Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 18:23, доклад
Х ғасырдан бастап исламның саяси iлiмi шеңберiнде мемлекет пен саясатты зерттеу — оны нормативтi-құқықтық және этикалы-философиялық тұрғыда қалыптастырды. Нормативтi-құқықтық бағыт мұсылмандық-құқықтық теорияға сүйендi және басқа iлiмдердiң ықпалын сезiнбедi. Философиялық-этикалық бағытта зерттеушiлер гректiң саяси философиясының дәстүрлерiне сүйендi және оны мұсылман мемлекетi — Араб халифатының ерекшелiктерiне қарай бейiмдеп пайдаланды.
Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы
Х ғасырдан бастап исламның саяси iлiмi шеңберiнде мемлекет пен саясатты зерттеу — оны нормативтi-құқықтық және этикалы-философиялық тұрғыда қалыптастырды. Нормативтi-құқықтық бағыт мұсылмандық-құқықтық теорияға сүйендi және басқа iлiмдердiң ықпалын сезiнбедi. Философиялық-этикалық бағытта зерттеушiлер гректiң саяси философиясының дәстүрлерiне сүйендi және оны мұсылман мемлекетi — Араб халифатының ерекшелiктерiне қарай бейiмдеп пайдаланды. Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір кешті. Ол Арыс өзенінің сырдарияға құяр жерінде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) қаласында туды. Жасында сонда оқу-тәрбие алып, кейін Бұхара, Александрия, Каир, Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды.Оны әріптестері көзі тірісінде-ақ «екінші Аристотель» деп атаған болатын.
Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты «Қайырымды қала тұрғындары көзқарастары туралы», «Азаматтық саятсат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар.
Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870—950 жж.) еңбектерiнде орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билiк пен құқық туралы ойлар жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билiк арасындағы айырмашылықтарға көңiл бөлмеген араб философтары бұл ұғымдарды синонимдер ретiнде бағалап саясат пен саяси iлiмнiң басқа варианттарын (нұсқаларын) ұсынды. Саяси мәселелердi қарастыруда араб-мұсылман философиясы көп жағдайда ежелгi грек философиясына, әсiресе Платон, Аристотельдiң көзқарастарына сүйендi. Саясат, олардың көпшiлiгi үшiн өздерi «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет iстерi туралы ғылым болып саналды. Мұндай қалалар ретiнде олар бiрге тұрған, мақсаттары бiр, бiр басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейiнгi адамдар қауымдастығын түсiндi. Грек дәстүрлерiн мұсылманның саяси өмiрiмен байланыстыру араб-мұсылман философиясының барлық тармағында өз белгiсiн қалдырды.
Араб саяси философиясының атасы атанған әл-Фараби саяси теория қайырымды басқаруды сақтау мен оны ұйымдастырудың тәсiлдерiн, қала тұрғындарына қайырымдылық пен игiлiктiң қалай келетiндiгiн және бұл нәтижеге қандай жолмен жетуге болатындығын оқытып үйретедi деп атап көрсеттi. Өзiнiң саяси көзқарастарын ол «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекеттiк билеушiнiң нақыл сөздерi» және «Азаматтық саясат» трактаттарында кеңiрек баяндайды.
«Бақыт — әрбiр адам ұмтылатын ұлы мақсат» екендiгiн атап көрсеткен әл-Фараби бақытқа бiлiм мен игiлiк нәтижесiнде ғана жетуге болады, ал ондай мүмкiндiк қайырымды қала тұрғындарында көбiрек болатындығын дәлелдейдi. Әл-Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз деп екіге бөлді. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа суйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.
«Бақытқа жету» еңбегiнде ол «бақыт дегенiмiз игiлiктердiң iшiндегi ең қадiрлiсi, ең үлкенi және ең жетiлгенi» деп атап көрсетедi және әр адамның оған толық құқығы бар дейдi. Ал ондай құқыққа ие болуға қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкiндiгi бар, сондықтан да қайырымды билеушiлер билеген қала тұрғындары ғана бақытқа жете алатындығын айтады. Мұндай қалалардың басқа қалалардан басты айырмашылығы және негiзгi белгiсi жоғары тәртiп пен оның тұрғындарының мәдениеттiлiгi, сыпайыгершiлiгi және билеушiлерiнiң қайырымдылығы, ақыл-парасаты. Сондықтан, әл-Фараби бұндай қалалардың өмiр сүруi өзiнiң бiлгiрлiгi мен ұстамдылығына толық жауап бере алатын билеушiге тiкелей байланысты деп тұжы-рымдайды.
Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледi. Оның ойынша, «қайырымды қала бес түрлi адамдар тобынан құралады: ең құрметтi адамдардан, шешендерден, өлшеушiлерден, жауынгерлерден және байлардан». Әл-Фараби ең құрметтi адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды iстерде беделге ие болғандарды жатқызады. Екiншi топтағы шешендерге — дiни қызметкерлердi, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды сол сияқты шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушiлерге-есепшiлердi, дәрiгерлердi, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Әл-Фараби бойынша, байлар дегенiмiз — қалада байлық табатын-дар, егiншiлер, мал өсiрушiлер, саудагерлер, қол өнершiлер.
Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлi қасиет болу керек деп есептейдi. Олар: даналық, асқан пайымдымдылық, сенiмдiлiк, ойлау қабiлетiнiң жоғары болуы, соғыс өнерiн жетiк бiлуi, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрiн өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кiмге елiктеу керек екенiн, кiмнiң айтқан сөзi мен ақылына құлақ қою керек екенiн көрсететiн үлгi болады. Мұндай адам мемлекеттi өзiнiң қалауынша басқара алады» .
Әл-Фараби қаланы билеудiң алқалық түрiн де жоққа шығармайды. Билiктiң бұл түрi туралы ол былай деп жазады: «Жақсы қасиеттердiң бәрiн өз бойында ұштастыратын адам болмаса, бiрақ бұл қасиеттер бiр топ адамдардың арасында жеке-дара дарыған болса, онда бұл топтың мүшелерi бiрлесе отырып, әкiмнiң орнына ие болады, оларды жұрт жақсы басшылар және қадiрлi адамдар деп атайды, ал олардың басқаруы қадiрлi адамдардың басқармасы деп аталады».
Әл-Фараби қоғамды мемлекеттен бөлiп қарамайды. Қоғамның өзi адамның ағзасы сияқты «Қайырымды қала» дене мүшелерiнiң бәрi де тiршiлiк иесiнiң өмiрiн сақтау, оны анағұрлым толыққанды ету үшiн бiр-бiрiн толықтырып тұратын адамның сау тәнi секiлдi көрiнедi. Өйткенi, қоғам да оның толыққанды мүшелерiнен тұрады және олар да бiр-бiрiн қажетсiнедi. Адамдардың әлеуметтiк теңсiздiгi туралы айтқан әл-Фараби «адамдардың әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман әрекеттер де әуел бастан жаратылысынан дарымайды» олар адамдардың бiр-бiрiне деген үстемдiк құруға ұмтылысынан пайда болған деген ой түйедi.
«Қайырымды қала» трактатында әл-Фараби әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еркiндiктi орнықтыратын — iзгiлiктi қоғам туралы ой қозғайды. Мұндай қоғамды ұлы ойшыл «әрбiр адам екiншi адамның өмiр сүруiне қажеттi үлесiн беретiн, бiр-бiрiне көмектесетiн адамдарды бiрiктiру арқылы ғана адам өз табиғатына сай жету дәрежесiне ие болатын» қоғам түрiнде елестетедi. Халықтың аз қамтамасыз етiлген топтарын мемлекеттiк қолдау туралы бұдан мың жылдан астам бұрын айтылған ғұлама идеясы бүгiнгi күнi де мемлекеттiң iшкi саясатындағы басты мiндеттердiң бiрiнен саналады. Осындай «жетiлдiрiлген қоғамда, әл-Фарабидiң айтуынша бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау, көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың өмiрлiк қажетiне айналады» . Әл-Фараби мұндай қоғамды тумысынан табиғат берген он екi қасиетi бар ақылды, бiлiмдi, сабырлы, рухани билiктi iзгiлiктi билiкпен ұштастыратын, адам қасиеттерiн бағалауға қабiлеттi адам басқаруы керек дейдi.
