Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 20:04, реферат
Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.
Салауаттылық – өмір өлшемі
Негізгі бөлім:
І Алкоголь – «нерв уы»
ІІ Қу арақтың қасіреті
ІІІ Алкогольден улану зардабы
ІҮ Нәзік жандылардың ғасыр дертіне шалдығуы
Ү Ішімдікке «ЖОҚ» де!
Қорытынды бөлім:
О.ТҰРМАҒАНБЕТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖАҢАӨЗЕН МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ КОЛЛЕДЖІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Адам организміне алкогольдың әсері
Кіріспе:
Салауаттылық – өмір өлшемі
Негізгі бөлім:
І Алкоголь – «нерв уы»
ІІ Қу арақтың қасіреті
ІІІ Алкогольден улану зардабы
ІҮ Нәзік жандылардың ғасыр дертіне шалдығуы
Ү Ішімдікке «ЖОҚ» де!
Қорытынды бөлім:
«Ана сүтін айырбастап араққа,
Қайран қазақ, қайда кетіп барасың?..»
Бұл арақты ішіп еді қай бабаң?
Ішпек түгіл ауызын да шаймаған.
Алла бізге арам деді арақты
Зияны көп болғаннан соң пайдадан..
(Арман Бердалин)
Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.
Бір сәттік құлқынның қызығы үшін көмейге қылғытатын арақтың басты қасіреті – адам денсаулығын күйретуі. Зерттеулер көрсеткендей, кең көлемде жүргізілген насихатқа қарамастан, жұрттың басым бөлігінің алкогольге тәуелділіктің қалыптасу заңдылықтары жөнінде нақты түсінігі болмай шыққан. Өкінішке орай, жұртшылықта «көпшілік орындарда алкогольді аздап, «мәдениетті» пайдалану маскүнемдік дертіне шалдықтырмайды, бұл өз мүмкіндігін және арақ іше білмейтін адамдардың үлесіндегі жағдай»— деген жалған түсінік қалыптасқан.
Алкогольдің өсер ұрпақ үшін зор зияны бар екендігі ертеден-ақ белгілі болған. Ерте ғасырдағы Рим заңдарында алкоголь ішімдіктерін 30 жасқа толмаған жастарға ішуге рұқсат берілмегендігі бекер емес, себебі бұл уақытта жастардың дүниеге ұрпақ әкелу құбылысының қарқынды жүретін уақыты. Көне Грекияда да 18 жасқа дейінгілерге «ащы су» ішуге тосқауыл қойған. Ресейдегі ертеден келе жатқан құжаттарда жаңадан отау тіккен жастарға ішімдік ішуге тыйым салынған. Франция елінде арақ ішкіш ата-аналардан туған әлсіз балаларға арналған «жексенбі күнгі балалар» немесе «көңілді кештің баласы» деген кекесінді атау бар.
Спирт — ерігіш болғандықтан ішкен кезде қанға тез сіңіп, ағзаға күшті әсер етеді. Ішімдіктің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі, қимыл үйлесімділігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дөрекілік пайда болады. Адамды ақылынан ғана ажыратып қоймайтын арақ асқазан жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында, ұлтабар ұшында уытты жара, гастриттің туындауына әкеліп соғады. Миға сіңген спирт нерв клеткаларын уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды. Отбасындағы зорлық- зомбылық оқиғаларының үштен екісі және балалардағы қатігездіктің үштен бірі ата-аналардың маскүнемдігіне байланысты болып келеді екен. Бақытсыз жағдайлардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы тікелей алкогольге тәуелділіктен туындайтыны да бесенеден белгілі.
Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының нормативі бойынша
жан басына шаққанда алкогольдік
ішімдіктерді 8 литрден көп пайдаланатын
елдің генофонды деградацияға ұшырайды.
Ал Қазақстанда жан басына шаққанда
алкогольдік ішімдікті
1915 жылы Пироговтық съезде
орыстың атақты дәрігерлері «
Арақ – ректификатталған
этил спиртінің сумен қосындысынан
тұратын күшті масайтқыш
Арақ-шараптан адамға келетін
зиянды есептеп шығарудың өзі
қиын. Араққа үйір адамның семьяда
бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте
абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға
беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі
ауруларға да шалдыққыш келеді. Ішімдік
жыныс сезімін күшейтеді, жыныс
актісінің уақытын созады, адамның
жыныстық қызметіне пайдалы әсерін
тигізеді деген ұғым бар. Шын мәнінде
солай ма? Рас, шамасыздық кейінірек
басталады. Дәрігерге жап-жас жігіттерді
жетелеп әкелетін қандай жағдайлар?
