлеу,
есту және керу талдағыштарының әрекеттерінен
тұрады. Олар ауызша, жазбаша сездерді
түйсініп, жаңа сөйлемдер құрауға, айтуға
жағдай жасайды. Сөйтіп, миға жететін
сигналды қадағалап, сыртқы әлемнің
тітіркендіргіштерін қалайша
Ой іс-әрекеті ми қыртысы мен оның маңдай аймағында өтетін анализ және синтез, салыстыру және жалпылау, дерексіз ойлау (абстракция) және нақтылау құбылыстарын бірлестіру арқылы орындалады. Жоғарыда аталған ойлау операциялары ұғым және сөз түрінде әрбір ойдың негізін құрастырады.
Тіл
Тіл адамдардың қатынас құралы
ретінде қалыптасты. Ол еңбектену
нәтижесінде адамдар бірімен-
Сөз бейнелеудің екінші сигналдық
формасы. Тіл байланыстырушы, ұғындырушы
және реттеуші қызмет атқарады. Тілдің
байланыстырушы (коммуникациялық) әрекеті
— оның адамға тән арнайы қатынас
құралы болуы. Бұл айтушы мен тыңдаушы
арасындағы саналы іс-әрекет. Ол өзара
тығыз байланысты айтылу (экспрессивтік)
, суреттелу немесе ұғыну (импрессивтік)
түрлерінен тұрады. Мұның екеуі де
өте күрделі психологиялық
Жануарларда да коммуникациялық
іс-әрекеттің қарапайым
Тілдің ұғындырушы әрекеті - дерексіз ойлаудың, түсінудің құралы. Түскен ақпаратты талдап қорыту арқылы пікір және тұжырым туады. Сөйтіп сигналдық жүйелердің өзара әрекеті қарапайм сезуді күрделі ойлау процесіне ауыстырады.
Тілдің реттеуші әрекеті сөз арқылы организмнін әртүрлі жүйелерін реттеуді жүзеге асырады. Сөз сигналы ішкі ағзалар қызметін, организмдегі зат алмасу қарқынын өзгертеді. Мұны K. M. Быковтың ми қыртысы—ағзалық теориясы дәлелдейді.
Сөздік тітіркендіргіштер қимыл-әрекетті, сезімдік жүйелерді, вегетативтік жүйкені, мидың қызметін өзгертіп, адамның психикасына, көңіл күйіне әсер етеді. Мұндай психофизиологиялық көріністерді адамның және науқастардың әртүрлі әрекеттік жағдайларын анықтау үшін қолданады.
Нәрселерді сөзбен белгілеудің акустикалық, кинестезиялық және оптикалық түрлері кездеседі.
Тілдің акустикалық формасы дыбыс сигналдары түрінде болады. Ол сөз түйдектерін жіктеп немесе құрап түйсінуге көмектеседі. Яғни байланыстырушы әрекет атқарады,
Тілдің кинестезиялық түрі дыбыс шығарушы артикуляциялық
мүшелердің қимыл-әрекеті
арқылы жүзеге асады. Тіпті дыбыс
шығармай тек ойлаудың өзі олардың
бұлшықеттерінің сергуін
Тілдің оптикалық түрі жеке сөз (әріп) тітіркендіргіштерін талдау және бірлестіру механизмдерін, сөздің символдық мәнін қамтамасыз етеді. Ми қыртысының шүйде аймақтары зақымданса әріптерді тану, ажырату қиындайды. Ал қозғалыс және есту талдағыштары зақымданған жағдайда әріпті жазумен қатар естіген сөзді ұғыну бұзылады.
Тілдің физиологиялық негіздері үш күрделі процестен тұрады: сөздік сигналды түйсіну және танып білу, қабылданған хабардың мазмұнын түсіну және сөзді айту әрекеттері.
Тілдің немесе екінші- сигналдық
жүйенің іс-әрекеті мидың
Сөзді айту талдағышы дыбыс аппаттары мен бұлшықеттері рецепторларынан мәлімет алып, сөйлемдер құрастырып сөйлеуді жүзеге асырады. Ол мидық маңдай бөлігінің екінші және үшінші қатпарларында орналасқан (Брока орталығы). Аурсыну кезінде еріксіз сөйлеуге байланысты бұған қыртысасты құрылымдар д, а қатысады деп болжауға болады.
Тілді түсіну мидың сөзді есту талдағышы, арқылы атқарылады. Ол оңқай адамдардың сол жақ ми сыңарының самай аймағынын, жоғарғы бөлігінде орналасқан (Вернике орталығы).
Тіл түйсігінін, негізгі алғы
шарты акустикалык немесе оптикалық
түрде келген ақпаратты жіктеп ажырату.
Мұны тек есту зердесі мен қиын
материалды оқыған кездегі көздін,
ізденіс қимылдары арқылы орындауға
болады. Ми қыртысының белгілі аймақтары
екінші сигналдық жүйенің әрбір
көріністеріне жауапты
(сөйлеу, оқу, жазу, санау)
мидың баска бөліктері бөлінсе
де бұзылады. Өйткені пехикалық
іс-әрекет бүкіл мидың
Сана
Сана — болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы. Сана арқылы адамның қоршаған әлеммен қарым-қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу, түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс-әрекетінен құралады. Сана адам миы қызметінің - жемісі. Материяның әрбір қасиеті сияқты сана тек ақиқат заттар мен құбылыстардың өзара әрекетінен туады.
Адам мен жануарлар
болмысты сезімдік түйсіктер арқылы
бірдей таниды және бағалайды. Алайда
адам жануарларға қарағанда
Тіл — сананың (ойдың) материалдык көрінісі, негізгі. Тілсіз сана жоқ, ал санасыз адам жоқ. Сана жеке адамның субъективтік әсерленушілігі. Жалпы сана сезіну және сана - сезімнен құралады. Сезіну дегенміз акиқат болмысты жинақталған біліммен салыстыру және адамның тәжірибесін молайту. Сана арқылы басқа адамға білім беріледі.
Адам өзіндік сана (сана-сезім)
арқылы өзін-өзі сезініп ұғынады.
Сана-сезім дегеніміз —