Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 14:30, реферат
Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр - жастар ғасыры емес пе? Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек, ескі дүниемен қазіргі жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады?
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі кезде жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіндегі оқулықтар сын тұрғысынан талданып, бұл мәселені педагогикалық, психологиялық үрдісін халқымыздың ұлттық табиғатына, тәлім тәрбиелік дәстүріне, өнері мен мәдени мұрасына негіздеу жұмыстары қолға алынды.
Мысалы: «қазақ мактептері мен мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде имандылық эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы» /1990/ сияқты қолданбалы өнер сабақтарында балаларға ұлттық өнер туындыларының мазмұны арқыла халық мәдениетінің бай мұрасын игеруді көздеген құжаттар дүниеге келді және бұлар басшылыққа алынып отыр. (қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде имандылық эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы. – Алматы. – 1990 – 52 – 52б)
М. Мұқановтың психологиялық зерттеулерінде «Эстетикалық талғамды тәрбиелеу баланың ең кіші жасынан басталуы қажет, қазіргі тәжірибеге қарағанда көркемөнерге талғампаздықты тәрбиелеу неғұрлым баланың баланың кіші жасынан басталса, соғұрлым оның сезімталдығы жоғары дәрежеде қалыптасатын болады. Себебі, нәрсенің әдемілігі, соның ішінде көркемөнер істерінің әсемдігі баланың табиғатына жақын келеді. Мұны И. И. Павлов сөзімен айтқанда, көркемөнер ісінің қорытындылары, мысалы: музыка, картина т. б. баланың бірінші сигналы системасына әсер етіп, оның өмірінде ұмытылмайтын әсер қалдырады. Соның нәтижесінде бала жас кезінен – ақ әсерленгіш, әр нәрсені есіне сақтағыш келеді» - деп тұжырым жасаған. (Мұқанов М. М Педагогикалық психология очеріктері. Алматы. 1962. 221 – 54б)
Ежелгі дәуірден – ақ адам баласы үшін ғылым мен өнердің қажеттілігі тең дәрежедебірін – бірі толықтырып отырған. Ғылым дүниені тануға, білуге қызымет етсе, өнер айналаны ортамен үйлесімді өмір сүрудің тамаша қасиеттеріне баулаған. Адам айналаны, бүкіл дүнйені, оның әсемдігін тану арқылы, өзін тауып, өз рухани дүниесін көркейткен. Сол себепті өнрде адам бойында қайырымдылық, адалдық, отан сүйгіштік сияқтысан алуан асылқасиеттер сезімін қалыптастырып тәрбиелемек. Сөйтіп, өнерадамның жанын, оның рухани байлығын арттырып, ойын тазартып, мақсатына жетелейді, яғни ббиік тұлғаны қалыптастырады.
Көркемөнер мен шығармашылыққа анағұрлым жақынырақ келетіні – педагогика, психология, тарих, әлеуметтану, этнография және т. б. ғылымдар. / Дюрер А. Дневники, письма, трактаты т 1. Москва: Искуство 1657, 86 – 89/
А. Н. Лук өз еңбегінде адамның шығармашылық дамыту мен қалыптастыру, ең алдымен ол шығармашылық ойлауға байланысты дейді. /Лук А. Н. Психология творчества. Москва: Наука, 1928. 284 – 23 б/. Ол шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
Нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу;
Тасымалдай білу;
Ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;
Іс - әрекетті бағалауды айтады.
Сондай – ақ, ғылым шығармашылық іс - әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш жалқайлық. өзін өзі бағалау сияқты психологиялық кедергілерден тұратын қарама – қайшылықтармен күресу қажет екенін айтады.
Өнердің адамға әсер ету күші, көбіне,
адамның оны қаншалықты терең сезініп,
түсіне алатындығына байланысты. Мұндай
қабілетті қалыптастыру - өнердің тәрбиелік
мүмкіндіктерін толықтай пайдаланудың
міндетті шарты. А. К. Василевский: «Өнерге
деген қажеттілік адамның ішкі рухани
мұқтаждықтарының бір бөлігі ғана, бұл
бүгінгіге байланыста және және ол адамға
тікелей әсер етеді» - деп жазды.
Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс — тәрбиені демократияландыру жағдайындағы, адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Көптеген онжылдықтар бойы ұжымға әсер ету арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық әдебиет-терде қарастырылмады. Тұлға міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жөніндегі философиялық концепцияларға және әлемдік педагогика-лық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура келді.
Оқушыны ұжымдық қатынас процесіне енгізу қиын әрі күрделі шаруа.
Ең алдымен баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Оқушыларды — болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулықтарына, сыртқы көріністеріне, мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесін-дегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесіде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сезім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін. Оқушы тәжірибиесі басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым-қатынас орнатуы қиынға түседі. Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның құнды тәжірибесіне қарама-қайшы келсе, онда қарым-қатынас қиындыққа соқтырады.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар, даму-дың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.
