Тақырыпты таңдау және дипломдық жұмысты дайындауды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 20:40, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысын орындау кезінде келесі міндеттер шешіледі:
1) дипломдық жұмыстың теориялық материалдарына талдау жасалып жүйелендіріледі;
2) зерттеу әдісі мен объектісі бөлінеді;
3) тақырыпты зерттеуде статистикалық мәліметтер мен талдау жасауға жинақтар туындайды;
4) ақпараттық жинақтарға талдау жасалады;
5) талдау нәтижесінен шешімдер қабылданады..

Содержание

Дипломдық жұмысты мәні мен мақсаты...............................
Тақырыпты таңдау және дипломдық жұмысты дайындауды ұйымдастыру.....................................................
Дипломдық жұмысты орындау..............................................
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны.................
Дипломдық жұмысты орындау барысында кесте, сурет, формулаларды рәсімдеу тәртібі.............................................
Дипломдық жұмысты қорғауға жіберуге дейінгі, орындалу сапасы мен тәртібін қадағалау..............................
Диплом жұмысын қорғау........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

diplom_kz.doc

— 197.00 Кб (Скачать документ)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА ҚАРЖЫ  ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Бекітемін»                         

  Оқу ісі жөніндегі проректор 

__________ э.ғ.д., проф. Кучукова Н.К.

«__»_________________2010ж                                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 «Қаржы» мамандығы бойынша

студенттердің дипломдық жұмысын дайындау және қорғауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК нұсқаулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2010

 

 

Құрастырғандар:

 


э.ғ.д., профессор Нурумов А.А., э.ғ.к., и.о. доцент Аймурзина Б.Т.,

 

 

 «Қаржы» кафедрасының отырысында қаралды

№  1 Хаттама          28 тамыз 2010ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор Нурумов А.А.

 

 

Университеттің  оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып шешім қабылданды   
Хаттама №   « » 2010.

 

 

Төраға ___________________________ э.ғ.д., профессор Кучукова Н.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

мазмұны

 

1.

Дипломдық жұмысты мәні мен мақсаты...............................

4

2.

Тақырыпты таңдау және дипломдық жұмысты дайындауды ұйымдастыру..................................................... 

 

6

3.

Дипломдық жұмысты орындау..............................................

7

4.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны................. 

8

5.

Дипломдық жұмысты орындау барысында кесте, сурет, формулаларды рәсімдеу тәртібі.............................................

 

13

6.

Дипломдық жұмысты қорғауға жіберуге дейінгі, орындалу сапасы мен  тәртібін қадағалау..............................

 

16

7

Диплом жұмысын қорғау........................................................

17


 

 

1. Дипломдық жұмысты мәні мен мақсаты

 

Дипломдық жұмыс экономистерді оның ішінде «Қаржы» саласындағы жоғары квалификациялық мамандарды дайындау кезінде оқу процессінің негізгі элементі болып табылады. Дипломдық жұмысты орындап және оны қорғау жас маманның дайын екенін білдіреді..

Дипломдық жұмысты орындау  барысында негізгі мақсат:

  • мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге,    бекіту    мен    кеңейтуге    және    нақты    ғылыми,    техникалық, әкономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге;
  • ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жүмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі әксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;
  • студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби қрырлылық жағдайындағы дербес жұмысқа дайындығын анықтау;

 Диплом жұмысы (жоба) белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір    өзекті    мәселелесін,    зерттеу    және    дербес    ізденіс    нәтижелерін қорытындылайды;

Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап  беруі тиіс:

  • ғалымдармен,   аналитиктермен,   практиктермен,   атап   айтқанда, инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономистермен бірге өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;
  • зерттелген обьектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тркырымдардың болуы;
  • нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;

Диплом жұмысын орындау  кезінде келесі міндеттер шешіледі:

1) дипломдық жұмыстың теориялық материалдарына талдау жасалып жүйелендіріледі;

2) зерттеу әдісі мен объектісі бөлінеді;

3) тақырыпты зерттеуде статистикалық мәліметтер мен талдау жасауға жинақтар туындайды;

4) ақпараттық жинақтарға талдау жасалады;

5) талдау нәтижесінен шешімдер қабылданады..