Әрбiр отбасын қоғамның кiшкене бөлшегi ретiнде қарастырған әл-Фараби оның өзiнiң жеке мақсаты болады, бiрақ бұл мақсат қала белгiлейтiн ортақ мақсатқа қызмет етуi тиiс, яғни адамдар өзiнiң жеке мүдделерiн қоғам мүдделерiне бағындыруы керек дегендi айтады. «Мемлекеттiк билеушiнiң нақыл сөзiнде» ол отбасы мүшелерiн (Аристотель сияқты) бiрнеше бөлiкке бөледi. Олар ерi мен әйелi, қожайыны мен қызметшiсi, ата-ана мен балалары, мүлкi және оның иелерi. Үйдiң өзiне тән мақсатын қала белгiлейтiн ортақ мақсатқа жұмылдыруын әл-Фараби адамдардың адамгершiлiк қасиеттерiнiң көрiнiсi деп есептейдi. Ал адамдардың көздеген мақсаттарына жетуi оның өзiне ғана байланысты, шын ақыл-парасатқа, iзгiлiкке, игiлiкке тек адам ғана қабiлеттi, бұл адамның қолы жете алатын ең биiк бағыт деп ой қозғайды ұлы ойшыл.
«Қайырымды қаланың
Адамдардың рухани жетiлуiнде де дiн мен философияны салыстырған әл-Фараби, философия дәлелдеудi, дiн сенудi қажет етедi, бiрақ екеуi де адамдардың ақиқатқа жету жолына көмек бере алады дейдi. Философия мен дiндi, әсiресе этиканы жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкiндiк беретiн ғылым ретiнде қараған ол, адам баласын жаратылыстың ең құндылығы, сондықтан да адамдар арасындағы өзара құрмет пен мейiрбандықты, сыйластықты жоғары қояды.
Адамның шын бақытқа қол жеткiзу тек осы дүниеде ғана мүмкiн екендiгiне назар аударған әл-Фараби, адамдар өзiн-өзi жетiлдiруi және қиындықтан қашпауы тиiс дейдi. Оның айтуынша, адам өмiрiндегi «жақсылық» пен «жамандық» құдайдан емес, адамдардың күнделiктi белсендi әрекетiне ғана байланысты. Адамның табиғи қабiлетi жақсы әдеттi де, жаман әдеттi де iстеуге бiрдей мүмкiндiк бередi, ал оны таңдау адамның iзгiлiктi мiнез-құлқына келiп тiреледi. Сондықтан да адамның жақсы iстерге үйiр болуы оның мiнез-құлықтық жетiлуiне де тәуелдi.
Бүкiл араб саяси философиясында саясатқа көзқарас оның адамгершiлiк мазмұнымен сипатталады. Осы жағынан алып қарағанда саясат «саяси адамгершiлiк философиясы» ретiнде көрiнедi. Сондықтан әл-Фараби саясаттың басты мақсаты адамдарды бақытқа жеткiзу, игiлiкпен жеткiзу деп санайды.
Қайырымды қаланың орнығуында әл-Фараби мұсылман құқығының принциптерiн талап етпейдi, оны ақыл-парасаттың дамуы мен қайырымдылықтың нығаюымен байланыстырады. Ол тұжырымдаған жағдайдың бәрiнде мұндай қала билеушiлерi моральдық-этикалық қалыпқа сай болып келедi, олардың ешқайсысының исламға тiкелей қатысы жоқ. Бiрақ Араб халифаты заманында өмiр сүрген әл-Фараби өзiнiң зерттеулерiнiң тақырыптық шеңберiнде саясатты мұсылман құқығы доктринасымен, дiни догматикасымен бiр қатарға қояды. Дегенмен, грек философиясының ықпалын терең сезiнген ол бұл бағытта түбiрлi бетбұрыс жасамайды.
Грек философиясын мұсылман құқығы, дiнi және құқықтық теориясымен байланыстырып, одан саясат туралы жалпы iлiм жасауға талпыну бұл iлiмнiң дiни-мұсылмандық сипатын бiлдiрмейдi. Әл-Фараби саясат туралы iлiмдi мұсылман құқығымен, догматикасымен салыстыру арқылы олардың құдайлық бастауы туралы ұқсастығын емес, бұл iлiмдердiң адам iс-әрекетi мен мiнез-құлқындағы әртүрлi жақтарға тигiзген әсерiнiң мәнiн атап көрсетедi. Әл-Фарабидiң саясат туралы айтқан құнды ойлары Араб шығысы мен Орта Азия елдерiнде саяси-құқықтық iлiмнiң одан кейiнгi дамуына өз ықпалын тигiзе алды. Оның саяси-құқықтық идеялары орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерiнде көрiнiс тапты.