Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттік құрылым формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 18:41, реферат

Краткое описание

Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғы шарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады.Мемлекет нысандарының мазмұнын талқылай келе, олардың арақатынасын, жалпы әлемдік тарихтағы орнын қарастыру болып табылады. Сондықтан да, мемлекет нысандарының жалпы сипаттамасына, түсінігі мен мазмұнына тоқталуды жөн санадым.

Содержание

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1)Мемлекет нысанының жалпы сипаттамасы,
ұғымы мен түрлері және дамуы

2)Мемлекеттің басқару нысаны.Мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері

3)Мемлекеттің құрылым формалары
4) Мемлекет қызметтері
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

СӨЖ Мемлекет.docx

— 33.64 Кб (Скачать документ)

   Қазақстан Республикасы  денсаулық сақтау министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  фармацевтика академиясы

 

 

 

     Қазақстан  тарихы және қоғамдық пәндер  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттік 

                    құрылым формалары                               

 

                                                                      

                                                               

                                                                Орындаған:Иманқұл М.   

                                                                Тобы: 103 "А" ФК

                                                                Қабылдаған: Сатаев А.         

 

 

 

 

 

 

                                   Шымкент 2013       

                                   Жоспары:  

 

I.Кіріспе 

 

II.Негізгі бөлім 

 

1)Мемлекет нысанының жалпы сипаттамасы,

ұғымы мен түрлері және дамуы 

 

2)Мемлекеттің  басқару нысаны.Мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері 

 

3)Мемлекеттің құрылым формалары

4) Мемлекет қызметтері

III.Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер   

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 

                                        Кіріспе           

 Мемлекет - басқару функциясын  орындайтын және соның көмегімен  қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз  ететін, оған қажетті жағдайлар  мен алғы шарттар жасауға ұмтылатын  адамзат қоғамын ұйымдастырудың  айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше  белгілері мен қажетіне, сондай-ақ  өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне  қарай мемлекет экономиканы дамытудың,  әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық  және жеке адамдардың арасындағы  қатынастардың маңызды мәселелерін  шешуге нақты қатысып, қоғамдағы  істердің жағдайына белсенді  түрде әсер ете алады. Мемлекет  тек өзіне ғана тән функциялары,  әсер ету нысандары мен әдістері  бар айрықша құрылым ретінде  сипатталады.Мемлекет нысандарының  мазмұнын талқылай келе, олардың  арақатынасын, жалпы әлемдік тарихтағы  орнын қарастыру болып табылады. Сондықтан да, мемлекет нысандарының  жалпы сипаттамасына, түсінігі  мен мазмұнына тоқталуды жөн  санадым. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет нысанының жалпы сипаттамасы,

ұғымы мен түрлері және дамуы

 

Мемлекет дегеніміз бұл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым: 

а) қоғамды басқару міндетін  атқару, адамдардың, топтардың, таптардың  және басқа да әлеуметтік субъектілердің  қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың  бірлескен іс-қимылына жағдай  жасау жүктелген.  

б) оның саясатын жүзеге  асыру жүктелген кең тармақты  органдар жүйесі және биліктің  ұйымдастырушылық-күш құралдары  бар. 

в) тапсырмасының орындалуын  қоғамдық өмірдің барлық субъектілері  қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген. 

 

  Мемлекеттің пайда болу, даму  себептері:

- Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту, қоғамның жүмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп  ескі басқару аппараты тиісті  дәрежеде жүмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет  болды;

- Қалың бұқараның, қаналушы таптың  үстемдік тапқа, топқа қарсы  іс-әрекетін әлсірету, жою үшін  күшті мемлекеттік аппарат керек  болды;

- Қоғамды, экономиканы дамыту  үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту  үшін басқарушы аппаратты нығайту  керек болды;

- Қоғамның қорғанысын күшейту  үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті  қатаң сақтау үшін мемлекет  керек болды. 

 

  Мемлекеттің негізгі  белгілері:

1. Басқару органдары мен мекемелерінің  ерекше жүйесі болуы (әскер,  полиция, сот, т.б.). Қоғамдық өмірдің  дамып, күрделене түсуіне байланысты  мемлекеттің механизмі де күрделене  түседі.

2. Үстем таптың мүдделері мен  мақсаттарына сай қоғамды қарым-қатынас  ережелерін белгілейтін құқықтың  болуы. 

Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі  территориясының болуы, халықты  руына қарай емес жеріне сай бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол  көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттіқ қалыптасуы процесіне  әсер етеді. Дамыған қоғамда мемлекеттік  органдармен қатар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т.б. бүлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси үйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси  институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы өкімет билігіне иелігі. 

 

 

   Мемлекет нысаны– бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан  және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның  құрылымдық ұйымы. 

 

 

     Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия – бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның – монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз – бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі – бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және  қандай да бір монархтың  билігін шектейтін  басқа органның арасында бөлінген.Шектеулі  монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда  монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика – бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны.  Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді.   

 Демократиялық  республикалар өз кезегінде  мынадай болып бөлінеді: 1)парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер –министр болатын парламент құрған  үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен  біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады.; 3) аралас, бұнда үкіметті  президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.    