Дипломдық жұмысты орындау  барысында студент мынандай жағдайларды көрсете білуі керек:

  • таңдаған тақырыбы бойынша теориялық сұрақтар, проблемалар, барысында білімін көрсету керек;
  • студент дипломдық жұмысқа дейінгі өткен тәжірибесінде жинаған құжаттары мен өзінің іздену барысында тақырыпқа талдау жасауы керек;
  • Өндірісте экономикалық басқару барысында  студент өз бойынша қорытынды жасап экономикалық дамытуды бағыт бойынша қорытындылай алуы тиіс;
  • ұсынылған іс – шара бойынша әлеуметтік – экономикалық бағалау әдісін қолдануды білу;
  • таңдаған тақырып бойынша теориялық және тәжірибелік мәнін білімді орналастыру;

Дипломдық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар:

  • мақсаттың бағыттылығы;
  • нақты құрастыру;
  • материалдың логикалық үйлесімділгі;
  • зерттеу тереңдігі және сұрақтың толық қамтылуы;
  • аргументтердің дәлелді болуы;
  • мағлұматтардың қысқа және анық болуы;
  • жұмыс нәтижесін баяндаудың нақтылығы;
  • ұсыныстардың дәлелді және негізді болуы
  • сауатты рәсімдеу;

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Аталған талап күндізгі бөлімдегі студенттерге қойылған дипломға дейінгі тәжірибе барысында нақты материлдарды жинау үшін, ал сыртқы бөлімнің студенттеріне жұмыс істеуіне байланысты кафедра меңгерушісінің келісімімен интернет ресурсындағы құжаттан алып және тағы басқа ақпараттарды пайдалануға болады.

Жаңа тәсілдерді пайдалану. Дипломдық жұмысты жазу барысында студент мамандық бойынша теория және тәжірибе барысыныда өз білімін тереңдетеді. Сол себептен студент жұмысты орындау барысында міндетті түрде отандық және шетел әдебиеттерін сонымен қатар статистикалық мәліметтерге жүгіну керек.

Кешенді жүйелік тұрғыдан қарастыру. Дипломдық жұмыс бойынша тапсырманы орындағаннан кейін, жұмыстың объетісімен танысып, оның кешенді жүйесін пайдаланып, теориялық жағынан суреттеп оның қиын объектісінің механизмін  толық қамтамасыз ету керек.

Жұмыста жүйелік кешен  бойынша туындаған сұрақттарға  терең талдау жасап нақты экономикалық техникалық және өндірістік тапсырмаларды  шешуге бағыттау керек. Студенттің ұсынысы мен қосымша құжаттары  дипломдық жұмыстың  экономикалық бағалау мен әлеуметтік  маңызыды кұрсеткіші болып табылады.  

Шығармашылық элементтердің болуы. Дипломдық жұмыс шығармашылық жұмыс болып есептеледі сондықтан ол ғылыми іздену элементтерінен тұрады.  Онда студенттің өз бетінше шығармашылық ойлау қабілеті,  пайдаланылатын құқықтық нормалық актілерді жаңа әдістемелер есебі бойынша қолдана алуы көрсетіледі. Егер студент Университет қабырғасында ғылыми жұмыстарға араласып статьялар жазып жүрсе, онда ол  дипломдық жұмысты орындау барысында өзінің ой өрісінің терең екенін көрсете алады.

Жұмыстың  көлемі мазмұны және безендірілуніңі талапқа сай болуы. Жүргізілген зерттеудің соңғы безендірілуі берілген талапқа сай болуы тиіс.

Дипломдық жұмысты орындау төмендегі кезеңге сай болуы керек:

  • тақырыпты таңдап, оны бекіту;
  • жұмыстың жоспарын күнтізбелік кесте бойынша орындау;
  • теориалық құжаттар    мен статистикалық мәліметтер мен    техникалық технологиялық  құжаттар жиынтығы;
  • тәжірибе құжаттары мен талдау жиынтығын дайындау;
  • жұмысты безендіру;
  • ғылыми жетекшіден дипломдық жұмысқа пікір алу;
  • жазылған жұмысқа рецензия алу;
  • жұмысты кафедраға көрсетіп қорғауға рұқсат алу;
  • жұмысты қорғауға дайындық.

2. Тақырыпты таңдау және дипломдық жұмысты дайындауды ұйымдастыру

 

Дипломдық жұмыстың тақырыбы студенттің мамандығына сәйкес негізгі  бірнеше жағдайға сай таңдалуы тиіс.

