Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 22:14, реферат
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену , түсіну және логикалыңқ ойлауға өте қарапайым , әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған.Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері , сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды.Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды.Delphi – де шамамен 200 – ге жуық дайын компоненттер бар.
1 Delphi программалау ортасы
1.1 Delphi программалау жүйесі
1.2 Delphi–дің артықшылықтары
1.3 Өнімнің негізгі сипаттамалары
1.4 Ұйымдастырушының ортасын икемдеу
1.5 Компоненттер
1.6 Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері
1.7 Мәтінді шығару
1.8 Canvas объектінің қасиеттері
Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа
Қорытынды
Пайдаланылған әдеиеттер көзі
Графикалық дұрыстағыш. Delphi –де қуатты редакторға енгізілген кодтағы қателерді тауып, оларды жоятын графикалық дұрыстағыш бар. Тоқтау нүктелерін анықтауға, үзілістерді тексеріп, өзгертуге адымдап басу арқылы программаны әрекетін дәл түсінуге болады. Ал егер өте жіңішке дұрыстағыш қажет болса, ассемблердегі нұсқауларды және процессор регисторын тексеріп, бөлек енгізу мүмкіндігі бар Turbo Debugger пайдалануға болады.
Объектілер инспекторы. Бұл құрал бөлек терезе бейнесінде көрінеді, онда сіз программаны жобалау кезінде объектінің жағдайлар мен қасиеттер мағынасын белгілей аласыз (Properties and Events) .
Жоба менеджері. Ұйымдастырушыға тиісті жобада барлық модульдерді қарауға мүмкіндік береді және жобаны басқаратын ыңғайлы механизм мен жабдықтайды. Жоба менеджері файл аттарын, таңдалған форма уақытты және т.б көрсетеді. Мәтін мен формаға тиісті атау үстіне тышқанмен сырт еткізу арқылы тез арада жетуге болады.
Объект навигаторы. Қол жетерлік объектінің кітапханасын көрсетеді және қосымшалар бойынша навигацияны жүзеге асырады. Объект иерархиясын, кітапханадағы компиляцияланған модульдерді және сіздің кодыңыздың глобальді атаулар тізімін қарауға болады.
Меню дизайнері. Менюді жасауға, шаблондар түріндегілерді сақтауға және кейін оларды кез-келген қосымшада пайдалануға болады.
Сарапшылар. Бұл сізге қосымшаларды оңай жобалау мен икемделуін қамтамасыз ететін құрал программасының тобы. Ұйымдастырылған сарапшыларды өз бетінше қосуға мүмкіндік бар. Потенциалды түрде бұл арнайы программаға жазылған Case – құралдарымен Delphi-ді кеңейте алатын үшінші фирмалардың мүмкіндігі. Оның құрамы мынадай:
RAD Pack құрамына Delphi фирмасындағы Borland Pascal 7.0 жасалған ресурстарды қайта құратын сарапшы енеді. Қазіргі уақытта DLL құрылысын жеңілдететін және тіпті өзінің сарапшыларын жасайтын сарапшыларда болды.
Интерфейсті оқу жүйесі. Delphi-ді кеңірек игеруге мүмкіндік береді. Ол тек көмекші жүйе ғана емес, сондай-ақ ол Delphi-дің мүмкіндіктерін ұйымдастырушының өз ортасында көрсетеді.
1.5 Компоненттер
Query компоненті алыстатылған SQL – серверлерге болмаса жергілікті мәліметтер қорына SQL-сұранысын құру және орындау үшін пайдаланылады.
DBGrid компоненті мәліметтерді жол немесе баған ретінде көрсететін, белгіленген мәліметтерге кестесін туғызу үшін пайдаланылады. Компонент визуальды.
DataSource компоненті — бұл компонент Table немесе Query компоненттері секілді мәліметтер қорымен байланыстыру үшін пайдаланылады.
MainMenu компоненті — бұл компонент формаға негізгі меню құру үшін қолданылады. Басты қасиеті Items арқылы менюге керекті сөздер жазылады. Я болмаса MainMenu компоненттінің үстінен 2 рет шерту арқылы жазуға болады. ShortCut қасиеті клавиатурадан басқаруға мүмкіндік береді.
