Жер құқығының негізгі ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 08:12, доклад

Краткое описание

Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын жасау және оны белгілі деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында заңдылықты нығайту.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жер құқығының негізгі ережелері.docx

— 41.19 Кб (Скачать документ)

      Жер құқығының негізгі ережелері

Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын жасау және оны белгілі деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында заңдылықты нығайту. Қазақстандағы барлық жерге байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының “Жер туралы” (2001) Заңымен реттеледі

Президент оларға қол қойғанға дейін заңдардың конституциялылығын тексеру

 

"Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгi туралы. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 10 маусымдағы N 8 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов және Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың: Мемлекет басшысының өкiлi - Республика Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк-құқық бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi А.Ш.Аккулевтiң, Республика Әдiлет министрi О.И.Жұмабековтiң, Республика Парламентi Сенатының депутаты Л.Н.Бурлаковтың, Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары Ж.Н.Әбдиев пен A.A.Бейсенбаевтың, Республика Бас прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың, Республика Ауыл шаруашылығы вице-министрi А.Қ.Құрышбаевтың, Республика Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы Б.С.Оспановтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң конституциялылығын тексеру туралы өтiнiшiн қарады.

 

Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестiң мүшесi Қ.Ә.Омархановтың хабарын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексiн 2003 жылғы 19 мамырда Республика Парламентi Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 7-тармағына сәйкес дауысқа салмай қабылдап, 2003 жылғы 27 мамырда Республика Президентiнiң қол қоюына ұсынған. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. P021263)

Республиканың Жер кодексiн конституциялылығы тұрғысында қарай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасы Конституциясының жер заңдарын құқықтық реттеуге негiз етiп алынуға тиiс мынадай түбегейлi ережелерiн ескердi:

 

1) жалпы бастаулары мен принциптерi

(2-баптың 2-тармағы, 4-баптың 1 және 2-тармақтары, 5-баптың 1 және 2-тармақтары, 6-бап);

 

2) азаматтардың  конституциялық құқықтары мен  бостандықтарын реттейтiн нормалар

(12-баптың 2 және 5-тармақтары, 13-баптың 2-тармағы, 14-бап, 26-баптың 2, 3 және 4-тармақтары, 31-баптың 1-тармағы, 38-бап, 39-баптың 1-тармағы).

 

1. Конституцияның 6-бабы 3-тармағына  сәйкес "Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн".

 

Бұл конституциялық нормалар, жер қатынастарын реттеу кезiнде Конституция, мемлекеттiң жерге деген ерекше меншiгi режимiн белгiлеуге дейiн бара отырып, меншiктiң және жер айналымының құқықтық режимдерiн айқындауда мемлекеттiң жоғары тұруын баянды ететiнiн бiлдiредi. Бұл орайда Республикада меншiк пен жер қатынастарының құқықтық мәселелерi заңдармен және заңдық күшi жағынан солармен тең заңнамалық актiлермен, Республика Конституциясының жалпы бастаулары мен нормалары негiзiнде реттеледi (Конституцияның 4-бабының 1 және 2-тармақтары, Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 2/2 және 2003 жылғы 23 сәуiрдегiN 4 қаулылары).

 

Азаматтардың әлеуметтiк-экономикалық салада өздерiнiң конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы үшiн қолайлы заңдық жағдай мен кепiлдiк жасауға, соның iшiнде Конституцияның 6-бабы 3-тармағына сәйкес жердiң кейбiр санаттарына жеке меншiк енгiзу арқылы, қаратылған Жер кодексi (бұдан әрi - Кодекс), жер қатынастарына қолданысты алғанда осындай актi болып табылады.

 

Конституцияның 2-бабы 2-тармағында былай делiнедi: "Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi". Конституциялық Кеңестiң 2003 жылғы 23 сәуiрдегi N 4 қаулысында бұл жөнiнде, мемлекет аумағы сол мемлекет өмiр сүретiн және егемен билiк ұйымы ретiнде қызмет iстейтiн кеңiстiк шегiн бiлдiредi. Құрамына жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар кiретiн аумақтың тұтастығы, қол сұғылмауы және бөлiнбеуi ұлттық қауiпсiздiктiң айқындаушы шарттары болып табылады, мемлекет оларды Конституция және халықаралық құқық нормалары негiзiнде қамтамасыз етiп, қорғайды.

 

Жоғарыда аталған конституциялық принциптер Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеуге негiз етiп алынған (Кодекстiң 4-бабы, 6-бабының 7-тармағы, 7, 34, 37-баптары және 170-бабының 8-тармағы). РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. P021263)

 

Республикадағы меншiк қатынастары дамуының конституциялық бастаулары да ортақ, олар: "мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады" (6-баптың 1-тармағы) және "меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi" (6-баптың 2-тармағы) - Кодекстiң нормаларында нақтыланады.

