Ресейдің саяси жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2015 в 17:41, реферат

Краткое описание

Әлемдегі ең байтақ территорияны иеленетін көпұлтты Ресей Федерциясы мұншама ұлтты, мұншама территорияны құрамына ендіруі тарихтың сан мәселелрімен байланысты. Алғашында шағын Мәскеу князъдығын құрып, кейіннен империяға айналу жолы кімді де болса қызықтырды.
Ресейдің халықаралық мәселелерде де шешуші рөл атқаруын көптеп кездестіруге болады. Мәселен, Наполеон соғысы, ІІ дүниежүзілік соғыста фашистік Германияны жеңуі, ядролық қаруды ойлап табу, ғарышқа тұңғыш ұшуы, тағысын тағы.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлімі
А) Ресейдің саяси жағдай
Ә) Ресейдің саяси партиялары. Ресейдің саяси лидері
Б) Қазақстанның Ресей Федерациясымен ынтымақтастығы
ІІІ.Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ресей.docx

— 42.65 Кб (Скачать документ)

 

Ресейдің саяси жағдайы

 

Жоспары:

 

І.Кіріспе

 

 

ІІ. Негізгі бөлімі

А) Ресейдің саяси жағдай

Ә) Ресейдің саяси партиялары. Ресейдің саяси лидері

Б) Қазақстанның Ресей Федерациясымен ынтымақтастығы

 

 

ІІІ.Қорытынды

 

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Ресей Федерациясы –Еуразияның солтүстік шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері Батыстан Шығысқа қарай 9мың км-ге солтүстіктен оңтүстікке қарай 4мың км-ге созылып жатыр.Ел аумағы 11сағаттық белдеуді қамтиды.

Ресей аумағының 1/4 Еуропада,3/4Азияда орналасқан.Оның жағалауларын үш мұхиттыңсулары шайып жатыр.Ресей Федерациясының шекараларының шекараларының жалпы ұзындығы 58,3 мыңкм,соныңішінде теңіздік шекаралар 38 мың км-ді құрайды.

Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние жүзі мемлекеттерінің 40 пайыздан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12

мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігімен ортақ шекаралары жоқ..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ресей — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі.

 

Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер: 

          21 республика

9 өлке

46 облыс

2 федерадиялық деңгейдегі  қала

(Мәскеу және Санкт-Петербург)

1 дербес облыс

4 дербес округ

 

Экономикалық аудандары:

Ресей аумағы ішкі экономикалық айырмашылықтарына қарай 11 экономикалық аудан мен бір еркін экономикалық зонаға бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзіне тән маманданған шаруашылық салалары бар кешенді құрылымдардың күрделі жиынтығынан құралады:

Орталық экономикалық аудан;

Волга-Вятка экономикалық ауданы;

Орталық қара топырақты аудан;

Солтустік-Батыс экономикалық ауданды;

Солтүстік экономикалық аудан;

Солтүстік Кавказ экономикалық ауданы;

Волга бойы экономикалық ауданы;

Орал экономикалық ауданы;

Батыс Сібір экономикалық ауданы;

Шығыс Сібір экономикалық ауданы;

Қиыр Шығыс экономикалық ауданы;

Калининград облысы

 

Cыртқы экономикалық байланыстары

 

Ресей Федерациясының басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың жалпы сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы сауда байланысына тәуелді. Ел экономикасы көптеген жылдар бойы жасанды саяси кедергілер әсерінен дүниежүзілік нарықтан тыс қалып келген болатын. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей экономикасы ашық сипат алып, халықаралық деңгейге бетбұрыс жасады.

 

1994 жылы Ресей мен Еуропалық  Одақ арасында серіктестік пен  достастық келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде Ресей Еуропалық Одақ елдеріне өз экспортының үлесін 40 %-ға дейін көтерді. Сонымен қатар Батыс Еуропаның жоғары дамыған мемлекеттерімен арадағы байланысты күшейтіп, оның үлесін 50—60 %-ға дейін өсірді. Ондай сауда серіктестері қатарынан Германия, Италия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерін көруге болады. Мұндай сауда- экономикалық байланыстар ТМД елдерімен де жаңа деңгейге көтерілді. 2007 жылғы сыртқы сауда айналымы 578,9 миллиард АҚШ долларын құрайды, оның 355,5 миллиард АҚШ доллары экспортқа, ал 233,4 миллиард АҚШ доллары импорт үлесіне тиесілі. Олардың арақатынасы мен басты бағыттарына мәтіндегі картадан да айқын көз жеткізуге болады.