Panel компоненті - бұл компонент кең ауқымда қолданылады. Бұл компонент бір-бірімен байланысты бірнеше компоненттерді біріктіріп, бір жерде орналастыруға ыңғайлы. Panel компонентіндегі жазуды Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады. Bevellnner, BevelOuter, bevelWidth, BorderStyle,BorderWidth қасиеттері арқылы компоненттің жиектерін көркемдеуге болады.
Button компоненті — бұл компонент ең көп қолданылатын компоненттер қатарына жатады. Caption басты қасиеті болып табылады. Басты оқиғасы болып OnClick болып табылады. Осы оқиғаға батырманы басқан кездегі орындалатын операторлар жазылады.
ComboBox компоненті-ListBox және Edit компоненттерінің функциясын біріктіреді. Пайдаланушы текстті енгізуге және тізімнен таңдап алуына болады.
Edit компоненті бір жолды текст енгізу үшін немесе көрсету үшін қолданылады. Тексті енгізіп шығаратын қасиеті Text. BorderStyle қасиеті арқылы компоненттің түрін көркейтуге болады.AutoSelect қасиеті барлық текст автоматты түрде боялатынын анықтайды. SelLength, SelStart және SelText қасиеттері боялған тексттің өзін анықтайды. MaxLength қасиеті енгізілетін тексттің максимальды ұзындығын анықтайды.
Label компоненті формада әртүрлі жазуларды немесе белгілерді көру үшін компоненті қолданылады. Бұл компоненттегі тізімнен пайдаланушы тек бір ғана жолды таңдай алады. Басты қасиеті Items.
ExcelApplication компоненті — бұл компонент Microsoft Excel программасын шақыру үшін қолданылады.
WebBrowser компоненті -бұл компонент htm кеңеймесінде сақталған құжаттарды көрсету үшін арналған.
1.6 Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері
Delphi ортасы схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды экранға шығаратын программаларды неғұрлым қарапайым жолмен құруға мүмкіндік береді.
Графикалық элементтер объекттің үстіңгі жағында шығарылады (формалар немесе Image компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б) шығару үшін осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланымыз.
Мысалы:
form1. Canvas. Restangle (10,10,100,100);
Бет (Холст);
Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Бұл бет (холст) жеке нүктелерден-пикселдерден тұрады, олардың әр қайсысы көлденең (Х) және тік (Y) координаталар арқылы анықталады.
Қарандаш және қылқалам
Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін әдістер үшін, қарандаш және қылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен бояуға қолданады.
Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға Pen (қарандаш) Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және TBrush типтерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шыарылатын графикалық элементтердің түрін анықтайды.
TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:
Color – түзудің түсі(контуры)
Width — түзудің қалыңдығы (пиксель бойынша)
Style - түзудің түрі
Pen.Color – қасиетінің мәні ретінде мынадай атаулы тұрақтыларды қолдануға болады (TColor): clBlack, clOlive, clGray, clBlue, clMaroon, clNavy clSilver, clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhite.
Pen.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
psSolid – біркелкі түзу;
psDash – пункттирлік түзу, ұзын штрихтар;
psDot - пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;
psClear – түзу көрінбейді.
Егер Pen.Width қасиетінің мәні бірден үлкен болса, онда пункттирлік түзулер біркелкі түзулер болып шығады.
Қылқалам (Canvas.Brush) тұйық аймақтарды сызатын және сол облыстарды бояуды қамтамасыз ететін әдіс ретінде қолданылады.Қылқалам объект сыяқты екі қасиетке ие:
Color- тұйық облысты бояйтын түс;
Style — аймақты толықтыру стилі (типі).
Brush.color қасиетінің мәні ретінде жоғарыда айтылып өткен Tcolor типті атаулы тұрақтыларды қолдануға болады.
Brush.Style қәсиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
bsSolid — біркелкі бояу;
bsClear – облыс болмайды;
bsHorizontal – көлденең штрих;
bsVertical – тік штрих;
bsFDiogonal – ілгері қарай көлбеген диоганалдық штрих.
