Кәсіпкерлік пен кедейліктің әлеуметтік бейнесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 19:35, реферат

Краткое описание

Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.

Содержание

I. Негізгі бөлім.
1). Кәсіпорын және кәсіпкер
2). Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
мен олқылығы.
3). Кедейлік. Кедейлiк шегiн анықтаудың тәртiбі.
II. Қорытынды.
III. Қолданылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Namaz.nazerke.doc

— 70.00 Кб (Скачать документ)

Кәсіпкерлік пен кедейліктің  әлеуметтік бейнесі

 

 

Жоспары

 

  1. Негізгі бөлім.

        1).    Кәсіпорын және кәсіпкер

        2).   Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы

           мен олқылығы.

        3).    Кедейлік.  Кедейлiк шегiн анықтаудың тәртiбі.

  1. Қорытынды.
  2. Қолданылған әдебиеттер.

 

 

Кәсіпорын және кәсіпкер.

 

       Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».                  Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

       Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.

       Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

       Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

       Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын  туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік  қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:

- жай, ол бірлескен  қызмет шартына негізделеді;

- толық, барлық мүлікке  ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;

- жауапкершілігі шектелген,  салынған салым құны шеңберінің 

 жауапкершілігі жүктеледі;

- коммандитті, аралас  жауапкершілік (біреудің толық  мүлкімен және біреудің салынған  салымымен);

- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған  жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік  мойнына алынады;

- өндіріс және тұтыну  кооперативтері;

 - консорциумдар;

- акционерлік қоғамдар.

       Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.

       Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.

         Кәсіпкер

  • өз қызметін жүзеге асыру үшін құрылуы заңнамалық актілерге қайшы келмейтін кәсіпорындардың кез келген түрлерін құруға;
  • мемлекет кәсіпорындардың және меншіктің басқа нысандарына негізделген кәсіпорындардың мүлкін, өзгедей мүлік пен мүліктік құқықтарды толық немесе ішінара сатып алуға;
  • заңды негізде алынған өз мүлкімен шаруашылық жүргізуші басқа субъектілердің қызметіне қатысуға;
  • заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін келісім бойынша пайдалануға;
  • заңнамада белгіленген келісімшарттар талабымен қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға;
  • еңбекақы төлеудің нысандарын, жүйелерін, мөлшерлерін және жалданып жұмыс істеушілер табысының басқа да түрлерін дербес белгілеуге;
  • шаруашылық қызметтің бағдарламасын өз бетінше жасауға, жеткізушілер мен тұтынушыларды таңдауға, баға мен тарифтерді белгілеуге;
  • банк мекемелерінде шоттар ашуға;
  • есеп айырысу, несие, касса операцияларының барлық түрлерін жүзеге асыруға; кәсіпкерлік қызметтен алынған, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы (табысты) еркін билеуге;
  • мөлшеріне шек қойылмайтын кез келген жеке табыс алуға; мемлекет және әлеуметтік қамсыздандыру мен сақтандыру жүйесін белгіленген тәртіппен пайдалануға;
  • өзінің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірген мемлекет және басқа органдардың әрекеті жөнінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық қатынастарға қатысушы болуға;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен валюта операцияларын жүзеге асыруға құқылы.

 

Өзінің қызметін заңи тұлға құрмай жүзеге асырушы кәсіпкер өзінің осы қызметпен байланысты міндеттемелері бойынша заңнамаға сәйкес өндіріп алуға жатпайтын мүліктен басқа барлық мүлкімен жауап береді.

 

Дара кәсіпкерлік  өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік.

 

1. Дара кәсіпкерлік  өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік  түрінде жүзеге асырылады.

 

2. Өзіндік кәсіпкерлікті бір  жеке тұлға өзіне меншік құқығымен  тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ  мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін  өзге де құқыққа орай дербес  жүзеге асырады. 

      Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет.

3. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке  тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

      Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.

 

4. Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары:

 

1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен  меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;

 

2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ  бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген  тұрғын үйге ортақ бірлескен  меншік негізінде жүзеге асырылатын  отбасылық кәсіпкерлік;

 

3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік болып табылады.