Әрбір адам аз немесе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сәйкес келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай,табыстарға қолын жеткізе бермейді. Әсіресе, ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзін-өзі тануы мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған бастауыш сынып оқушыларына мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл педаго-гикалық жағдайдың объективті себептері бар: іс-әрекет-тердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының атқаратын рөлінің тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін-бірі қабылдау мәдениеті-нің кемшілігі, жолдасының ескеруге тұрарлық бағалы да қызықты қасиеттерін елей алмауы және т.б.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған:
1) Тұлға ұжымға бағынады (конформизм);
2) Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста (гармония) болады;
3) Тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік).
Бірінші түрі бойынша тұлға ұжым талаптарына өз еркімен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай өзінің жекелігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін. Егер тұлға ұжымға кіргісі келсе, онда ұжымның құндылықтарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.
Екінші түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін:
1) Тұлға өз тәуелсіздігін
барынша сақтап ұжым
2) Тұлғаның кейбір өзіндік іс-қимылы ұжым талаптарына сай келмейді.
Мектеп ұжымдарында көп кездесетін мотив немесе себеп-салдарынан тұлға кейбір қиын іс-қимылдарға бой ұрады. Мұндай жағдайда оқушы ұжым нормалары мен құнды-лықтарын сырттай қабылдайды, талқылау кезінде ұжым-ның одан күтетінін айтады, әртүрлі жағдайларда ұжымдағы қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, бірақ мектеп ұжымынан тыс жерде бұрынғы қалыптасқан тәжірибесі бойынша өзін басқадай ұстайды, өзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл жағдай кейде уақытша болса, кейде тұрақты болып отырады. Соңғысы тұлғаның бұрынғы әлеуметтік тәжірибесі ұжым тарапынан қолдау көрмей, өз ұжымының тәжірибесімен ұштаспайтын жайларда жиі кездеседі. Біздің мектептерімізде ұжымға ашық түрде қарсы шығу көп кездеспейді. Алайда, балалар кейде қарсылық білдіреді, оның өзі де негізсіз себептерден туын-дайды: көбіне өзін-өзі қорғап қалу сезімінің үстемдігінен болады.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі мектепке сай типі — бұл бірлікті өмір сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым-қатынаста болуы тиіс.
Үшінші модельде тұлға ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс. Нағыз лидер еңбектері, іс-әрекеттері ескерілумен, бұл модельде тиісті бағасын алады. Жарқын тұлға, оның өзіндік жеке тәжірибесі ұжым мүшелеріне тартымды болуы міндетті.
Психологтар мен педагогтар жекелік қасиеттердің жасырын түрде дамитын мектеп ұжымы мүшелерінің арасында кең тараған бағыт-бағдарын бөліп қарастырады. Берілген жұмыстарды, әсіресе жауапты тапсырмаларды бар ынтасымен орындайтын оқушылар аз емес. Баршаның көзіне түсу, басқаның үстінен өз билігін жүргізу — олардың талпынысына күш-қуат береді. Олар ұжымның қиын жағдайына қайғырмайды, жұмысына көп мән бермейді, басты мақсаты — өз беделін ғана таныту.
Ұжымға педагогикалық жетекшілік керек. Себебі ұжым үнемі өзгеріп отырады, оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оған педагогтар жетекшілік етеді. Ұжымға жетек-шілік етудің нәтижелігі, оның даму заңдылығын қандай мөлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.
Мұндай әсердің маңызды шарты — үздіксіз болып келетін, ұжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:
Ұжымға болар педагогикалық әсерлерді бірлікті (комплексті) пайдалану;
Күнделікті өмірде ұжым мүшелерінің бір-біріне үнемі және жан-жақты көмегі;
Ұжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдайлар тудыру;
Оқушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;
Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру.
Мектеп ұжымын басқарудың
педагогикалық тәжірибесінде
1. Педагогикалық
жетекшілікті оқушының өз
2. Ұжым
— динамикалық жүйе
міндетті.
3. Сынып жетекшісі ұжым тәрбиесінде мұғалімдер тобына, сынып ұйымына сүйеніп, отбасыларымен үнемі бай-ланыста бола отырып, жоғары жетістіктерді көздеуі лазым.
Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу:
Жетекшіліктің жақсы көрсеткіші — сынып өміріндегі маңызды мәселелерге ортақ ұжымдық пікірдің болуы;
Жекеше қарым-қатынас жасау;
Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау негізінде тәрбиені, бірлескен іс-әрекет қатынастарын дамыту;
Әлеуметтік мәні бар ұжым іс-әрекетіне байланысты қатынас жасау;
Ұжым мүшелерінің атқарып жүрген рөлдері мен олардың шын мәніндегі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану;
Ұжымдағы қатынастың өтіп жатқан жағдайына белсене араласу;
Уақытша ұжымдар құру, нашар оқушыларды жоғары мүмкіндіктерге жеткізе алатын ұжымға ауыстыру;
Ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжымдық іс-әрекет түрлерімен олардың қалпын өзгертуді әр кез естен шығармау.
Алдыңғы жазған Бояғыштағы лазерлердің пайда болу тарихын, құрылымын, қасиеттерін және қолданылуын баяндау атаулы рефератымыз, оқырмандар арасында жоғары бағаға ие болды. Кейбір оқушылар осы баяндаманы мектепке апарып жоғары бағалар алған болатын. Біз ондай болса өте риза боламыз!
Информация о работе Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері