Саяси жүйелер және демократиялық құрылым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 18:30, реферат

Краткое описание

Мемлекеттің түрлерін, қоғамдағы алатын орны мен қызметін анықтаудың алдыңғы саяси жүйе деген ұғымға тоқтала кетейік. Себебі мемлекетте қоғамның саяси жүйесіндегі негізгі институттардың бірі болып табылады. Адамзат қызметінің түрлері өте көп. Біреулер мал бағып, егін салса, енді біреулер бала оқытып, тәртіпті бақылайды. Бұл еңбектердің бәрі де сол адамның өзін де, қоғамға да пайда берер: сөзсіз, сонымен қатар “Саясат” деп аталатын ерекше қызметтің түрі бар. Оның ерекшелігі-қоғамдық өмірге тигізетін әсері деп білуіміз керек. Қоғамның өзгеруі мен дамуына, бұзылуы мен жанғаруына жауапты болатын саясаткерлер көпшілікпен, әлеуметтік топтармен, түрлі көзқарастың иелерімен қоян-қолтық жұмыс істейді. Саяси қызмет белгілі бір тәсілдерді механизмдерді және соны жүзеге асыратын құрылымдарды талап етеді

Прикрепленные файлы: 1 файл

Саяси жүйелер және демократиялық құрылым.docx

— 36.09 Кб (Скачать документ)

Саяси жүйелер және демократиялық  құрылым.

Мемлекеттің түрлерін, қоғамдағы алатын орны мен қызметін анықтаудың алдыңғы  саяси жүйе деген ұғымға тоқтала  кетейік. Себебі мемлекетте қоғамның саяси  жүйесіндегі негізгі институттардың бірі болып табылады. Адамзат қызметінің түрлері өте көп. Біреулер мал бағып, егін салса, енді біреулер бала оқытып, тәртіпті бақылайды. Бұл еңбектердің бәрі де сол адамның өзін де, қоғамға да пайда берер: сөзсіз, сонымен қатар “Саясат” деп аталатын ерекше қызметтің түрі бар. Оның ерекшелігі-қоғамдық өмірге тигізетін әсері деп білуіміз керек. Қоғамның өзгеруі мен дамуына, бұзылуы мен жанғаруына жауапты болатын саясаткерлер көпшілікпен, әлеуметтік топтармен, түрлі көзқарастың иелерімен қоян-қолтық жұмыс істейді. Саяси қызмет белгілі бір тәсілдерді механизмдерді және соны жүзеге асыратын құрылымдарды талап етеді. Адамзаттық тарихи даму барысында сол құрылымдарда пайда болып, қоғамдық өмірден өзінің орнын алады. Олар – саяси жүйе мен мемлекет.

Саяси жүйе – сан саланы қамтитын қоғамдық, мемлекеттік, саяси ұйымдар  мен мекемелердің жиынтығы. Солардың қызметінің арқасында ғана қоғамдық билік орнайды, заң мен тәртіп жүзеге асады. Саяси жүйенің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызамыз:

Халықтық билікке араласуын  қамтамасыз ету. Демек саяси жүйенің  аясында адамдлардың, ұйымдар мен бірлестіктердің саяси қызметі жүзеге асады. (Бұл жерде демократиялық саяси жүйе туралы айтып отырмын. Егер диктатуралық немесе тоталитарлық биліктің түрі болса, адамдардың саяси қызметінің шектеулі немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін).

Саяси жүйе азаматтардың құқықғы мен  еркіндігін қамтамасыз етеді. (Немесе оларды шектеулі жүзеге асырады). Саяси  жүйеге, саяси қарым-қатынастар, саяси ұйымдар, саяси көзқарастар мен идеологиялар жатады. Саяси жүйенің басты белгісі мемлекет болып табылады. Барлық саяси жұмыстар, идеологиялық таластар, өзгерістер мен жануарлар мемлекеттің қол астында жүріп жатады. Алғашқы мемлекеттерден бастап бүгінге дейін осы бір күрделі де негізгі құрылымға деген түрлі көзқарас толастаған жоқ. Адамдар қауым болып бірге өмір сүрген соң барлығы да бағынып, айтқан сөзін тыңдайтын, тәртіп пен тыныштық орнататын және соның кепілі бола алатын, бір орталықтың, құрылымның керек екені де сөз жоқ. Бірақ сол құрылым (мемлекет) халықтың тілегін атқап, мүддесін жүзеге асыра алады ма, әлде қоғамды құлдыратып, ыдыратып, езіп жаншитын басқару орны болады ма? Олар қоғамды қалай басқарады? Басқаратын жандар кімдер болу керек? Халықтың көңілінен шықпаған жағдайда, оларды қалай ауыстыру керек? Деген көптеген сауалдарға өз заманының зиялы адамдары жауап іздеген. Біреулер мемлекеттің қажеттілігін аспанға көтере мақтаса, енді біреулер оның кемшіліктерін көрсетіп, ондай құрылымды мойындағысы келмейді. Грек философы демоакрит (б.э.д. 370-460ж) мемлекет қоғамның әділдігін қамтамасыз етеді деп санаған “жақсы мемлекет мықты қоғам сияқты: оның ішінде бәрі дер бар, мемлекет сақталғанда, оның ішіндегілер де сақталады, ал ол күйрегенде, онымен бірге бәрі де апатқа ұшырайды”-дейді ол.

Римнің әйгілі шешені, мемлекет қайраткері Цицерон (б.э.д. 43-106ж.) да мемлекетті –  халықтың байлығы деп түсінген. Бұларға қарама қарсы иелері анархистер деп аталады, олар мемлекетті жеке адамның еркіндігін шектейтін, зорлық арқылы билік жүргізетін құрылым деп санады. Анархизмнің негізін салушылардың бірі М.А. Бакуниннің “Егер мемлекет болса, міндетті түрде билік болады, ал билік дегеніміз – біреулер үшін құлдық болып табылады….” Деген сөздері бар.

Енді мемлекеттің басқару түрлеріне  шолу жасайық. Басқару түрлерін анықтаудың ең қарапайым, оңай жолы билеушілердің  құрамынан-ақ көрінеді. Егер мемлекетті бір адам басқарса және оның билігі тұқым қуалап, әкеден балаға мирас болып отыратын болса, ондай басқару түрін – монархия деп атайды. Егер елді халықтың ішіндегі белгілі бір әлеуметтік топ басқарса, оны басқарудың аристократиялық жолы дейміз. Ал басқарудың үшінші түрі – халық билігі немесе демократия. Басқару түрлеріне қарай, “қоғамдпа әділ билік жүргізіліп” немесе ”ондай қоғамда тек әділетсіздік орын алады” деп кесіп пішуге болмайды. Бұл жерде екі мәселеге ерекше көңіл аудару керек. Біріншісі – биліктің нәтижесі қоғамдағы көрініс. Егер сол басқару түрі халықтың тұрмыс тіршілігін, әл-ауқатын жақсартса, қоғамда тыныштық орнаса, демек билік жүйесі қоғамның дамуына сай болғаны. Ондай билік жүйесін халық қолдайды, өзгертудің қажет деп санамайды. Екіншісі – биліктің орнау жолының заңдылығы. Бір елді диктатор билеп отырса дегенді естісек, көз алдымызға патша немесе король елестейді. Әрине, диктаторлар да монархия да елді бір адамның билеуін көрсетеді. Бірақ біз монархияны диктаторлық биліктен жоғары қоямыз, себебі монархия сол елдің заңы арқылы билік құрады, ал диктатор заңды бұза отырып басқару орнына келеді немесе заңды жолмен келе отырып, белгілі бір уақытта мемлекеттік заңды, Конституцияны аяққа таптап, өзінің дегенін, ойына келгенін жүзеге сасыра бастайды. Бұл басқарудың үш түрі де нақты заңдары мен билігі шектелмеген уақытта, жеке адамның немесе топтың мақсат-мүддесін көздеген кезде Конституиялық биліктен Конституциялық емес билік түріне көшеді.

Монархия – тиранияға айналады,

Аристократия – олигархияға айналады,

Демократия – охлакратияға айналады. 

Билік түрлерінің жоғарыдағыдай жіктелуі – шартты түрдегі ажырату. Нақты  өмірде билік түрінің сан қилы нұсқасын кездестіруге болады. Қоғамдық өмір ғылыми теорияға бағына бермейді. Кейде конституциялық билік түрінің заңсыз билік жүйесіне айналғанын сол елдің азаматтарының көпшілігі аңғара да алмай қалады. Алғашқыда мемлекеттік заңдар “қажеттіліктің талабына” бұзыла бастайды да, уақытша заңдар туады, адам құқықтары шектеледі. Бірте-бірте халықтың қарсылығын көрмеген билік иелері өзінің күштеу аппаратының қызметіне сүйене отырып, шексіз әкімшілік жолына түседі

Кейбір зерттеушілер билік түрлерінің таза бір түрі кездесе бермейді. Көп жағдайда екі түрі араласа келеді деп есептейді. Мемлекеттік билік түрлерімен қатар саяси жүйені де ажырата білуіміз керек. Олар да үш түрге бөлінеді: тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық. Демократиялық қоғамның негіздеріне сипаттама бере отырып, кеше ғана біздің еліміздің басынан өткен тоталитарлық жүйеге тоқталып, оның ерекшеліктерімен танысу – екі қоғамдық жүйені салыстыра отырып, артықшылықтары мен кемшіліктерін байқау үшін өте қажет. “Демократиялық мемлекет құрып жатырмыз ” деген сөздерді естисіздер, оқисыздар. Сол уақытта бұрын қандай қоғамда өмір сүріп едік, неліктен жаңа қоғам құруға бетбұрыс жасадық, бұрынғы қоғамның қандай сұрақтарының туындауында заңды болады. Егер кешегі мен бүгінді салыстырмасақ, жаманның жақсы екенін қалай дәлелдей аламыз? Алдында айтып өткен саяси жүйелердің ішінде бір – біріне толық қарама - қарсы болып келетін екі басқару жүйесі, екі өмір салты бар. Оның бірі – тоталитаризм болса, екіншісі – демократиялы деп аталынады.             Кейбір әдебеттерді алғашқысын “жабық қоғам”,ал екіншісін ”ашық қоғам” деп те атайды. Мұны айтып отырған себебім - өткен өмірімізге көз жүгіртіп, болашақпен салыстыру ғана емес. Өкінішке орай, бүгінгі өтпелі кезеңде бұрынғы жүйенің көптеген белгілері сақталғанын немесе өңін өзгертіп, мазмұнын сол күйде қалдырғанын мойындауымыз керек.Тоталитарлық қоғамда жетпіс жылдан артық өмір сүрген Қазақстан халқы соңғы он жылда демократия мен құқықтық мемлекеттердің барлық ерекшелігін бойларына сіңіріп, барлық құрылымдарды мемлекеттік жүйеге ендірді деуге болмайды. Бұл әлі көптеген жылдарға созылатын күрделі процесс. Себебі: адамның немесе халықтың бұрын қалыптасып қалған ой – санасын бірден өзгерту бір минуттік іс емес, сондықтан екінші мүлдем құрылымы жағынан ұқсас емес қоғамды немесе саяси режимді орнату үшін ұрпақтан келесі ұрпаққа алмасуы ықтимал. Яғни айтқанда, бұрынғы қоғамның адамдарының санасына көп әсер етпей – ақ дәл сол замандағы жас азаматтарға ықпал ету. Екіншіден тоталитарлық қоғаммен, оның ерекшеліктерімен жақын таныса отырып қана оның әлі жойылмай келе жатқан белгілерімен күресуге болады, оның қайта оралуы да біздің сол өмір туралы түсінігімізге байланысты болмақ.