 

5. Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігін  жүзеге асырған кезде жұбайлардың  бірі екінші жұбайдың келісімімен  іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың  атынан әрекет етеді, келісім  дара кәсіпкерді тіркеу кезінде расталуы немесе дара кәсіпкердің қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетіліп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкін.

     Ерлі-зайыптылардың біреуінің іскерлік айналымда ерлі-зайыптылар атынан әрекет етуіне екіншісінің келісімі болмаған кезде іскерлік айналымда әрекет ететін жұбай дара кәсіпкерлікті өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратындығы көзделеді.

 

6. Жай серіктестік  нысанын пайдаланатын дара кәсіпкерлік  Қазақстан Республикасының азаматтық  заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

7. Дара кәсіпкерлер  өз міндеттемелері бойынша, Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес  өндіріп алынбайтын мүлікті қоспағанда, өздерінің барлық мүлкімен жауапты болады.

 

8. Жеке тұлға өзіндік  кәсіпкерлікті жүзеге асырған  кезде өзіне меншік құқығымен  тиесілі барлық мүлкімен, соның  ішінде ерлі-зайыптылардың ортақ  меншігіндегі үлесімен жауапты  болады.Жеке тұлға жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне де қолданыла алады.Жұбайлардың жеке кәсіпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкі өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұбайының біреуінің борыштары бойынша өндіріп алуды қолдану нысанасы бола алмайды.

 

9. Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігін  жүзеге асырған кезде ерлі-зайыптылардың  кәсіпкерлікті жүзеге асыруға  байланысты борыштары бойынша  өндіріп алу олардың қайсының  іскерлік айналымда әрекет ететініне қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне қолданыла алады.

 

10. Дара кәсіпкер өз  қызметін жүзеге асыру кезінде  іскерлік құжаттаманың дербес  бланкілерін, мөрді, мөртабандарды  пайдалануға құқылы.

 

Кедейлік.  Кедейлiк шегiн анықтаудың тәртiбі.

 

      Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. Кедейлік салыстырмалы түрде белгілі бір қоғамдағы тұрмыстың деңгейіне, қоғамдық байлықтың бөлінуіне байланысты болатын процесс. Оның пайда болуының негізгі себептері – саяси, экономикалық және демографиялық жағдайлар, саяси-экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жалақы мен зейнетақының күнкөріс минимумынан төмендігі, халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар қорғалуы.

      Кедейліктің  асқынуы халық бұқарасының жаппай  қайыршылануына апарып соқтыруы  мүмкін. Кедейлік, материалдық жоқшылық рухани кедейлікке ұласады. Мұның салдары елде түрлі қылмыстың етек алуына, азғындыққа апарып соқтырады.Кедейлік әлемнің барлық елдерінде бұрын да болған, қазір де бар. Жер шары халқының саны 1960 жылы 3 миллиардтан көбейіп ХХЫ ғасыр басында 6 миллиард адамды құрап отыр. Соңғы 30 жылда шектен шыққан кедейлікте өмір сүретін адамдар үлесі екі есеге азайды. Бүкіл әлемде азаматтардың көпшілігі өзін және өз отбасын жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алатын жағдайға жетті. Алайда, халық санының артуына байланысты мұқтаждықта өмір сүретіндер саны, кедейлікпен күрес жөніндегі екіжақты және көпжақты бастамаларға қарамай, сол күйінде өзгермей отыр - 1,2 миллиард адам қазіргі әлемде кедейліктің сипаты әртүрлі: ашаршылық, таза ауыз судың және қарапайым санитарлық жағдайдың жоқтығынан жапа шегуші балалар, өз отбасын қамтамасыз ету мүмкіндіктері жоқ ересектер. 1,2 миллиард астам артық адам бір күнде бір доллардан кем ақшаға өмір сүруде 800 миллион адамнан аштық зардабын шегуде. Кедейлік мәселесі қара ниетті басқарудың, саяси тұрақсыздықтың, қақтығыстардың, жұқпалы індеттердің және табиғи апаттардан қорғансыздықтың негізінде қоғамның әлеуметтік-саяси құлдырауы салдарынан қиындай түсуде. 1990-шы жылы әлемнің көптеген аймақтарында кедейлік деңгейі біршама төмендегеніне қарамастан, Африкада (әлемнің ең кедей 20 елінің 18-і осында орналасқан) кері үрдіс байқалуда. 2010 жылы қарай 435 миллион Африкандықтар азық-түліктің жетіспеушілігіне ұшырауы мүмкін деген болжам бар. 2000 жылы әлемдік қауымдастық 2015 жылы дейін кедейлікті жартысына дейін қысқарту міндеттемесін қойды. Бұл мақсатқа жету үшін 2005 жылы "Үлкен сегіздік елдері" Африкаға қажетті ресурстарды бөлу жөнінде саяси міндеттемелер қабылдады. Кедей оңтүстік - жер құрлығының оңтүстік кеңістігін жайлаған (әдетте, солтүстік жартышарының 30-шы параллелінен оңтүстікке қарай) және индустриалды дамыған елдерден әлеуметтік-экономикалық деңгейі бойынша артта қалған тәуелсіз елдер тобы.

