Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 12:58, реферат

Краткое описание

Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәнін оқытудың мақсаты Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес, «Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» курсы оқытудың басты мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді: білім берудің барлық баспалдақтарында информатиканы оқыту теориясына байланысты жаңа білімді үйрену, ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктерін меңгеру, арнайы әдістермен оқушылардың қабілеттерін толығырақ ашу және дамыту. «Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы» пәні ақпараттандыру құралдарын пайдалануға байланысты мәселелерді қарастырады, адамның ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеру тәжірибесін түсіндіруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, білім беру жүйесін ақпараттандыруда толық жетекші роль атқарады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лек.docx

— 55.34 Кб (Скачать документ)

1. Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері. 
 
Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәнін оқытудың мақсаты Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес, «Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» курсы оқытудың басты мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді: білім берудің барлық баспалдақтарында информатиканы оқыту теориясына байланысты жаңа білімді үйрену, ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктерін меңгеру, арнайы әдістермен оқушылардың қабілеттерін толығырақ ашу және дамыту. «Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы» пәні ақпараттандыру құралдарын пайдалануға байланысты мәселелерді қарастырады, адамның ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеру тәжірибесін түсіндіруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, білім беру жүйесін ақпараттандыруда толық жетекші роль атқарады. 
 
Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәнін оқытудың міндеттері – информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің теориялық негіздерін меңгеру, болашақ информатика пәні мұғалімін «информатьика» курсын оқытуға қажетті білім, іскерлік пен дағдылармен қамтамасыз ету; сондай-ақ, студенттерді озық педагогикалық іс-әрекеттің жалпыланған тәжірибесі негізінде өз бетімен сабақты жоспарлауға, тақырыптық жоспар құруға, сабақ конспектісін жасауға, әдістемелік жұмыстар жасауға баулу; оқу процесінде пайдаланылатын нақты қолданбалы программалық қамтамасыз етуді пайдаланатын мамандарды дайындау. 
Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәнін оқудың нәтижесінде студенттер: 

  •  
    Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқытудың барлық мақсаттарын – білім беру, тәрбилеу, дамыту – түсініп, білуі тиіс;
  •  
    Жалпы білім берудегі Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологиялардың орны мен мәнін білуі тиіс; Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологиялар курсының тұжырымдамалары мен мазмұнын тұтас білуі тиіс; Мазмұнды іріктеу принципін түсініп, оны пайдалана білуі тиіс;
  •  
    Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологиялар курсын оқыту құралдарын меңгеруі тиіс, оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін меңгеру, оқушылардың ақыл-ой әрекетін басқара білуі тиіс; Сабақтың әртүрлі ұйымдастыру формаларын меңгере білуі тиіс; Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологиялар курсының басқа пәндермен пәнаралық байланысын жобалап, құра білу іскерлігі болуы тиіс;
  •  
    Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқыту процесін талдауды үйреніп, оның программалық және техникалық қамтамасыз етілуін жасап, пайдалана білуі тиіс.

 
«Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» курсы «Педагогикалық информатика» «Информатика», «Информатиканы оқыту әдістемесі», «Педагогика», «психология» және т.б. пәндерден алынған білімге сүйенеді. 
 
 

 

 
Пәндер атауы, олардың бөлімдері

 
1

 
Педагогикалық информатика. Тақырыптар: Информатикалық білім - беру білім беруді ақпараттандырудың факторы ретінде. Педагогикалық және ақпараттық технологиялар.

 
2

 
Информатика. Тақырыптар: Ақпарат, ақпараттық процесстер. Ақпараттық технологиялар. Алгоритмдеу және программалау. Есептеуіш техника негіздері. Формальдау және модельдеу. Компьютерлік телекоммуникация

 
3

 
Педагогика. Тақырыптар: Оқыту принциптері. Оқыту әдістері. Оқыту технологиялары. Оқыту құралдары. Оқу процесін ұйымдастыру формалары..

 
4

 
Психология. Тақырыптар: Жеке тұлға және іс-әрекет. Жеке тұлғаның танымдық процестері. Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері.

 

 

 

 

Информатика ғылымы және орта мектептерде оқу пәні ретінде.

 1.1 5-8-сынып  информатика курсын оқытудың мазмұны 

 

Жалпы білім беретін орта мектептерде 5-8-сынып  информатика курсын оқытудың  негізгі түрі – сабақ. Мектепте сабақ сынып – сабақ жүйесі бойынша жүргізіледі. Бұл жүйе чех педагогы Я.А. Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінен бастау алады. Оның белгілеріне: 1) оқу топтарының тұрақты құрылымы; 2) әр сыныптың оқу мазмұны; 3) оқу сабақтарының бекітілген кестесі; 4) жеке немесе ұжымдық оқыту; 5) мұғалімнің жетекшілік және ұйымдастырушылық ролі; 6) оқушы білімін жүйелі тексеру және бағалау жатады [1].

Бүгінгі күні сабақ – білім беру мен оқушы іс - әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың бірі – сабақтың құндылығы. Сабақтың құндылығы оқушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың ұйымдастырушылық формасы болуымен қатар, мұғалім мен оқушы іс - әрекетін біріктіруге мүмкіндік береді.

Кез – келген сабақ оқытудың дидактикалық міндеттерін шешуіне, оқыту әдістеріне, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың іс - әрекетін басқару түрлеріне қарай ұйымдастырылады. Мысалы, бастауыш сыныптарда оқушылардың іс - әрекетін түрлендірііп, ауыстырып отырған тиімді болса, жоғары сыныптарда керісінше, іс - әрекеттің жүйелілігі, олардың қайталау мақсатында ұйымдастырылғаны дұрыс. Бұл оқу сапасына әсер етеді.

Оқу сапасы оқытудың түрлі әдістерін байланыстырып, оларды сабақта тиімді қолдануда көрінеді. Сабақта тиімді әдістерді дұрыс қолдану оқушылардың ақыл – ойының дамуына, шығармашылық ойлауына бағыт береді.

5-8-сынып  информатика курсын оқыту әдістерін қолдануда, а) оқу материалының мазмұны; ә) оқытудың дидактикалық мақсаты; б) оқушылардың білім деңгейі; в) мұғалімнің шеберлігі сияқты психологиялық-педагогикалық факторлар ескеріледі. Аталған факторлар оқыту әдістерін тиімділігіне таңдап алу мен оны іс жүзінде қолданудың ғылыми – теориялық негізін қалайды.

Осы орайда Л.Н. Толстойдың «... мұғалімнің өзі неғұрлым көп оқитын болса, әр сабақта жан – жақты ойластырса және оны оқушының шама – шарқымен салыстыратын болса, оқушының ой - өрісін көбірек қадағалайтын болса, жауаптар мен сұрақтар беруге көбірек шақыратын болса, онда оқушыға оқу соғұрлым жеңіл соғады» - деген пікірі әлі де мәнін жоймағаны байқалы.

Сабақтың басты белгісі – мұғалімнің анықталған мақсаты. Осы бағыттағы зерттеулер сүйене отырып, қазіргі сабақтың кезеңдерін:

  • жаңа материалды оқып үйрену (әңгіме – сабақ, дәріс – сабақ, компьютерлік – сабақ, кино – сабақ);
  • Біліммен іскерлікті жетілдіру сабағы (практикалық – сабақ, лабораториялық – сабақ, семинар – сабақ, өзіндік жұмыстар);
  • Білімді қорыту және жүйелеу сабағы (әңгіме – сабақ, семинар – сабақ);
  • Аралас сабақ (барлық сабақтардың функциялары қолданылатын сабақ);
  • Бақылау сабағы (бақылау жұмысы,  сынақ, емтихан, өзара бақылау, өзін -өзі бақылау), т.б.

Мұғалім оқушының оқу танымдық іс-әрекетін басқаратынына белгілі. Сондықтан 5-8-сынып  информатика курсын оқытуда сабақты жоспарлаған кезде оқу материалының мазмұнын толық қамту, мақсатқа жету мүмкіндіктерін есепке алу ескерілу керек. Осы орайда, белгілі педагог К. Д. Ушинскийдің «...сабақ әдеттегідей басталады: үш, төрт оқушыдан сабақ сұраймыз, оған сабақ уақытының жартысынан көбі кетеді... . Бір оқушы есеп шығарады, басқа отыз немесе қырық оқушы уақытын босқа өткізеді. Мұндай әдіс кейбір «бақытты» оқушының уақытты ойсыз, шұғылданыссыз, тек мектеп тәртібі талап ететін санасыз бос қараспен өткізуіне тура келеді» деген пікірі ойға оралады.  

Бұдан кейін 5-8-сынып  информатика курсын оқытуда  сабақ жоспарын жасау кезінде сабақтың кезеңдерімен оның дидактикалық құрылымының  және сабақтың мақсаты мен оқыту әдістерінің арасындағы байланыстар міндетті түрде ескеріледі.

5-8-сынып  информатика курсын оқытуда  сабақ жоспары – мұғалім үшін міндеті құжаттардың бірі. Оны жасап, сабақ өтуге даярлану мұғалімнен шығармашылық жұмысты талап етеді. Себебі, шығармашылықсыз мұғалімнің шеберлігі  де  болмайды. Олай болса мұғалім сабақты жоспарлағанда, оны жоғарыда аталған дидактикалық мақсаттарына сәйкес тиімді ұйымдастыруды ойластыруы қажет. Қазіргі кезде 5-8-сынып  информатика курсын оқытуда  сабақ дәстүрлі сабақ ретінде түсіндіру, көрсету, баяндау әдістерімен танылады. Сонымен бірге, 5-8-сынып  информатика курсын оқытуда жаңа технологиялар қолданылады.    

5-8-сыныптарда информатика  пәнін  оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалануда  мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілдері әдіс ретінде  анықталады. Информатиканы оқыту әдістерін мұғалім мен оқушының оқып – үйрену кезіндегі әрекет айырмашылығына қарай екі түрге бөлуге болады: 1) оқыту әдістері (мұғалім әрекеті) – оқушының әрекеті мен информацияны басқару әдістері; 2) оқу әдістері (оқушы әрекеті) – оқушының оқу материалын танып білу әдістері. Көбінесе екінші топтағы әдістерге баса көңіл бөлінеді. Себебі, бұл әдістер арқылы оқу процесінің мақсаты болып табылатын оқу материалын игеру қамтамасыз етіледі [2].

5-8-сыныптарда информатика  пәнін  оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану әдістері оқушылардың өздерінің информатика жөнінде белсенді, дербес тану әрекетін іске асыруына бағытталған. Олар ғылыми әдістер және оқу әдістері болып екіге бөлінеді. Біріншісі, информатиканы ғылым ретінде зерттеп білу құралы. Екіншісі, орта мектеп информатикасын оқытуды жетілдіру үшін арнайы жасалған әдістер. Мысалы, эвристикалық әдісі, модельдеу арқылы үйрену әдісі, программалық оқыту әдісі.

Оқушының компьютерде жұмыс істеу барысында мұғаліммен тәуелсіз болуы, өз бетінше білім алуы ешқашан аяқталмайтын құбылыс және ол информатика курсының мақсаттары енеді. Информатикада оқушының танымдық басқару функциясы айқын көрінеді. Копмьютерде жұмыс істеп отырған оқушы өзіне жеке мақсат қойып, өзбетінше жұмыс істейді. Мұғалім оқушыға жағдай жасап, оның әрекетін басқару мақсатында жұмыс жүргізіледі.

5-8-сыныптарда информатика  пәнін  оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану әдістері мен осы белгілерінің оқыту мазмұнына үйлесімділігі әлі де зерттелуде. Шындығында, барлық оқыту әдістерін үйлесімді қарастыру мүмкін емес. Сондықтан, оқытудың әрбір әдістеріне тән белгілер мен олардың информатиканы оқытудағы маңызды түрлері қарастырылады.

 

Педагогика пәні және міндеттері

 

17.07.2011, 00:16

Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде ұсынған ғалым және практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің объектісі - «педагогикалық дерек (құбылыс)». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуымен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-әрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай оның дамуына байланысты педагогикалық-тәрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады.Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-әрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылстарын айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.  
 Педагогика пәні. Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, әлеуметтану, жантану, экономика және де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист білім жүйесінде өндірілген «еңбек ресурстарының» шынайы мүмкіндіктер деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге тырысады.  
 Осыдан, педагогиканың пәні- арнайы әлеуметтік мекемелерде: отбасы, білім беру және мәдени- тәрбие орындарында – мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика әрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі және құралы болған педагогикалық процестің мәні мен мазмұнын, заңдар мен заңдылықтарын және оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады.  
 Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пәндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және технологиялық міндеттер.


 

 


Информация о работе Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері