Ақпараттың өлшем бірліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 18:36, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейне ақпаратпен жұмыс істей алады.
Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедиа деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиалық деп аталады.
Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық пішімге ауыстырады. Компьютерге енгізу кезінде әрбір әріп белгілі санмен таңбаланады, ал сыртқы құрылғыларға (басып шығарғыш немесе бейне бетке) шығару кезінде адам қабылдай алу үшін осы сандар бойынша әріптер кескінделеді. Әріптер жиынтығы мен сандар арасындағы сәйкестік нышандарды кодтау деп аталады.

Содержание

І. Кіріспе_______________________________________________1
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Ақпарат түсінігі________________________________________1
2.Ақпараттың өлшем бірліктері_____________________________2
3.Бит және Байт__________________________________________2
ІІІ. Қорытынды__________________________________________3
IV. Пайдаланылған әдебиеттер______________________________4

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақпараттың өлшем бірліктері.docx

— 31.10 Кб (Скачать документ)

 

Жоспар

 

І. Кіріспе_______________________________________________1

ІІ. Негізгі бөлім:

1.Ақпарат түсінігі________________________________________1

2.Ақпараттың өлшем бірліктері_____________________________2

3.Бит және Байт__________________________________________2

ІІІ. Қорытынды__________________________________________3

IV. Пайдаланылған әдебиеттер______________________________4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Ақпараттың өлшем бірліктері

Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейне ақпаратпен жұмыс  істей алады.  
Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедиа деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиалық деп аталады.  
Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық пішімге ауыстырады. Компьютерге енгізу кезінде әрбір әріп белгілі санмен таңбаланады, ал сыртқы құрылғыларға (басып шығарғыш немесе бейне бетке) шығару кезінде адам қабылдай алу үшін осы сандар бойынша әріптер кескінделеді. Әріптер жиынтығы мен сандар арасындағы сәйкестік нышандарды кодтау деп аталады.  
Компьютердегі ақпарат бірлігі бір бит, яғни екілік разряд болып табылады, ол 0 немесе 1 мәндерін қабылдай алады («иә» және «жоқ», «+» және «–», «сигнал бар» және «сигнал жоқ»).  
Әдетте компьютерлердің әмірлері жекелеген биттермен емес, бірден сегіз битпен жұмыс істейді. Тізбекті сегіз бит байтты құрайды. Бір байтта 256 мүмкін нышанның біреуінің мәнін кодпен жазуға болады. Бұдан гөрі үлкенірек ақпарат бірліктері килобайт (Кбайт) – 1024 байт; мегабайт (Мбайт) – 1024 Кбайт және 1024 Мбайтқа тең гигабайт болып табылады. Екілік котау дегеніміз – иформацияны кодтауда 1 және 0 символдарының қолдануы. Осы кодтау арқылы берілетін информацияның ең кіші өлшем бірлігі бит деп саналады. 
ЭВМ құрылғысы жеке битпен жұмыс істемейді, бірден бір топ битпен жұмыс істейді. Сегіз биттен құрылған тізбек, бір байтты құрайды. Байт – иформация мөлшерінің бірлігі немесе 8 битке тең компьютерлік жад. Әр бір байт мәліметтердің бір таңбасына - әріпке, цифрға немесе символға сәйкескеледі. Байттар – комьютердің қуатын өлшеудің немесе оның дискілердегі сақтауыш құрылғысының сыйымдылығының стандартты бірлігі. Әр бір байт компьютерде біртұтас бүтін ретінде өңделеді. 
Компьютердегі сандардың барлығы адамдар үйреніп қалғандай он санның емес, нөл мен бір санының көмегімен ұсынылады. Басқаша айтар болсақ, компьютерлер екілік есептеу жүйесінде жұмыс істейді. Сандарды компьютерге енгізіп, шығаруды адамдар үшін үйреншікті болып табылатын ондық жүйеде де жүзеге асыруға болады, қажетті түрлендірулердің барлығын компьютердегі бағдарламалар атқарады. Ақпаратқа хабар ретінде қарау 1948 жылғы Клод Шеннонның әйгілі "Байланыстың Математикалық Теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптасты. Мақала Байланыс теориясының негізін қалады және ақпарат ұғымына техникалық мағына беріп қана қоймай оған мөлшерін анықтады. Егер құрылғы бірдей ықтималдықпен N хабардың бірін жіберсе, онда “жиыннан хабар таңдалған кездегі ақпарат мөлшері” екі негіздегі логарифм N-ге тең (Бұл мөлшер өздік-ақпарат деп аталады). Сол мақалада Шеннон былай жалғастырады: Логарифм негізін таңдау ақпаратты өлшеу өлшем бірлігіне сәйкес келеді. Егер негізі 2 болса нәтижесінде ақпарат бірлiктері бинарлық сандар, немесе қысқаша Тюки (J. W. Tukey) енгізген биттер болар еді. Екі бірқалыпты дәрежесі бар құрылым, мысалы – реле, бір бит ақпарат сақтай алады. Осындай N құрылым N бит сақтай алады…[1] Алгоритмдік байланыс теориясы ақпаратты өлшеудің қосымша жолын береді. Қысқаша қайырғанда, бұл тәсіл ақпарат мазмұнын белгілер тізімінің болжамдығына негіздеп өлшейді, немесе басқаша айтқанда бағдарлама арқылы тізімді есептеу қаншалықты оңай: тізімнің ақпарат мазмұны ең қысқа осы тізімді есептейтін бағдарламаның биттер саны болып табылады. Төмендегі тізімнің алгоритмдік өлшемі өте аз болар еді, өйткені ол - оңай болжауға болатын құрылым, және құрылым ретінде жалғасқанымен өлшемі өзгермейді. Шеннон ақпараты тізімнің әр белгісі үшін, олар статистикалық кездейсоқ болғандықтан, дәл осындай ақпарат өлшемін берер еді, ал әр жаңа белгі өлшемін үлкейтер еді. 123456789101112131415161718192021 Адамдық көзқараспен қарағанда дәстүрлі ақпарат теориясы мен алгоритмдік ақпарат теорияларының шектеулері бар. Мысалға, хабар мазмұны дегенде Шеннон “Жиі хабарлардың мәні бар… бұл байланыстың семантикалық жағы инженерлік мәселелерге маңызды емес. Маңызды жағы – нақтылы хабардың ықтимал хабарлар жиынының таңдалып алынған бірі болғандығында” (екпін түпнұсқадан сақталған).