1.7 Мәтінді шығару
Графикалық объекттің бетіне мәтін шығару үшін TextOut әдісі қолданылады. Осы әдістің шақыру нұсқауы жалпы жағдайда мынадай түрде болады:
Объект. Canvas. TextOut(x , y , Текст);
Мұндағы x , y – шығатын мәтіннің координат нүктелері;
Текст – айнымалы немесе символдық типті тұрақты (шығарылатын мәтін).
TextOut әдісімен шығарылатын мәтін облысының оң жақ шекара координаттарын,
PenPos қәсиетін пайдаланып алуға болады,
мысалы: TextOut(PenPos.x , PenPos.y , ‘Руб’);
1.8 Қарапайым графиктерді сызу әдістері
LineTo әдісі түзуді қарандаштың ағымдағы орынан координатасы көрсетілген нүктеге дейін сызады.
Объект. Canvas. LineTo(x , y);
MoveTo әдісі қарандашты белгіленген нүктеге апарады.
Объект. Canvas. MoveTo(x , y);
Ellipse әдісі эллипс сызады (жеке жағдайда, шеңбер – параметр мәніне тәуелді болады): Объект. Canvas.Ellipse(x1 , y1,x2,y2);
Мұндағы: x1, y1, x2, y2 – ішіне эллипс сызылатын тікбұрыш координаттары.
Arc әдісі доға сызады:
Объект. Canvas.Arc(x1 , y1,x2, y2, x3, y3, x4, y4);
Мұндағы: x1, y1, x2, y2 – эллипс параметрі, эллипс белгілі, яғни сызылатын доға болады.
Rectangle әдісі тіктөртбұрыш сызады:
Объект. Canvas. Rectangle (x1 , y1, x2 , y2);
Мұндағы: x1, y1 және x2, y2 – сол жақ үстінгі және оң жақ астыңғы тіктөртбұрыш бұрыштарының координаттары.
FillRect әдісі Brush.Color қасиеті арқылы берілген түсімен тіктөртбұрышты бояйды. Бұл әдістің бір ғана параметрі бар, бұл структураның Trect типі.
Мысалы:
Var
R:Rect(20,20,150,150);
With Canvas do
begin
Brush.Color:=clRed;
FillRect(R);
End;
End;
1.8 Canvas объектінің қасиеттері
Жоғарыда айтып кеткендей, программа орындайтын графиктерді бетке шығару үшін Canvas қасиеті келеді. Canvas объектісінің Pixels қасиетін пайдалана отырып, графикалық беттің кез келген нүктесін қажетті түске бояуға болады. Мысалы (нұсқауы):
Form1.Canvas. Pixels [10,10]:=clRed;
Форманың бетіндегі нүктені қызыл түске бояйды.
Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа
Курстық жұмысымда Дельфидің графикалық мүмкіндіктерін айқын көрсететін программа жазып шықтым. Ол программаның қызметі суретті слайд-шоу түрінде көрсететін мүмкіндігі бар программа. Программа іске қосқанда төмендегідей терезе пайда болады:
Егер 1-ші кнопкаға шертсеңіз программадан шығу әрекеті орындалады. Екінші кнопка алдыңғы суретке көшіреді, ал соңғы кнопка келесі суретке көшіреді.
Егер осы кнопкалардың астындағы суреті бар кнопкаға басаңыз, онда сәйкес суретке көшіріледі.
Қорытынды
Бұл курстық жұмыстың мақсаты Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктерін көрсететін программа және теориялық материал дайындау болды. Ізденістерімнің нәтижесінде мен көптеген қызықты жайттарға тап болыдым. Және де көп материалды игеріп қана қоймай, графикалық мүмкіндіреін үйрендім. Жалпы курстық жұмыс мен үшін өте пайдалы болды.
Қазіргі кезде жаңа информациялық технологияның жетістіктері, идеялары қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Программалау технологияларының негізгі бағыттарының бірі – объекті бағытталған программалау тілі. Delphi интегралды ортасы объекті программалау принципіне негізделген. Бұл ортада күрделі қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелерін, электрондық оқулықтар, мәліметтер қорын құруға болады.
