Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 17:21, курсовая работа

Краткое описание

Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге , өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға , өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді.Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл - ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.Оқушылардың белсенділік танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі -білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.

Содержание

Ітарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда
өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.
1.1 .Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі
және мәні.
1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі
ретінде.
1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі.
Птарау. Жоғары сынып оқушыларының танымдық
белсенділігін қалыптастыру әдістемесі.
2.1.Оқушының танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі.
2.2.Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің
нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ... .doc

— 1.58 Мб (Скачать документ)

       1-Дәреже – жаңғыртушы белсенділік – шәкірттің материалды жадылап, қайта жаңғыртуға , оны үлгі бойынша қолдануға , меңгеруге ұмтылысымен сипатталады.Белсенділіктің 1 – дәрежесіне тән көрсеткіш – оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы

2-Дәреже - түсіндіруші белсенділік-оқушының  оқығанын зерделеуге, оны өзінебелгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын   меңгеруге   ұмтылысынан   көрінеді.2-дәрежеге   тән көрсеткіш оқушының бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда   оны    жеңудің   жолдарын    қарастыруынан    байқалатын   үлкен дербестігі.

 3- Дәреже - белсенділіктің шығармашылық дәрежесі - оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады.Бұл дәреженің ерекшелігі - мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы.

Сөйтіп, оқудағы белсенділік - оқушының іс - қимыл жағдайы ғана емес, осы іс -қимылдың сапасы, онда оқушының қызмет мазмұны мен сипатына қатынасымен, өзінің рухани -ерік, күш-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді.

Дербестік әрекетке өздігінен икемделудің сапалық көрінісімен;мотивті және  белсенді қылықтың оқушыға тән арнаулы нысандары мен тәсілдерін синтездеумен; өмір шындығының белгілі бір жақтарына оқушының тұрлаулы, мінез-құлықта тиянақталған қатынасымен сипатталатын жүйелі білім алу ретінде қарастырылады.Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасай отырып, сондай-ақ педагогикалық эксперимент нәтижелерін пайдаланып, оқушылардың танымдық белсенділік белгілері жүйелерін анықтадық.Оған үш белгі тән:

  • оқу-танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
  • оқу-танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипаты;
  • оқу танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты;

Танымдық белсенділік компаненттерінің құрамын төртке бөліп қарастырдық: мотивтік-операциялық, еріктік және бағалау-нәтижелік.Танымдық белсенділік компоненттерінің құрамы 1-суретте көрсетілген.

Сонымен, танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс - әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектерді зерттеу мынадай қорытынды жасауға әкелді: белсенділік- жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс - бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық және  еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.

  
Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру.

 Балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және  дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және  моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып саналады.

Педагогикалық-пихологиялық әдебиеттердегі талдауда көрсетілгендей «танымдық белсенділік» терминінің негізінде белсенділік жөнінде түсінік жатыр.Ол әртүрлі салада талдауды талап етуші көп аспектілі феномен ретінде көрінеді.

  • биологиялық (П.К.Анохин, В.М.Бехтерев, И.М.Сеченов т.б.)
  • психологиялық (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.С.Мухина, Б.Ф.Ломов)
  • әлеуметтік (А.Н.Леоньтев, А.В.Петровский, Л.Рубенштейн)
  • педагогикалық    (Я.А.Коменский,    Д.Локк,    Ж.Ж.Руссо,    К.Д.Ушинский,Г.И.Шукина, Т.И.Шамова)

Биологиялық аспект - белсенділік мәселелері түсінігімен байланысты белсенді бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесі болып табылатындығы жөнінде түсінікпен тығыз байланысты. Ол өзін-өзі ретке келтірумен  негізделеді.Биологиялық белсенділік адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін оған тұқымқуалау қасиеті.Осы өзара қарым-қатынас кезінде ағза мен оның  тіршілік ету шарттарымен аралығында туатын қарама-қайшылық          жоюға  бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар 
осы әсерді жоюға мүмкіндік беретін және  мінез-құлық құруға өткен оқиғаға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкіндік беретін физиологиялық механизмдер де туып отырады. ( П.К.Анохин)Белсенділік бейне белгісі тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тірі материяның іштей детерминацияланған іс         -         әрекеттің         бір         түрі         болып табылады.(В.З.Коган).Белсенділік көзі болып сыртқы орта және  ағзада тұратын және  өтетін ішкі үрдістер табылады.Адам өзіндік табиғи сапаларының күшімен, әлеуметтік мәнділік күшімен де белсенді келеді.

Психологиялык аспект - тұрғысынан белсенділік С.Л.Рубенштейн көзқарасындағы жалпы психика жөніндегі детерминистік түсінік беру сұрағының бір бөлігі ретінде қарастырылады.Мұнда белсенділік ішкі шарттар арқылы болатын сыртқы себептерінің әрекетінде көрінеді.Белсенділік адамның жаңа қарым - қатынасына айналады, бұл адам жеке тұлға ретінде көрінгенде және  белсенді әрекет қарым-қатынас иесі болған жағдайда болады. С.Л.Рубенштейн адамның белсенділігін былай түсіндіреді:«Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан ішкі шарттар арқылы әрекет жасайды».

Әлеуметтік тұлғалық аспект мәселелері іс - әрекет кезіндегі тұлғаның белсенділігін зерттеумен байланысты.Тұлғалық белсенділік адамның тек табиғи қасиеті ғана емес дегенге сүйенеді.Бұл орайда субьект белсенділігі сыртқы материалды және  ішкі психикалық әрекетті өз қатарына қосатын затты іс -әрекеттің бірдей жүйесі болып табылады.Тұлға белсенділіктің өзіне ғана тән түріне ие-әлеуметтік өзіндік әрекет, мұнда ол белгілі бір мақсатқа жетеді.Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруімен және  әлеуметтік ортаның өзгеруімен байланысты өзгеруі мүмкін.Белсенділікті тұлғаның әлеуметтік сапасы деп қарасақ, оны әрекеттің қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс.Әрекет бұл адамның қоршаған әлемді меңгеруінің және  белсенді құруының бір түрі.Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды.Тұлғаның әрекетке қарым-қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлі болуы мүмкін.Белсенділік болмыстың қоғамдық формаларын құруға және  адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған іс - әрекет болып табылады.

Педагогикалық аспектідегі белсенділік мәселесін зерттеу берілген түрлі түсіндірулермен байланысты:

  • белсенділік баланың таным іс- әрекетіне деген қатынасын сипаттайды;
  • белсенділік субьектінің   іс-әрекетке қатынасын ( қажеттілік , мотив, ерік,эмоция) көрсететін негізгі белгілермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретінде түсіндіріледі;

Педагогикалық аспект түрғысынан белсенділіктің үш түрін бөліп қарауға болады:

  • ақыл - ой белсенділігі;
  • интеллектуалды белсенділік

• танымдық белсенділік;

Ақыл - ой белсенділігі элементарлы іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап іс-әрекет шарты болып табылады.Ол түрлі модификацияларда көрінуі мүмкін:

1 .Ынталандыру жаңалығынан  туған зейін белсенділігі және  бағдарлы – зерттеу іс-әрекетінде бағытталған зерттеу белсенділігі ретінде; 2.интеллектуальды ынталылық түріндегі көрінетін белсенділік ретінде; Ақыл-ой белсенділігінің орталық ядросын когнитивті функциялар мен процестер құрайды.Н.С.Лейтес былай бекітті: ақыл-ой белсенділігі-кез келген денісау балаға тән, бірақ әртүрлі деңгейде болады.Өз бақылауының кең материалында Н.С.Лейтес «балалық шақтың әр кезеңі - белсенділік дамуының өзіндік сапалы сатысы» деген қорытындыға келді.