Бит (ағылш. binary digit; сонымен қатар сөздер ойыны: ағылш. bit — аздап) - БИТ (ағылш. bіt, bіnary — екілік және dіgіt — белгі, цифр сөздерінен қысқартылып алынған) — ақпарат мөлшерін өлшейтін екілік бірлік;

1[1] есептеу техникасында, екілік цифр — екілік кодтағы екілік цифрдың позициясы; екілік разряд деуге де болады. Таратылатын не сақталатын ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. Есептеуіш машинаның (дербес компьютердің) жадындағы ақпарат өлшемін анықтайтын Бит саны, яғни жадтың Бит саны осы жадқа сиятын екілік цифрлардың ең көп мөлшерін, ал мәліметтердің Бит саны осы мәліметтерді жазу үшін қажет болатын екілік разрядтың санын білдіреді. Әдетте, есептеуіш машина (компьютер) жадындағы мәліметтер, ақпараттар, бұйрықтар жекелеген Биттермен емес, топтасқан 8 Бит өлшемімен жазылады. Тізбектелген 8 Бит 1 байт өлшемін құрайды; ақпарат теориясында, екілік бірлік — ақпарат мөлшерінің өлшеу бірлігі.

Байт (Б) (ағылш. Byte, B) — дерек көлемін өлшеу бірлігі. Сегіз биттен тұратын топ.