Әрине, маскүнемдік. Өйткені алкоголиктердің
жыныс органдары әлсірейді, келе-келе
арақ-шарап еркекті
Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкіліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелденген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Маскүнемдік адамдардың денсаулығын
бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады,
адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады,
тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты
тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне,
өнеркәсіп пен транспортта
Мамандардың пайымдауынша, шөл басу үшін күнделікті бір шөлмек сыра ішу – маскүнемдіктің алғашқы белгісі. Өйткені екі-үш рет сыра ішкен соң адам ағзасы оған тез үйреніп, оны қажет ете бастайды. Яғни адамда психологиялық тәуелділік синдромы пайда болады. Соның нәтижесінде адам «шөл басу үшін ішіп отырмын» деп, психологиялық тұрғыдан соған өз-өзін сендіреді. Ал, шындығында, адамда алкогольдік ішімдікке деген тәуелділік пайда бола бастайды. Одан әрі адам физикалық тәуелділікке бой алдырады. Яғни адам ағзасы енді сыраны қанағат тұтпай, араққа көшеді. Ал одан әрі адамның сырадан араққа өтіп, ертең-ақ маскүнемге айналмасына ешкім де кепілдік бере алмайды. Яғни алкогольдік ішімдік ішіп бастау мен маскүнемдіктің арасы бір-ақ қадам.
Маскүнемдікке бейім келетін
ең қиын кезең — жасөспірім кезеңі.
Бұл кезеңде жасөспірімдер
Шынайы өмірдің қиыншылығынан
қашу да балаларды алкогольдік топтарға
әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне
(оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген
жұмыстардың нәтижесінің
Ішімдікке салыну, тіпті
аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы
алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке
шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге
ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі
мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке
салыну әуелі әуестіктен, соңынан
әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір
ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті
әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте
организм спиртті ішімдікке дағдыланады.
Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай
әсер етпейді, мастық күйге жету үшін
әлдеқайда көп ішу қажет
Ішкілікке салыну мынадай деңгейлерден тұрады: бірінші кезеңі, физиологиялық тұрғыдан ішімдікке тәуелділік пайда болады. Сол тәуелділік ақыр аяғында маскүнемдікке әкеп соқтырады. Ағзада бір нәрсенің жеткіліксіздігі байқалады, көңіл-күйдің пәстігі, бас ауруы, бір ыстықты, не бір суықты сезінуі байқалады. Интеллектуалды жағынан жады сыр бере бастайды, психикасының күрт өзгеруі сияқты адам бойында ыңғайсыз жағдайлар орын ала бастайды. Ақыр соңында маскүнемді үнемі ішімдікті қайдан және қалай табу туралы ой қажайды. Үйдегі бар нәрсені сатып, тапқан 5-10 теңгесін «араққа» жұмсайды. Ақыл-есін жоғалтқан кезде өзін қараудан қалып, отбасы туыс-жақындарынан айырылып, далада қаңғып қалады. Осының бәрі отырыс, туған күн, той думан, мерекелерде арақты жиілетуден басталады…
Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.
Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы — бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағанда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзінен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.
Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады — еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10—15 жылға созыл ып, үшінші сатысына ауысады да, мидың нерв клеткалары тұтастай зақымданады — алкаголь энцефалопатиясына ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады.
Әдетте, ішімдікті ер адам мөлшерден тыс пайдаланатынына көзіміз үйренген.Темекі, адамды мас қылатын алкогольді ішімдіктер сияқты ағзамызға зиянды, мүлдем қажеті жоқ керексіз заттарды көбінесе ер адамдар қолданады деген ой қалыптасқан. Алайда, бүгінде әйел адамдар да алкогольді ішімдіктерді мөлшерден тыс қабылдауды әдетке айналдырған. Әйел нәзік жанды болғандықтан ішкіш деген сөзді айтудан бұрын оны ойлауға да бара бермейміз.