Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 20:25, контрольная работа

Краткое описание

Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.
Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

meru.docx

— 23.01 Кб (Скачать документ)

1.Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

2.Облыс Қазақстан Республикасының  солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

  • 3.Павлодар облысы – Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен тарихи қалыптасқан. Павлодар облысының аумағында көп салалы индустриалдық кешен қалыптасты. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік компаниялармен айқындалады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машинажасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті. Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді.

4.Павлодар облысы—Қазақстанның ірі индустриалды орталығы, ол электрэнергия, балшық, мұнай қайта өндеу өнімдері, машиноқұрылысы, тағам өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған көпсалалы өнеркәсіп кешенін құрайды. Аймақтағы жетекші сала өндірістің 70 % қамтамасыз ететін металлургия өнеркісібі мен металдарды өндеу болып табылады.

  • 5.Қара металлургия

Сала облыста Ақсу қаласындағы  зауыты арқылы әйгілі. Ферроқорыту  Ақсу зауыты —ТНК «Казхром» АҚ филиалы  болып табылады, феррохром, ферросилиций, ферросиликомарганец, ферросиликохром  секілді әлемдік нарықта сұранысқа  ие жоғары сапалы өнімдерді өндіреді. Ақсу қаласындағы ферроқорыту зауыты—  әлемдегі ең ірілердің бірі — пайдалануға 1968 жылы берілген. Жылына 1 млн. тонна  өнім өндіреді. Дайын өнімді зауыт  Теміртауға, ТМД (Ресей, Украина, Белоруссия, Грузия, Өзбекстан) мен қиыр шетелдердің (Люксембург, Жапония, Германия, Австрия, Швеция, Болгария, Румыния және т.б.) металлургиялық зауыттары мен комбинаттарына жібереді.