 

Мәселен, Кодексте жерге мемлекеттiк меншiкпен қатар жеке меншiк те танылады (2-бөлiм, 3-бап). Бұл орайда меншiктi қорғаудың, жер қатынастарына қатысушылардың бәрiне бiрдей ортақ Республика заңнамасына негiзделген бiрыңғай механизмi қамтамасыз етiледi (Кодекстiң 6 және 164-баптары). Жер заңдарының мiндеттерi ретiнде мыналар белгiленедi: жердi сақтау және оған залал келтiрудiң алдын алу; жердi ұтымды пайдалану мен қорғау, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыру, табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау (Кодекстiң 4 және 5-баптары). Кодекстiң 6-бабының 3 және 5-тармақтарында, жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи pecуpc ретiндегi жерге және қоршаған ортаның өзге де объектiлерiне зиян келтiрмеуге тиiс, деп көзделедi. РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. P021263)

 

Меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi (Кодекстiң 64 және 65-баптары), сондай-ақ жер заңдары бұзылған жағдайда меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату шарттары (Кодекстiң 93-бабы) бұл аталған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзуге септiгiн тигiзедi. Кодекстiң 20-тарауында жер құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтарын қорғауға, өзге субъектiлердiң, соның iшiнде - мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) нәтижесiнде келтiрiлген залалды өтеуге бағытталған нормалар берiлген.

 

Қоғамдық және мемлекеттiк институттардың бiрiгiп кетуiне, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейтiндiгi туралы конституциялық нормалар (Конституцияның 5-бабының 1 және 2-тармақтары) Кодекстiң 2 және 18-тарауларының ережелерiмен қамтамасыз етiледi, бұл ережелерде жер қатынастарын реттеудiң құқықтық мәселелерi тиiстi мемлекеттік органдардың құзыретiне жатқызылып, оларды мемлекеттiк емес құрылымдардың шешуiне жол берiлмейдi.

 

2. Қазақстан Республикасының  ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы) екенiн ескере отырып, Негiзгi Заң құқықтық мемлекеттiң ең негiзгi белгiлерiнiң бiрi - заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы адамның құқықтары мен бостандықтарына қарай айқындалатынын бекiтедi (Конституцияның 12-бабының 2-тармағы). Бұл аталған ереже Қазақстанда қолданылатын құқықтың тұжырымдамалық негiзi болып табылады және Кодексте ол ескерiлген.

 

Мәселен, "адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға ... тиiс" (12-баптың 5-тармағы); "Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi" (38-бап); "адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары ... тек заңмен шектелуi мүмкiн" (39-баптың 1-тармағы), - деген конституциялық ережелер Кодекстiң тиiстi нормаларында өз көрiнiсiн тапқан.

 

Кодекстiң 6-бабының 3-тармағы бұл нормаларды жер құқықтарын жер қатынастарының өзге субъектiлерiне, сондай-ақ табиғи ресурстарға қатысты терiс пайдалануға жол берiлмейдi деп нақтылайды. Жер заңдары жер қатынастары саласында заңдылықты нығайтуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы олардың сақталуы мен жақсартылуын қамтамасыз етуге қаратылған (Кодекстiң 17-тарауы, 5-бабы). РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. P021263)

 

Бұл аталған ережелер тиiстi құқықтық механизммен қамтамасыз етiледi. Атап айтқанда, жердi ұтымды пайдалану ережелерi өрескел бұзылған немесе оны пайдалану жердiң құнарлылығының едәуiр төмендеуiне не экологиялық жағдайдың едәуiр нашарлауына әкеп соғатын жағдайда, жер учаскесi меншiк иесi мен жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкiн (Кодекстiң 93-бабы). Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз етудi реттейтiн нормаларда, меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың құқықтары бұзылған жағдайда залал келтiрушiнiң есебiнен оны толық көлемде өтеу көзделiп, өтемақы мөлшерiн айқындай отырып, зиянды өтеу тәртiбi белгiленедi. Кодекстiң 164-168-баптарында, кiнәлi тұлғалардың жауапкершiлiгi, сондай-ақ жер құқықтарын қорғау тиiстi салалық заңдардың нормаларына сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленедi.

 

Кодексте жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мемлекеттiк органдардың заңсыз құқық шығармашылығынан қорғалуына кепiлдiк беретiн нормалар бар - заңда белгiленген құқықтарды олардың актiлерiмен шектеуге болмайды (Кодекстiң 6-бабының 5-тармағы).

