95959595959595959507.06.1115:5615:5615:56
КІРІСПЕ
XXI ғасыр ақпараттандырылған
кезең болғандықтан компьютерлік технологиялардың
және интернеттің даму экономика мен әлеуметтік
салаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер
жаратып отыр. Кез-келген авотматтандырылған
жүйе өзара байланысқан көптеген модульдерден
тұратын күрделі аппараттық-программалық
комплекстерді сипаттайды. Мұндай жағдайда
желілік технологиялардың және мәліметтер
қорының алатын орны ерекше болып табылады.
Жалпы Жүйе көптеген жергілікті және глобальды
есептеу желілерінің комплексі түрінде
анықталады. Жаңа технологиялардың дұрыс
пайдаланылуы бизнес әлеміндегі жетекші
орындарға ие болудың алғы шарттарының
бірі болып табылады.
Қазіргі заманғы
компьютерлік технологиялардың қолданылуы
экономика мен әлеуметтік салаларға
көптеген жаңа мүмкіндіктер жаратып отыр.
Кез-келген авотматтандырылған жүйе өзара
байланысқан көптеген модульдерден тұратын
күрделі аппараттық-программалық комплекстерді
сипаттайды. Мұндай жағдайда мәліметтер
қорының алатын орны ерекше болып табылады.
Жаңа технологиялардың дұрыс пайдаланылуы
бизнес әлеміндегі жетекші орындарға
ие болудың алғы шарттарының бірі болып
табылады.
Жаңа технологияға деген сұраныс жоғары болғандықтан,
сондай-ақ олардың құны да жоғары болғандықтан,
көптеген компьютерлік техника шығарушы
және бағдарламалық қамсыздандыру компаниялары
өздерінің ұсыныстарымен шығып отырады.
Әрбір мекеменің автоматтандыру бөлімінің
алдында осы мәселені шешу, яғни көптеген
бағдарламалардың ішінен өздерін қанағаттандыратынын
таңдау проблемасы тұрады.
Қағазсыз iс жүргiзу басқару қызметiнде компьютердiң пайдаланылуын
қажет етедi. Қағазбен жеткiзiлетiн дүниелердiң
толық пайдаланудан шығарылуы немесе
өте аз мөлшерде ғана қалдырылуы мүмкiн.
Берілгендер қорымен компьютерлiк жүйеде
күрделi мәселелердiң бiрлесiп шешiлуiн
оны пайдаланушылар тобы жұмысты ұйымдастыру
барысында жүзеге асырады. Жаңа ағымда
жабдықталған электрондық офистерде қолданбалы
бағдарламалары бар Microsoft, Borland, Gotus фирмаларының
жұмыс ағымын жеделдетiп "Workflow" ұғымына
жүгiнетiндiгi байқалады. Құжаттарды сақтау,
бақылау, iздеу, мұрағатқа өткiзу, сондай-ақ
ұзақ мерзiмдi мұражайға тапсыру анағұрлым
жеңiлденедi.
Берілгендер қорын мынадай
мақсаттар үшiн пайдаланады. Айталық,
кез келген мекеме өзіне керекті
айлық немесе жылдық тіпті кей
кездерде күндік есеп берулерді есептеу керек болады, сондықтан
берілгендер қорымен жұмыс істеу өте тиімді,
және уақыттан ұтымды болып келеді. Қолмен
есептеуден гөрі берілгендер қорымен
жұмыс істеу жүйесіне көшу есебiнен
кәсiпорынның құжаттармен жабдықталу
құнын төмендетуге болады. Құжаттармен
қамтамасыз ету процесiн жетiлдiре отырып,
жаңа да сапалы ақпарат базасын құру осы
мақсаттардың негiзiне жатады.
Ақпараттық-іздеу
жүйелеріне қойылатын кейбір талаптарға
қарамастан, әрбір мекеме өзінің ішкі
мәліметтерін өңдеудің өзіндік ерекшеліктерімен дараланады.
Бірақ көбінше мұндай іс-әрекеттерді орындауға
арналған құралдар олардың өздерінде
табыла бермейді. Сондықтан, мен өз дипломдық
жұмысымды балабақшада балаларды қабылдауға,
балалар жайлы мәліметтерді толығымен
алуға арналған бағдарлама құрдым.
Менің қарастырып отырған
дипломдық жұмысымда балабақшаның
жұмысын автоматтандыру мақсат етілді.
Мұнда балалалды қабылдау, олардың
айлық төлем ақысын есептеу , мекемедегі
қызметкерлер жайлы тоық мәліметтер
енгізілген берілгендер қорын Delphi арқылы іске асыру көзделді. Сондықтан,
дипломдық жұмыстың басым бөлігі балалар
туралы мәліметтерді қамтиды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден,
4 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда бала-бақшаның
ережелері мен міндеттері, балаларды қабылдау және шығару,
оларды тәрбиелеу процестері, тәрбиешілердің
балаларды тәрбиелеу міндеттері сипатталған.
Екінші тарауда програмалаық
жүйені құру ортасы – Delphi программалау
ортасының жүйесі жайлы кең көлемді
материал берілген. Графиктік жобалау орталарының ішіндегі
ең қуаттыларының бірі – Borland Delphi-дің мүмкіндіктері
кеңінен баяндалған.
Үшінші тарауда құрылған
программалық жүйе жайлы, оның дайындалу
барысы, ондағы жазылған кодтарымен қоса
сипатталды. Бағдарламаның орындалу
барысы қысқаша түсініктемесімен қоса
баяндалып шыққан.
Төртінші тарау жүйенің
экономикалық тиімділігі жайлы есептеулерді
қамтитын бизнес-жоспардан тұрады.
бағдарламаның қоғамға келтіретін
пайдасы есептелініп, олар нақты
мысалдармен дәлелденген.
1. Негізгі бөлім
1.Бала-бақшаның жұмыс
істеу тәртібі.
1.1. Мекеменің міндеттері мен мызметтері
- Мемлекеттік басқару органы Шымкент қаласының білім беру және спорт бөлімі болып табылады.
- «№74 бастауыш мектеп - балабақша» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шымкент қала әкімдігі болып табылады.
- Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасы заңдарына және осы Жарғыға сәйккес жүргізеді.
- Мекеме заңды тұлға болып есептеледі, анық дербес балансы, банкте есеп- шо ты, оның ішіндс валюталық есебі, өзінің сипаттамасы жазылған мөрі бар.
- Өзінің атынан келісім - шарттар жасауға, мүліктің және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иелік етуге және іске асыруға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.
- Мекеме - мектепке дейінге және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған оқу орны, мектепке дейінгі және бастауыш мектеп білімінің негізгі және қосымша жалпы білім беретін бағдарламаларын жүзеге асырады.
- Мекеме өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшаға жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша құрылтайшы жауаптылықта болады.
- Мекеменің жарғысы әділет органдарында тіркеуден өтуге жатады.
- Мекеме филиалдар мен өкілдіктер аша алады.
- Мекеменің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған білім алуға қажетті жағдай туғызу.
- Мекеменің басым міндеттері мыналар болып есептеледі.
1. Мектепке дейінгі
және бассипаттамасыш мектеп
білім беру бағдарламалары мазмұнында сабақтастыққа қол жеткізу.
2. Жеке тұлғаньщ шығармашылық рухани және
дене еңбегі мүмкіндігін дамыту,
имандылық пен салауатты емір салтының
мықты негізін қалыптастыру үшін жағдай
туғызу арқылы зердені байыту.
Өз Отаны - Қазақстан
Республикасына сүйспеншілікке, адамзаттық
пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекеттік
рәміздерді құрметтеу, халық дәстүрлерін
қастерлеу, конституция мен қоғамға қарсы
кез - келген әрекетке төзбеушілікке тәрбиелеу.
- Әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерімен таныстыру, қазақ халқының және республиканың басқа да халықтарының салт - дәстүрі мен тарихын үйрету, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгерту.
- Білім беру мекемелерінің дербестігін кеңейте түсу, білім беру мексмесін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру.
- Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық жан-жақты коммуникациялық желіге шығу.
7. Білім беру мекемелерінің тиімді, сан
қырлы және полифункциональды дамуына
тиімді, ықпал ету.
