Қабілет теориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:27, реферат

Краткое описание

Ерекше жаратылыс иесі адамдардың ақыл-ой өрісі, қабілеті мен бейімділігі, мінезі мен түр әлпеті әрқилы. Әйтеуір, бұл мәселеде бір-біріне жүз пайызға ұқсасы жоқ. Бұл өзі жаратылыстың, адам табиғатының тағы бір құпия сыры. Соған қарамастан, әркім өз ерік күшіне сәйкес өз қабілетін танып-білуге, оны дамытуға талпынады. Керісінше, өз қабілетін тектен-текке құртып (бізге сырттай солай көрінуі мүмкін), оны басқаға жұмсайтындары да аз емес.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Doc1.doc

— 156.50 Кб (Скачать документ)

          Ойлаудың пайымдылығы — алдыңғы ассоциацияның ұзак уақыт бойы үстем болуы салдарынан жаңа ассоциациялардың түзілуі шектен тыс баяулайды. Бұл ойлаудың тұтқырлығы, баяу жылжуы, оның өнімді-лігінің төмендеуі аркылы байқалады. Сондай-ақ ойлау-дың пайымдылығына басты ойды жанама ойдан, елеулі-елеусізден бөліп алу қабілетінің жойылуы тән. Бірденені баяндау кезінде қажетсіз көріністер егжей-тегжейлі келтіріледі, ешқандай мәні жоқ ұсақ-түйектер ыждағатпен сипатталады.

Ойлаудың персеверациясы — ассоциация-лық процестің шұғыл  қиындауы байкалғанда белгілі бір ойдың, бір түсініктің ұзақ уакыт бойы басым келуі. Айталык, бірінші сұраққа дұрыс жауап бергеннен кейін сол жауап басқа мазмұндағы келесі сұрақтарда да қайтала-нып отырылады.

Ассоциациялык процестің күшею  жағдайы белсенді шартты тежелу мен козудың топтап қорытылуының әлсіреуінен ми қыртысындағы қозудың жоғарылауы себепші болады. Керісінше, ассоциациялык процестің баяула-уына козудың себебінен тежелудін. басым келіп, кыртыс кызметінің төмендеуі әсерін тигізеді.  Ойлаудың пайымдылығы мен персеверациясы негізгі нерв процестерінің — қозу мен тежелудің селқостығына, көбіне, персеверация тұсында қозудың патологиялық селқостығына қатысты.

Инкогеренцияны мына жағдайлармен түсіндіреміз: ол тежелудің себебімен (гипноздық фазалар) эволюциялық тұрғыдан неғұрлым жас және неғұрлым нәзік екінші сигналдық жүйеге аса жоғары дәрежеде таралады. Ол ми қыртысының нерв клеткалары жұмыс кабілетінің шектен тыс төмендеуінен пайда болады, соның салдары-нан, кыртыстың қандай бір жерінде пайда болатын қозу процесі жағымсыз индукция тудырмайды. Мұның өзі қозудың таралуындағы іріктеуді жокка шығарады да ми кыртысы қызметінің шатысуына себепші болады.Идеялар мына жағдайда сандырақ болып саналады: біріншіден, ол шындыққа сәйкес келмейді, екіншіден, сананы толық меңгергенмен де шындықпен айқын қарама-қайшылықта келгеніне қарамастан түзетуге болмайды. Мұндай идеялардың жиынтығы сандырақ деп аталады. Басқа сөзбен айтқанда, сандырақ деп пайымдау (ой қорытындысы) шындығына сәйкес келмейтіндей психикалық кызметтің кеселге шалдығуын атайды. Оған төмендегідей касиеттер тән болып келеді: мызғымас сенім, шындықпен айқын қарама-қайшылықта болғанына карамастан, түзету мүмкін емес, жоққа шығаруға болмайтын ақиқат күші, кате негіздеу (кисындық негіздің бұзылуы —«қыңыр қисын»).Сандырақтың дамуына көп жағдайда мұның алдында коса кабат жүретін жақындап келе жатқан апатты алдын ала сезіну, барлық жерден қаптаған қауіпті түсіну, маңайдағылардың жаңа, басқаша мән алуы (сандырақ көңіл-күй) себеп болады.Сандырақ негізгі екі түрге: алғашқы сандырақ және сезімдік сандырақ болып бөлінеді. Алғашқы сандырақ әуеліде психикалық қызметтің бірден-бір белгісі ретінде, сионтанды, ми процесінің тікелей керінісі ретінде пайда болады. Бұрынғы кезде сандырақтың мұндай түрі «интеллектуалдық мономания» деп аталды.

Қабілет теориялары

Қабілеттердің бірнеше концепциялары  бар. 1. Тұқымқуалаушылық теориясында  қабілетті дамуы мен көрінуі  тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық қорына тәуелді биологиялық детерминді құбылыс ретінде түсінеді. Бұл  ұстанымды белгілі адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған. 2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы. 18 ғасырдағы Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады. 3. Негізінен Кеңестік психологияда дамыған қабілеттегі тума және жүре пайда болған диалектиканы  нақтылаған үшінші концепция болды. Анатомо – физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі – қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте қалыптасатындықтан оның мазмұнына және балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін ересектермен қарым – қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып, П.Я. Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған.

Б.М. Теплов музыкалық қабілеттілікті өте  жоғары деңгейде тәрбиелеуге болады деген, бірақ, қабілеттілікті бүтіндей алғанда әлеуметтік, ал нышандар тұқымқуалаушылық арқылы ғана берілетіндіктен индивидтік сипаттамалар болады деген өз қарсыластарымен де келісті.

Қабілеттілік  – бұл динамикалық құбылыс, олардың  қатынасы туралы қабілеттер көрініс  бергенге дейін айтуға болмайды және оларды толығымен дамыды деп санауға болмайды. Олар тарихи және мәдени тәжірибе сұранысына жауап береді: баланың абсолютті естуі оған биіктік бойынша дыбыстарды тану тапсырмасы қойылғанға дейін білінбейді. Кәсіби іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің көрінуі, қабілеттіліктің экономикалық, бағдарламалау және т.б сияқты жаңа түрлерін табады.

Қабілеттіліктің психофизиологиялық негізін ескере отырып, нышандар негізінен жүйке  жүйесінің қасиеттеріне ие болады. А.Г. Ковалев және В.Н. Мясищев жүйке  жүйесінің күші, салмақтылығы, қозғалымпаздығы коммуникативті және ерікті қасиеттерді демеп отырып, бұл қасиеттер қажет іс-әрекетті жақсартады. Ал әлсіз (сезімтал ) жүйке жүйесі өнермен айналысуға қолайлы болады. Нышандар қабілеттер мен темпераменттің арасындағы байланысты жүзеге асыра отырып, нақты бір іс-әрекет түріне және барлығына деген жоғары білімпаздыққа бейімділікте көрінеді.


Информация о работе Қабілет теориялары