  • Түсті металлургия
  • Өнеріптің жас саласы. Бұл глиноземді өндіру, Майқайыннан алынған полиметаллдық кендер мен Бозшакөлден алынған мыс кендерін байыту. Қазақстанның алюминий өндірісінің алғашқысы – Павлодар қаласындағы «Қазақстан Алюминийі» , қуаттылығы жылына 1,5 млн тонна, 1964 жылы қазан айында салынған және пайдалануға берілген. Кәсіпорын алюминий, сонымен қатар керамика, отқа берік материалдар мен электр өнеркәсібі материалдарын өндіру үшін қажет шикізат болып табылатын глинозем өндіреді. Жолай бокситтардан галлий мен пятиокись ванадия шығарылады. Галлий — шетелдерде үлкен сұранысқа ие сирек металл салынып, іске қосылды. 2009 жылы Павлодар алюминийі ресми түрде Лондон металл биржасында тіркелді, ол Қазақстандық электролизді зауыты өнімдерінің халықаралық стандартта екендігін дәлелдеді және бастапқы алюминийді биржалық бағада жеткізуге жол ашты
  • 6.Облыстың кәсіпорны мұнайды қайта өндеу кәсіпорнының қалдықтары негізінде жұмыс істейді, шикізат ТМД елдерінен, ең алдымен Ресейден әкелінеді. Шығарылатын өнімнің сұрыпталымы көп: полимер негізіндегі сыр мен лактар, майлау материалдары, антифриздар, пластмасса мен полиэтилен бұйымдары, хлор, каустикалық сода. «Реагент-Восток» ЖШС «Павлодар химиялық зауыты» АҚ –ның өндіріс қуаттылығының бөлігін бөлу жолымен 2002 жылдың маусым айында құрылған. Өндіріс қуаттылығы – жылына 3,5 мың тонна химимялық өнім. Өнімнің негізгі түрлері: натри-бутилды флотореагент, ДФБ присадкасы, «Дезостерил» дезинфекциялық құралы.Павлодар химиялық зауытының негізінде 2002 жылы тамыз айында құрылған. Қызметінің негізгі түрі – сұйық хлорды шағын ыдыста сақтау мен құю. Жолай келесі өнімдерді өндіреді: техникалық натрийдің гипохлориті, «Белизна» ағартқыш құралдары, газ тәрізді азот, оттегі, полиэтиленді ыдыс.
  • 7.1954 жылы Екібастұзда қуатты көмір өнеркәсібі бастама алды. Геологиялық бағалаулар бойынша тас көмірінің жалпы қоры — 12,8 млрд тоннаны құрайды. 2005 жылы 56,9 млн тонна көмір шығарылды, бұл Қазақстандағы көмір шығарудың 65 % құрайды. Шығарылатын көмірдің көп бөлігі Оралға, Батыс Сібірге экспортталады және Қазақстан өзге облыстарына жөнелтіледі. Павлодар облысында 8 көмір орындары бар. Олардың ішіндегі ең ірілері Екібастұз және Майкөбе бассейндері. Осы орындардың қорлары шағын аумақта жерден тереңде емес қабатта орналасқан, бұл көмірді ашық тәсілмен алуға мүмкіндік береді. Бұл - көмір шығарудың өнімді әрі арзан тәсілі. Екібастұз бассейні аумағында бірнеше разрездер бар, оның ішінде ең ірісі — «Богатырь». Бұл тек Қазақстандағы ғана емес, бүкіл әлемдегі ең ірі разрез. «Богатырь Аксес Комир» ЖШС көмірді «Богатырь» және «Северный» разрездерінен шығарады. Көмірді шығару бойынша өндіріс қуаттылығы — 40 млн тонна. «БАК» ЖШС шығаратын көмір үлесі Қазақстанның көмір шығаратын компанияларының арасында 44 % құрайды. «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ («Восточный» разрезі). Көмір шығаратын разрездің өндірістік қуаттылығы – жылына 20 млн тонна тас көмір. Қоңыр көмір - лигнитті шығару Майкөбелік көмір орнында іске асырылаdy.
  • 8.Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн. га құрайды.
  • Облыста негізгі өндірілетін дақыл – бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.Павлодар облысы аумағында ауылшаруашылық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығымен тең дәрежеде байқалады. Облыстың өсімдік шаруашылығы —2 түрде, бұл дәнді дақылдар, азықтық дақылдар мен көкөністі, сонымен қатар картофель, күнбағыс, рапс және зығырды өсіру. Басым ауылшаруашылық дақылдар: жаздық бидай, күздік қара бидай, қарақұмық, тары, арпа, сұлы,майлы, картофель, көкөніс және бақша, азықтық, көп жылдық бұршақты шөптер, жабық топырақты көкөністер болып табылады.
  • ды. Облыста мал шаруашылығы салалары, ет-сүт өнімдерінің өндірісі, құс шаруашылығы, сонымен қатар балық шаруашылығы мен орман шаруашылығы жеткілікті түрде дамыған.Облыста балық шаруашылығы мен балық аулау үшін балық шаруашылық су қоры мен жағымды жағдайлар жасаоынған. Суаттардан жыл сайынғы балық аулау 120 тоннаны, Қ. Сәтбаев атындағы су қоймасынан— 90 тоннаны құрайды. Жергілікті 268 суаттар бар,178 табиғатты пайдаланушылармен, 90 — резервті қормен бекітілген. Павлодар облысы қауіпті егін шаруашылығы аймағында орналасқан, мында ауылшаруашылықтың дамуына арналған негізгі лимиттеуші жағдай сумен қамтамасыз ету тапшылығы болып табылады. Қолмен суарылмаған жағдайда өсірілген дақылдар су тапшылығын тартуда, картофель өндіру қиынға соғады, ал көкөніс өсіру тіптен мүмкін емес.
  • 9. 2012 жылдың қаңтар-наурызында облыс бойынша үстеме бағалау есебімен негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 30,6 млрд. теңгені, немесе 2011 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 117,5%-ды құрады. Республиканың инвестиция көлеміндегі облыс үлесі 4,1%-ды құрады. 
    Инвестицияларды қаржыландыру көзі бойынша 78,3%-ды кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаражаты құрады, қарыз қаражаты үлесіне 12,2%-дан келді, бюджет қаражаты және шетел инвестициялары сәйкесінше 4,9%-ды, 4,6%-ды құрады.  
    Инвестицияның технологиялық құрылымында ғимараттар мен үймереттердің құрылысы және күрделі жөндеуі бойынша жұмыстар 24,4%-ды, машиналар, жабдықтар, құрал-сайман, мүкәммал – 67,4%-ды, өзге күрделі жұмыстар мен шығындар 8,2%-ды құрады. 