 Атқару билігін жүзеге  асыру үшін және оның міндеттері  мен қызметін атқару үшін оған  белгілі бір механизм керек. Атқару билігі органдары әртүрлі қоғамдық қатынастарға қатынасып әрекет жасауы тиіс.Сондықтан ол өзінің бағыты мен мазмұнын білдіретін сипаты жағынан әр түрлі әрекеттерді жүзеге асырады.Бұл әрекеттерді атқару органдары күнде жасайды.Осылайша атқару органдарының нысаны деген ғылыми категория пайда болады.атқару билігі органдарының нысаны өз кезегінде мемлекеттік – құқықтық мазмұнын білдіру әдісі болып табылады.Нысан арқылы біз атқару органдары не үшін құрылатынын және басқару міндерттері мен қызметін жүзеге асыру үшін не істейтінін білеміз.Атқару органдарында (лауазымды адамда) өз өкілеттіктері шегінде нақты басқару жағдайларында әр түрлі әрекеттің бірін жасау мүмкіндігі бар.Мысалы,заңды шешім қабылдайды,азаматтың өтінішін қарастырады,шешеді,тіркейтін,бақылайтын,және қадағалайтын қызмет атқарады. Міне,осындай әрекеттердін басқару субъектісінің құзіреті, яғни міндеттері мен өкілеттіктері көрінеді.Ең бастысы олардың жасаған басқару әрекеттері сыртқы көрінісін табуы тиіс.Сыртқы көрінісін таппаса онда оның белгілері нәтиже бермегені.Сондықтан басқару нысаны дегеніміз – атқару органдарының өз құзіреті шегінде және белгілі бір нәтиже сыртқы көрінісі бар әрекетін айтамыз.Егер басқару нәтижесінің заңдылық сипаты бар болса немесе белгілі заңдылық маңызы бар болса,онда оларды әкімшілік құқықтық деп біріктіріп дәрежелеуге болады.Бірақ атқару органдары субъектілерінің әрекеттері (өздерінің сипаты мен мақсаттары) байланысты әр түрлі. 

 

Басқару нысандары мынадай  екі топқа бөлінеді:

а) атқару билігін жүзеге асырудың нысаны;

ә) ішкі ұйымдастыру жұмыстарының нысаны.Атқару билігін жүзеге асыру  арқылы атқару органдары заңдылық биліктік өкілеттіліктің сыртқы көрінісін қамтиды.Демек, сыртқы заңдылық әсер ол басқару нысаныныңт бір белгісіне жатады. 

 

 

  Басқару нысандары  әр түрлі.Бұдан біз оларды  жіктеу мүмкіндігінің бар екенін көреміз,бірақ ол үшін әр түрлі крийтерилерді пайдалануға болады.Әкімшілік құқықтың субъектілері өздерінің құзіреті шегінде әрекет ету кезінде әр түрлі құралдарды пайдаланады,соның ішінде техникалық (мысалы,компьютерлерді), экономикалық (материалдық ынталандыру), ұйымдастыру (мамандар ісі,органның құрылысын құру),моральдық (мадақтаудың моральдық шаралары), эстетикалық (дизайн), психологиялық (еңбек ұжымындағы ынта),құқықтық құралдар (қаулылар,бұйрықтар және басқалары).Аталған көптеген шаралар мен құралдарды қолданудың белгілі бір тәртібі болады,яғни олар белгілі бір нысандар мен әдістерді қолданады.Бұл екі категория нысан мен әдіс әкімшілік субъектілерінің өкілеттіктерін жүзеге асыру барлық құралдары мен әдістерін және осылар құқық шығару және құқық қолдану тәжірибесінде кеңінен қолданылады. 

 Оқу әдебиетінде мемлекеттің  нысаны көбіне үшке бөлінеді:басқару  нысаны,мемлекеттің құрылымының  нысаны, және саяси режим. Ал, негізінде,  мемлекеттің  нысаны тарихи  кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен байланысты екені мәлім.Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының көп варианттары бар.Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтердің біреуі бірінші орынға шығады.Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі – Ресей Федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі.Бұл Ресей Федерациясының мықтылығын көрсету,негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат.Бұл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. 

 Мемлекеттің басқару нысанына  оның жоғары,орталық және жергілікті  органдарының құрылуы,олардың қарым–қатынастары  қандай принциппен қалыптасты,халық  оларды сайлауына қандай түрде  қатысады деген сұрақтарға жауап  береді.

          

                

 

 

                                   Мемлекеттің қызметтері

Мемлекет мынадай қызметтерді  атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі  және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды  қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол  қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне  тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси  ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

1) өз аумағында бүкіл қоғамның  жалғыз ресми өкілі ретінде  халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді; 

2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;

3) заң күші мен құқық нормаларын  шығару, құқық шығару мемлекетке  ғана тән; 

4) билеуші органдарының болуы.  Оның органдарында тек қана  басқару ісімен шұғылданатын  арнайы қызметкерлері болады. Қоғам  тәртібін сақтау үшін мемлекет  әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы  күштердің ықпалынан қорғану  үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады; 

5) мемлекет органдары мен онда  қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын  арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық  белгілейді және жинайды; 

6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол  аумақта билігі жүреді, өмір сүреді  және оны қорғау мақсатында  тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды  тиімді жүзеге асыру үшін аумақты  әкімшіліктерге бөледі.

7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды  реттеп, оларды қажетті қалыпқа  салып, тәртіп орнату үшін құқықтық  нормалар жасалынады.

 

 

 

  

Мемлекеттік құрылым формалары

Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл  мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай – ақ олардың  әрқайсысының  мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді. 

 

Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер – бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және  бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет. 

 

Күрделі мемлекет – бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады. 

 

Империялар –бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі  әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік – құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады. 

Информация о работе Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттік құрылым формалары