Байт (ағылшынша byte) — ЭЕМ -дегі символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік сан тізбегінен тұратын, адрестелетін мәліметтерді өлшеуге арналған ең кіші бірлік. Компьютер жадының бір ұясында бір Байт мәлімет сақталады. Бір Байт бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан 8 биттен, яғни екілік сан таңбаларынан тұрады. Мысалы, компьютерде “Е” әрпі 10000101, кіші “е” әрпі 10100101, “/” таңбасы 00101111, “8” саны 00111000 түрінде өңделеді. Бір Байт тек бір символды бейнелейтін ақпарат өлшеу бірлігі болғандықтан, оның көмегімен 256 символды (28=256) өрнектеуге болады. Компьютер жадының көлемі осы Байт бірлігімен өлшенеді. Ол үшін Байт бірлігінің еселік түрлері: килобайт — Кб (1 Кб=1024 Б=210Б.), мегабайт — Мб (210 Кб), гигабайт — Гб (210Мб) қолданылады. Мысалы, ЭЕМ-нің шапшаң жадының көлемі 32 Мб болса, онда 32Һ210 Байт (символ) ақпарат сақталынады. Ал, ЭЕМ-нің сыртқы жадында (магниттік дискілерінде) 1—8 Гб және одан да көп ақпарат сақтауға болады. Мысалы, 400 беті бар, әр бетінде 50 қатар, ал әр қатарда 50 таңба болатын кітаптың көлемін Байт арқылы есептесек, онда 400Һ50Һ50 = 1000000 Байт = 1 Мб (яғни көлемі 1 Гб дискі 1000 кітапты есте сақтай алады). Қатар орналасқан төрт Байт бір машиналық сөз болып есептеледі, ол 32 биттен тұрады. 64 биттен немесе 8 Байттан тұратын мәліметтер бірлігі екі еселенген машиналық сөз деп аталады. Компьютер осы машиналық сөздер тізбегін өңдейді. [1] 
        Байт (Byte) — 1) ақпарат мөлшерінің бірлігі немесе 8 битке (екілік цифр) тең компьютердегі жад. Айтарлықтай ірі ақпарат бірлігі: 1 килобайт (Кбайт) 1024 байтқа тең, ал 1 мегабайт (Мбайт) 1042 Кбайтқа тең; 2) адрес иемдене алатын ең аз бірлік. Әрбір байт мәліметтердің бір таңбасына — әріпке, цифрға немесе символға сәйкес келеді. Байттар — компьютердің қуатын өлшеудің немесе оның дискілердегі сақтауыш құрылғысының сыйымдылығының стандартты бірлігі. Өңделетін ақпараттың нысаналық көлемі (жаңа есептеу құралдарында) — секундына 100 килобайт, өндеу көлемі — ақпараттың әрбір байтына 50—55 арифметикалық операция; 3) сегіз биттен және бір бақылау битінен түратын машиналық сөздің стандартты бөлігі. Әрбір байт компьютерде біртұтас бүтін ретінде өңделеді.

Бит және байт бастауыштары

Ондық

Шамасы

SI

10001

k

кило-

10002

M

мега-

10003

G

гига-

10004

T

тера-

10005

P

пета-

10006

E

екса-

10007

Z

зетта-

10008

Y

йотта-


Екілік

Шамасы

IEC

JEDEC

10241

Ki

киби-

K

кило-

10242

Mi

меби-

M

мега-

10243

Gi

гиби-

G

гига-

10244

Ti

теби-

   

10245

Pi

пеби-

   

10246

Ei

ексби-

   

10247

Zi

зеби-

   

10248

Yi

йоби-

   


 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.Теоретические основы информатики:  учебное пособие для студентов  высшей учебной заведений\В.Л.Матросов, В.А.Горелик, С.А.Жданов и др. –  М.: «Академия», 2009.-352с. (12 экз.)

2.Стариченко Б.Е. Теоретические  основы информатики: Учебное пособие  для вузов\Б.Е.Стариченко – М.: Горячая линия – Телеком; 2004-312с. (1 экз.)

3.Самсонов Б.Б., Плохов Е.М., Филоненков  А.И., Кречет Т.В. Теория информации  и кодирование. – Ростов-на-Дону, 2002-288с.


Информация о работе Ақпараттың өлшем бірліктері