 

Ресейдің экспортқа шығаратын тауарлары арасында отын-энергетикалық және минералдық ресурстардың үлесі басым. Мұнай мен мұнай өнімдерін Германия, Италия, Швейцария, Ұлыбритания мен Польшаға; табиғи газды Германия, Италия, Францияға; таскөмірді Жапония мен Түркияға шығарады. 2004 жылғы қорытынды бойынша осы тауарлардың Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова мен Украинадағы үлесі 24 %-дан 60 %-ға дейін ауытқыған. Сонымен қатар осы жылғы қорытынды бойынша Ресейдің ең басты сауда серіктестері ТМД елдерінен басқа Германия, Италия, Қытай және Нидерланд болып отыр. Елде сыртқы саудамен қатар халықаралық экономикалық қатынастардың басқа да нысандары дамуда. Жоғары дамыған елдермен, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерінің көптеген компанияларымен бірлескен кәсіпорындар қатары көбеюде. Ал шетелдерде Ресей компанияларының қатысуымен бірлескен кәсіпкерліктің дамуы жедел қарқынмен жүруде. Елдегі сыртқы экономикалық байланыс түрлерінің бірі — туризм болып табылады.

 

Ресейдің саяси партиялары

 

Кадет партиясы - Ресейде 1905-1917 жылдары жұмыс істеген конституциялық-демократиялық партия. Бұл партия құрамында Ә.Бөкейхан болған. Оның «Мен Кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласы бар. Бұл мақаласында ол «Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық» дей келеді де Кадет партиясының жолы ұлттық мемлекет жолымен қиыспайтынын айтып: «Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға тырыстым. Мұны мен июльдегі Жалпықазақ сиезінде айтқан едім» деген болатын

 

Ресей мұсылмандары одағы, “Иттифақ-ул-муслиаши” — бірінші орыс революциясы тұсында Ресей империясындағы мұсылман халықтардың мүддесін қорғау мақсатында құрылған саяси партия. Бұл партияны құру идеясы бүкілресейлік мұсылмандардың бірінші съезінде көтеріліп, оның бағдарламасы мен жарғысын әзірлеу Ә.Топчибашев мен пен Ә.Ибрагимовке жүктелді. Бүкілресейлік мұсылмандардың екінші съезінде партияның 23 тармақтан тұратын жарғысы қабылданды. Жарғы бойынша партияның 16 қалада, соның ішінде Орынборда, Астраханда, Оралда, Омбыда, Ақмешітте, Семейде, Верныйда, Ташкентте, Ашхабадта, Уфада, Қазанда, Мәскеуде, Бакуде бөлімшелері құрылатын болды. Партияның бағдарламасы бүкілресейлік мұсылмандардың үшінші съезінде бекітілді. Іабылданған бағдарлама бойынша партия Ресей империясы азаматтарының дініне, нәсіліне, ұлтына, жынысына қарамай заң алдында тең құқықты болуын талап етті. “Р. м. о.” Конституц.-демокр. партия секілді жерге жеке меншікті жақтағанымен, империядағы мұсылман халықтардың мүддесін қорғауды, орыс шаруаларын шет аймақтарға орналастыруды доғару қажеттігін бірінші кезекке қойып, ұлттық-мәдени автономия идеясын бірінші көтерді. Партияның 15 мүшеден тұратын Орт. к-ті болды. Оның құрамында Топчибашев, И.Гаспринский, Ибрагимов, М.Бигиев секілді қайраткерлермен бірге қазақ зиялыларынан С.Жантөрин мен Ш.Іосшұғылов сайланды. “Р. м. о.” Мемл. думадағы Мұсылман фракциясымен тығыз байланыста болды. Мемл. думада қаралуға тиіс заң жобаларымен мұсылман халықтарын хабардар етіп отыруды өз мойнына алып, осы мақсатта партияның баспасөз органын құруға әрекеттенді. Патша өкіметі “Р. м. о.” партиясын “панисламшылдық” пиғылдағы партия деп бағалап, оның қызметіне тосқауыл қойды. Бірінші орыс революциясынан кейін етек алған Столыпин реакциясы кезінде “Р. м. о.” қызметін доғарды.