1.2. Мекемеге қабылдау
және шығару тәртібі
- 4.1 Азаматтарды ұйымдарға оқуға қабылдаудың жалпы тәртібімен ережелерін білім беру саласындағы ҚР орталық атқарушы органы белгілейді.
- Осы ұйымға бекітілген аумақта тұратын және тиісті сатыда білім алуға құқығы бар барлық азаматтарды қабылдауды қамтамасыз ететін жалпы бастауыш білім беру сатыларына қабылдау тәртібін құрылтайшы бекітеді.
- Баланы қабылдау кезінде Кәсіпорын оның ата-анасын немесе басқа да заңды өкілдерін ұйымның жарғысымен, білім қызметімен айналысуға құқық беретін лицензиямен және қабылдау тәртібімен оқу тәрбие процесін ұйымдастыруды белгілейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті.
- Мектепалды сыныптарға ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне бес немесе алты жасқа толған балалар, 1-сыныпқа ағымдағы жылдың 1-қыркүйегіне алты немесе жеті жасқа толған балалар қабылданады.
- Қабылдау ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша өтініші, медициналық анықтамасы және туу туралы куәліктің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
- Мекемеге азаматтарды қабылдау кезінде оны және /немесе/ оның ата- анасын немесе басқа заңды өкілдерін мекеме Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиямен, басқа да қабылдау тәртібімен оқу тәртібі процессін ұйымдастыру регламентімен таныстыруға міндетті.
- Мекеме сол аймақта тұратын және білім алуға құқығы бар барлық азаматтарды мекемеге қабылдауды қамтамасыз ететін қабылдау тәртібін белгілейді.
- Мектепке дейінгі ұйымға құрылтайшының жолдамасы, баланың даму тарихынан үзінді көшірме, эпидемиологиялық жағдай туралы санитарлық- эпидемиологиялық қызметтің анықтамасы негізінде бір жастан жеті жасқа дейінгі балалар қабылданады.
- Мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін өтініштерді есепке алу тәртібін, жолдамаларды рәсімдеумен беруді құрылтайшы анықтайды.
- Жалпы дамыту үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйымға жұқпалы, тірек-қозғалыс аппараты бұзылуының ауыр түрімен ауыратын және ақыл- ой кемістігі бар балалардан басқа, үш жастан жеті жасқа дейінгі балалар қабылданады.
- Түзеу жұмысы үшін жағдай жасалған болса, жалпы үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйымға мүмкіндіктері шектеулі балаларды қабылдауға болады.
- Мектепке дейінгі ұйымда топтар бірдей жастағы немесе әр жастағы қағидат бойынша жинақталады.
- Балаларды мектепке дейінгі ұйымға тұрақты және уақытша орналастыруға қабылдау.
- Мектепке дейінгі ұйымда баланың орны мектепке дейінгі ұйыммен ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар арасындағы жасалынған шарттағы белгіленген мына жағдайларда сақталады:
- бала ауырып қалған жағдайда;
- Бала медициналық санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделгенде және сауықтырылғанда;
- Ата-анасының біреуіне еңбек демалысы берілгенде;
- Бала жаз маусымында екі айға дейінгі мерзімде сауықтырлғанда;
- Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда баланы қабылдау үшін кіру жарналары; сондай-ақ бала мектепке дейінгі ұйымда ұзақ мерзім болмаған немесе қатыспаған жағдайда орынды сақтау үшін төлемақы алынбайды.
- Мектепке дейінгі ұйымнан мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар арасындағы жасалынған шарттағы белгіленген мына жағдайларда шығарады:
1. Баланы мектепке дейінгі ұйымда ұстау
үшін ай сайын төлемақы уақтылы
төленбегенде /10 күннен астам/.
2.Бала дәлелді себепсіз
және әкімшілікке ескертпей
балабақшаға бір айдан
астам келмегенде.
3.Баланың мектепке дейінгі ұйымға келуіне
кедергі болатын денсаулық жағдайы туралы
медициналық қорытындысы болса.
- Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі баланы ұстау үшін алынатын ай сайынғы төлемақының мөлшері баланың жасына қарамастан, тамақтандыруға арналған шығындардың 100 пайызын құрайды.
- Мектепке дейінгі ұйымдар белгіленген тәртіпте оқыту, сауықтыру немесе басқа да түрлері бойынша қосымша ақылы қызмет көрсету құқығына ие. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына белгіленген негізгі оқыту мен сауықтыру сапасын қысқартып және төмендетуге қатаң тиым салынады.
- Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар және алаңдар болған кезде ата-аналардың қаражаты есебінен баланы ұстау құны толық төлене отырып коммерциялық топтар ашылуы мүмкін.
- Коммерциялық топтар қызметінің тәртібін білім беру саласындағы орталық атқарушы орган айқындайды.
- Мемлекеттік басқару органы осы аумақта тұратын және білім және тәрбие алуға құқығы бар барлық азаматтардың қабылдауын қамтамасыз ететін Кәсіпорынға қабылдау тәртібін белгілейді.
1.3. Білім беру процесін ұйымдастыру
- Ұйым білім беру процесін жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларының бірінші сатылы, бастауыш (1-4 сыныптар). Оқу-тәрбие қызметі мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
- Жалпы бастауыш білім беру (1 саты) оқушылардың оқу, жазу, санау, оқу қызметінін негізгі машықтары мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін, оқу әрекеттерін өз бетінше бақылаудың қарапайым дағдыларын, мінез-құлық және сөйлеу мәдениетін, жеке гигиена мен салауатты өмір салтының негіздерін меңгеруін қамтамасыз етеді.
- Жалпы бастауыш білім беру сатыларындағы, үш немесе одан да көп пәндер бойынша оку жылының бағдарламасын игермеген оқушылар қайтадан оқытуға қалдырылады немесе медициналық-педагогикалық комиссияның ұсынымы бойынша және ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен орнын толтыра оқыту сыныптарына ауыстырылады.
- 1-сынып оқушылары медициналық-педагогикалық комиссияның ұсынымы бойынша және ата-аналарының келісімімен екінші жылға қалдырылуы мүмкін.
- Оқу жылының қорытындысы бойынша 1-2 пән бойынша академиялық қарызы бар бастауыш сатыларындағы оқушылар келесі сыныпқа жазғы тапсырмаларды орындағаннан және емтихандарды тапсырғаннан кейін көшіріледі.
- Ұйым өздерінің жарғысымен анықталған оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін дербес таңдайды.
- Ұйымда білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.
- Нақты ұйымда білім берудің мазмұны МЖБС-қа сәйкес әзірленетін және іске асырылатын жұмыс бағдарламаларымен және оқу жоспарларымен айқындалады.
- Базистік оқу жоспарының түрлендірмелік бөлігінің құрамына кіретін және нақты ұйымның ерекшелігін көрсететін оқу пәндері бойынша оқу жұмыс жоспарын және бағдарламаларын әзірлеуді ұйым дербес жүзеге асыруға құқылы.
- Ұйымда сабақ кестесін оның басшысы немесе оны ауыстыратын адам бекітеді.
- Ұйымдағы сабақтың ұзақтығы - 45 минут (орнын толтыра оқыту сыныптарында – 40 минуттан аспайды).
- Ұйымның талаптарына балаларды бейімдеу процесін жеңілдету мақсатында I-сыныптарында оқу жүктемесін біртіндеп өсіре отырып, оқу сабақтарының «сатылы» режимі қолданылуы тиіс:
- 1-тоқсанда ұзақтығы 35 минуттан - 3 сабақ;
- 2-тоқсаннан бастап әрқайсысының ұзақтығы 35 минуттаи - 4 сабақ;
- кестеде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.
- Ұйымдардағы оқу кестесі оқушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалысы үшін ұзақтылығы жеткілікті үзілісті көздеуі тиіс.
- Ұйымдарда оқу сабақтары сағат 8-ден ерте басталмауы керек.
- Ұйымдағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Мекеменің оқу - тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары негізінде құрылған оқу жоспарлары мен және бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады. Мекеме ҚР Конституциясы мен ҚР заңд<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d