Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 07:31, реферат
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды. Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар өздерінің қолдарынан келетін істермен айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды өздері асырай бастады. Осыдан барып мал шаруашылығы өріс алды.
1.Саясат пен адамгершілік.
2.Адам саясаттың субъектісі мен объектісі.
3.Саяси жүйедегі адамның құқығы мен бостандығы.
4.Жеке адамның құқықтарының жіктелуі.
5.Саяси жүйе туралы түсінік.
6.Қоғамдық саяси жүйенің құрылымы.
7.Қоғамдық саяси жүйенің қызметтері.
8.Қоғамның саяси ұйымдары.
9.Қоғамның саяси жүйесінің жіктелуі.
10.Қазақстандағы саяси жүйе.
Саяси жүйе
Саяси жүйе. Саяси жүйедегі адам
жоспар:
1.Саясат пен адамгершілік.
2.Адам саясаттың субъектісі мен объектісі.
3.Саяси жүйедегі адамның құқығы мен бостандығы.
4.Жеке адамның құқықтарының жіктелуі.
5.Саяси жүйе туралы түсінік.
6.Қоғамдық саяси жүйенің құрылымы.
7.Қоғамдық саяси жүйенің қызметтері.
8.Қоғамның саяси ұйымдары.
9.Қоғамның саяси жүйесінің жіктелуі.
10.Қазақстандағы саяси жүйе.
Саяси жүйе туралы түсінік
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық
адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен
бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі
адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз
еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп
аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің
арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін,
күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан
табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім
болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары,
еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді.
Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды.
Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып,
реттеп, шешіп отырды.
Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін
тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар
өздерінің қолдарынан келетін істермен
айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды
өздері асырай бастады. Осыдан барып мал
шаруашылығы өріс алды. Енді өздеріне
қажетінше мал өсірді. Дәннің жерге түсіп,
қайта өнім беретінін байқаған адамдар,
қажетті өнімді өздері өсіретін болды.
Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды.
Құнарлы жерде жұмыс істейтіндердің өнімі
өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз
жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне
жалдануға мәжбүр болды. Қолға түскен
адамдарды құлға айналдырды
Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді. Осылай
құл иеленушілік құрылыс келді. Бұл қоғам
құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар
мен бағынушыларды тудырды. Үстем тапқа
қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар,
тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа
мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу
үшін құрал, қоғамның мәселелерін шешетін
әлеуметтік топ қажет болды. Бұл топ төменгі
топқа бақылау жүргізді. Енді күштеу, зорлау
арқылы орындаттыратын анық заң ережелері,
нормалары қалыптасты. Олар экономикалық
қызметті ұйымдастырды, қоғамдық өнімді
өндірді.
Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың
рөлдері институционалдық қалыпқа түсті.
Мемлекет, саяси партиялар, басқа да қоғамдық
ұйымдар қалыптаса бастады. Олар белгілі
бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың
барлығын бір сөзбен қоғамның саяси жүйесі
деуге болады.
Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп,
қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз
ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар,
мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды
реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығы
айтады.
Саяси жүйе теориясын XX ғасырдың 50 жылдарында
Американың саясаттанушысы Давид Истон
дүниеге әкелді. Оның ойынша саяси жүйе
сыртқы ортамен “кіріс” , “шығыс” принциптері
арқылы байланысады.
Кірістің екі түрі бар. Олар: талаптар
мен қолдау.
Д. Истон, Г. Митчел, Г. Спиро, Г. Алмонд саяси
жүйенің өзіндік мүмкіндіктерін көрсетті:
1. Топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін
басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;
2. Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық
және басқа қорларды табуға байланысты
қысымдық мүмкіндігі;
3. Қорларды, иліліктерді, қызметті, үздік
белгілерді бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;
4. Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан
жауап берерлік, өзгерген жағдайларға
бейімдеушілік мүмкіндігі.
Қорыта келе саяси жүйе үстемдік етіп
отырған қоғамды басқаратын аппарат болып
саналады.