    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың едәуір көлемі өнеркәсіп саласында қалыптасты (86,8%). Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазудың дамуына жалпы инвестициялар көлемінің 10,9%-ы; өңдеу өнеркәсібін – 34,3%-ы; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауды дамытуға 41%-ы жұмсалды.  
    2012 жылдың I тоқсанының қорытындылары бойынша құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі 5,8 млрд. теңгені, немесе 2011 жылдың тиісті кезеңімен қарағанда 102,9%-ды құрады. Жеке меншік құрылыс ұйымдарымен жалпы жұмыс көлемінің 97,4%-ы орындалды, шетел мердігерлерінің үлесіне – 1,7%-ы, мемлекеттік – 0,9%-дан келеді. 
    116 жаңа ғимараттардың құрылысы аяқталды, оның 96-сы тұрғын үй және 20-сы тұрғын емес үйлер.  
    Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңы 4,8 есеге өсіп, 24,2 мың шаршы метрді құрады. Облыста пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттары жалпы алаңының ең жоғарғы үлесі Павлодар қаласына келеді (76,9%-ы).
  •                                                                                               
  • 10. 2012 жылдың қаңтар-наурызындағы облыс көлігімен (темір жол және әуе көлігін есептемегенде) жүк тасымалдау көлемі 20,9 млн. тоннаны құрады, бұл 2011 жылдың қаңтар-наурызына қарағанда 29,5%-ға артық көрсеткіш. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 54,4%-ға ұлғайды, ал магистральды құбыр бойынша 6,3%-ға азайды.  
    Облыс көлігінің жолаушылар айналымы 28,2%-ға ұлғайды және 5 млрд. жолаушы-километрді құрады.  
    Пошталық және курьерлік байланыс қызметінің көлемі 100,1 млн. теңгені және нақты көлем индексі 98,4%-ды құрады.  
    Байланыс қызметі 2,4 млрд. теңге сомасында көрсетілді. Нақты көлем индексі 106,5%-ға тең. Халыққа көрсетілген байланыс қызметінің өткізу үлесі 67,7%-ды құрады. Байланыс қызметінен түскен табыс құрылымында ең жоғары үлес салмақты Интернет желісі қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі – 30,2%-дан және жергілікті телефон байланысы – 24,8%-дан алады.
  •                                                                      Байланыс қызметтерінің көрсеткіштері
  • 11. 2012 жылдың қаңтар-наурызындағы бөлшек сауданың көлемі 35,4 млрд. теңгеге жетті және 2011 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 10,3%-ға ұлғайды.  
    Сауда кәсіпорындарының жалпы көлеміндегі бөлшек сауданың үлесі 39,6%-ды құрады. Нақты көлем индексі – 119,7%-ды құрады. Облыстың көтерме нарығындағы өткен кезең ішіндегі сату көлемі 120,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,7 есеге артық көрсеткіш.  
    Қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 1,1 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты. Нақты көлем индексі 110,9%-ды құрады.
  • 12.                              2012 жылдың 1 сәуіріне жағдай бойынша Павлодар облысының Статистикалық бизнес тіркелімінде 12409 заңды тұлғалар тіркелді. 
    Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны 59,8%-ды, немесе 7414 бірлікті құрады. Жұмыс істейтіндер ішінде 68,4%-ын белсенділер (5070 бірлік), 23,8%-ын – уақытша қызметін тоқтатқандар (1762012 жылдың 1 сәуіріне белсенді кәсіпорындардың үлес салмағы 2011 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 7,8 пайыздық тармаққа ұлғайды.  
    Мөлшері бойынша едәуір үлес салмақты (93,7%) шағын кәсіпорындар (жұмыспен қамтылғандар саны 50 адамға дейін), 5,4%-ды – орта кәсіпорындар (51 – 250 адамға дейін), 0,9%-ды – ірі кәсіпорындар (жұмыспен қамтылғандар саны 250 адамнан аса) алады.  
    Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген кәсіпорындардың көбі көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында – 32,4%-ы (4025 бірлік) мамандандырылған, ал кәсіпорындардың ең аз саны тұру бойынша қызметтерге – 0,9%-ы (105 бірлік) келеді. 
    Тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санынан 10,2%-ы (1264 бірлік) өнеркәсіп кәсіпорындарына келеді, олардың ішінде едәуір саны өңдеу өнеркәсібіне – 86,5% (1093), ал ең аз саны электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласына 3,4%-ы (43) келеді. 
    Меншік нысаны бөлігінде жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар 85,8%-ды, мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар – 12,2%-ды және басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар – 2%-ды құрады.
  • 5), 7,8%-ын – жаңадан тіркелгендер (579) құрады.
  •           13.        2012 жылдың 1 сәуіріне нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2011 жылдың сәйкес датасымен салыстырғанда 24,7%-ға ұлғайды және 31,7 мың бірлікті құрады. Оның ішінде: 3 мың – заңды тұлға, 25,6 мың – жеке кәсіпкер, 3,1 мың – шаруа қожалығы. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 5,5%-ға ұлғайды және 130,8 мың адамға жетті. 2012 жылдың қаңтар-наурызында шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару (тұрақты бағада) 2,8%-ға ұлғайды және 53,9 млрд. теңгені құрады. Республиканың өнім (тауар және қызмет) шығарудағы облыстың үлес салмағы 3,9%-ды құрады.  
    Шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларымен 43,3 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлермен – 8,9 млрд. теңге, шаруа қожалықтарымен 1,7 млрд. теңге сомасында өнім өндірілді.
  •      

Информация о работе Кәсіпкерлік қызмет түрлері