Интеллектуальды белсенділік- өзіндік шарттарға сай ой әрекеті ретінде түсіндіріледі.Бүл терминнің кең өріс алуы, жиі қолданылуы Д.Б.Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты.Оның пікірі бойынша, интеллектуалды белсенділік интеллектуалды емес факторлардан көрінетін жүйенің интегралдар қасиеті болып табылады .

Танымдьқ белсенділік - жалпы белсенділік феноменінің маңызды саласы, оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады.Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және  күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық   анықтамаларында   көптеген   тұжырымдамаларға   ие.Білімді белсендіру мәселесіне байланысты     әр еңбектерде таным  белсенділігіне анықтама берілген .Оның зерттелуіне маңызды үлес қосқандар М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов,   М.А.Данилов,   М.И.Махмутов,   Т.Ш.Шамова,   Г.И.Щукина және  т.б.   Маңызды   әлеуметтік  күшіне  байланысты  бүл   мәселе  қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр.Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде белсенділіктің төмендегідей анықтамалары бар:

  • Адам   зейіні   белсенділігінің   таңдаулы   бағыттылығы   (Н.Ф.Добрынин, 
    Т.Рибо).
  • Таным субьектісінің ақыл-ой қабілеттерінің көрінуі (С.Л.Рубенштейн)
  • Әртүрлі сезімдерді белсендіргіш (Д.Фрейер)
  • Адамның іс-әрекеті мен санасының деңгейін жоғарылататын эмоционалды-еріктік және  ақыл-ой процесінің ерекше қорытпасы (А.Г.Ковалев)
  • Білімді    қарқынды    меңгеруге    әзірлік,    яғни    қабілет    пен    ұмтылыс (Н.А.Половников)
  • Тұлғаның күшейтілген танымдық жұмысы мен сипатталатын еріктік жағдай  (Р.А.Низамова)
  • Оқушының өмірлік күшінің әсерлілігі (Г.И.Щукина)
  • Таным мақсатына жетудегі құлықтық еріктік әрекеттерді жиюға ұмтылумен және білім беру сипатына , мазмұнына қатысты тәрбиеленуші тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И.Шамова)

Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты.Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласы мен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және  қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді.Сонымен бірге адамның барлық жоғары таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсенділендіруге танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді.Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Оқушылардың  өзіндік жұмысы оқыту формасының  тиімді әдісі ретінде.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа , дәстүрсіз түрлері де пайда болуда.Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда.Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда.

Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес.Сыныптық -сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды.Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және  оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады.Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультатативтік, қосымша, конференция сабақтары, үйдегі оқу жүмысы, тәжірибелік -зертханалық және  пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және  емтихан, өзіндік жүмыс түрлерін жатқызуға болады.

Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлеледеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және  бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятып, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.

Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту.Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор.

Ол барлық оқу пәндерінде , әсіресе физика, химия, биология, тарих сабақтарында кеңінен қолданылады.Бұл оқушылардың оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және  оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар: Біріншісі - кіріспе экскурсия деп аталады.Ол сабақта күрделі тарауда тақырыптарды өтер алдында үйымдастырылады.

Екіншісі - ілеспелі экскурсия деп аталады.Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізіледі. Үшіншісі - қорытынды экскурсия.Ол күрделі немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау,бекіту мақсатын көздейді.ХVШ ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін дұрыс деп тапты.Оқытудың бұл түрі тек XIX ғ. бастап қолданыла бастады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге байланысты ұйымдастырылады.Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетеді және  кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады.Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отырып, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және  практикалық дайындығын арттыру және  кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады.Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді.Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданып, олардың міндеттері , мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады. Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді.Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті - оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау.Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, ғылымға бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп,жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді.Ол үшін оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар. Пәндік үйірме жүмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар.Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және  тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдай туғызып отырады.Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және  консультация сабақтары да ұйымдастырылады.

Информация о работе Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесі