Linux операциялық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 21:31, курсовая работа

Краткое описание

Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix.
Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.
Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.
OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………..
3
1
Linux операциялық жүйесімен танысу………………………………...


1.1 Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері.………………......


1.2 Linux-тің таралуы…………………………………………………...


1.3 Linux жүйесі…………………………………………………………

2
Көпқолданбалы операциялық жүйе……………………………………


2.1 Көптапсырмалы операциялық жүйе………………………...……..


2.2 Операциялық жүйедегі басқарылатын объектілер………………..


Қорытынды……………………………………………………………..


Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Linux операциялық жүйесі.docx

— 32.07 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

Кіріспе…………………………………………………………………..

3

1

Linux операциялық жүйесімен  танысу………………………………...

 
 

1.1 Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері.………………......

 
 

1.2 Linux-тің таралуы…………………………………………………...

 
 

1.3 Linux жүйесі…………………………………………………………

 

2

Көпқолданбалы операциялық жүйе……………………………………

 
 

2.1 Көптапсырмалы операциялық жүйе………………………...……..

 
 

2.2 Операциялық жүйедегі басқарылатын объектілер………………..

 
 

Қорытынды……………………………………………………………..

 
 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Осы заманғы жалпы тапсырмаларды  атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix.

Linux операциялық жүйесі  көптеген жерлерде, яғни ұжымдық  мекемелер мен ғимараттарында  оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.

Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux  өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.

OS Linux-тің болашағы жоқ  деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық  жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.

Бұл жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге болатыны көрсетіледі. Және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-тің жан-жақты қамтылуы беріледі.

Linux–те инструменттердің  жинағы қамтамасыздандырылған, осы  инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің  жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де  компьютерлік графиктерге дейінде  қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде  жұмыс жасайтындарға негізгі  тірек болып табылады. Интернетте  жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.

 

Linux операциялық  жүйесімен танысу

Linux – Unix  операциялық жүйесінің толық функционалды нұсқасы. Бұл операциялық жүйеге,  Unix операциялық жүйесінің ең қуатты мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux–ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі қолданбалары қосылған. Бұл қолданбалар GNU тізбегімен таралып өзіне кәсіби деңгейдегі  қолданбаларды кіргізеді. Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP–серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.

Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң Линус Торвальдс жаңа оперциялық жүйені таратты және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына шақырды. Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер шарының программистерімен дамытылуда және олардың жемісі көптеген Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі күнге дейін Линус Торвальдс болып саналады.

Linux Unix-тің жеңілдетілген  түрінің қорында орналасқан, ол Minix деп аталады. Алғашынан бастап Linux тез бейімделген, кіші және арзан операциялық жүйе ретінде жасалады.

Еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ) біртіндеп күш жинауда. Егер бұрын ол тек тәжірибесі бар адамдармен қолданылып, кәдімгі пайдаланушылар үшін күнделікті қолдануға жарамаса, қазір осы жағдай өзгерген. ЕБҚ-ға өткен адамдар саны күннен-күнге өсіп келе жатыр, олардың арасында басқа операциялық жүйелер туралы естімеген адамдар да бар. Осы мақалалар сериясы осыған байланысты жазылған. Одан сіз бірнеше терминдерді, дистрибутивті қалай таңдау, таңдалған дистрибутивті қалай орнатып-баптауды, көмекті қайдан іздеу және не оқу керек туралы біле аласыз.

 

Терминология

GNU/Linux-ты «шұқып» көріп, одан соң оны күнделікті қолданамын дегендер тәжірибелері аз болғандықтан жиі терминологияда шатасады.

Free Software – еркін бағдарламалық  қамтама (ЕБҚ), оны еркін қолданып  және таратуға рұқсат ететін еркін лицензиялардың біреуі аясында таратылады.

Open Source – бастапқы кодтары  ашық бағдарламалық қамтама не  ашық бағдарламалық қамтама. Маңызды  ескерту: ашық – тегін дегені  емес. Ашық пен еркін арасында  айырмашылығы аз, тек керек кезінде  оны ол туралы жеке айтамыз.

GNU/Linux – Linux ядросына негізделген  операциялық жүйенсінің атауы.  Көбінесе осы сөз тіркесінің  бірінші бөлігі айтылмайды, тек Linux (Линукс) деп айтылады. GNU/Linux құрамасы – ядро, командалық өндеуіш және бағдарламалық қамтаманың жинағы.

Дистрибутив – бағдарламалық  қамтаманың (операциялық жүйелер  де) таратылу түрі, құрамында осы операциялық жүйенің орнатқышы мен минималды бағдарламалар жинағы болады. Linux дистрибутивтерінің мысалдары: Ubuntu, Debian, Slackware, openSUSE, Archlinux, т.б.

Консоль (командалық жол) –  негізі, ол – операциялық жүйенің  мәтіндік көрінісі, түрі. Мәтіндік командаларды енгізу-шығару құралы. GNU/Linux жүйелерінде командалық жол деп көбінесе Bash командалық өңдеуіші және оның графикалық кеңейтуі (Xterm, Gnome-terminal) аталады. «Терминал» ұғымына ұқсас болып келеді.

Root (суперпайдаланушы) –  GNU/Linux жүйелерінде шектеусіз әкімшілік  құқығы бар пайдаланушысы.

GUI (ағылш. «graphical user interface»)  – пайдаланушының графикалық  интерфейсі. Яғни, терезелер, панельдер,  батырмалар мен т.с.с.

Window Manager – терезелердің  орналасуын мен олардың әрекеттерін  басқарады. Мысалы, Compiz – графиалық  эффектілерді ұсынады.

Desktop Environment – жұмыс үстелінің  ортасы, негізгі үші түрі бар: KDE, GNOME, XFCE. Құрамында бағдарламалар жинағы болуы мүмкін. Мысалы, мәтіндік редактор ретінде Gnome ішінде gedit, ал KDE ішінде Kwrite болып келеді. Жай ғана бағдарламалар жинағы емес, өзара тығыз байланыстырылға болады, мысалы, медиаплейерде ойнап жатқа өлең атын жедел хабарламалармен алмасу бағдарламасы көрсете алады.

Десте – бағдарламалық  қамтама файлы, құрамында бағдарламаның  өзі, қосымша мәліметтер болады (лицензия мәтіні, мысалға). Десте атауы әдетте стандартты болады, бағдарлама аты, нұсқасы, архитектурасы көрсетіледі. Сонымен  қатар, Linux әлемінде қолданатын дестелер түріне сәйкес дистрибутивтер екі үлкен топқа бөлінеді. Ең көп таралғандары deb және rpm дестелер түрлері. Алайда, кейбір дистрибутивтер өздік пішімдердегі дестелерді қолданады.

Дестелер менеджері –  БҚ дестелерін басқаруға арналған бағдарлама. Бағдарлама дестелерін іздеу, орнату, өшіру, жаңарту мен т.с.с. әрекеттерді орындайды Мысалы: dpkg, rpm. Archlinux үшін дестелер менеджері — pacman.

Репозиторий – БҚ дестелері  орналасатын жер. Ол интернеттегі серверде, жергілікті компьютерде, не компакт-дисктерде  орналасуы мүмкін. Репозиторийден дестелер менеджері дестелер туралы ақпаратты оқып, оларды жүктеп ала алады.

Бастапқы код – бағдарламаның  «шикі» түрі, яғни, бағдарламалау тілінде жазылған код файлдары мен қосымша құрама (суреттер, құжаттама, т.с.с.). Бағдарлама осы түрінде пайдасыз, қолдану үшін оны «жинау» керек, бұл үрдіс компиляция деп аталады.

Скрипт – командалық өңдеуіш  орындайтын командалар жазылған файл. Мысалы, командалар тізімін қайта-қайта тере бермеу үшін оны скриптке жинауға болады.

 

Linux жүйесі

“Linux” терминінің мағынасы толығымен анықталмаған. Ең алдымен  ол ядроны, Linuх-тің кез келген версиясының  жүрегі ретінде білдіріледі. Ал кең ауқымдағы мағынасы — дистрибутив деп аталатын, осы ядрода орындалатын бағдарламалар жиынтығы. Ядроның мақсаты – бағдарламалар, соның ішінде базалық аппараттық бағдарламалар мен есептеулерді немесе бағдарламалардың орындалуын басқаратын жүйелер сияқты бағдарламалар орындалатын базалық ортаны қамтамасыз ету.

Нақтырақ айтсақ, белгілі  бір уақыт мезетінде Linuх-тің тек бір ғана ағымдағы түрі бар, ол — ағымдағы ядро түрі. Торвальдс Linuх әлемінде ядроны өз иелігі ретінде белгілеп, күллі дүниедегі мыңдаған құрастырушыларға осы ядро үшін қолданбалы бағдарламалар мен қызметтер құруға мүмкіндік берген.

Кез келген анықтамадан шыққанда Linuх операциялық жүйе болып табылады. Linuх-ті басқа дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелерден айыратын ядроның ерекшелігі сонда — бұл жүйе көптапсырмалы және көпқолданбалы болып табылады.

Linux операциялық жүйесін  түрлі бағдармаларды құру үшін  пайдалануға болады. Қазіргі кезде  Linux-ке арналған мынадай бағдарламалық қамтамалар бар:

DOS пен Windows-тің бағдарламалық  қамтамалары. Linux-те орнықтылықтың  жоғары деңгейінде DOS бағдарламаларын  орындауға болады. Windows-ке арналған бағдарламаларды орындаудың да бірнеше әдістері бар.

XWindows қабықшасы. Бұл өте  ыңғайлы, әрі көрнекті және оңай конфигурацияланатын орта, ол сонымен қатар Linux көптеген жүйелерінде жұмыс істейді. XWindows ортасында орындалатын көптеген бағдарламалар Linux-ті қарапайым және ыңғайлы операциялық жүйеге түрлендіреді.

Мәтіндік редакторлар. WordPerfect, StartOffice және ApplixWare сияқты коммерциялық мәтіндік редакторлардан басқа Linux-тің  өзіне енген қуатты мәтіндік файлдарды  түзететін жабдықтары бар.

Бағдарламалау тілдері. Көптеген бағдарламалау мен бағдарлама дайындау тілдері, т.б. Linux операциялық жүйелеріне арналған жабдықтары бар. Бағдарламалау жабдықтарының мол болуы бағдарламаларды құрастыруды жеңілдетеді.

Деректер қоймалары. Барлық Linux платформаларындағыдай Linux клиент-сервер деректер қоймалары үшін берік негізді  қамтамасыз етеді. Linux әрқашан да mSQL және Postgre сияқты деректер қоймаларын қолдайды. Жүйенің дамуы, әсіресе корпоративті ақпарат әлемінде, Linux-ке арналған саудалық реляциондық деректер қоймаларының серверлер санын арттыра түсті. Бүгін Linux үшін реляциондық деректер қоймалары Огасlе, Sybase, Informix сияқты компаниялармен ұсынылады.

Іnternet жабдықтары. Linux белгілі Netscape Communication және Моsаіс сияқты бағдарламаларды қолдаумен қатар өзінің де Іnternet-ке арналған бағдарламалық қамтамалары бар. Оларға электронды поштаны оқитын мәтіндік және графиктік бағдарламалар, Іnternet серверлерін (Web-серверлер, электронды пошта мен жаңалықтар серверлері) құруға арналған толық бағдарламалық қамтамалар жатады. Іnternet-ке жергілікті желі немесе модем арқылы қосылуды толық қолдау қамтамасыз етілген.

 

Көпқолданбалы операциялық жүйе

Windows-тің барлық версиялары  мен МасОS жүйелері бірқолданбалы (яғни бір қолданушыға арналған) болып табылады. Windows NT кейбір қызметтері көпқолданбалылық жайында сөз етуге себеп береді, бірақ әр уақыт мезетінде жүйемен тек бір адам жұмыс істей алады. Жақын арада Windows NТ-ді көпқолданбалы платформа негізінде жаңа Windows NT Terminal Server Edition жүйесін құру әрекеті ұйымдасқан болатын.

Linux бір уақытта бірнеше қолданушының жұмысын  қамтамасыз етеді, бұл оның көпқолданбалылық артықшылықтарын түгелдей пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан үлкен құндылық шықпақ: Linux-ті қосымшалар сервері ретінде дамытуға болады. Қолданушылар терминалдан немесе өздерінің дербес компьютерлерінен жергілікті желі арқылы Linux серверіне шығып, өз компьютерінен емес, осы серверден бағдармаларды жүктей алады.

 

Көптапсырмалы операциялық  жүйе

Көрқолданбалылықпен қатар Linux-тің  көптапсырмалылық қасиеті бар.

Бір кездерде есептеу жүйелері Windows 3.1-ден Windows 95-ке ауысқанда, жаңа жүйенің көптапсырмалылығы негізгі құндылығы болып саналды.

Жүйенің көптапсырмалылығы -  оның бірнеше операцияларды (үрдістерді) бір уақытта орындай алуы. Сонда жалғыз процессордан құралған компьютер бірнеше операцияны параллель орындай алады. Әрине, шынын айтсақ процессор бірнеше әрекетті бір уақытта орындай алмайды, көптапсырмалылық негізіне бір әрекеттен екіншіге шапшаң ауысуы жатады.

Әрқашан да Uniх жүйелеріндегі көптапсырмалылық Windows жүйелеріндегіден гөрі жоғары деңгейде болды. Linuх бірнеше әрекетті үлкен корпоративтік серверлер мен қуатты жұмыс станциялары үшін ерекше тәсілмен орындайды. Қазіргі күндері тек Windows 2000 мен Windows NT ғана дәл сондай көптапсырмалылықты қамтамасыз ете алады. Бір кездерде керемет шу көтерген Windows 95-тің өзі бір уақытта орындалатын әрекеттердің көп санын әрең орындап үлгереді.

Информация о работе Linux операциялық жүйесі