Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2014 в 15:44, реферат
Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр.
Әль-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді.
Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді:
Бірінші шарт — философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады:
философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні;
оның шыққан қаласы;
философияға мекен (медресе) болған орынның аты;
философиялық ағымды тудырған басты себеп;
философиялық талдауға түскен мәселелер;
философияның алға қойған мақсаты туралы;
философияның практикалық мәні, нәтижесі.
Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы — грек философы Пифагор, яғни пифагоршылар мектебі. Бұл жерде Фараби ежелгі Грециядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін ортаға салады.
Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
Үшінші шарт — философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат — жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла-тағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз Әбу Насыр әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе.
Бесенші шарт— Философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар философияны тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.
Алтыншы шарт — Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу.
Жетінші шарт — Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуа қылмай, оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылым іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады.
Сегізінші шарт — философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну.
Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл орайда түйіндеп айта келгенде Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Аристотельдің “Никомахтың этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше” игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай бет-алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әбу Наср Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн.
Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.
Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.
Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады. Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал Әбу Наср Әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада ол дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады.
Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика — әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол — алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. “Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме” деп аталатын еңбегінде матем-ның методол. мәселелері жөнінде құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз саналып келген Евклид “Негіздерін” сынауға, өңдеуге, түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Наср Әл-Фараби математиканың философия ірге тасын қаласумен қатар, оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл қолданудың қажеттігін іс жүзінде танытты. Әбу Наср Әл-Фараби пікірінше, математика анық,ақиқат білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды. “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын еңбегінде ол ғылыми астрологияны астрономиядан бөліп қарап, Аристотельдің логикалық шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ құбылыстарды алдын ала болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады.Әбу Наср Әл-Фарабидің бұл пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия, логикалық негіздерін қалыптастыруда маңызы зор болды. Ол математикалық, жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птоломейдің “Алмагесіне” көлемді түсініктеме жазған. Бұл еңбек “Алмагеске түсініктеме” деген атаумен белгілі. Астрономия және математикалық тарихында үлкен маңызы болған Әбу Наср Әл-Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометрия сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср Әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Ол тригонометрияның кестелер жасауда аса қажет болып табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі табыстарға жеткен. Әбу Наср Әл-Фараби осы айтылған тригонометрия мағлұматтарға және басқа да қосымша математика материалдарға сүйене отырып, “Алмагесте” қарастырылған астрономия және география мәселелерін математика жолмен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы” геометрия салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу әдістері көрсетілген. Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау, кубты екі еселеу, дұрыс көп бұрыштар салу, көп жақтар салу, жазық фигураларды түрлендіру т.б. бар. Әбу Наср Әл-Фараби адымы тұрақты циркуль мен бір жақты сызғыш жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы еңбекте 3, 4, 5 т.б., яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы бар, оның “Болжамдағы геометрияға кіріспе” атты трактат жазғаны мәлім, бірақ ол еңбегі бізге жетпеген. Осыған қарағанда Әбу Наср Әл-Фараби көп өлшемді абстракция геометрияның идеясын алғаш айтушылардың бірі деп жорамалдауға негіз бар. Әбу Наср Әл-Фарабидің трактатын математикалық тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп келгені анықталды. Әбу Наср Әл-Фараби арифметикалық саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе” деп аталатын еңбек жазған. Оның көптеген логикалық еңбектерінде математикалық логиканың элементтері де кездеседі. Әбу Наср Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу-л-Уафа, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған. Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің көрнекті еңбегі “Вакуум туралы” деп аталады. Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан. Әбу Наср Әл-Фараби бұл еңбегінде вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін дұрыс тапқан (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.). Әбу Наср Әл-Фараби химия, медицина, география, минерология т.б. жаратылыстану ғылымдары бойынша да шығармалар жазған: “[[Алхимия өнерінің қажеттігі туралы” атты трактатында өз тұсындағы алхимиялық білімдерді талдап, алхимияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады. Әбу Наср Әл-Фараби медицина саласында “[[Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат]]”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы” т.б. еңбектер жазған, онда негізінен медицинаның теория мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің филосия және натурфилософия еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады.
Жаратылыстану саласында жазған трактаттары да, бұл салаға қосқан жаңалықтары да қыруар. Физикалық құбылыстарды талдайтын еңбегі оннан асады. Оның таразы туралы, механизмдер туралы, оптика мен бос кеңістік (вакуум) туралы көптеген құнды тұжырымдары әлемге әйгілі. Ол механикаға математика мен геометрия әдістерін жан-жақты пайдаланды, тәжірибені логикалық терең ойлау нәтижелерімен ұштастырды. Астрономида күн апогейі орнының тұрақты болмайтынын өз тәжірибесі арқылы бақылап анықтаған. Сәуленің таралуын геометрия оптика заңдылықтарымен дәлелдеп береді. Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын геометриялық дәл әдістермен тапқан Әбу Наср Әл-Фарабидің шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғасырда ғана мәлім болды. Оны неміс астрономы И. Кеплер арабшадан аударып “фокус” атаған. Мұны Әбу Наср Әл-Фараби сегіз ғасыр бұрын “күйдіру”, “оттық орын” мәнінен шығарып “мұхарақ” атаған. Ол және өз қолымен ойыс айна, яғни парабола, линза жасап, бұларын ғылымда қолданған да болатын.
Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің
ұлы астрономы Клавдий
Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты.
Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт:
Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;
Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы;
Сабақ процесінің алатын орны.
Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді.
Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол [адам] баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қортындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды.
медицинаға қосқан үлесі
орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына "Медицина каноны" атты және басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосты. Ғылыми бағыттардың жіктелуіне арналған "Бесінші трактатында" адам тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндай келіп, мида жүйке орталықтары мен сезімтал және козғалтқыш жүйкелер болатындығы туралы пиар айтады.[8]
Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды кала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек - табиғи жылылыктың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешкандай мүшесі билемейді» және т. б. Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім токтата алмайды. Әл-Фараби тек өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне өз көзкарасын білдірген. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға катысты «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің күрылысы мен қызметі» және т. б. еңбектер жазған.
Ғалым мұралары жету кезеңдері
Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады: 1. Орта ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-Баиһақи, Ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус т.б.); 2. Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л. Козегартен, Г. Зутер, Ф. Диетереци, К. Брокель, Дж. Сартон, М. Штейншнейдер, Д. С. Марголиус, т.б.); 3. 20 ғасыр, әсіресе Кеңес Одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В. В. Бартольд, Е. Э. Бертельс, Б. Ғафуров, С. Н. Григорьян, В. П. Зубов, А. Сагадеев, Ю. Завадовский, түріктер А. Сайылы, Х. Үлкен т.б.); 4. Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы (Ә. Марғұлан, А. әл-Машани, О. Жәутіков, А. Қасымжанов, А. Көбесов, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев, І. Жарықбаев, Ш. Хайруллаев т.б.).
Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының
Қазақстанда түбегейлі