Саясат пен адамгершілік
Саясат пен адамгершілікке адамзат қауымы
бұрыннан-ақ көңіл бөлген.Адамгершілік
адамдардың іс-әрекеттерінің рақымшылдық,
ізгілік ар-ұят, намыс, борыш, парызға сәйкес
келуін қажет етеді, яғни адамдардың іс-әрекеті
туралы заңдар мен ережелерді қамтиды
Қазіргі адамзат қоғамы өркениетті дәрежеге
жетіп, демократиялану үрдісіне бет алғанда
саясаттың ең алдымен адамгершілік бағдары
болу керек.Ол адамға бағалы құндылық
ретінде қарап, оның ар-намысын қадір тұтады,
негізгі құқықтары мен бостандықтарын
қорғауды қалайды.
Әр адам өзінің тұрмыс жағдайын жақсартқысы
келеді, қоғамда әділдік заңдылығының
орнағанын, өз елінде және жер жүзінде
бейбітшілік болғанын көксейді. Осы бағыттағы
іс-қимыл адамгершілік принциптеріне
жатады.Оған зорлық – зомбылық жасауға,
басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетіне
жәбір көрсетуге тыйым салу да кіреді.
Адамгершіліктің мемлекеттік және халықаралық
мазмұны бар. Халықаралыққа:
Соғысты болдырмау;
Жалпы ядролық, химиялық, бактериологиялық
қаруларды қолданбау және оларды жою;
Мемлекетаралық қатынастарды бейбіт жолмен
әділ шешу;
Басқа елдердің ішкі ісіне араласпау;
Өзара тиімді қатынас жасау;
Ғаламдық мәселе, айналадағы ортаны қорғау,
т.с.с.
Осы мәселелер дұрыс шешілмесе, адамзаттың
тіршілігіне қауіп төнері сөзсіз. Сондықтан
мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатындағы
ұстанатын маңызды бағыттары Біріккен
Ұлттар Ұйымы ( БҰҰ ), Еуропадағы қауіпсіздік
пен ынтымақтастық кеңесінің ( ЕҚЫК ) және
т.б. Халықаралық құжаттарда көрсетіліп,
бекітілген. Егер көрсетілген міндеттер
орындалмаса, БҰҰ, ЕҚЫК тарапынан оған
қарсы халықаралық жазалау шаралар қолданылуы
мүмкін.
Саясат пен адамгершілік арасында мынадай
қатынастар бар:
Саясатты адамгершілікке толық бағындыру.
Саясат адамгершілік, тәрбиелік қызмет
атқарудың құралы болуы керек.
2.Саясат пен адамгершіліктің арасын ажырату.
Мұның негізін салушы Итальян ойшылы Николо
Макиавелли. Ол адамгершілік принциптерімен
санаспайтын күшті мемлекеттік билікті
жақтады. Мемлекеттің пайдасы үшін, оны
нығайту жолында ел басшысы күш пен айланы
бірдей пайдалана білу керек деп санаған.
Кейін бұл тұжырымға қарсы неміс ойшылы
И.Кант «адамгершілік заңын» ойлап тапты.Ол
заң бойынша кез келген адамға құрал ретінде
емес, мақсат тұрғысынан қарау керек делінген.
Адамгершілікті саясаттандыру.
Бұл бағытты қолдаушылар саяси қылмыстарды
ақтауға тырысады.
Саясат пен адамгершілік арасында да ортақ
қасиеттер бар.
Саясат та адамгершілік те біздің күнделікті
өмірімізбен тығыз байланысты, содан туындайды.
Олар адамдардың бірлескен өмірін, іс-қимылдарын
ұйымдастырады.
Қоғамның өмірін реттеп, бақылайды.
Ортақ игілікті, әлеуметтік әдәлеттілікті
қорғайды.
Саясат пен адамгершіліктің айырмашылықтары.
Қоғамда адамгершіліктің ережелері адамдардың
жақсылық пен жамандық, ар-ұят, әділеттілік
жөніндегі түсініктеріне негізделеді.
Ал саяси және құқықтық ережелерді мемлекет
белгілейді, бекітеді.
Адамгершілік саясатты бақылайды.Ал саясат
оны бақылай алмайды.
Саясат топтық шиеленістерді шешуге бағытталады
және ол жолда билікті пайдаланады. Адамгершілік
жеке адамдар арасындағы қатынасты бейнелейді.
Саясат адамдардың экономикалык және
басқа материялдық мүдделеріне байланысты
болады.Ал адамгершілік жалпы адамзаттық
құндылықты басшылыққа алып, жеке адамға
пайда әкелмейді.
Саясат биліктің күштеу аппаратына сүйенеді,
ал адамгершілік адамның ар-ұятына, қоғамдық
пікірге негізделеді.
2. Адам – саясаттың субъектісі мен объектісі
Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар,
таптар, ұлттар, мемлекеттер,саяси партиялар,
қозғалыстар жатады.
«Тұлға» деп қоғамдық өмірдің нақтылы
тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы
іс-әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап
беретін, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы,
айналадағыны танып-білуші жеке адамды
айтады.
«Субъект» - деп белсенді іс-әрекет жасаушы,
сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік
топты айтады.
«Объект» - деп, субъектінің танымдық және
басқа іс-әрекетті неге бағытталса, соны
айтады.
Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік
топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады.
Осының өзі де өмір жағдайы мен іс-әрекетіне,
саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен
қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі
адам, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді.
Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатынасады,
саясаттың субъектісіне айналады.
Саясат пен кәсіби айналыспайтын «орташа»
адам саясатың толық субъектісі болуы
үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені,
ондағы қайшылықтардың неден туғанын
және оларды жою жолдарын, өз басының пайдасы
әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен
қаншалықты сәйкес келетінін білу керек.
Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды
мынадай түрлерге бөлуге болады.
Саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған
селқос қарап, белсенділік білдірмейтін
қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі.
Қоғамдық ұйымға, қозғалысқа мүше болатын,
бірақ саяси жұмысқа тура арласпайтын
азамат.
Саяси ұйымдардың мүшесі болып есептелетін,
саяси өмірге саналы түрде, өз еркімен
тікелей араласатын адам.
Қоғамдық, әсіресе саяси қайраткер.
Саяси қызметтің арқасында күн көрәп,
табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдырған
кәсіби саясаткер.
Ұйымдастырушы, идеялық, ресми не бейресми,
абырой, бедел, «ең соңғы саты» болып саналатын
саяси басшы, көсем.
Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндіе
беретін құқығы конституциялық сипаттағы
қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей
байланысты.
Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы
үшін материялдық, әлеуметтік-мәдени,саяси-
Мемлекеттің жақсы тұрмысы оны демократиялық
негізде тиімді басқаруға керекті көпшілікке
жоғары білім, кәсіби дайындықты қамтамасыз
етеді. Білімді адамның мәдениеті де жоғары
болады.
3. Саяси жүйедегі адам құқығы мен бостандығы
Саяси ғылымда негізгі орын алатын және
мәні өте зор мәселелердің бірі- жеке адамның
құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның
құқығы деп адамның белгілі игілік алуын
қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет
арасындағы ережелердің өзара қатынастарын
айтады. Жеке адамның мбостандығына оған
өз қалауынша орындауға мүмкіндік беретін,
мемлекет пен адамдардың арақатынасының
принциптері жатады.
Адам өмірге келгенде тең болып туады,
мұны Аристотель – табиғи құқық деп атаған.
Феодализм уақытында әр таптың өзгеше
құқығы болды. Ал капитализм уақытында
құқық либерализммен байланысты болды.
Либералдар монархияның билігін парламент
арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді
және саяси бостандықты өрістетуді талап
еткен болатын.
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес
қосып, тарихта өшпес мұра қалдырған ойшылдарға
Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо.
И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. жатады.Олар
адам құқығының негізгі қағидаларын ең
алғаш анықтап, белгілеп берді. Мысалы:
1776 жылы 4шілдесінде АҚШ – та Тәуелсіздік
Декларациясы бекітілді. Мұнда барлық
адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке
меншікке, бақытқа ие болуға тең құқығы
бар, үкімет билігінің қайнары – халық,
үкімет – халықтың қызметшісі, барлық
мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне
жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді
ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз
үкіметті жоюға еркі бар: өкіметтің заң
шығарушы, атқарушы, сот билігі болып бөліну
керектігі,т.с.с.айтылған.
АҚШ – тың Тәуелсіздік Декларациясында
көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық
түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар
құқығының Декларациясында да бекітілді.
26 мемлекет ұлтшылдыққа қарсы, адам өмірі,
бостандығы туралы, тәуелсіздігі оның
құқықтары мен әділеттілік үшін күресу
еркіндігі жайлы Декларация қабылдады.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы
адам құқықтарының халықаралық Декларациясын
қабылдады. Онда адам құқықтары ғана емес,
оларды қорғау шаралары да қарастырылады.
1948 жылы геноцидтің алдын алу және ол үшін
жаза қолдану туралы конвенция, 1965 жылы
нәсілдік алалаушылықтың барлық түрін
болдырмау туралы конвенция, т.с.с. қабылданды.
БҰҰ шешімі бойынша 10 желтқсан жыл сайын
дүние жүзінде адам құқығының күні ретінде
атап өтіледі.
Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты
әр түрлі көзқарастар бар:
1. Табиғи-тарихи бағыттағы жақтаушылардың
ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда
болуы мемлекетке не заңға байланысты
емес. Мемлекет бұл құқықты сыйлап, қамтамасыз
етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы
мүмкін, бірақ оларды ешқашан еш адамнан
тартып ала алмайды дейді.
2. Заңдылық-позитивтік бағытты қолдаушылар,
керісінше, азаматтардың құқығының пайда
болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп
санайды. Жеке адамның құқығына тек қана
мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады.
3. Марсизм де адам құқығын мемлекеттік
құқыққа бағындырып, тәуелді етеді.Марсизм
комунистік қоғамда мелекетте, саясат
та, құқық та болмайды дейді.
Қазіргі кезде әлеуметтік саяси ғылымда
адам құқығына табиғи-тарихи тұрғыдан
қарап, соған орай түсіну басым. ”Адам
құқығы” тар және кең мағынада қолданылады.
Кең мағынасына жеке адамның құқығы мен
бостандықтарының өте бай барлық түрдегі
жиынтығы кіреді. Тар мағынада мемлекет
тарапынан берілмеген, ол тек конститутциялық
түрде жеке мемлекеттік шеңберде бекітілген
құқықты білдіреді.
4. Жеке адамдардың құқықтарының жіктелуі
Қазіргі уақытта жеке адамның құқықтары
негативтік, позитивтік, азаматтық , эканомикалық,
мәдени болып жіктеледі.
Негативтік – бостандық, мемлекет тарапынан
жеке адамға зорлықтың, шектеудің жоқтығын
білдіреді. Бұл еркіндік үкімет тарапынан
адамды қауіп-қатерден, бостандықты бұзып,
бұрмалайтын жағдайлардан сақтайды.
Позитивтік құқықтар таңдау, талғау еркіндігін,
ең бастысы адамның өз мақсатына жете
алушылықты, жеке дамуға қабілеттігін
көрсете білуді білдіреді.Мұнда мемлекеттің,
ұйымдардың азаматтарды қайсібір игіліктермен
қамтамасыз етуі, белгілі әрекеттерді
іске асыруға мүмкіндік жасауы көрсетіледі.
Азаматтық құқық – мемлекеттің қол астындағы
азаматтардың барлық құқықтарының жиынтығы.
Азаматтық құқыққа табиғи, адамнан ажыратылмайтын,
адамдардың құқықтары кіреді. Оған өмір
сүруге, еркіндікке жеке адамның дербес
құқығы, ар-абыройы мен атағын, қадір-қасиетін
қорғау қасиеті, айыпталушыны қорғауға
бағытталған әділ, тәуелсіз және ашық
сотқа жазылған хат және телефон арқылы
сөйлескен сөздің құпияалығы, бір жерден
екінші жерге еркін барып келуі, тұрақты
қоныс таңдау, оның ішіне қандай мемлекеттен
болмасын біржолата кетуі немесе қайтып
оралу бостандығы және т.б. құқықтар жатады.
Экономикалық құқыққа жеке адамның тұтыну
заттары, жеке меншігін, жұмыс көзін, іскерлігін,
еркін пайдалана алуы жатады.
Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп,
өрістетуге бағытталады. Оған білім алуға,
мәдени құндылықтарды көруге, өнер техникалық
жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне
еркін араласуға құқығы және т.б. жатады.
Адам құқығын орындау халықтар арасында
сенімді нығайтуға, адамгершілік қатынастарды
дамытуға, бейбітшілікті сақтауға кепіл
бола алады.