      Кедейлік шегі– адамның ең төмен деңгейдегі қажетін қанағаттандыратын табыс шегі. Ол әр елдің экономикалық мүмкіндігіне қарай белгіленеді. Кедейлік шегі Қазақстан бойынша тоқсан сайын, сондай-ақ аймақтар деңгейінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады және аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін өлшем болып табылады.

 

Кедейлiк шегiн  анықтаудың тәртiбi туралы

 

      Осы  Тәртiп "Ең төменгi күнкөрiс  деңгейi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзiрленген және  кедейлiктiң шегiн анықтаудың тәртiбiн  белгілейдi. 

 

 

                 1. Негiзгi ережелер 

 

       1. Кедейлiктiң  шегі - кiрiстiң адамның ең аз  қажетiн қанағаттандыру үшiн қажеттi шегi. 

       2. Кедейлiктiң  шегi ең төменгі күнкөріс деңгейінің  шамасына дейін кезең-кезеңмен  арттыру қағидатын негізге ала  отырып, ең төменгi күнкөрiс деңгейi негiзiнде белгiленедi және аз қамтамасыз етiлген адамдарға мемлекеттiк әлеуметтiк атаулы көмек көрсету кезiнде өлшем ретiнде пайдаланылады.

       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді  - ҚР Үкіметінің 2005.12.15.  N  1249 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       3. Ең  төменгi күнкөрiс деңгейiн есептеу  үшiн ең қажеттi азық-түлiктiк емес  тауарлар мен қызмет көрсетулерге  арналған шығыстардың белгiленген  үлесi ең төменгi тұтыну себетi  құнының 40 процентi мөлшерiнде  белгiленедi.

       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді  - ҚР Үкіметінің 2005.12.15.  N  1249 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа  енгізіледі) қаулысымен.

 

               2. Кедейлiктiң шегiн айқындаудың  тәртiбi 

 

       4. Кедейлiк  шегiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi экономикалық мүмкiндiктерге қарай, тоқсан сайын ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен проценттермен белгілейдi. 

       5. Кедейлiктiң  шегiн жан басына шаққандағы  ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң тоқсан сайынғы есептерi негiзiнде: 

       республика  бойынша - Қазақстан Республикасының  Еңбек және халықты әлеуметтiк  қорғау министрлiгi; 

       аймақтар  бойынша - облыстардың, Астана  және Алматы қалаларының еңбек  және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдары есептейдi.

       6. Бұқаралық  ақпарат құралдарында ең төменгi күнкөрiс деңгейi мен кедейлiктiң  шегi туралы мәлiметтердi - тоқсан  сайын, кедейлiктiң шегінен де  төмен тұратын халықтың үлесi туралы - жыл сайын: 

Информация о работе Кәсіпкерлік пен кедейліктің әлеуметтік бейнесі