Тоталитарлық жүйе – билік орындарының  қоғам мен адамның үстінен толық бақылау жүргізуі, қоғамдық жүйенің барлық саласын ұжымдық мақсатқа және ресми идеологияға бағындыру. Мұны біз мынандай төмендегі белгілерінен байқауға болады:

Билік иелерінің, үкіметтің сол  елдің азаматтарынан бөлекше  өмір сүруі, жұмысы мен әл – ауқатын ың жоғары болуы. Олар халық бақылауынан тыс болады, өз азаматтарының алдында жауап та бермейді. Сондықтан да халық өкілдерін сайлау жасанды түрде жүргізіледі немесе мүлдем өткізілмейді. Кейбіреулер ойлайды, сайлау болған соң демократияға жақын деп, жоқ бұл қателістік, себебі: демократия кезіндегі сайлау ерікті түрде жүргізіліп сайланған адамның халық алдында жауаптылығы жүктеледі. Негізінен қарап отырсақ сайлау демократияға көшудің бір қадамы десек те болады, ал халық демократияны орнықтырылуы үшін, сөз бостандығы, жариялылық, адамдардың ар - намысын қастерлеу деген демократиялық принциптер қажет сондықтан, тоталитарлық пен демократиялық режимдердің тым ұқсастығы жоқ екенін байқауға болады. Бұл бірінші ерекшелік. Келесі айта кетерлік мәселе – авторитарлық жүйе.

Авторитарлық жүйеден, тотаритарлық жүйенің де, демократиялық қоғамның да белгілерін кездестіруге болады. Заңмен шектелмейтін толық билік тоталитаризмге жақындатса, азаматтық қоғамның кейбір белгілері мен жеке адамның өмірі, экономика саласындағы еркіндіктер – демократиялық нышанын сездіреді. Авторитарлық жүйеден өмірдің барлық жағын шырмап алатын идеология да жоқ. Сондықтан бұл жүйені демократияға   бір табан жақын десекте қателік болмас деп есептеймін. Авторитаризмді екі жүйенің белгілерін ұштастырып мемлекеттік дамуына қандай белгілері тән соны ұстап қалады. Бұл жүйеде, тоталитарлық  жүйенің, тек билік басындағыларына ғана қатысты белгілерді орнықтырады. Бұған көрініс, бұл жүйеде өзіне қарсы жұмыс істейтін саяси оппозицияны тудырмауға күш салады, бірақ саясаттан тыс салада, қоғамдық өмірде және жеке адамның ішкі  өміріне қол сұқпайды. Қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік құрылымды өзгертіп, қайта құру, елдің барлық мүмкіндіктерін белгілі мәселелерді шешуге жұмылдыруда біршама қабілетте танытады.

Авторитарлық жүйенің кемшілігі  – барлық саяси биліктің мемлекет басшысының немесе жоғары дәрежелі билік  иелері тобының қолында болуы. Мұндай жағдайда сол елдің азаматтары мемлекеттің  саяси өміріндегі қателіктерді ашып көрсетіп, қарсы тұра алмайды, халықтың қолында билік жүйесін бақылайтын құрылым болмайды немесе ол құрылым жасанды, билік иесіне бағынышты болды.

Қорыта айтқанда, сырт көзге қарағанда, авторитарлық жүйе халықтарының заң  нормаларын бұзбайтын, демократиялық  құқықтардың біршамасы сақталатын, демократиялық қоғамның институттары бары мемлекет түрі, бірақ сол мемекеттің белгісі болып тұрған бедел иесіне немесе топқа қарсы пікір айту немесе саяси жұмыстар жүргізу жоғарыдағы еркіндіктерді жоққа шығарады. Саяси оппозицияға жол берілмейді. Авторитарлық жүйе мемлекеттің дағдарысқа ұшырауынан немесе демократиялық биліктің халықтың көңілінен шыға алмай құлауынан кейін пайда болады. Сонымен қатар бұрын отар немесе жартылай отар ел болып келген халық тәуелсіздігін алған кезеңде де авторитарлық жолға түсіп кету қауіпі туады.

Тоталитарлық - авторитарлық жүйеден 

демократияға өту кезеңі.

Тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеден демократиялық басқару  түріне көшу кезеңі өте күрделі және ұзақ болатынын тарих талай дәлелдеген. Бұл процесті жасанды жолмен жылдамдату, кей жағдайда, әлеуметтік жарылысқа да алып келеді. Сондықтан да бірден – бір дұрыс жол – тұрақтылық жағдайында, жоспарлы түрде реформа жүргізу болып табылады. 

Тарихқа көз тастасақ, революция  әрқашан демократия әкеле бермейтінін көреміз, кейде алдында тамаша мақсат қойған революцияның нәтижесінде тағы бір тоталитарлы немесе таза авторитарлық мемлекет дүниеге келеді. Мысалы: 1917 жылғы Қазан революциясы монархияның орнына большевиктік тоталитарлық қоғам орнатса, Ирандағы революция шахтың билігін жойды, бірақ авторитарлық діни тәртіпті қалыптастырды.

Өтпелі кезеңде қоғамның түрлі  топтарының арасында өткен өмірді аңсау, оны болашақтан жоғары қою, демократиялық  қоғамның көлеңкелі жақтарын бас  көтеріп, қашқақтау да кездеседі, сонымен қатар елдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайды есепке алмай, мемлекетті радикалды іс-қимылға итермелеу де орын алады. Оның бәрі әлі аяғынан тік тұрып үлгірмеген демократиялық құрылымдардың қызметіне сенімсіздік тудырады, автотаризмге жол ашады.   

Демократиялық құрылымның түрлері.

Бүгінге дейін тарихта өмір сүрген мемлекеттік құрылымның түрлі нұсқауларын салыстыра қарағанда демократияның негізгі артықшыларын көреміз. Біріншіден, демократиялық қоғамдағы мемлекет өзінің күш жігерін халықтың еркін өмір сүруіне бағыттайды, олардың құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Екіншіден, демократиялық басқару түрі саяси биліктің бір қолға жиналуына мүмкіндік бермейді. Биліктің түрлі саласын бөле отырып, олардың міндеттерімен құқықтарын қатаң шектейді, бақылауға алады, екінші жағынан, әр сала өзінің билігін шектей отырып, басқа саламен бір бағытта жұмыс істейді, демек мемлекеттік саясатта жүзеге асыруда ұжымдық жауапкершілік нығаяды.

Демократиялық жүйе басқарудың екі  түрін:

1. Президенттік басқару;

2. Парламенттік басқаруды ұсынады  ( кей жерлерде бұл терминдер  Президенттік Республика, президенттік  демократия деп те аталады.)

1.Президеенттік басқару мемлекеттің басшысы Президент болып табылады. Ол жалпы халықтық сайлау арқылы билікке келеді де, Парламенттен тәуелсіз болады. Үкімет мүшелері, көп жағдайда, парламент мүшесі бола бермейді, ал президент үкіметті тағайындау кезінде парламентке тәуелді болмайды. Таы бір маңызды ерекшелігі – Президент тең мемлекет басшысы ғана емес, үкіметтің басшысы болып есептелінеді. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің өкілдіктері нақты белгіленеді және шектеледі. Қазақстан Республикасы Президенттік басқарудағы мемлекет. Бұған дәлел Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2.Парламенттік басқаруда сайлау  кезінде көп дауыс алып жеңіп шыққан партия премьер – министрден бастап, барлық үкімет мүшелерін жасақтайды. Егер бір партияның алған дауысы үкіметті жасақтайтындай дәрәжеге жетпесе, бірнеше партия келіссөзжүргізе отырып коалиция құрады да *портфель * бөліседі. Коалицияға кірген әрбір шағын партия өзінің берген дауысына сай үкіметтен орын алады. Парламенттік басқаруда Президенттің де болуы мүмкін, бірақ оның қызметі тым шектеулі.

Заң шығарушы билік түрлерімен атқарушы билік түрлерінің арасы оншалықты  алшақ емес, себебі парламент –  барлық биліктің негізі болып табылады да, премьер –министрмен үкімет мүшелері парламенттің де мүшесі болады. Бұлардың бәрі құрылым түрінің жалпы белгілері.

Информация о работе Саяси жүйелер және демократиялық құрылым