 

Ресейдің либералды-демократиялық партиясы(ЛДПР) Ресейдегі РФКП кейінгі саны жағынан екінші орындағы партия. Ол алатын саяси кеңістік секторын тұрақсыз, ауыспалы деп сипаттауға болады. Социал-демократияның ұранның алға коятын ақ партия, партия ретінде өз іс-әрекетін бастай отырып, кейіннен ол үкіметтің радикалды либералдары сияқты да және «ұлттық-патриоттық» оппозиция ретінде де радикалды оппозицияға кетті. 90 жж. аяғында истеблишмент партиясы, атқарушы билікті колдайтын «екінші эшелон» бола бастады.

 

“Сират-ул-Мустақим” (Тура жол) — 1914 жылы Ресей империясында құрылған партия. Бұл партия Ішкі істер министрінің араласуымен, империядағы түркі мұсылман халықтарының саяси күштері арасында іріткі салу мақсатында құрылды. “Сират-ул-Мустақим” партиясына Петроградтағы мешіттің имамы М.Баязитов жетекшілік етті. Оның белсенді мүшелері қатарында кәсіпкер Ф.Байрашев және отставкадағы генерал-майор А.Шейк-Али болды. “Сират-ул-Мустақим”партиясының беделін арттыру үшін билік орындары Баязитовты Орынбор мүфтилігінің муфтиі етіп тағайындап, мұсылмандарды патша өкіметіне адал қызмет етуге шақырды. Мұндай партияның бой көтеруіне түркі мұсылман халықтарының алдыңғы қатарлы өкілдері қарсылық танытып, халық арасында “Сират-ул-Мустақим”партиясына қолдау көрсетпеу жөнінде үндеу таратты. “Сират-ул-Мустақим”партиясына ашық қарсылық танытқандардың қатарында Мұстафа Шоқай да болды. Осындай наразылықтардан соң “Сират-ул-Мустақим” партиясы түркі мұсылман халықтары арасында кең қанат жая алмады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін “Сират-ул-Мустақим” партиясы қызметін доғарды.

 

Ресейдің саяси лидері Владимир Владимирович Путин — Ресей Федерациясының 2-президенті. Владимир Владимирович Путин 1952 жылы 7 қазанда Ленинградта дүниеге келген. 1975 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін мемлекет қауіпсіздігі органдарына жұмысқа жіберілген. 1985-1990 жылдар аралығында сол кездегі ГДР-де болғаны да бар. ЛГУ ректорының көмекшісі, қалалық кеңес төрағасының кеңесшісі, Ленинград мэрінің сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы сияқты қызметтер атқарған. Владимир Владимировичтің мықшегедей мықтылығы, шиыршық атқан шымырлығы 1999 жылдың тамызында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы болып тағайындалған тұстан бастап шындап танылды. Сол жылдың 31 желтоқсанынан Ресей Президентінің міндетін атқаруға кіріскен.

 