Қазақстан Республикасында ақпараттандыру процессі басталған кезден бастап-ақ оны қолданудың тиімді жолдары іздестіріле басталды. Басында текст теру, электронды кестемен жұмыс жасау сияқты дайын программалардың көмегіне жүгінсе, қазіргі уақытта әр-түрлі салада өзіне әмбебап бағдарламалар дайындауға көшті.
Оған дәлел қай жұмыс орнына қабылдаған кезде компьютерлік біліміңізді сұрайды, тексереді. Міне, осыдан бастап-ақ бағдарламашылардың жұмысының өрісі кеңейюде деп айқын айтуға болады. Батыс Қазақстанда дәл осы жұмыспен айналысатын фирма жоқ, дегенмен де бағдарламашылар тобы осы жұмысты алысқа шаптырмай-ақ тындырып бағуда.
Қазіргі жоғарғы оқу орнындағы ақпаратты жүйелер немесе информатика мамандығы бойынша оқып жатырған студенттердің дипломдық жобасының өзі бір саланы автоматтандыруға немесе бір пән бойынша ақпараттандырылған жұмыс орны және тағы да сол сияқты үлкен жобаларды орындауды талап етеді. Бұл орайда менің де дипломдық жұмысымды айта кеткен жөн деп есептеймін.
Ақпараттық технологияларды жұмыс орнында пайдалану өте тиімді екенін сезінген адамдар оны қолданысқа енгізуге үлкен құлшыныс білдіріп отыр. Апталап жасайтын жұмысты компьютер көмегімен жылдам жүзеге асыруға болады. Сол себепті де ақпараттық технологияларды пайдалану өте тиімді.
Электронды мәлмет алмасу көптеген жолға кететін қаражатты үнемдейді. Оған қоса ақпараттың толық және жылдам жетуіне сенімді болуға болады. Есеп беру жүйесінің сол бойда берілуі ақпараттық технологияларға көшуге басқа мүмкіндік қалдырмай отыр.
Себебін айтып жатудың өзі артық фирмалардың ашылу сәтінен бастап-ақ ақпараттық технологиялар бөлменің қайсі бір түпкірінде және көптеген отырып жұмыс жасайтын қызметкердің алдында болады.
Тіпті мектептерде ақпараттық технологиялардың барлық түрі, атап айтар болсақ: компьютер, сканер, принтер, факс және басқа да технологиялармен қамтылған. Бір кездері бір мектепте бір ғана басу машинкасымен көптеген жұмыс орындалағна. Қазір ол заман кетті.
«Қазақстан — 2030″ стратегиялық бағдарламасы приоритеттерінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Казақстан білім жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктірумен сипатгалатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялдық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға және оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді тұрақты түрде дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни негізгі рөлді информацияны алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр. Информациялык. қоғамға ауысу информациялық және коммуникациялық технологияларды дамьггу мен күнделікті тұрмыста пайдалану (конвергенциялау) жолымен, яғни қоғамды ақпараттандыру (информация) істерін дамыту арқылы іске асырылады.
Информациялық қоғамға көшу процесінде информация құндылығы өзгеріп, біздің уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы да түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениетті — информациялық мәдениеттің тууына себепші болды. Информациялық мәдениетті информациялық процестерді ұйымдастырудағы адамдардың информациялық қарым-қатынасын қанағаттандыру, қабылданған шешімдердің тигізетін әсерін болжап, әлемді біртұтас күйде көрсете алатын информацияны жасау, сақтау, өндеу, тасымалдау, бейнелеу және пайдалану істерін тиімді ұйымдастыру жолындағы жеткен деңгей түрінде қарастыру керек.
Пайдаланылған әдеиеттер көзі
1.Компьютерная технология
обучения:словарь-справочник/
2.Нұрғалиева Г. Қ. Электрондық оқулықтар – мұғалім мен оқушы арасындағы әрекетттестікті гуманизациялау құралы// «Информатика негіздері» республикалық журналы, №2, 2002.- 2-3 б.