Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 15:24, доклад
Бүгін Қазақстанда өз істерімен және ойларымен өз елін гүлдендіруге қабілетті, шығармашылық белсенді және мақсатқа негізделген ұрпақ өз күшін жинауда.
Жасөспірімдерге ежелгі халық дәстүрін оны құрметтеуді, жас тәрбиеленушілерге рухани құндылық рөлінің маңыздылығын: қайырымдылық, қайғыға ортақтаса білу, шыдамдылық, сыйластық, адамгершілік сияқты құндылықтарды түсіндірмей, рухани қайта туу, білімді ел және мықты даму шынымен де мүмкін емес.
Адамгершілік негізі рухани құндылық
Бүгін Қазақстанда өз істерімен және ойларымен өз елін гүлдендіруге қабілетті, шығармашылық белсенді және мақсатқа негізделген ұрпақ өз күшін жинауда.
Жасөспірімдерге ежелгі халық дәстүрін оны құрметтеуді, жас тәрбиеленушілерге рухани құндылық рөлінің маңыздылығын: қайырымдылық, қайғыға ортақтаса білу, шыдамдылық, сыйластық, адамгершілік сияқты құндылықтарды түсіндірмей, рухани қайта туу, білімді ел және мықты даму шынымен де мүмкін емес.
Біздің мақсатымыз – жауапты және ерікті, әлемді тұтастай қабылдайтын және өз өмірін мәнді түсінетін еліне, халқына, Отанына қызмет етуге тырысатын Келешек адам.
Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани-адамгершілік тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер:
- тәрбие үрдісі оқушылардың рухани
- оқушылар рухани-адамгершілік
- оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете алу мүмкіндігін ерікті таңдаса.
Демек, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Сондықтан, әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екенін түсінуі тиіс деп ойлаймын. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтынын біледі. Бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы тиіс.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев: «Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ жерде үлкен өркениет орнату мүмкін емес» деген болатын. Ендеше, жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту- заман талабы.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани- адамгершілік тәрбие- екі жақты үрдіс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу - өзекті мәселе. Мейірімділік жылудан тарайды.
Адамгершіліктің негізі
мінез-құлық нормалары мен
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Баланы жастан демекші, бала тәрбиесіне ата- ана дүние есігін ашқаннан бастап көңіл бөлуі керек. Ал мектепте ұстаздар әр баланы жеке тұлға ретінде рухани адамгершілігі мол етіп тәрбиелейді.
Адамгершілік тәрбие
Адамгершілік тәрбиенің
мақсаты- жеке адамды дамытудың
негізгі бөлімі. Ұстаз шәкірттерге
жан-жақты тәрбиені осы
Әр Қоғамда, өмірде, еңбекте, тұрмыста, отбасында, халықаралық
Адамгершілік тәрбиенің
Саналы тәрбие болмаған ж
Тәрбиешінің ең бастапқы
Мектепке дейінгі жастағы
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынаскеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.
Адамгершілікке тәрбиелеуде халық
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.
Руханилық- жеке тұлғаның
негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың
негізінде адамның мінез-құлқы
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...», «Жаман жолдасың жауға қалдырыр» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері
мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі
кең адамдарды толық
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..
Жас өспірім тәлім-тәрбиені,
адамгершілік қасиеттерді
Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Өз халқының мәдениетін,
тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың
да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне
құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат
қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік
өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге
айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық
орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау
және оны қастерлеу әрбір адамнан талап
етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік
мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты
Балаларымызды имандылыққа
Рухани- адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа тәрбиелеп, соны мақсат тұтса ұстаздың, ата- аналардың да болашағы зор болмақ. Олай болса жеке тұлғаны қалыптастыруда олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс- әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне- өзі талап қоя білуге тәрбиелеу- адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жетуде сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай кедергілерден өте білуді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. тұлға рухани-адамгершілік тәрбие арқылы өзінің ізгілік ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл-ой мен іс-әрекеттерін ізгілік мұраттарға бағыттап, рухани көзқарасын қалыптастырады.