Путиннің басқару нәтижесі

Елді Путин басқарғалы бергі сегіз жылдың басты олжасы – отаншылдықтың орасан артқаны. Путин Ресейдің біртұтастығын сақтауды салған беттен қатты қолға алды. Ол 2000 жылғы 26 наурыздағы президент сайлауынан кейін өз қызметіне ресми түрде 7 мамырда кірісті. Іле-шала 13 мамырда Путин жеті федералдық округ құру туралы ұсыныс жасап, ол округтарға өзінің өкілетті өкілдерін тағайындады, сөйтіп өңір басшыларына өзінің ықпалын күшейтті. Араға 10-ақ күн түскенде, 17 мамырда Парламенттің жоғарғы палатасын жасақтаудың жаңа тәртібін енгізді. Оған дейін Федерация Кеңесі губернаторлардан құралатын, губернаторлар әрі орындаушылық, әрі заң шығарушылық құқықтарға ие болатын, енді олар Федерация Кеңесіне өз өкілдерін жіберетін болып белгіленеді. Сол күні Путин Орталық пен федерация субъектілерінің қарым-қатынасына байланысты тағы бір маңызды бастама көтереді, оның мәні негізінен өңірлік лидерлердің орынсыз дабырайтылған ықпалын кемітуге тірелетін. Бұл жолда Путин ештеңеден тайынған жоқ. Тіпті 2004 жылдың күзінде Бесланда болған лаңкестік шараны да өз мақсатына пайдалана білді: бірнеше күннен кейін-ақ Мемлекеттік Думаға губернатор сайлауларынан бас тарту туралы заң жобасын енгіздірді, губернаторлар есін жиып үлгергенше депутаттар заңды қабылдап та жібереді. Путин билікке келісімен-ақ басталған екінші чешен соғысы оның алған беттен қайтпайтынын анық көрсетті. Дубровкадағы Театр орталығында лаңкестер көрермендерді кепілдікке алып, қойылған шартқа келіспей тұрған тұста, тіпті, әлеуетті күштер театр залына улы газ жіберіп, лаңкестермен бірге залда қалған санаулы көрермендерді де амалсыз құрбандыққа шалуға дейін барды. 2005 жылғы 13 қарашада Нальчиктегі бүлікті қанға бөктіріп басу, 2005 жылғы 8 наурызда Аслан Масхадовтың, 2006 жылғы 10 шілдеде Шәміл Басаевтың көзін жою енді Ресей жерінде Буденновск қырғыны сияқты масқара жағдай, Хасавюрт келісімі сияқты шегініс болмайтындығын бүкіл әлемге ашық айттырды. Мемлекеттік Дума тиісті заңға қаза тапқан лаңкестердің денесін жер қойнына тапсыру үшін туған-туысқандарына беруге тыйым салатын түзетулер енгізді. Батыстағылардың адам құқы деп, жариялылық деп, сөз бостандығы деп шу көтергендеріне қарамай, Путин әкімшілігі Кавказдағы соғыс тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетуге, жазуға іс жүзінде тыйым салды. Бұл орайда соғыс жағдайында БАҚ-тардың мүмкіндігі мемлекет тарапынан шектелетіндігі жөніндегі халықаралық құқық нормалары ептілікпен пайдаланылды. Осыдан сегіз жыл бұрын лаңкестер Дағыстанға басып кіріп, Ресейдің әр жеріндегі қалаларда үйлерді жарып жатқан еді. Бүгінде елдің ыдырауы толық тоқтатылды, Солтүстік Кавказдағы соғыс өрті өшірілді, Чешенстан федерацияның толыққанды субъектісіне айналды.

 

 

Путин елді басқарған алғашқы жылдардың өзінде билікті меншіктеуге тыйым салынды, билік олигархтар қолынан алынды, сөйтіп, халықтың мемлекетке сенімі қалпына келтірілді. Путин ақпараттық империялардың олигархтарға тәуелділігі жағдайында ешқандай да мемлекеттік идея көңілдегідей жүзеге асырылмайтынын әуел бастан-ақ айқын ұғынады. Ол істі Ельциннің тұсында қолға алмауының өзінен Пу­тиннің ақылы мен айласы, арыны мен абайлағыштығы қатар жүретін сұңғыла саясаткерлігін көреміз. Ельцинді екінші рет таққа отырғызуға барын аямаған Борис Березовскиймен бетпе-бет келу Борис Николаевичке қарсы шығудай қабылданар еді. Чешенстандағы террорға қарсы операцияларды көрсетуге байланысты қойылған шектеулерді бұзған, Путиннің өзінің қадірін кетіруге арналған хабарлар дайындаған арналардың иелері – В.Гусинский мен Б.Березовский бірінен кейін бірі шетелге қашуға мәжбүр болады. Қалың қалталылардың саясатқа сұғынуы қандайлық қатер екенін анық білетін Путин келесі соққысын ЮКОС-тың иесі М.Ходорковскийге бағыттады. Ресей сарапшыларының жазуына қарағанда, Ходор­ковский 2003-2004 жылдардағы сайлау науқаны кезінде Думаға өтетін партияларды қаржыландыра бастаған. Қалай дегенде де, Путин өз оппоненттерін материалдық ресурстардан айырудың құқықтық тетіктерін дәл таба біледі. Ондаған миллиард долларлық жеке байлығы бар Гусинскийдің де, Березовскийдің де, Ходорковскийдің де табиғи монополияларындағы қисапсыз қаржының қайнар көзі жекешелендірудегі жөнсіздік екенін дәлелдеп, Ходорковскийді қамауға алып, артынша ЮКОС-ты қайта жекешелендіру Кремльдің ақшалы алпауыттармен айқасындағы айтулы жеңісіне айналды. Путин оларды еврей ұлтының өкілдері ретінде қудаламай, заңды белден басып байыған тойымсыздар ретінде қудалайды.

 

Үлкен сегіздік басшылары : Дэвид Кэмерон •  Ангела Меркель •  Энрико Летта •  Стивен Харпер

 Владимир Путин •  Барак Обама •  Франсуа Олланд •  Синдзо Абэ

 

 

 

 

 

Қазақстанның Ресей Федерациясымен ынтымақтастығы

 

Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.

Информация о работе Ресейдің саяси жүйесі