Тақырыпты таңдаған кезде  міндетті түрде  төмендегіні басшылыққа алу керек:

  • тақырып мамандыққа сай болуы тиіс;
  • тақырыптың маңыздылығы;
  • жұмысты орындағанда мысалға алған кәсіпорынның құжаттарының   құндылығы мен нәтижелілігі;
  • жұмыс барысында нормативтік актілер мен статистикалық мәліметтердің болуы;

Дипломдық жұмыстың тақырыбын  күндізгі бөлім студенттері тәжірибеге кетудің алдында таңдалады, ал сыртқы бөлім студенттері соңғы сессияның алдында таңдалады;

Егер жұмыс тәжірибе өтетін  кәсіпорынның құжаттары  негізінде орындалса тақырып  сол кәсіпорынның атқаратын қызметіне  сай болуы тиіс. Ал сырттай оқу  бөлімінің студенттері тақырыпты өз өндіріс қызметіне сай алады.

Егер студенттің өзінің ұсынатын тақырыбы болса, ол теориялық  тәжірибелік жағынан маңыздылығы  болса кафедра меігерушісінің рұқсатымен сол тақырыпты алуға болады. Ол ұшін студент өз шешімін жазба  тұрінде ұсынады.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы және ғылыми жетекшілер кафедра отырысында қаралып және университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Дипломдық жұмысты орындау  барысында кафедра студентке  қолайлы жағдайды жасайды.

Студентке міндетті түрде қажет:

  • кеңес беретін ғылыми жетекші;
  • талапқа сай әдістемелік көрсеткіштер;
  • нақты құжаттар алу және өңдеу кезінде көмек көрсету:

Ғылыми  жетекші:

  • дипломдық жұмысқа байланысты тапсырма беру;
  • күндізбелік кестені орындауға көмек беру
  • тақырып бойынша дұрыс әдебиеттер тізімін беру;
  • бекітілгін кесте бойынша кеңес беру;
  • жұмыстың орындалу жұйесін қадағалап ол жұнінде кафедраға ақпарат беру;
  • жұмыстың орындалуы жөнінде толығымен пікір беру;

Дипломдық жұмысқа берілген сағат бойынша студентті әр тарау  бойынша кафедра шақыруға құқық беріледі.

Дипломдық жұмыстың кеңесшісі  болып  сол Университеттің оқытушылары  мен қатар, басқа жоғары оқу орнының  оқытушылары мен мамндығы сәйкес келетін ғылыми атағы бар қнеркәсіп  мамандары, мемлекеттік орган қызметткерлері де бола алады.

3.Дипломдық жұмысты орындау

 

Дипломдық жұмыстың негізгі  бөлімі күндізгі бөлім студенті дипломға дейәнгі тәжірибе де жүрген кезінде  орындалады. Сонымен қатар студент жауапты:

  • кәсіпорынның экономикалық техникалық процессінің ерекшелігімен           танысу;
  • практикалық материалдарды жинап жаттау;
  • соның негізінде талапқа сай қорытынды жасау;

Осы кезде студент:

  • ғылыми жетекші мен бірге студент күнтізбелік жоспар бойынша дипломдық жұмыс барысындағы сұрақтарға жауап береді;
  • жүйелі түрде әдебиеттермен жұмыс жасайды;
  • алғашқы материалдарды жинап талдау жасайды;
  • ғылыми жетекшімен тығыз байланыста болу;
  • әр бөлімді жазып болғаннан кейін ғылыми жетекшіге тексеруге алып келу керек;
  • жіберген қателер бойынша дұрыстап толықтыру керек
  • Берілген уақыт бойынша ғылыми жетекшіге немесе кафедраға келіп есеп беру керек;

Тәртіп бойынша дипломдық  жұмыстың мәтінін рәсімдеу, диплом алдындағы тәжірибе есебін қорғағаннан кейін орындалады. Сол себептен дипломдық жұмыстың тақырыбы өзгертілмейді, бірақ мазмұнына кейбір өзгерістер енгізу мүмкін.

Дипломдық жұмыс қорғауға жіберілуден екі апта бұрын дайын болуы тиіс.

Жұмыстың дұрыс және уақытында орындалуына студент  жауапты. 

 

4.Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны

 

Диплом жүмысы (жобасы) компьютер, принтер арқылы А4 форматты ак кағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14.

Диплом жүмысының (жобаның) мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін  сақтай отырып басылуы тиіс: сол  жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.

Айқындалып назар аударылатын  терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі  гарнитурлы шрифтарды пайдалануға  рұқсат беріледі.

Диплом   жү_мысының   (жобаның)   орындау  тәсіліне   қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың,  кестелердің ресімделу ӘЕМБ - дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.

Диплом жұмысын (жобаны) әзірлеу барысында көрінген қателер  және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолжазба түрінде түзетуге рүқсат беріледі.

Информация о работе Тақырыпты таңдау және дипломдық жұмысты дайындауды ұйымдастыру