Батыс Еуропа елдеріндегі саяси ой-пікірдің негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 19:56, контрольная работа

Краткое описание

XVIII - ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында Батыс Еуропа елдерінде өркениеті дамудың негізі қаланды. Оған Ұлы Француз революциясынан кейінгі онеркәсіп төңкерісі себеп болды. Капиталистік қатынастар дамып, буржуазиялық қоғам тарихи сахнаға шықты. Сонымен бірге саяси өмірде буржуазия бостандыққа, прогреске, заңдылықтың болуына ұмтылды. Буржуазияның осы кезеңдегі идеологиясы либерализм болды. Олардың идеологтары Б.Констан, И.Бентам т.б. болды. Либералдар буржуазияның құқы мен бостандығын ең алдымен жеке бас еркіндігін, дербестігіне қолсұғылмаушылығын жеке меншікке еркіндік, мемлекеттің экономикаға араласпауын негіздеп берді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Батыс Еуропа елдеріндегі саяси ой.docx

— 18.55 Кб (Скачать документ)

  Батыс Еуропа елдеріндегі саяси  ой-пікірдің негізгі бағыттары

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

XVIII - ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында Батыс Еуропа елдерінде өркениеті дамудың негізі қаланды. Оған Ұлы Француз революциясынан кейінгі онеркәсіп төңкерісі себеп болды. Капиталистік қатынастар дамып, буржуазиялық қоғам тарихи сахнаға шықты. Сонымен бірге саяси өмірде буржуазия бостандыққа, прогреске, заңдылықтың болуына ұмтылды. Буржуазияның осы кезеңдегі идеологиясы либерализм болды. Олардың идеологтары Б.Констан, И.Бентам т.б. болды. Либералдар буржуазияның құқы мен бостандығын ең алдымен жеке бас еркіндігін, дербестігіне қолсұғылмаушылығын жеке меншікке еркіндік, мемлекеттің экономикаға араласпауын негіздеп берді. Бұл кезеңдегі либерализмге буржуазияның дамудағы революция мен радикализмнен гөрі байыпты дамитын эволюциялық жолға түсуі байқалды. Оның көрнекті өкілі француз Бенамен Констан (1767-1830 жж.) болды. Ол буржуазияның құқы мен бостандығын қорғап, либералдық саяси тәртіпті жақтады. Сондай-ақ, ол революциялық демократтардың идеологиясын оның ішінде Ж. Руссоның халыққа егемендік беру керек деген теориясына қарсы шығып соны сынады. Ол жеке тұлға мен мемлекет арасындағы мәселеге де назар аударып, оны либерализм тұрғысынан шешуге тырысады. Халықтардың бостандықтарының ірге тасы олардың жеке құқы, саяси еркіндігі деп біледі. Азаматтық бостандықты мойындамайтын билік тиранға айналып өзінің негізін жояды дейді. Бұдан шығатын қорытынды мынау: саяси билік монархтың ба, әлде халықтың ба қолында болса да бәрібір шексіз болмауы тиіс. Оны болдырмайтын шекара болып жеке тұлғаның құқы есептеледі. Өкіметтің қызмет бабын асыра пайдалануына қарсы күш біріншіден, парламентте шоғырландырылған қоғамдық пікірдің күші болса, екіншіден, билікті бөліп басқаратын, олардың теңдігін қамтамасыз ету деп біледі.

Констан мынадай билік жүйелерін ұсынады:

1. Корольдік  билік, өзге биліктерді келістіруші  олардың қызметтерін, келіспеушіліктерін  реттеуші міндетін атқарушы рөлінде  көрінеді; 2. Атқарушы билік парламенттік  принцип негізінде әрекет ететін  министрлерге жүктеледі; З.Тұрақты  мұралық пен берілетін пэрлердің  жоғарғы палатасының билігі; 4. Қоғамдық  пікірді іс жүзінде асыратын  төменгі палата билігі. Жоғары  мүлік цензасы ескеріліп, төте  сайлау негізінде құрылады; 5. Сот  биілігі; 6. Тәуелсіз тек муниципальдық  (жергілікті) мәселелерді шешетін  билік. Жергілікті өзін-өзі басқаруды  орталықсыздандыру Констанның пайымдауынша  орталықтың қатаң бақылауынан  босатып, азаматтардың белсенділігін  арттырады, еркіндікке жол ашады. 

Ағылшын либеральдық буржуазиялық көрнекті өкілі Иеремия Бентам (1748-1832 жж.) өмір сүрген. Өзінің "Заңдылықтың принциптері", "Конституциялық кодекстің барлық мемлекеттер үшін бастамасы" деген еңбектерінде саяси және құқықтық институттарды демократияландырудың бағдарламасын негіздеді. Бентам ілімінің негізгі қағидасы адам әрекетіндегі пайда мен табыстың қалай пайдаланатындығында. Сол пайдалардан адамның әлеуметтік қасиеті көрінеді. Әркім ең алдымен өзін ойлауы керек дейді. Ол революциялық идеологияны жоққа шығарып, реформаны қолдайды. Сөйтіп оның ілімі Англиядағы буржуазиялық-демократиялық қозғалысқа ықпал етті.

XIX ғасырдың екінші жартысында Органикалық теория-ның негізін салған ағылшын ойшылы Герберт Спенсер (1820-1903 жж.) болды. Оның саяси ілімінің негізі мемлекет пен биологиялық организмді салыстыру арқылы жүргізу болды. Мемлекетті "саяси агрегат", "саяси қоғам" сияқты деп салыстырмалы түрде қарайды. Биологиялық организм секілді мемлекетте пайда болады, дамиды, кеңейеді, секіреді қирайды дейді. Үкіметтегі аппаратты тірі организмдегі жүйке, ми органдары сияқты мемлекетті реттеуші деп түсіндіреді. Спенсер еркін бәсекелестік дәуіріндегі капиталистік мемлекетті жақтады.

Жаулап  алу теориясын, австрияның социологы  ұлты поляк Людвиг Гумплович (1838-1909 жж.) жасады. 1883 жылғы "Нәсілдер күресі" деген кітабында адамзат қоғамындағы таптар күресінің маңызын жою мақсатымен тарихта нәсілдер соғысы келе жатыр деген теория жасайды. Күшті мен әлсіз нәсілдер арасындағы қақтығыс біріншісінің екіншісі жеңуімен аяқталатынын ескертеді. Оның ойынша мемлекетті өмірге әкелген құдай да, қоғамдық келісім және бостандық идеялары да емес, бірнеше тайпалар мен топтардың өзара қақтығысы. Мемлекеттің пайда болуымен әлеуметтік топтар арасындағы күрес тоқтамайды керісінше жаңа формада жалғасады.

Немістің  социолог-тарихшысы Макс Вебер (1864-1920 жж.) дамыған елдердегі мемлекеттік бюрократияның авторы ретінде белгілі. Оның пікірінше бюрократия – бұл адамдар қызметінің ұжымдық формасы. Ол мемлекеттік ұйымдардағы бюрократтық жүйені өзінің тәртіпті, сенімді, қатал және қалыптылығына қарап, қазіргі қоғамдағы кез-келген басқа жүйеден артық деді. Мемлекеттік-бюрократтық ұйымдардың қызметінің негізі етіп, барлық шенеуніктер меңгеруге тиіс қызметтік біліктілік принципін алады.

Қоғамның  шаруашылық өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың материалдық және идеологиялық мүдделері мен діни сананың араларында қандай байланыстар бар, соларды  ашуға тырысты. Дінді капитализмді тудыратын белсенді күш деп санады. Вебер әлеуметтік құрылым мен  таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді. Болашақ қоғам жұмысшы табының диктатурасы емес, шенеуніктердің диктатурасы болады деді.

Итальян саясаттанушылары Гаэтано Моска (1853-1941 жж.) және Вильфредо Парето (1848-1923 жж.) алғашқысы "Саяси тап" екіншісі "Элитизм" теориясының авторлары. Элита - француз тілінде сұрыпталған, іріктелген, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Олардың ойынша, қарапайым халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, өресі жетпейді дейді. "Саяси ғылым негіздері" деген 1896 жылғы еңбегінде Моска саясат дегеніміз бір-біріне қарама-қарсы екі таптың күресі. Қоғам екіге бөлінеді: жоғарғы "элита" және төменгі-бағынушылар. Элитаның өзін басқарушы және басқару құқығы жоқтар деп бөлді. Моска билеуші тапқа кірудің үш жолын көрсетеді: олар әскери атақ, байлық, қасиеттілік. Билеуші тап қоғамда мығым және жаңарып отырудың үш жолын көрсетті. Олар мұрагерлік, сайлау және басқарушыларды жаңа күштермен алмастырушылық.

Билеуші тапты жаңартып отыру керек деген  пікірді Парето да жақтайды. Ол аристократияның  мәңгі еместігін ескертеді. Олар дамудың белгілі бір сатысында  алғашқы қадамынан айырылып ізденімпаздық  қасиетімен айрылады. Осындай кезде  қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты  жеткілікті жаңа элита пайда болады. Ал, билеуші элита өз еркімен биліктен кетпейтіні де белгілі. Сол себепті қоғамдағы элиталардың алмасуы күш қолдану, мемлекеттік төңкеріс, революциялар арқылы жүзеге асады. Ал мұның өзі жалпы алғанда қоғам үшін пайдалы деп есептеді. Бұл екеуі де демократияға қарсы болып, оны қиял, сағым деп бағалады.

 

 


Информация о работе Батыс Еуропа елдеріндегі саяси ой-пікірдің негізгі бағыттары