 

Кодекстiң жекелеген нормаларында аталатын субъективтiк құқықтарды және жер құқық қатынастарына қатысушылардың мiндеттерiн заңнамалық актiлермен егжейлеу қажеттiгi оларды Конституцияның 6-бабы 2 және 3-тармақтары, 39-бабы 1-тармағы талаптары шеңберiнде шектеу мүмкiндiгiн көздейдi.

 

Конституцияның 62-бабы 1-тармағында Парламенттiң қаулылары, оның Палаталарының қаулылары "заң актiлерi" деп, Парламенттiң, Сенат пен Мәжiлiстiң Конституция баптарымен толық көзделген, заң шығару өкiлеттiгiмен қатар iске асырылатын, өздерiнiң құқық қолдану өкiлеттiгiн жүзеге асыру актiлерiнiң нысаны мағынасында аталған. Ең жоғары өкiлдi орган және оның Палаталары Конституцияның бұл нормаларын орындау мақсатында өз қарауына жататын нақты мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды, өзiнiң заңдық күшi жағынан олар заңдармен, мемлекеттiк билiктiң басқа институттары: Президенттiң, атқарушы органдардың, соттардың және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының актiлерiмен құқықтық бәсекелестiк қатынасына түспеуге тиiс. Парламенттiң, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары, әдетте, ұйымдық-құқықтық маңызы бар парламенттiк құқық қолдану актiлерi болғандықтан, мiндеттi сипатқа ие.

 

Кодекстiң 94-бабының 1-тармағында, мақсаты бойынша пайдаланылмайтын не заңдарды бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерi сот тәртiбiмен алып қойылады деп көзделген. Бұл норма Конституцияның 26-бабы 3-тармағының "соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды" деген бөлiгiндегi талаптарына, сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 14/2 және 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 21/2 қаулыларында берiлген құқықтық позицияларына сәйкес келедi.

 

Жердi мемлекеттiк қажеттер үшiн алу негiздерi өз ерекшелiгiмен сипатталады (Кодекстiң 84-бабы: қорғаныс мұқтажы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, пайдалы қазба кен орындарының табылуы, мемлекеттiк маңызы бар коммуникациялар құру және т.б.), ал оларды өтеу шарттары меншiк иесiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн ескередi (Кодекстiң 85-89 және 165-баптары), бұл Конституцияның 26-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келедi ("заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн"). Бұл орайда әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуы құқығын (Конституцияның 13-бабының 2-тармағы) қорғауға Кодекстiң 88, 89, 166, 167-баптарының және 170-бабы 7-тармағының нормалары кепiлдiк болып табылады. РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. P021263)

 

Кодексте заң мен сот алдында жұрттың бәрiнiң заң жүзiндегi теңдiгi қамтамасыз етiледi, жер қатынастары субъектiлерiн тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша кемсiтетiн нормалар жоқ. Оның барлық ережелерi Конституцияның 14-бабы талаптарына сай келедi.

 

Бұл ретте, Конституциялық Кеңес Кодексте заңдық техника мәселелерiне жататын жекелеген жетiлмеушiлiктер бар екенiн атап көрсетедi.

 

3. Кодекс Конституцияның 61-бабында белгiленген тәртiп пен рәсiмдерге, сондай-ақ Конституция ережелерiне негiзделген, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 7-тармағын және 63-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 2003 жылғы 13 мамырдағы N 6 қаулысына сәйкес қабылданған.

Осы құқықтық негiзде Жер кодексiн қабылдау, билiктiң атқарушы және заң шығарушы тармақтарының тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалана отырып (Конституцияның 3-бабының 4-тармағы), Конституцияның 61-бабы 7-тармағына сәйкес Парламентте конституциялық өзара iс-қимыл жасауының нәтижесi болды.

 

Республика Президентiне қол қоюға ұсынылған Кодекске Конституцияның 45-бабы 3-тармағына сәйкес Парламенттiң әр Палатасы Төрағаларының қолдары қойылып тиянақталған. Конституцияның бұл нормасының талабы Парламентте заңдарды қабылдаудың сол немесе өзге конституциялық-құқықтық тәртiбi үшiн ортақ болып табылады. Бұл, Конституциялық Кеңестiң, Республика Президентi қол қойғанға дейiн Парламент актiлерiне өздерiнiң қолдарын қойып тиянақтауға мiндеттi лауазымды адамдарға қатысты бөлiгiнде Конституцияның 45-бабын қолданудың рәсiмдiк мәселелерiне ресми түсiндiрме берiлген, 1997 жылғы 29 мамырдағы N 13/2 қаулысының құқықтық позициясына жауап бередi.

Информация о работе Жер құқығының негізгі ережелері